Тамақтандыру кәсіпорындарының технологиялық процестері


  2  ТАРАУ  КӨКӨНІСТЕР МЕН САҢЫРАУҚҰЛАҚТАН



Pdf көрінісі
бет8/174
Дата13.06.2022
өлшемі2,37 Mb.
#36784
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   174
Байланысты:
Шильман-Тамақтандыру-кәсіпорындарындағы-технологиялық-үрдістер.-Оқу-құралы

14 

ТАРАУ 
КӨКӨНІСТЕР МЕН САҢЫРАУҚҰЛАҚТАН 
ДАЙЫНДАЛҒАН ЖАРТЫЛАЙ 
ФАБРИКАТТАРДЫ ӨНДІРУДІҢ 
ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫ
2.1.
Көкөністен жасалған жоғары күрделіліктегі 
жартылай фабрикаттардың өндірісі
Картоп пен тамыр жемістерінен жасалатын тапсырыс беру арқылы
банкеттік және көрмелік тағамдарды даярлау үшін пішінді жартылай 
фабрикаттар жасалады. 2.1-кестеде сондай жартылай фабрикаттардың 
сұрыптамалары көрсетіліп, олардың сипаттамасы мен мақсаттары 
келтірілген. 
Пішінді жартылай фабрикаттардың өндірісіне көкөністердің орташа және 
үлкен даналарын, тамыр кескіш пышақтар және ойма деп аталатын арнайы 
құралдардың жиынтығы қажет (2.1-сурет). 
К е с т е 2.1. Картоппен тамыр жемістерінен жасалатын пішінді
жартылай фабрикаттардың (тіліктер) сипаттамасы 
Тілік пішіндері 
Жобалы көлемі, см 
Мақсаты 
Кеспек, алмұрт 
пішіндес, цилиндр 
Картоп: биіктігі 4...5, диаметр 
3,5...4 
Қайнату 
Шарлар 
Картоп және тамыр жемістері: ірі 
— 
диаметрі 3-4; орташа — 
диаметрі 1,5-2,5. Түрлі көлемдегі 
ойықтар пайдаланылады 
Қайнату және 
қуыру (картоп), 
қайнату (тамыр 
жемістері)
Жаңғақтар 
Тамыр жемістері: түрлі көлемдегі 
ойықтар пайдаланылады 
Қайнату 
Ирекшелер, 
жұлдызшылар, 
тегершік 
Тамыр жемістері: қалыңдығы 0,2-
0,3 
Маринадтау, 
салқын 
басытқылар үшін 
шала қуыру 


15 
2.1 
кестесінің соңы
Тілік пішіндері 
Жобалы көлемдері, см 
Мақсаты 
Жоңқа 
Картоп: ені – 2-3, қалыңдығы – 0,2-
0,3 
Шыжыған майда 
қуыру 
Шиыршық 
Картоп: түрлі көлемдегі ойықтар 
пайдаланылады
Бұл да дәл солай 
Кеспекті дайындау үшін түйнегінен екі ұшын кесіп тастап, тамыр кескіш 
пышақтың көмегімен бүйіріндегі бетін кеспек пішініне келтіру үшін 
үшкірлейді. Сонымен қатар, жартылай фабрикатқа цилиндр пішінін, ал 
бөлігіне сарымсақ пішінін беруге болады.
Алмұрт пішініне қол жеткізу үшін түйнектің бір ұшын жартылай сфера 
пішініне келтіріп үшкірлеп, екінші ұшын конус пішіндес етіп қайрайды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   174




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет