Тамақтандыру кәсіпорындарының технологиялық процестері



Pdf көрінісі
бет108/174
Дата13.06.2022
өлшемі2,37 Mb.
#36784
1   ...   104   105   106   107   108   109   110   111   ...   174
Грог. Грог — ром, қант және ыстық судың қосындысы. Стақанға не 
шыны-аяққа шақпақ қант салып, шай қасықты түсіреді. Қайнаған су құйып, 
қант толық ерігенше араластырып, содан кейін ром құяды.
Грогтарды дайындаудың басқа да рецептуралары мен технологиялары 
бар.
Тодди. Тодди — күшті алкогольді сусындар, шәрбаттар, шараптар, тәтті 
тұнбалар немесе ликерлер және дәмдеуіштер қоспасынан (даршын, 
қалампыр, зімбір тамыры немесе үгілген жұпар жаңғақ) тұратын ыстық 
аралас сусындар. Қолданар алдында тоддиді 1-2 минут тұндырады. Одан 
кейін ол аса жағымды иіске ие болады.
Ыстық тодди. Оны дайындау үшін шотланд вискиін (немесе басқа 
күшті сусындар) қыздырылған стақан немесе бокалға құйып, бал не 
құмшекер қосып, қайнаған су құяды. Лимон дөңгелегін және даршын 
таяқшасын салып, аздап араластырады.
Тодди ромы. Стақан немесе шыны-аяққа шақпақ қант салып, ыстық су, 
одан кейін ром құйып, араластырады. Берер алдында лимон дөңгелегін 
салып, жұпар жаңғағын себеді.
12.9.
Квастар
Квас — біздің халықтың ең сүйікті салқындатқыш сусындарының бірі. 
Шығыстық славяндар квасты Киев Русі құрылғанға дейін біршама уақыт 
бұрын дайындаған деседі. Сан ғасырлық тарих ішінде халықтар квастың 
көптеген түрлі рецепттерін шығарды.
Квас тек дәмді сусын ғана емес. Ағзаға әсері бойынша ол ашымал 
сусындар секілді: асқазан ішек жолдарының қызметін реттейді, зиян және 
ауру тудыратын микроағзаларды басады, жүйке- жүйесінің тонусын 
көтереді, зат алмасуды жақсартып, жүрек қызметіне жақсы әсер етеді. 


121 
Квастың бұл қасиеттері онда сүт қышқылдарының, дәрумендердің, амин 
қышқылдарының, түрлі қанттар мен микроэлементтердің болуымен 
түсіндіріледі.
Кең таралағаны наннан жасалған квас болып табылады. Қазіргі таңда 
қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындары негізінде өнеркәсіп өндірісінің 
дайын квасын немесе квас концентратын не болмаса құрғақ квас алады. 
Бірақ квасты өз бетінше де дайындай алады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   104   105   106   107   108   109   110   111   ...   174




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет