45
Теңіз құлағы. Ұлу қатты ақ етке ие. Сондықтан оны алдымен жаншылап,
сосын барып бұқтырады немесе қуырады.
5.6.5.
Екі жаппалы ұлуларды өңдеу
Ұлулар. Шикі түрінде қолданылатын ең таңдаулы өнімдердің бірі –
әдеттегі (жеуге жарамды) ұлу. Бірақ ұлудың тірі,
қабыршағының жабық
болуына әбден сенімді болу керек. Егер қабыршағы ашық болса, оны қағып
көру керек. Тірі ұлу қабыршағын жауып алады. Қағып көргеннен кейін ашық
қалған қабыршақты пайдалануға болмайды.
Екі жарманы жалғап тұрған
бұлшықет жеуге жарамды болып саналады. Оның үлесіне 5-8%-дан 12-15%-
ға дейінгі ұлу массасы тиеді. Қабыршағын майда бақалшықтардан тазалап,
ағынды салқын суға жуып, жиналып тұрған қағаз майлыққа орап, турайтын
тақтайға жазық жармамен үстіне қояды; қабыршақты бір қолмен мықтылап
ұстап, арнайы пышақпен жармаларды ашады,
бұлшықетті жазық қабыршаққа
жалғанған тұсынан кесіп, сол қабыршақты алып тастайды.
Шұңғыл қабыршақта ұлуларды тұтынушыларға ұсынады (олар сақталуға
жатпайды) немесе жылумен өңдеуге жібереді.
Әдеттегіден бөлек қиыр шығыстық және португалдық ұлулар да алынады.
Португалдық ұлулар шикі күйінде қолданылады. Кәсіпорындарға сондай-ақ
мұздатылған ұлу еті брикеттері және консервіленген ұлулар келіп түседі.
Достарыңызбен бөлісу: