68
Тағылым тамшылары
Кінәлі адамға құлақ түрмей жатып бір жақты ғана үкім
айттың, бұл – екі, – деді.
Бұны естіп сабасына түскен Омар (р.а.) болған жай-
ды айтып беруін өтінгенде, ол былай деп түсіндірді:
– Сен тағайындаған басшы хұтбада сені жер-көкке
сыйғызбай мақтағаны сонша, ел сені Әбу Бәкірден
де артық па деген ойға қалды. Алайда сенің Әбу
Бәкірге жете алмасың айдан анық жайт. Мен осыған
келіспеушілік білдірдім.
Омардың таңғалысы тіпті арта түсіп:
– Иә, неліктен мен Әбу Бәкірге жете алмайды
екем? – деп сұрады.
Сонда әлгі сахаба:
– Сол да сөз болып па, – деді өз сөзін дәлелдемек
болып,- «жасаққа қол ұшын беріңдер» деп
Пайғамбарымыз бұйырғанда сен қолыңдағы малдың
жартысын ғана әкелдің де, ал Әбу Бәкір болса өзіне
тышқақ лақ та қалдырмай қолында барын түгел әкеліп
елді бір жылатпап па еді?!
Бұны естігенде Омар (р.а.) әлгі сахабадан кешірім
сұрап, оны еркіне қоя берді. Артынша жағымпаздық
жасаған әлгі басшыны жұмыстан босатты.
Достарыңызбен бөлісу: