118
12.6.
Алмалардан әзірленген тағамдар
Орыс және басқа да славян асханаларында ыстық тәтті тағамдардың
сұрыпталымдарын алмалардан әзірлейді.
Пісірілген алмалалар. Алмалардың өзегін алып тастап, оның орнына
құмшекер салады. Алмаларды жайпақ табаға орналыстырып, аз мөлшерде су
құйып, қуыру шкафында 15-20 минут ішінде пісіреді.
Алмаларды ыстық не салқын күйде береді. Берер кезде мүкжидек не шие
тұздығын немесе тосап құйып, шақпақ қант ұнтағын себеді.
Шайқалған кілегей қосып пісірілген алмалар. Пісірілген алмаларды
суытып, өрік не алма тұздығын құйып, қуырылған ұсақталған жаңғақтарды
себеді. Ал алмалардың айналасына кондитерлік қапшықтан шайқалған
кілегейді шығарады.
Күріш қосылған алмалар. Сүтте жабысқақ күріш ботқасын қайнатып,
70-60
°С-қа дейін суытады. Ботқаға жұмыртқа, мейіз, ванилин, сары май
қосып, араластырады. Алынған массаны маргарин жағылған үлесті табаларға
салып пісіреді.
Қабықсыз және тұқымды ұясыз алмаларды бүтіндей немесе жарты бөлігін
қышқылданған суда дайын болғанша қайнатады. Ботқаға салып, алма не өрік
тұздығын құяды.
Достарыңызбен бөлісу: