Тамақтандыру кәсіпорындарының технологиялық процестері


сірке сулы «Голландтық» тұздығы



Pdf көрінісі
бет51/174
Дата13.06.2022
өлшемі2,37 Mb.
#36784
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   174
Байланысты:
Шильман-Тамақтандыру-кәсіпорындарындағы-технологиялық-үрдістер.-Оқу-құралы

сірке сулы «Голландтық» тұздығы шығады. 
Егер «Голландтық» немесе сірке сулы «Голландтық» тұздығына ас 
қышасын қосса, қышалы «Голландық» тұздығы пайда болады. Оны 
қуырылған және асылған балық тағамдарына қосып береді. 
«Голландтық» тұздығына қыздырылған тұздықсыз киеуілдерді қосқанда, 
киеуілді «Голландтық» тұздығы шығады. Оны бөктірілген, қайнатылған 
және қуырылған балық тағамдарына қосып береді.
Егер «Голландтық» тұздығына ұсынар алдында шайқалған кілегей қосып, 
мұқият араластыратын болса, кілегейлі «Голландтық» тұздығы шығады. 
Оны десерттік көкөністер (қояншөп, бөрікгүл) мен асылған және бөктірілген 
балық тағамдарына қосып береді. 
Тәтті жұмыртқа тұздығы. Тот баспайтын болат ыдысқа бүтін 
жұмыртқалар мен сарыуыздарды салады, қант қосып, жақсылап ұнтақтайды. 
Артынша дайындалған құрғақ ақ шарап, лента түрінде аршылған лимон 
цедрасын немесе су мен лимон қышқылын қосады да, шайқағышпен үздіксіз 
шайқап, сулы жылытқышта 75-80°С температурада қою көбікті масса 
түзілгенше әбден қайнатады. Цедраны алып тастап, лимон шырынын қосады. 
Тұздықты пудинг, шарлотка, қояншөп, бөрікгүлдерге қосып береді.


63 
Көк май. Жұмсартылған сары майға ұсақталған ақжелкен көгін, лимон 
шырынын немесе езілген лимон қышқылын қосып, мұқият араластырады. 
Диаметрі 3 см, массасы 200-300 г болатын сопақ нан пішінін беріп, 
тоңазытқышта салқындатады. 
Қолданар алдында майды қалыңдығы 0,5 см болатындай етіп домалақтап 
кесіп, антрекот, шыжып тұрған майда қуырылған балық және басқа да 
өнімдерге салып береді. 
Майшабақ майы. Майшабақ сүбесін езгілеп, сары май және қышамен 
бірге шайқап, қалыпқа келтіреді және салқындатады. Ыстық асылған картоп, 
құймақтарға қосып береді және бутербродтарды дайындауда пайдаланады. 
Сондай-ақ шабақ майын ірімшікпен, қышамен және т.б. өнімдермен 
дайындайды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   174




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет