52
Тағылым тамшылары
– Бұл Мұхаммед қой, – деді, – ол
біздің көптен
күткен пайғамбарымыз. Тіпті Исаның өзі оның
келетіндігі жайында сүйіншілеп хабар айтқан.
Қайсар епископқа қарап:
– Иә, маған қандай ұсынысың бар? – деп сұрады.
Епископ:
– Өз басым сөзсіз оны растап, мойынсұнам, – деді.
Қайсар оған:
– Алайда мен де растап оған бас иер болсам
патшалығымнан айрылып қалармын, – деді күмілжіп.
Содан біз патшаның қасынан шықтық. Қайсар сол
кезде қонағы Әбу Суфиянды шақыртты да оған сұрақ
қойып жауап ала бастады.
– Сендер жақта пайда болған әлгі кісі кім?
– Ол бір жас жігіт.
– Шыққан әулеті қандай?
– Арамыздағы аса бір сыйлы әулеттен шыққан.
– Ол пайғамбарлығының белгісі болар. Иә, оның
болмысы қандай?
– Ешқашан өтірік айтқан емес.
– Бұл да пайғамбарлығының бұлтартпас белгісі.
Қайсар Әбу Суфияннан
сұрауын жалғастыра
түсті.
– Оның ізіне ергендердің арасынан исламды та-
стап кеп қатарларыңа қосылғандар болды ма?
– Жоқ.
– Иә, бұл да оның пайғамбарлығының дәлелі.
Оның шайқастарда жеңілген кезі болдыма?
– Кейде жеңгенмен, кейде жеңілетін.
– Бұл да пайғамбарлығының белгісі.
53
Сахабалар сабағы
Артынша Қайсар патша мені шақырып былай
деді:
– Сені
жіберген адамға айта бар, мен оның
пайғамбар екенін білгенмен,
патшалығымды тастай
алмаймын!
Ал епископ болса әр жексенбі сайын христиан-
дарға уағыз айтатын. Алайда келесі жексенбі күні ол
христиандарға барып әдеттегідей уағызын айтпады.
Одан кейінгі жексенбіде де сөйтті. Халыққа өзінің ау-
ырып жатқандығын айтты. Бірақ мені шақырып алып,
әр түрлі сұрақтар сұрайтын. Дәл осылай бірнеше апта
халыққа шығып уағыз айтпай қойған соң, бір күні халық
жиылып келіп оған былай деп қатаң талап қойды:
– Не өз еркіңмен сыртқа шық, не біз сені бөлмеңде
өлтіреміз. Әлгі араб келгелі бері біз сенен күмәндана
бастадық.
Бұны естігенде епископ маған бірден хат жазып
беріп былай деді:
– Мына хатты ал да, Мұхаммедке жеткіз. Оған
дұғай сәлем айт та, менің Аллаһтан басқа тәңір жоқ
әрі Мұхаммедтің оның
пайғамбары екендігіне иман
еткенімді, сондай-ақ оған мойынсұнғанымды айт.
Халық менің бұл жағдайымды жақсы сезіп отыр. Оған
көргендеріңнің бәрін айт!
Осыны айтты да ол далаға шықты. Күтіп тұрған
халық оны дереу өлтіріп тынды
9
...
9
Юсуф Явуз «Самарқант»