161
жүзеге асыру тапсырылған. Алайда оны тек
қышқыл дәмге ие тағамдарға
ғана қосуға болады. Сондықтан салқын және ыстық тағамдарды дайындауда
аспаздар осы дәруменге бай ақжелкен, аскөк көгін, көк пиязды пайдалануы
тиіс, сонымен қатар, өнімдерді өңдеуде дәрумендерді жоғалтып алуды азайту
шараларын жүзеге асырулары қажет.
Балалар үшін
тамақтану тәртібі үлкен маңызға ие. Яғни тамақтану
арасындағы
сәйкесінше аралықты сақтау, оны бір күнге дұрыстап бөлу:
аралықтар 3-4 сағатқа тең болуы керек, яғни, тамақтану мөлшері 4-5 рет.
Балалар мектепте 3 сағаттан артық болатын болғандықтан, олар сол уақыт
ішінде тамақтанулары керек және мамандар
XX ғасырдың өзінде оның
ыстық таңғы ас болуы керектігі туралы шешімге келген. Ал ұзартылған күн
тобында қалатындарға түскі асты ішу керек .
Мектеп-интернаттарда және балаларды сауықтыру лагерьлерінде төрт не
бес реттік тамақтану ұйымдастырылады.
Физиологтар бөлек тамақтану аралығындағы
тәуліктік рационды бөлуге
кеңес жасап шығарды (15.2-кесте). Әрбір тамақтану негізгі тағамдық
заттектер мен калориялығының мөлшері бойынша теңдестірілуі өте
маңызды. Бұны тек мамандар жасап шығарған жинақталған рацион бойынша
тамақтануды ұйымдастыру арқылы қамтамасыз етуге болады. Бұндай
мәзір,әдетте, 2 аптаға жасалады. Бұл ретте
маңызды шарттар қатары
орындалуы қажет:
Мәзір екі нұсқада жасалуы керек: 7-11 жастағы және 12-17 жастағы
балаларға арналған. Сонымен бірге екі түрлі бөлек мәзір жасалмайды —
тағамдық
заттектер
мен
рационның
калориялық
мөлшерінің
айырмашылығын салаттар мен басқа тіскебасарлардың (100 немесе 150 г),
сорпалардың (250 немесе 300-400 г), гарнирлердің (100 немесе 150 г),
нанның (50 немесе 75 г) алынып тасталуын түрлендіре отырып қамтамасыз
етеді;
Достарыңызбен бөлісу: