Тамақтандыру кәсіпорындарының технологиялық процестері


Жаңа піскен жеміс, жидек және бақша өнімдері қосылған сілікпе



Pdf көрінісі
бет101/174
Дата13.06.2022
өлшемі2,37 Mb.
#36784
1   ...   97   98   99   100   101   102   103   104   ...   174
Байланысты:
Шильман-Тамақтандыру-кәсіпорындарындағы-технологиялық-үрдістер.-Оқу-құралы

Жаңа піскен жеміс, жидек және бақша өнімдері қосылған сілікпе. 
Алмаларды қабығынан тазалап, тұқымды ұясын алып тастайды. Бөліктеп 
турап, лимон қышқылымен қышқылдандырылған суда қайнатады. Қайнат-
паны сүзгілеп, дайын желатинді қосып қайнатады.
Қабығы мен тұқымдарынан тазартылып, тіліктеп кесілген қауын және 
қарбызды, жүзім мен қайнатылған алмаларды қалыптарға немесе вазаларға 
салып, сұйық негізді құяды. Әрі қарай алдыңғы тағамдар секілді дайындап, 
дәл солай береді.


114 
Көп қатпарлы сілікпені алу үшін қалыпқа біртіндеп түрлі-түсті 
шәрбаттарды құйып, дірілдетейтін қалыпқа келтіріледі.
Теңбілді сілікпені дайындау үшін түрлі-түсті қатқан сілікпелерді кесіп
қалыптарда араластырады. Түссіз немесе аздап боялған сілікпені (мысалы, 
лимонды) құяды және дірілдетейтін қалыпқа келтіріледі. 
Сүттен дайындалған сілікпе. Бастапқыда бадам сүтін дайындайды. Ол 
үшін бадамға ыстық су құйып, 3-4 мнут ішінде қайнатады. Елеуішке қойып, 
қабығынан тазалап, үккіште біртіндеп қайнатылған салқын су құя отырып 
ұсақтайды. Алынған сұйықтықты (бадам сүті) елеуіштен құйып, үккіште 
қалған мезганы судың жаңа үлесін құйып, қайтадан езгілейді. Бадам сүтінің 
екінші үлесін біріншімен біріктіреді.
Бадам сүтін ыстық сиыр сүтімен біріктіріп, қант қосып, үздіксіз 
араластыра отырып қайнатады. Дайын болған қоспаға дайындалған 
желатинді қосып, араластырып, сүзгілеп, қалыптарға құяды да салқындатады 
және дірілдетейтін қалыпқа келтіріледі.
12.2.2.
Мусстар
Мусс — ол шайқалған сілікпе. Дірілдетуге дайындалған массаны 30°С-қа 
дейін салқындатып, үлпілдек көбікке дейін шайқайды. Әрі қарай қалыптарға 
орналастырып дірілдетеді. Берер алдында муссты десерт тәрелкесіне немесе 
вазаға салып, шәрбат құяды немесе тағамға сүт сауытпен сүт береді.
Муссты сілікпенің орнына ұнтақ жармасында дайындауға болады. 
Дайындалған сұйық негізді қайнатып, жіңішке ағыспен еленген ұнтақ 
жармасын салып, 15-20 минут ішінде араластыра отырып қайнатады. 
Қоспаны 40°С-қа дейін салқындатып, қою көбік тәрізді масса түзілгенше 
шайқайды. Оны қалыптарға орналастырып, салқындатады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   97   98   99   100   101   102   103   104   ...   174




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет