Тамшылары



Pdf көрінісі
бет29/84
Дата04.05.2023
өлшемі0,97 Mb.
#89956
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   84
Тағылым тамшылары
Бірден қолына жармастым: – Уа! Мұсылмандардың 
әміршісі! Бұның не?! Қапты сен емес менің арқалағаным 
жөн болар.
Дәл осы сәт манадан бері жақ ашпаған хазірет 
Омар (р.а.) қолымды кері итеріп, күңірене былай деп 
тіл қатты:
– Жоқ, құрметті досым, ибни Аббас! Қап көтеріп 
шаршамақ түгілі, жерге жығылып өліп кетсем де сен ме-
нен бұл жүкті алушы болма! Маған бұл дүниеде жүгімді 
көтерісер достар табылғанмен, о дүниеде жазамды 
бөлісер достар табылмасы ақиқат. Шешейдің бағанағы 
айтқанының бәрі рас. Мен о баста халифалықты ал-
мауым керек еді, ал алған екем, қарамағымдағы әр 
адамның алаңсыз өмір сүруі, менің мойнымда екенін 
ұғуым керек. 
Құрметті досым! Дижле аймағында өрістеп жүрген 
бір қойға қасқыр шапса, о дүниеде әділдік таразысы 
тартылған уақытта оны да мына Омардан сұрары қақ. 
Шешей тұл қалып, немерелері жетім қалыпты, олай 
болса, оған да басқа емес Омар жауап берері даусыз. 
Қараусыз қараң қалып, бір шаңырақ шайқалса, оның да 
обалы Омарға деген сөз. Жазықсыздан-жазықсыз жер-
ге бір тамшы қан тамса, ол да Омарды құр жібермейді. 
Зарлылар мен жарлылардың кірбің ұялаған көңілдер 
үшін де Омар жазықты. Қайғы-қасіреттен көз ашпай, 
қан жұтқандар үшін де Омар емей кім кінәлі?! 
Дүниенің тауқыметін арқалағандар мен қарғап-
сілеушілердің тіл ұшында жүрген қайран Омар! Қалай 
ғана сонша ауыр жауапкершілікті алып едің о баста?! 
О, Жаратқан! Енді міне, сол үлкен жауапкершілікті 


75
Сахабалар сабағы
көтере алмастан әлсіз, әлжуаз, дәрменсіз құлың екі 
бүктетіліп алдыңда тұр... 
Мен оған біраз басу айтпақ оймен сөзін бөлдім:
– Әй, ақ жүректі Халифа! Соншалықты мұңайып 
егілетіндей не болды? Халифалық міндетті сен 
атқармасаң, дәл сендей болып оны кім алып жүреді?! 
Қанша дегенмен сен де пенде емессің бе?! Қара қылды 
қақ жарған әділ болғаныңмен, сенің басыңнан да 
пендешілік өтері сөзсіз. Адамдардың бәріне бірдей 
әділеттілік пен мейірбандық танытуда, Жаратқанмен 
жарысам деп пе ең?! Елдің көңліне бірдей жағу оңай 
шаруа емес.
Әй, жақсылыққа жаны құмар басшы! Шындығына 
келгенде, сен періште емессің ғой! Бірақ сен – періште 
болмағаныңмен, жақсылықта алдына жан салмайтын, 
әділдік пен мейірімділікті ту ғып ұстаушы алдыңғы 
қатарлы азаматтардансың. Сенің ел ішіндегі әділдігіңе 
Қиямет күні қара жер де, көк аспан да, мына арқаңдағы 
бір қап ұн да, тіпті мына мен де куәлік ететін бола-
мыз. Бұған ең теңдессіз куәгер тас қараңғы түнде қара 
тастың үстіндегі қара құмырсқаға дейін бәрін көріп-
біліп тұрған Аллаһ тағаланың өзі екендігінде кімнің 
күмәні бар?! Жалған өмірді жалпағынан басып, жалқы 
тіршілікпен қара басыңның қамын күйттеп кетпей, ел 
үшін әділ қызмет етіп келесің! Әрбір ісің жақсылыққа 
толы, қайта сен қайғырма, қуан! Біз сені қашанда 
мақтан тұтамыз! 
Менің бұл айтқандарым ұнжырғасы түскен 
халифаның құлазыған көңілін сәл жадыратып, еңсесін 
біраз көтергендей болды. 


