Тамшылары



Pdf көрінісі
бет28/84
Дата04.05.2023
өлшемі0,97 Mb.
#89956
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   84
Байланысты:
Тағылым тамшылары 2

Сахабалар сабағы
халифа Омар екенінен мүлде хабарсыз еді. Кім біледі, 
мүмкін халифаны тіптен танымайтын да шығар. Бірақ 
қала шетіндегі жалғыз тамға түннің бір уағында хали-
фа бас сұғады деп кім ойласын?!
Омар (р.а.) өзін танытпастан шешейді жай ғана сөзге 
тартып, балаларының жылау себебін сұрады. Кемпір: – 
Е, аштық қой. Екі күн болды нәр татпағандарына, ішегі 
шұрқыраған бала жыламай қайтсін?! – деді кейіген 
пішінмен. «Ана қазандағы тамақтан неге бермейсіз?» 
деп сұрай жаздаған Омарды айтпай-ақ түсінген қарт 
ана көз жасын сығымдаған күйі екеумізге ішкі ащы 
запыран, мұң-зарын төге сөз бастады:- Балам, сен ана 
қазандағыны тамақ деп ойлаған боларсың, қайдан!.. 
Балаларды жұбатайын деп қазанға салып қайнатып 
жатқан ұсақ тастар ғой. Тіске басар ештеңе жоқ бол-
са қайтесің?! Менің көрген күнімді сендерге бермесін. 
Мына балалар – менің тас жетім немерелерім. Балам 
да, күйеуім де, бауырларым да қатарынан соғыста 
шейіт болды. Үйді асырайтын еркек кіндік болмаған 
соң өзі кәрі, өзі қауқарсыз төмен етектіге қараған 
қорғансыздардың күні осы болмай қайтсін?! Қу 
жоқшылықтың зарын тартып, аш отырғанымыздың 
себебі сол. Аш отырсам да ешкімге барып алақан жай-
ып, қайыр сұрауға дәтім барар емес. Қайғы жұтып 
жылап-сықтаумен аш-жалаңаш отырғандарға Аллаһ 
тағала өзі қарайласпаса адамнан қайыр бола қоймас! 
Қабағына кірбің ұялаған Омар (р.а.) тұнжырап, 
жүзін төмен салған күйі шешейдің сөзін бөлді: – 
Жағдайыңыздың нашар екенін қала ішіне барып 
мұсылмандардың басшысы халифа Омарға неге айт-
пайсыз?


72
Тағылым тамшылары
Бұл жолы өзі жыламсырап әрең отырған кемпір 
тіпті ашуға булықты: 
– Омар құрсын бір құрыса! Халифалығы да 
құрысын бүйткен! Екі дүниеде де жақсылық-опа 
көрмесін! 
Сасып қалған Омар тұтыға тіл қатты: – Сонда ол 
Омардың жазығы не? Қарғағаныңызға жол болсын!
Кемпірдің ашуы тіптен өрши түсті:
– Балам, мен – төрімнен көрім жуық адаммын, 
қарттықтан қуарған дәрменсіз мына күйімде екі күн 
бойы көз ілместен жылаған панасыз жетім балалар-
ды жұбатумен әлекпін. Біз өстіп Құдайға мұңымызды 
шағып зарланып, таңды аштан-аш жылап-сықтаумен 
атырып отырғанда, ел қамын жейді деген оның жайлы 
төсегінде алаңсыз ұйықтауға қандай қақысы бар?! Ол 
барша мұсылмандардың басшысы емес пе?! Біз әуелде 
Аллаһтан одан кейін сол Омардан жәрдем күтпейміз 
бе?! Келіп менің жайымды сұраса болады ғой?! 
Мұсылмандарға басшы болуды оңай іс деп ойлай ма 
екен?!
Әлгі сөзден тұла бойы шымырлаған Омар (р.а.) 
лықсып келіп қалған көз жасын білдірмеуге тырысып 
әжейге басу айтпақ болды:
– Дұрыс айтасыз шешей, дегенмен басшы адамның 
да шаруасы бастан асып жатады дегендей. Сірә, оған 
уақыты да бола бермейтін шығар?! Оның үстіне сіз де 
барып жайыңызды айтпаған соң ол қайдан білсін...
Алайда кемпірдің ашуы бұнымен де тарқай 
қоймады: – Е, онда о баста халифалықты таңдап несі 
бар?! – деп басталған қарғыс аралас кемпірдің зары 
біраз уақытқа дейін басыла қоймады. Дәл осы сәтте 


73
Сахабалар сабағы
келісіп алғандай өңі қашқан екі бала да жастықтан 
бастарын жұлып алып жылап қоя берді. Балалардың 
жылауы кемпірдің зарына зар қосты. Ол көкке қолын 
жайған күйі қарғыс айта бастады:
- Осы жетімдердің тамған көз жасы Омарды құр 
жібермесін! О, Жаратқан! Халифа Омар отырған ор-
нында ома қапсын! Оның бәле-жаладан басын арылт-
па!..
Хазірет Омар бұдан арыға шыдай алмады. Көзінен 
жас сорғалап ағып кетті. Бірақ жылап-сықтаумен өздері 
есеңгіреп отырған үй ішіндегілерге Омар өзінің көз 
жасын көрсетпеуге тырысты. Кемпірдің сөзі сүйектен 
өтетін зарын тыңдап бұдан әріге дәті шыдап отыра беру 
Омар үшін тіптен мүмкін емес еді. «Айтқаныңыздың 
бәрі де рас. Балаларыңызды жұбата тұрыңыз, мен қазір 
келем» деген күйі бұрылып есіктен шыға берді. Ілесе 
артынан мен де шықтым. 
Сыртқа шыққанда терең бір тыныстап, қатты 
күрсінді. Жүзі түнеріп кеткендей еді. Жол бойы ләм-
мим деп тіл қатпады. Ештеңеге қарамастан адымда-
рын жылдамдатып, тез жүріп келеді. Мен болсам арт 
жағынан ілесе алмай келем. 
Бірден мемлекет қазынасына бардық. Хали-
фа бір қап ұн алып, маған май құйылған бір ыдысты 
ұстатты. Уақыт өткізбей әлгі бір қап ұнды арқасына 
көтеріп арқалаған күйі қайта жолға шықпақ болды. 
Мен өз көзіме өзім сенбедім. Шынымен-ақ, бүкіл бір 
мұсылман елінің басшысы бір қап ұнды өзі арқаламақ 
болғаны ма? 


74


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   84




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет