Тамшылары



Pdf көрінісі
бет30/84
Дата04.05.2023
өлшемі0,97 Mb.
#89956
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   84
Нүшіруанның әділеттілігі
Бірде Омар (р.а.) мен Саад ибн Әби Уаққас Иранға 
жылқы сатуға барды. Қалаға кіре берісте алаяқтыққа 
басып ойын ұйымдастырып, өткен-кеткен елді еліктіріп 
тұрған бір топ жастарды көрді. Екеуінің өздерінен көз 
алмай қарап тұрғанын байқаған әлгі жігіттердің біреуі 
дереу келіп, бұларға ауыр-ауыр сөз айтып, сатпақ 
болып әкелген араб аттарын да қолдарынан тартып 
алды. 
Омар (р.а.) мен Саад ибн Әби Уаққастың сауда 
жасаймыз ба деп келген көңілдері су сепкендей ба-
сылды. Жығылғанға жұдырық дегендей азықтары 
таусылған кезде қалтадағы ақшадан да қағылып, 
екеуі де пұшайман күй кешті. Аштан-аш кеш бату-
ын күтуге тура келді. Әне-міне дегенше кеш те бо-
лып жолаушылар керуен сарайға барып түнейді. Ол 
жердегі қонақ күтуші бұл екі кісінің ренжулі екенін 
қабақтарынан бірден байқап, бір реті келгенде себебін 
сұрады. Омардың жүзі тым сынық болғандықтан, еш 


79
Сахабалар сабағы
нәрсеге зауқы соқпай үндемегендіктен, қалаға келгелі 
бергі көрген құқайлары мен алаяқтарға қалайша жем 
болғанын Әби Уаққас назалана баяндады.. 
Әби Уаққасты бастан-аяқ тыңдаған сарай күтушісі 
оларды жұбатып:
– Сіздер қатты қайғырмаңыздар, біздің патшамыз 
өте әділ кісі. Ол кісі сіздерден көмегін аяп қалмайды, 
не жылқыларыңызды таптырады немесе ақысын 
төлетіп береді. Сіздердің айтқандарыңызға қарағанда 
жылқыла-рыңызды тартып алған жігіт патшаның өз 
баласы сияқты. Ол бұл мәселені еш қиындықсыз-ақ 
шешіп беруге тиіс. Менің тілімді алсаңыздар ертең 
таң ата базарға барыңыздар. Өйткені ол күн сайын сол 
базарға соғып халықтың мұң-мұқтажына құлақ түреді. 
Сіздер де өз арыздарыңызды айтып қалыңыздар, – деп 
ақыл-кеңес берді. 
Таң ата Омар мен жолдасы базарға барып патшаны 
күте бастады. Бір уақытта қасына аудармашысын ерт-
кен патша күнделікті әдеті бойынша базарға ат басын 
бұрды. Елден түскен арыз-шағымға қарай патша оның 
орындалуы үшін қызметкерлеріне әмір беріп жатты. Ке-
зек Омар мен Әби Уаққасқа келгенде олар да бұл қалаға 
келудегі ниеттерінен бастап, ұшырап отырған қазіргі 
жағдайға дейін жасырмай айтып, сатуға әкелген сол 
жылқыларды тапқызып беруін өтінді. Бұларды тыңдап 
тұрған патшаның іштей қынжылғаны байқалғандай еді. 
Бұларды тыңдап болған соң, патша дереу бір кесе ал-
тын ұстатып, аттарының көп ұзамай табылатындығына 
уәде берді. Алайда патшаның қасындағы аудармашы 
жылқыны тартып алған адамның патшаның өз баласы 
екендігін айтпай жасырып қалды. 


