ІІ БӨЛІМ
САХАБАЛАР САБАҒЫ
Ананың ақ сүті
Алқамә Пайғамбардың көзі тірісінде құлшылыққа
жан тәнімен берілген, садақаны көп үлестіретін өте
бір ізетті, иманды жас жігіт еді. Бір күні аяқ астынан
ауырған Алқамә төсек тартып жатып қалды. Ауруы
әбден меңдеп, өлетін халге жеткенде, тілі куәлік сөзге
келмей күрмеле берді. Оның қатты қиналғанын көрген
сахабалар пайғамбарға жүгіріп мән-жайдан хабардар
етті.
Пайғамбарымыз бірден әлгі жігіттің шешесін
шақыртты.
– Алқамә қандай еді? – деп сұрады.
Әйел: – Балам көп намаз оқитын, көп ораза
ұстайтын, садақаны көп тарататын, – деп жауап берді.
Пайғамбарымыз бұл жолы сұрақты төтесінен
қойды: – Сізбен қарым - қатынасы қалай еді? Әйел:
– Іштен шыққан балам ғой деп қанша кешіріммен
қарағаныммен, мені ренжітетін кездері көп еді. Оны
айтып отырған себебім, көбіне әйелін жақтап, маған
қарсы шығатын, – деген кезінде, пайғамбар:
– Анасының реніші баласының тілін күрмеп тұр
екен. Қане, отын жинаңдар, Алқамәні тірідей отқа
жағамыз, – деп маңайындағыларға бұйырды.
48
Тағылым тамшылары
Ана байғұс бірден жанұшырды: – Қажеті жоқ. Ба-
ламды жаға көрмеңіз, – деп жалынғанда, пайғамбар
салиқалы түрде: – Аллаһ тағаланың о дүниедегі аза-
бы балаңыздың қазіргі тартып жатқан азабынан да
қатты болмақ. Егер Аллаһ ұлыңыздан разы болсын
десеңіз, сіз де аналық ақ сүтіңізді кешіп, ұлыңызға де-
ген бар реніш-өкпеңізді қойып, онымен ризалықпен
қоштасыңыз, – деді.
Әйел байғұс разылығын айтып, күбірлеп кешірген
сәтте баласының да кәлимаға тілі келіп, өмірден озған
еді.
Құлшылық құндылығы
Пайғамбарымыз
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)
да қатысқан
«Затур-Риқа» соғысында шайпауыздығына басып,
ерінен қалыспай соғысқа келген бір мүшрік әйелді
мұсылмандардың біреуі жер құштырды. Әйелін кімнің
өлтіргенін жазбай танып қалған күйеуі, сол мұсылманды
өлтірмей тынбайтындығын айтып, өз-өзіне іштей ант
берді. Соғыс біткеннен кейін де мұсылман жасағының
қай жерге тоқтайтынын байқамақ болып, іздерін қуалай
жүріп отырды. Аллаһ елшісі сол түнгі қонатын жерді
белгілеп:
– Осы түні бізді қорғап күзетте кім тұрады? – деп
сұрағанда, мұһажир мен әнсардан екі кісі суырыла алға
шықты. Пайғамбарымыз
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)
оларға:
– Онда мына сайдың шыға берісінде тұрыңдар, –
деп күзет үшін оңтайлы орынды көрсетті.
Бұл екі ықыласты сарбаз: Аммар ибн Ясир мен
Аббад ибн Бишр еді. Түн қараңғылығы басып күзет
49
Сахабалар сабағы
кезегіне тұрарда әнсарлық Аббад мұһажирлік Аммарға
қарап:
– Түннің қай шамасында күзетте тұрғың келеді?-
деп сұрады. Ол өзінің тап қазірден бастап түннің
ортасына дейін тұрғысы келетіндігін айтты. Екеуара
келіскеннен кейін мұһажир сарбаз өз кезегі келгенге
дейін аздап көз шырымын алмақ болып ұйықтап кетті.
Ал әнсарлық сарбаз болса күзеттегі уақытты босқа
өткізбейін деп намаз оқи бастады.
Дәл осы сәт соғыста жер жастанған әйелінің өшін
алмақ болып іздерінен қалмай келе жатқан мүшрік
бұқпантайлап келіп намазда тұрған сахабаға садақтан
оқ ысқырта бастады. Ал намаз оқып тұрған сахаба бол-
са үш оқ тигенге дейін намазын бұза қоймады. Алайда
үшінші оқ қадалғанда қатты жараланды. Дереу руку,
сәждасын орындап, сәлемін беріп намазын аяқтады
да:
– Тұр, тұр енді, мен жараланып қалдым, қимыл
көрсете алар емеспін! – деп қасындағы жолдасын оят-
ты.
Жолдасы орнынан атып тұрғанда дұшпан қорқып
жылыстап жөнелді. Жолдасының қатты жараланғанын
көргенде мұһажир досы таңғала сұрады:
– Алғашқы оқ тие салысымен мені бірден
оятпағаның не?
Алайда әнсарлық сахабаның берген жауабы да
таңғаларлық еді. Ол:
– Оқып тұрған сүремді ортасынан үзе алмадым.
Егер Пайғамбарымыз табыстаған күзетшілігімізге
50
Тағылым тамшылары
кесірі тимейтін болғанда, жаным шығып кетсе де мен
ол сүрені тоқтатпас едім!.. – деген еді
8
.
Иә, сахабалар ғибадатқа осыншалықты құштар
болатын.
Куәгер
Пайғамбарымыз
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)
сахабалары-
мен отырған бір сәтінде өз-өзінен сәл-пәл жымиып:
– Неге күлімсіредім, білесіздер ме? – деп сұрады.
Сахабалары «Жоқ» дегенде, Пайғамбарымыз:
– (О дүниеде есеп берілгенде) Құл шыр-пыры шыға
өз-өзін ақтамақ болады, іле-шала Аллаһ тағаламен ара-
да мынадай бір әңгіме өрбиді мен соған еріксіз жыми-
дым:
Құл:
– Сен мені тіршілігімде қиянаттан қорғамадың
ғой? – деп сұрайды.
Аллаһ тағала:
– Иә, – дейді.
Құл:
– Онда маған да бөгде куәгердің қажеті жоқ. Маған
менің өзімнен куәгер беруіңді сұраймын, – деген кезде
Аллаһ тағала:
– Ал онда сенің куәгерлерің өзіңнің дене мүше-
лерің болсын. Тіпті саған «Кираман Катибин» періште-
лері де куә болмай-ақ қойсын, – дейді де әлгі құлдың
тілін байлағаннан кейін дене мүшелеріне қарап не
істеп, не қойғанының бәрін түк қалдырмай айтып
беруін бұйырады.
8
әл- Бидая уә-н-Нихая, 4/466-67; әл-Камил фи-т-тарих, 2/175
51
Сахабалар сабағы
Ал жаңағының дене мүшелері болса бір-бірлеп
сөйлей бастайды. Кейіннен барып тілінің күрмеуі
шешіліп қайта сөйлеуге келгенде ол ренжіп, өзінің
дене мүшелеріне қарап «Мен сендерді қорғаштап жа-
ным шығып жатса, сендер не істеп, не қойғандарыңның
бәрін жіпке тізе тәптіштеп айтып шыққандарыңа
жол болсын, бәрің де көзіме көрінбей, қараларыңды
батырыңдар!» деп ашулана айғайлайды....
Достарыңызбен бөлісу: |