76
Тағылым тамшылары
Бір қап ұнды арқалап екі бүктетілген күйі бар 
күшін сала алға жүріп келеді. Тіпті жолдың ой-
шұқырын да елер емес. Күннің қақаған суығында қала 
шетіне шыққанға дейін маңдайынан сорғалаған ащы 
терге де қарамады. 
Әупірімдеп қала шетіндегі кемпірдің үйіне де 
жеттік. Омар (р.а.) ентіккен күйі ішке кіріп қапты 
жерге түсірді. Тер жуған жүзінен қатты қалжырағаны 
көрініп тұр. Бірақ ол сәл ғана тыныққаннан кейін ор-
нынан жылдам атып тұрды. Қазандағы тастарды алып, 
мен әкелген майдан құйып, қаптың аузынан ұн алып 
тамақ жасауға көшті. 
Кемпірден оттық алып, әлдеқашан сөніп қалған 
отты қайта жақты. Сәлден кейін-ақ піскен тамақты 
суытыңқырап әкеп, өз қолымен жайған дастарқанға 
қойды. 
Артынша әкелік мейірім таныта күлімсіреген күйі 
жетім балалардың басынан сипап тамаққа шақырды. 
Өздігінен жей алмайтын кішкенесіне өз қолымен тамақ 
жегізді. Әп-сәтте үй іші қуанышқа бөленіп, талай 
күннен бері ұмыт болған ерекше бір жылылық орнады. 
Жетім балалардың жүздеріне үміт ұялады. Қарт ше-
шей Хазірет Омар ұн көтеріп кіргеннен бастап не айта-
рын білмей аңтарылып қалған. Алайда сәлден кейін-ақ 
қарындары тойып, бір-бірімен ойнап кеткен балаларды 
көріп көңлі босаған шешей өз ризашылығын білдіріп, 
әлі халифа екендігін білмеген кісіге қарап:
– Айналайын, не деген мейірімді, жанашыр едің, 
– деді қызарған көзін сүртіп, – Омарға қарағанда 
халифалыққа нағыз сен лайық екенсің. Аллаһ тағала 
бізге сені халифа қылғай!


77
Сахабалар сабағы
Алдындағы адамды әлі танымаған шешейдің сөзіне 
мен іштей күліп жібердім. Ақырын көз қиығыммен 
халифаға қарадым, ол да бүгін алғаш рет қабағы жады-
рап, жылы жымиды. 
Маған жақындап, жүр қайтайық дегендей белгі 
бергеннен кейін: – Шешей, – деді кемпірге бұрылып: – 
Ертең халифаның ордасына келіп, маған жолығыңыз. 
Мен сізге зейнетақы мен жетімдеріңіз үшін ақша жаз-
дырайын. Әзірге сау болып тұрыңыз! – деді. 
Екеуміз сыртқа шыққанымызда ағарып таң да 
атып келе жатты. Сәлден кейін-ақ азаншының намазға 
шақырған әуезді үні естілді. Түнді ұйқысыз атырса 
да, халифа тер төгіп біреудің қажетіне жарағанына 
қуанышты кейіпте. Мен де түнімнің ұйқысыз өткеніне 
қуанбасам, еш өкінбедім. Өйткені көп нәрсе көріп, көп 
нәрсе естіп, көп нәрсе көңілге түйдім. Көргендерім 
мен түйгендерім мен үшін өмір бойы ұмытылмастай 
із қалдырған еді. Есіме Пайғамбарымыздың «Менің 
сахабаларымның әрқайсысы аспандағы жолшы 
жұлдыздар секілді. Қайсысына ерсеңдер де, тура жолды 
табасыңдар» деген хадисі түсті. Уа, Пайғамбарым, сен, 
сірә, Омарды көріп барып осылай деген боларсың! 
Ертесіне түске таман қарт шешей Халифаның ор-
дасына келді. Ол келмей тұрып-ақ, оған керектілердің 
бәрін Хазірет Омар алдын ала дайындатып қойған бо-
латын. Кемпір Омарды келген бетте бірден таныды. 
Таңғалғандықтан не істерін білмей қалшиып тұрып 
қалды. Халифа Омар болса оны құрметпен күтіп алып, 
төрдегі орынға отырғызғаннан кейін: – Шешей, – деді 
жай ғана, – бұдан кейін әр ай сайын өз атыңызға әрі 
қолыңыздағы жетімдер үшін жәрдемақы алып тұратын 


78
Тағылым тамшылары
боласыз. Мынау сіздің алғашқы айлығыңыз болсын
алыңыз, – деп бір кесе күміс ұсынғаннан кейін оған 
қарап: – Енді Омарды кешіріп, қарғыстарыңызды кері 
аласыз ғой? – деп сұрады. 
Сол сәт кешегі кештен бергі болған жайтты енді 
ғана түсінген қарт шешей Омарға тіктеп қараған күйі: 
– Е-е, қолыңа қараған мұсылмандардың бәріне өстіп 
әділдігіңді көрсетсеңші?! – деп аса разы кейіп танытқан 
еді... 
Иә, «Ұлық болсаң, кішік бол» деген мақалдың 
өмірдегі шын келбеті осындай болса керек. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   84




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет