Тамақтандыру кәсіпорындарының технологиялық процестері


Тәтті ботқалар, пісірмелер, пудингтер



Pdf көрінісі
бет104/174
Дата13.06.2022
өлшемі2,37 Mb.
#36784
1   ...   100   101   102   103   104   105   106   107   ...   174
12.4.
Тәтті ботқалар, пісірмелер, пудингтер
Сүтте дайындалған ұнтақ, күріш, сұлы жармасынан жасалған тәтті 
жабысқақ ботқаларды десерт ретінде жиі береді. Күріш ботқасына мейіз, 
қара өрік салуға болады.
Берер алдында ботқаға май құйып не болмаса қант себеді.
Тәтті тағамдар ретінде, сонымен қатар, пісірмелер (сүзбе және мейіз 
қосылған күрішті, балғын жемістер қосылған ұнтақты не күрішті, жеміс 
тұздығы қосылған бидайлы, ұнтақты немесе жемісті пісірмелер және 
жармалы, сүзбелі, кепкен нанды пудингтер) береді.
Балғын жемістер қосылған пісірме. Май жағылып, кепкен нан себіл-
дген жайпақ қаңылтыр табаға біркелкі қабатпен жабысқақ ботқаның 
жартысын салады. Оған 10 мм текшелеп туралған жемістерді (қабығы және 
тұқымсыз алма, алмұрт, сүйексіз алша, өрік) салады. Жемістерді ботқаның 
екінші қабатымен жауып, бетіне жұмыртқа мен қаймақ қоспасын жағып 
пісіреді.
Жармалардан пудинг дайындау технологиясы 8-бөлімде қаралған.
Сүзбелі пудинг. Ыстық суда (1 үлеске 10-20 мл) ванилинді ерітіп, ұнтақ 
жармасын қосып, араластырады да қайнатады.


117 
Үгілген сүзбеге қантпен езілген жұмыртқа сарысын, қайнатылған ұнтақ 
жармасын, жұмсартылған маргарин немесе сары май, тұз, дайындалған және 
кептірілген мейіз, ұсақталған жаңғақтарды қосады.
Массаны мұқият араластырады. Жұмыртқа ағын қою көбік болғанша 
шайқап, дайындалған массаға пісіру алдында қосады.
Алынған массаны май жағылған және кепкен нан себілген жайпақ табаға 
не қалыпқа салып, қаймақ жағып, 25-35 минут ішінде қуыру шкафында 
пісіреді. Дайын болған пудингті 5-10 минут ұстап, қалыптардан шығарады. 
Жайпақ табада пісірілген пудингті алмай үлестерге кеседі.
Пудингті ыстық күйінде қаймақпен немесе сүтті не тәтті тұздықпен 
береді.
Кепкен нан пудингі. Жұмыртқа сарысын құмшекермен үгіп, салқын 
сүтпен араластырады, бұл қоспаны майда бөліктерге сындырылған ванильді 
кепкен нандарға құяды. Кепкен нандар ісінгенде мейіз, цукат және көбік 
болғанша шайқалған жұмыртқа ағын қосады.
Массаны құмшекер себілген (егер пудингті буда пісіретін болса) немесе 
пісірер кезінде май жағылған қалыптарға салады. Пудингті ыстықтай, өрік 
тұздығын құйып береді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   100   101   102   103   104   105   106   107   ...   174




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет