Тамақтандыру кәсіпорындарының технологиялық процестері


  Бисквитке жеміс салма жағады (жеміс тәтті орамасы)



Pdf көрінісі
бет116/174
Дата13.06.2022
өлшемі2,37 Mb.
#36784
1   ...   112   113   114   115   116   117   118   119   ...   174
129 
Бисквитке жеміс салма жағады (жеміс тәтті орамасы) немесе шәрбат 
сіңіртіп, кілегейлі сүзбе кремін («Экстра» тәтті орамасы) жағады да 
бөліктерге бөліп кеседі.
Дөңгелек бисквит (буше). Жұмыртқа ағын сарысынан бөліп, салқын-
датады. Одан кейін 20-30 минут бойына алдымен бәсең, артынша жылдам 
айналымда көлемі 6-7 есе ұлғайғанша шайқайды.
Шайқау соңында лимон қышқылын қосады. Бөлек
жұмыртқа сарысын құмшекермен 30-40 минут шайқайды. Эссенция, ұн, 
қосып, 5-8 секунд тағы да шайқайды. Одан кейін ақырындап шайқалған 
ақуыздарды салып, біркелкі қамыр болғанша араластырады.
Дайын қамыр үлпілдек, ауаға жақсы қаныққан, біркелкі араласқан, 
түйіршіксіз, ақшыл -сары түсті және қою болуы тиіс.
Қамырды дереу қағаз жайылған шелпек түріндегі кондитерлік парақтарға 
орналастырады. 15-30 минут 190-210°С температурада пісіріп, салқындатады 
да бөлме температурасында 8 сағат ұстайды. Одан кейін қағазын шешіп
тегістейді. 
Екі даналы жартылай фабрикатқа шәрбат сіңіртіп, жеміс салмасымен 
біріктіреді. Бетін жеміс салмасымен, жеміс не цукаттармен, бисквит 
үгінділерімен және шақпақ қант ұнтағымен безендіреді («Бисквитті» 
жемісті тәтті наны) немесе кілегейден жасалған креммен біріктіріп, беткі 
қабатын шоколадты помадамен әшекейлейді және ақ помададан шиыршық 
түріндегі суретпен әрлейді (помадамен әшекейлейленген «Буше» тәтті 
наны).
Майлы бисквит. Бұл қамырға сары майдың айтарлықтай мөлшері кіреді. 
Сондықтан дайындау мен пісіруде оның өз кеуектілігін сақтау қиындау. 
Оның тек шайқалған жұмыртқа ағы арқылы қопсуы әркез мүмкін болмайды. 
Сондықтан қосымша қопсытқыш ретінде соданы пайдаланады. Алайда 
ақуызды сарыуыздан жақсылап айыратын болса, химиялық қопсытқыштың 
қажеті болмайды.
Бисквитке майды қосу өнімнің құнарлылығын жоғарылатып, дәмін 
жақсартып қана қоймай, оларды қатып қалудан қорғап, жұмсақ (үгілмелі) 
қыла түседі. 
Шикізатты таңдау мен илеуде қолданылатын құрылғыға байланысты 
илеудің түрлі тәсілдері қолданылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   112   113   114   115   116   117   118   119   ...   174




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет