Шындықтың құдіреті
Бір қатігез әкім бар еді. Осы әкім бір күні
қызметшілерін жіберіп рухани алып, әулие кісі Хасан
Басриді ұстатпақ болды. Ол кезінде шәкірті болып,
дәрістерін тыңдаған Хабиб-и Ажемидің күркесіне ба-
рып жасырынды.
Әкімнің адамдары келіп қатуланып:
– Хасан Басриды көрдің бе? – деп сұрады.
Хабиб-и Ажеми болса:
– Иә, – деді жай ғана.
– Қайда ендеше?
– Міне, мына күркемнің ішінде отыр...
Қызметшілер күркеге кіріп Хасан Басриды
іздегенмен таба алмай сыртқа шығып: – Әй, ақсақал,
неге өтірік айтасың? – деп дүрсе қоя берді.
Хабиб-и Ажеми:
– Жоқ, мен өтірік айтқан жоқпын. Өздерің көре
алмасаңдар, мен қайтейін? – дейді.
Олар қайта ішке кіріп, алақандай күрке ішін қанша
қарағанмен, бұл жолы да таба алмады.
Әкімнің жандайшаптары кеткеннен кейін күркеден
шыққан Хасан Басри:
– Ей, Хабиб! Сенің құрметіңе бола Аллаһ тағаланың
мені әлгілерге көрсетпегенін білем. Алайда менің ор-
нымды неге айттың? Ұстаздық ақымды ескермегенің
қалай? – дейді ренішпен.
Сонда Хабиб ұялған пішінде:
165
Әулие-абыздар
– Әй, ұстаз! Сізді таба алмаулары менің құрметіме
бола емес, қайта шындықты тура айтқандығымыздан
болса керек. Өйткені шыншылдардың көмекшісі Аллаһ
тағала емес пе?! Егер жалған айтқанымда дердектетіп
сізді де, мені де алып кетер еді, – деген екен.
Харамнан сақтанғанды Аллаһ та
сақтайды
Тимур әулетінің басшыларынан Шахырух (779-
850) тұсында харам нәрселерден бойын аулақ салып,
алыс жүруімен танылған Нығметуллаһ деген өте
діндар бір кісі болыпты. Төмендегі жайт сол кісінің
осы мәселе төңірегіндегі зеректігін көрсетпек.
Шахырух бір күні құзырына сәлем бере келген
Нығметуллаһқа тиісе: «Естуімше, жіберілген сый-
сыяпаттан тартынбай жей беретін көрінесің. Сый-
сияпаттың арасында харамы болуы мүмкін екенін осы
уақытқа дейін білмегенің бе? Білсең соны ескермей
қалай жей бересің?», – деп сұрақ қойыпты.
Нығметуллаһ бұған:
«Бізге астың харам жағы емес, адал жағы ғана
бұйырады. Құл харам жемесем екен деп барынша ты-
рысса, Аллаһ та оған харам нәрсе жегізбейді. Мендегі
сыр – осы», – деп жауап беріпті.
Бұны естіген патша сөзін дәлелдемек болып,
қала шетінде жалғыз қозысын бағып жүрген әйелдің
қолындағы қозысын тартып алдыртады. Қозы бірден
сойылып, еті қазанға салынып, харам жемейтін
Нығметуллаһ әдейі қонаққа шақыртылады.
166
Тағылым тамшылары
Ол кісі де «шақырғаннан қалма» демекші, бірден-
ақ келісімін береді. Хан сарайындағылар енді қайтер
екен дегендей нәтижені тыпырши күтеді.
Әне-міне дегенше, табақ-табақ ет тарты-
лып, Нығметуллаһ та, уәзірлер де аса бір тәбетпен
алдарындағы асты жеп бітіреді. Нығметуллаһ болса,
арасында Аллаһ тағаланың берген нығметіне жиі-жиі
шүкір етіп отырады.
Әбден болды-ау деген кезде Шахырух жымиып:
– Оу, сіз «Харамнан қашатын құлдарын Аллаһ
қорғайды, тіпті харамнан жегізбейді» деген едіңіз. Жаңа
ғана сіз жеген ет бір әйелден күштеп тартып алынған
харам малдың еті болатын. Аллаһ сені сақтамағаны ма,
бұған не дейсің? – депті мысқылдай.
Нығметуллаһ әуелгі қалпын бұзбастан:
– Менің жегенім адал екеніне күмәніңіз болмасын.
Ал, сіздердің жегендеріңіз анық харам. Сенбесеңіздер,
малынан айрылған әлгі әйелді шақырып сұраңдар, –
депті.
Шахырух адамдарын дереу жібертіп, әлгі әйелді
алдыртып, жайып жүрген қозысының мән-жайын
сұрағанда, ол ештеңе түсінбестен:
– Осы жақта Нығметуллаһ деген құдайға қараған,
тақуа, діндар адам жайлы көп естіп, қозымды сол кісіге
беріп, игі батасын алмақшы едім. Соған апара жатқам.
Сіздер болса, менен оны тартып алып, сол кісіге тиесілі
үлесті жеп қойдыңыздар, харам жедіңіздер, – депті.
Харамнан қолынан келгенше сақтанғанды Аллаһ
та сақтайтынын осылайша дәлелдеген Нығметуллаһ
кейіннен Кирманда дүниеден өтті.
167
Достарыңызбен бөлісу: |