80
Тағылым тамшылары
Хазірет Омар мен Әби Уаққас кеш бата кешегі 
керуен сарайға қайта келді. Бұл жолы қалтада ақша 
бар, қарын да тоқ. Түнеген ақыларын төлеп ертеңгісін 
жолға жиналмақ. Сарай қызметшісі мәселенің қалай 
шешілгендігін сұрады. Бұлар патшамен кездесіп мән-
жайды түсіндіргендіктерін, аттарды тауып беретін бо-
лып патшаның уәде бергенін айтты. 
Күтуші бірден ашуланып:
– Мұнысы қалай, кінәлі өз баласы болса жағдайды 
басқаша шешпек пе? – деді. 
Күтуші таң ата патшаға барып:
– Ел жамандық жасаса жазаға ұшырайды, ал сіздің 
балаңыз бассыздық жасаса да, еленбей кете бермек пе? 
– деп салды. 
Нүшіруан мәселенің байыбына барғанда, қатты 
ашуланды. Сөйтті де:
– Ат иелері ертең қаладан кетсін! Бірақ біреуі 
қаланың солтүстік есігінен, екіншісі болса қаланың 
оңтүстік есігінен шықсын, – деп бұйырды. 
Ертесі күні патша Омар мен оның жолдасына 
сатпақ болып келген аттарының ақшаларынан да көп 
ақша берді. Патшамен қош айтысып жолға шыққан 
олар қаланың екі жақ бетіндегі екі бөлек есіктен 
шығып бара жатып, сұмдық бір көрініске тап болды: 
бір есікте аттарды алған патша баласы, ал екінші есікте 
шындықты жасырған аудармашы дарға асулы тұрған 
еді. Тіпті олардың денесі суып та үлгерген екен.
Бір өкініштісі, қара қылды қақ жарған бұл әділ 
басшыға иман нәсіп болмады. Өйткені Пайғамбары-
мыз 
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) 
имансыз кеткен кісілердің 
қатарында оның да атын атаған еді. 


81
Сахабалар сабағы
...Арада біраз уақыт сырғып, Хазірет Омар бүкіл 
мұсылман әлемінің басшысы, ал Саад ибн Әби Уаққас 
Мысырдың әкімі болып тағайындалды. 
Мысырды Саад ибн Әби Уаққас басқарып тұрған-
да ислам дінін өркендету мақсатында бір жерге мешіт 
тұрғызылуы керек болады. Бірақ ең ыңғайлы деп 
тапқан жер бір яһудидікі (еврейдікі) еді. Мысыр әкімі 
әлгі яһудидің жеріне мешіт салуға бұйрық шығарып, 
мешіт құрылысы басталып та кеткен-ді. Басқа жері 
болмағандықтан далада қалған яһуди шарасыз әркімге 
бір мұңын шаққан соң, ел оған Мәдинадағы хали-
фа Омарға барып шағымдану керектігін айтып жөн 
сілтеді. 
Ол кезде әлгі яһуди Ислам дінінен мүлде бейхабар 
болатын. Көп уақыт созбастан Мәдина қаласына жол 
тартты. Халифаның қайда екенін сұрастырып жүріп 
бақшада екендігін білді. Бақшаны да тапқанмен, бір 
қызығы, бақшада бір-ақ адам жұмыс істеп жүр екен. 
Қасына жақындап барған яһуди:
– Маған халифа Омар керек еді, – деді. Әлгі кісі: 
– Иә, Омар мен боламын. Қандай шаруамен жүрсің, 
айта бер, – деді жай ғана. 
Хазірет Омар яһудидің шағымын естігенде, қатты 
ашуланды. Іле-шала жерден бір сүйекті ала салып 
соған бірдеңе деп сүйкеп жазды да:
– Мә, мынаны әкіміңе апарып бер, – деп қолына 
ұстатты. 
Яһуди жазуға қанша үңілгенімен, ештеңе ұға ал-
мады. «Сонша жерден іздеп келгенімде мынаусы 
несі, ойыны ма шыны ма, әжетіме жарай ма, жарамай 
ма» деген екіұдай оймен өз-өзіне сенімсіз күйде кел-


82
Тағылым тамшылары
ген ізімен салғырт қана кері қайтты. Мысырға келіп 
сүйекті әкімнің қолына ұстатқаны сол еді, сүйектегі 
жазуды оқығанда Саад ибн Әби Уаққастың зәресі 
ұшып кетті. Бірден яһудидің үйін өзіне қайтарып, тіпті 
бұрыңғысынан да әдемі қалыпқа келтіртті. Онымен де 
қоймай тағы біраз көмек те жасады. 
Хазірет Омардың сондағы сүйекке жазған жазуы 
мынау еді:
«Байқа, мен Нүшіруаннан да әділірекпін!» 
Халықтың «Тура биде туған жоқ, туғанды биде 
иман жоқ» деуі тегін бе?! 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   84




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет