Тамшылары



Pdf көрінісі
бет22/84
Дата04.05.2023
өлшемі0,97 Mb.
#89956
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   84
Әбу Бәкірдің достығы
Періште Жәбірәйіл (а.с.) бір күні былай деп 
тілепті:
– Уа, он сегіз мың ғаламның ұлы әміршісі Хақ 
тағала! Пайғамбарымыз Мұхаммедке 
(саллаллаһу аләйһи 
уә сәлләм)
деген Әбу Бәкірдің достығы қаншалықты 
адал екенін, оған деген сүйіспеншілік жүрегінде 
қаншалықты терең орын алатынын білгім келеді... 
...Мереке күні еді. Әбу Бәкір Сыддық (р.а.) бағалы, 
қымбат, әсем киімдерін киіп, иығынына отыз алтындық 
шәлі ілді. 
Жәбірәйіл соқыр кейпіне еніп, жол шетіне от-
ыра кетті. Әбу Бәкір Сыддық келіп, жол шетіндегі 
пақырға жақындады. Бұны көрген Жәбірәйіл бірден: 
– Пайғамбар Мұхаммед Мұстафаның достығы үшін 
маған садақа тастаған адамның Аллаһ тағала бар 
күнәсін кешірсін! – деп естірте дауыстай бастады. 
Әбу Бәкір (р.а.) ол сөзді естіген-ді. Ойланба-
стан иығындағы қымбат шәліні сусыта ысырған 
күйі «қайыршыға» ұстатты да: – Қане, тағы бір рет 
қайталашы? – деді. Қайыршы тағы бір рет қайталады. 
Әбу Бәкір Сыддық сырт киімін шешіп берді. Әр 
қайталаған сайын үстіндегі бір-бір киімін шешіп 
10
Мәнақиб-и Чиһар Яар-и Гузин


59
Сахабалар сабағы
беріп отырды. Бесінші рет қайталағанда, Әбу Бәкірде 
әлгіндегі бағалы киімдерінің ешбірі қалмады. 
Әбу Бәкір Сыддық Біләлді шақыртып: – Ей, Біләл! 
Айшаның үйіне барып маған бір киім әкел, – деді. 
Біләл (р.а.) кетіп бара жатып жолшыбай 
Пайғамбарымызға 
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) 
жолығып 
қалады. 
Пайғамбарымыз: 
– Әй, Біләл! Қайда бара жатқаныңды, не себепті 
бара жатқаныңды мен айтайын ба, әлде өзің айтасың 
ба? – деді. 
Біләл (р.а.) әдеп сақтап: – Сіз айтыңыз, – деді. 
Сонда Пайғамбарымыз оған былай деді: – Жол 
шетінде отырған соқыр, ол – Жәбірәйіл періште. 
Әбу Бәкірдің маған деген зор сүйіспеншілігі мен 
арамыздағы қыл өтпес достықтың қаншалықты адал 
екендігіне көз жеткізу үшін Аллаһ тағаланың әмірімен 
осындай бейнеде келген. 
Бұл кезде Әбу Бәкір (р.а.) Біләлді күтіп тұрды. 
Біләл Айшаның үйінен киім әкелді. Әбу Бәкір әкелген 
киімдерді киді. 
Періште Жәбірәйіл Расулаллаһтың 
(саллаллаһу аләйһи уә 
сәлләм) 
алдына келіп:
– Уа, Мұхаммед! Жай ғана Әбу Бәкір Сыддықты 
бір сынамақшы болғаным болмаса, бұл киімдердің 
маған қажеті жоқ еді, – деп, бағана Әбу Бәкір берген 
қымбат киімдердің бәрін қолына ұстатты. 
Пайғамбарымыз 
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) 
Жәбірәйіл 
періште тастап кеткен киімдерді Әбу Бәкірдің өзіне 
әкелді. 


60
Тағылым тамшылары
Әбу Бәкір (р.а.) болса: – Сіздің жолыңызға арнап 
менің қолымнан шыққан заттың маған қайта қажеті 
жоқ. Кімге көңіліңіз соқса, соған берерсіз, – деген бо-
латын
11
... 
Иә, Пайғамбарды өзінен де қатты жақсы 
көрмейінше ешкімнің де иманы толық болмайтындығы 
шындық.  


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   84




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет