Тамақтандыру кәсіпорындарының технологиялық процестері


Көкөніс қосылған сиыр етінен пудинг



Pdf көрінісі
бет143/174
Дата13.06.2022
өлшемі2,37 Mb.
#36784
1   ...   139   140   141   142   143   144   145   146   ...   174
Көкөніс қосылған сиыр етінен пудинг (№ 5 диета). Қайнатылған ет, 
сәбіз, гүлді қырыққабатты еттартқыштан өткізіп, ұнтақ жармасы, жасыл 
бұршақпен біріктіріп, сарыуыз, майдың жартысын қосады да, жақсылап 
қағымдайды. Артынша массаны шайқалған ақуыздармен ептеп араластырып, 
май жағылған және кепкен нан себілген қалыптарға немесе жайпақ табаға 
салады. Пудингке қаймақ жағып, тұщы үгілген ірімшік себеді, май сеуіп, 
пісіреді. Шашыраңқы қарақұмық ботқасымен, күрішпен не қайнатылған 
макарондармен береді.
14.3.6.
Көкөністерден дайындалған тағамдар
 
Көкөністердің химиялық құрамының ерекшеліктері олардың әртүрлілігі, 
тағамдардың кең сұрыпталымдарын дайындау мүмкіндігі диеталық 
тамақтануда көкністердің кеңінен қолдануылуын қамтамасыз етеді. 
Көкөністер минералды заттектердің, дәрумендердің, тез сіңірілетін 
көмірсулардың, сондай-ақ ішектің қалыпты қызметін қамтамасыз етіп, өт 
бөлінуіне және ағзадан холестериннің артық қалдықтарын шығаруына ықпал 
ететін өсінді жасұнықтардың көзі ретінде үлкен маңызға ие.
Натрийдің ең аз мөлшерінде калийдің болуының арқасында көкөністер 
түрлі ісіну ауруларында, гипертониялық ауруларда, ісінумен болатын жүрек 
ауруларында таптырмайтын өнім. Калийге асқабақ, кәді, баялдылар бай.
Бауыр, атеросклероз ауруларында қызылшадан дайындалған тағамдар 
пайдалы. Көкөністердің калориялығы аз ғана, бірақ олар мөлшерінің 
ауқымдылығының арқасында тойымдылық сезімін тудырады. Бұл көкөніс-
терді семіздікті емдеуде кеңінен қолдануға ықпал етеді.
Диеталық тамақтандыруға арналған тағамдарда көкөністерді бір-бірімен 
немесе басқа өнімдермен жиі үйлестіреді.
Сәбіз қосылған картоп езбесі (№ 1-7/10 диеталары). Сәбізді бөліктерін 
дайын болғанша сүтпен бөктіреді; картопты қайнатып, сәбізбен бірге 
еттартқыштан өткізеді. Массаға сары май және араластыра отырып 2-3 
ретпен сүт қосады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   139   140   141   142   143   144   145   146   ...   174




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет