140
Ет және құс еті: майсыз (сиыр, бұзау, қоян, тауық, күркетауық еті)
сіңірсіз (терісімен құс), суда немесе буда піскен, ұсақталған немесе үгілген
(терісіз) – котлеттер, кнельдер,
бұршақ еттер, орама, езбе, суфле т.б.
Тұздықтар: сүтті, қаймақты, жұмыртқалы-майлы, тәтті.
Дәмдеуіштер: аскөк, ақжелкен, ванилин, даршын шектеулі мөлшерде.
Жемістер мен жидектер: балғын, піскен, үгілген тәтті, қайнатылған
және пісірілген түрде: езбе, үгілген шәрбаттар, кисельдер, желе, мусстар,
аюбадамдар, пісірілген алмалар, сүтті кисельдер, шайқалған кілегей.
Тәттілер: қант, бал, тәтті жемістер
мен жидектерден жасалған тосап,
зефир, пастила.
Сусындар: табиғи қою емес немес сүтпен, кілегеймен шай; сумен езілген
жемісті немесе жидекті тәтті шырындар; итмұрын қайнатпасы.
Шығарылатындар: етті, балықты, көкөністі консервілер, қақталғандар;
эфир майлары мен жасұнықтарға бай шикі үгілмеген көкөністер (шалғам,
шомыр, саумалдық,
қымыздық, пияз, қияр, балдыркөк, ақбас қырыққабаты,
тәтті бұрыш,
сарымсақ, саңырауқұлақ); тұздалған, ашытылған және
маринадталған көкөністер; тары, бұршақтылар; жоғары қышқылдықтағы сүт
өнімдері; тұздалған және шоколадты сары май, маргарин, сиыр, шошқа, қой
және
аспаздық майлар; лимондар, шоколад, балмұздақ;
қара кофе, какао,
квас; жеміс сулары және басқа да газдалған сусындар.
Достарыңызбен бөлісу: