Тамақтандыру кәсіпорындарының технологиялық процестері


Картоп, аршылған шикі тамыр жемістері



Pdf көрінісі
бет11/174
Дата13.06.2022
өлшемі2,37 Mb.
#36784
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   174
Картоп, аршылған шикі тамыр жемістері. Бұл жартылай фабрикаттар 
өзіне жуу машинасын, картопаршығышты, қосымша тазалау конвейерін
картопқа сульфитация жасайтын машина мен мөлшерлегіш құрылғыны 
(метилцеллюлоза көбігін пайдалану кезінде картоп сульфитациясына 
арналған машина көбік дайындау құрылғысына ауыстырылады) қамтитын 
ағымдық механикаландырылған сызықта өндіреді.


18 
Аршылған картопты метилцеллюлоза көбігімен бірге полиэтиленді 
қалтаға өлшеп орайды. Көбікті дайындау үшін крахмалды бейорганикалық 
қышқылдармен декстринге дейін гидролиздеп, метилцеллюлоз ерітіндісімен 
шайқайды. Көбікте сақтау үшін картоп кесектеп туралуы мүмкін. Картоптың 
көбіктегі жүзеге асу мерзімі – 72 сағат. 
Аршылған картоптың сульфитациясының мәні картопты 5 минутқа 1%-
ды натрий бисульфитінің ерітіндісіне (күкіртті ангидридті қоса есептегенде) 
батырады. Күкіртті ангидрид әсерінен картоптың қараюына ықпал ететін 
үрдістерге қатысатын фермент әсерсіздендіріледі. Сульфиттенген 
картоптағы күкіртті ангидридтің құрамы 0,002%-дан аспауы тиіс 
(қайнатудан кейін ол пайыздың он мыңдық үлесіне дейін төмендейді). 
Сульфиттенген картоп ауада 48 сағат бойына 2-7°С температурасында 
сақталса, қараймайды, сонымен қатар, даярлаушы кәсіпорында оны 12 
сағаттан асырмай сақтау керек, бірақ картоптың үстіңгі қабаты жылулық 
әсерге орнықты болып, ағара түседі. Оған қоса, дәм сезгіштігі жетік адамдар 
бұндай картопта жағымсыз дәмнің пайда болғанын байқайды. 
Картоп пен тамыр жемістерін механикаландырылған аршудың ағымдық 
сызығынан бөлек, отпен және бумен тазалау сызықтары да қолданылады. 
Бірінші жағдайда көкөністер термоагрегатта ыстық ауамен (1100-1200 °С) 6-
12 
с
аралығында өңделіп, артынша жуу-тазарту машинасына жүктеледі. Бұл 
агрегатта басты пиязды да тазалауға болады: құрғақ қабыршақтары әпсәтте 
ыстық ауаның әсерінен жанып кетеді.
Екінші жағдайда термоагрегатқа картоп пен тамыр жемістері 0,5-1 
минутта өндірілетін жоғары қысымдағы (0,6-0,7 МПа), қатты қыздырылған 
бу беріледі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   174




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет