Тамақтандыру кәсіпорындарының технологиялық процестері



Pdf көрінісі
бет106/174
Дата13.06.2022
өлшемі2,37 Mb.
#36784
1   ...   102   103   104   105   106   107   108   109   ...   174
Қаттамадағы алмалар. Қатпарлы қамырды қалыңдығы 0,5 см болатын 
қабатта жайып, алмалардың өлшемдеріне сәйкес шаршыларға кеседі. 
Аршылған, тұқымды ұясы алынған алмаларды қамырға салады. Тұқымды 
ұясы алынғанда пайда болған амланың әр саңылауларына қант сеуіп, 
алмаларды қамырға хатқалта етіп орайды. Жұмыртқа жағып, қуыру 
шкафында пісіреді. Берер алдында шақпақ қант ұнтағын себеді.
Алмалар қосылған шарлотка. Алмаларды аршып, тұқымды ұяларын 
алып тастайды. Майдалап текшелеп турап, құмшекер себеді. Бидай нанынан 
қыртыстарын кесіп, жұмсағын қалыңдығы 0,5 см (ұзындығы мен ені 
қалыптың өлшемдерімен анықталады) болатын тік бұрышты тілімдермен 
кеседі.
Наннан қалған кесінділерді майда текшемен турап, кептіреді.
Нан тілімдерін бір бетін жұмыртқа, сүт және қант қоспасына 
дымқылдатып, олармен май жағылған қалыптың түбі мен қабырғаларын 
құрсайды (дымқылданған бетін сыртқа қаратып).
Кептірілген нан тілімдерін алмалар және даршынмен араластырып, осы 
қоспамен қалыпты толтырады. Үстінен нан тілімдерімен жауып, жұмыртқа-
сүт қоспасында дымқылдатып, қуыру шкафында пісіреді.
Дайын болған шарлотканы қалыпта 10 минут бойына ұстап, одан кейін 
табаққа не тәрелкеге салады. Өрік тұздығын құяды не болмаса тұздықты 
бөлек береді.


119 
Қамырда қуырылған алмалар. Тұқымды ұясы алынып тасталған және 
қабығы аршылған алмаларды 0,5 см қалыңдықта дөңгелектеп кесіп, қант 
себеді. Ақуыздан бөлініп алынған сарыуызға қант, тұз, қаймақ, ұн қосып, 
жақсылап араластырып, сүтпен езеді. Жұмыртқа ақуыздарын қою көбік 
болғанша шайқап, қамырға ақырындап енгізеді.
Алма домалақшаларын аспаздық ине көмегімен қамырға салып, 170-
180°С температурамен шыжып тұрған майға ауыстырып салады. Сарғайған 
қабықша түзілгенше қуырып, шығарып алады да майының ағуына мүмкіндік 
береді.
Қуырылған алмаларды тәрелкеге салып, шақпақ қант ұнтағын себеді. 
Өрік немесе алма тұздығын бөлек береді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   102   103   104   105   106   107   108   109   ...   174




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет