164
асқабақ
пен алмаларды езгілеп, қант шәрбатын, сары май қосады да,
қыздырады.
Жармалар мен макарон өнімдерінен жасалатын тағамдар. Ботқалар,
котлеттер, пісірмелер, пудингтер, жармалы
және макаронды гарнирлер
оқушылардың тамақтануында кеңінен қолданылады. Жармаларды
жемістермен үйлестіру өте дұрыс: алма қосылған күріштен дайындалған
пісірме, қара өрік қосылған күріш және т.б.
Бұршақ тұқымдастарды сирек
қолданады.
Балықтан дайындалатын тағамдар. Балық балалардың тамақтануында
өте маңызды, өйткені құрамындағы ақуыздар, минералды заттектер мөлшері
еттен қалыспайды және сіңімділігі жағынан еттен асып түседі. Оны салқын
және ыстық тағамдарды дайындауда қолданады. Алайда көптеген
балықтардың дәмі айрықша болады. Мысалы, ащы емес маринад (лимон
қышқылында), қаймақты, томат, қымыздықтан әзірленген тұздықтармен. Бұл
жағдайда жылумен өңдеудің тиімді тәсілі бұқтыру болып табылады.
Қымыздықтан дайындалған тұздықтағы балықты келесідегідей
әзірлейді.
Терісі бар, сүйексіз балықтардың үлесті бөліктерін қуырып,
қымыздық тұздығын құйып, 25-30 минут бұқтырады да, крахмалмен
дәмдейді.
Тұздық үшін: ұсақтап туралған пиязды өсімдік майында шала қуырып,
томат езбесін немесе балғын қызанақтарды, қымыздықтың сағақсыз жуылған
жапырақтарын,
балық сорпасын қосып, 10-15 минут ішінде пісіреді.
Тұздықты әбден піскен көкөністерді езгілей отырып, сүзгіден өткізеді.
Оқушылардың тамақтануында балықты котлет массасы да кеңінен
қолданылады және оның әзірленуінде бүркеу тәсілін қолданады.
Достарыңызбен бөлісу: