Тамақтандыру кәсіпорындарының технологиялық процестері


Қаптау, таңбалау, сақтау және тасу



Pdf көрінісі
бет25/174
Дата13.06.2022
өлшемі2,37 Mb.
#36784
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   174
Байланысты:
Шильман-Тамақтандыру-кәсіпорындарындағы-технологиялық-үрдістер.-Оқу-құралы

Қаптау, таңбалау, сақтау және тасу. Өлшеніп оралған және таразылық 
жартылай фабрикаттарды бір-екі қатарға функционалдық ыдыстарға салады, 
қатарлардың арасына (таразылық жартылай фабрикатқа) пергамент қағазын 
төсейді. Аспаздық өңдеуге дайындалған ұшаларды бір қатарға орналас-
тырады. Жалпы салмақ массасы 10 кг-нан аспауы қажет. 
Турама котлеттерді бір қатарға сақтап және дайындау кәсіпорындарына 
таситын, сонымен қатар, қуыратын май жағылған функционалды ыдыстарға 
салады. 
Аспаздық дүкендер үшін жартылай фабрикаттарды құрғақ, таза, бөтен 
иіссіз алюминий, ағаш, тақтайлы немесе полимерлік жәшіктерге қаптайды. 
Әрбір қаптағыш бірлік алда көрсетілетін таңбаға ие болуы керек:
кәсіпорын мен өндіруші атауы; 
шала фабрикат атауы;
таза салмағы; 
өндірілген күні мен уақыты; сақтау және пайдалану мерзімі; 100 г 
өнімдегі тағамдық және энергетикалық құндылығы туралы деректер
қаптаушы нөмірі; 
нормативті құжаттың белгілері (ССТ немесе ТТ). Құс тұлыптарының 
қабында қоңдылық категориясы көрсетіледі. 
Жартылай фабрикаттарды 2-6°С температурасында келесі мерзімдерге 
дейін сақтайды. 
Жартылай фабрикаттарды сақтау мерзімдері, с және одан аспайтын 
Құс етінің табиғи жартылай фабрикаттары: 
етті-сүйекті, аунатылмаған сүйексіз, (аспаздық 
өңдеуге дайындалған ұша, сан еті, сүбе, төрттік, 
табақтағы балапан, мықым, жіліншік, қанаттар,
төс еттері) ............................................................................................................... 48 
етті-сүйекті, сүйексіз, аунатылған, дәмдеуіштермен, 
тұздықпен ............................................................................................................... 24 
Шабылған құс етінен жартылай фабрикаттар, 
аунатылған және аунатылмаған ................................................................................. 18 
Тауық турамасы ........................................................................................................... 12 
Субөнімдер, құстың субөнімдерінен жартылай фабрикаттар ................................ 24 
Кіркілдек жинағы, рагу, көже ..................................................................................... 12 
Жартылай фабрикаттарды салқындатылған немесе изотермикалық көлікте 
тасымалдайды 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   174




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет