Тарау. Тәрбиенің әлеуметтік философиялық негіздері


Студенттің өзіндік жұмысына арналған тақырыптар бойынша эссе, тезис, қысқаша баяндама, реферат жазу



бет101/116
Дата14.10.2023
өлшемі415,77 Kb.
#113720
1   ...   97   98   99   100   101   102   103   104   ...   116
Байланысты:
Òàðàó. Ò?ðáèåí³? ?ëåóìåòò³ê ôèëîñîôèÿëû? íåã³çäåð³

Студенттің өзіндік жұмысына арналған тақырыптар бойынша эссе, тезис, қысқаша баяндама, реферат жазу

  1. «Невада-Семей» қозғалысының тарихи маңыздылығы.

  2. «Сокол» балалар мен жастар ұйымының мазмұны.

  3. Америка Құрама Штатындағы балалар мен жастар ұйымдарының ерекшеліктері.

  4. Балалар бірлестігі - тәрбиелеу мен әлеуметтендіру институты.

  5. Балалар бірлестігінің түрлері және олардың даму тарихы.

  6. Баланың субмәдениеті (белгілі бір жас кезеңіне, жынысына, жеріне байланысты).

  7. Инновациялық тәрбиелік технологиялар негізінде халықаралық балалар ынтымақтастығы

  8. Баланың әлеуметтік мәдени әлеміне ата-аналардың, тәрбиешілердің, ересектердің, құрбы-құрдастарының ықпалы.

Өзіндік жұмысқа арналған әдебиеттер:



  1. Нурланова В.С., Иманбаева С.Т., Масырова Р.Р. Мектептегі қоғамдық ұйымдар арқылы жоғары сынып оқушыларын әлеуметтендірудің тәжірибесі (1989-2009). Алматы, «Нурай принт сервис» баспаханасы, 2014, 128 бет.

  2. Осорина М.В. Секретный мир детей в пространстве мира взрослых. СПб., 1999

  3. Райс Ф. Психология подросткового и юношеского возраста. Изд. 8-е. СПб., 2000.

  4. Әлеуметтік педагогика. Оқулық. ҚазМемҚызПУ-нің РОӘК ұсынған. Алматы, «Полиграф - Сервис К». 2012, 330 б. Авторлық бірлестікте: Мардахаев Л.В., Ш.К.Беркімбаева Ш.К., Таубаева Ш.Т., Иманбаева С.Т., Майғаранова Ш.М., Абаева Ғ.А., Колумбаева Ш.Ж. т.б.

14 ТАРАУ. Тәрбие жұмыстарының нәтижесі мен тиімділігінің
диагностикасы
1.1Тәрбие жүйесінің диагностикасы
1.2 Педагогикалық - диагностикалық эксперимент құрылымы мен шарттары
1.4 Оқушылардың тәрбиелік диагностикасының мазмұны


14.1 Тәрбие жүйесінің диагностикасы. Оқушылардың тұлғалық және жеке дара ерекшеліктерін зерттеу және талдау, сыныптағы келеңсіз жағдайдың себебін іздестіріп, анықтау, келеңсіздіктерді болдырмаудың тәсілдері мен жолдарын қарастыру арқылы әлеуметтік ортаны құра білуде диагностикалық қызмет негізгі орын алады.
М.И.Шилова тәрбиелік жүйеде тұлғаны диагностикалауда негізгі сапалық өлшеміне оның тәрбиелігі, білім, білік, дағды, эрудициясы, әлеуметтік ортамен қарым қатынасы, тұлғалық рухани қасиеттері, еңбекке қатынасы, эстетикалық талғамы, өзін - өзі тануы, бағалауы, жетілдіруі т.б. алынады.
Диагностика - объектіге алынған тұлғаға, педагогикалық жүйеге талдау, оның дамуына, жетілу және қалыптасу үдерісін бақылай отырып, нәтижесін айқындау. Педагогикалық диагностика тұлғаның даму үдерісін зерттеу, білімге деген қатынасын, тәрбиелік деңгейлерін мінез - құлқын, іс - әрекетін, тұлғаралық қарым - қатынастарына талдау жасау. Тәрбие диагностикасы дегеніміз тұлғаның білімдік және тәрбиелік деңгейлерінің сапалық және сандық деңгейде жетілуіне, дамуына сипаттама бере отырып, өсу деңгейлерін айқындайды.
Мектепте диагностика жүргізудің негізгі мақсаты тұлғаның өсуі мен жетілуін айқындау. Тұлғаны диагностикалауда біз оның әлеуметтенуін, тәжірибесін, зиялылық және туа біткен қасиеттерін негізге аламыз. Әлеуметтенуі - дүниетанымы, адамгершілігі, эстетикалық құндылықтары, еңбекке қатынасы, ұйымдастырушылығы, қоғамдық белсенділігі; тәжірибелік - ғылымилық, шеберлік, зиялылық - қабылдауы, ақылы, есте сақтауы, ерік - жігері, туа біткен қасиеттер - жүйке жүйесі, мінезі, бейімділік қасиеттері.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   97   98   99   100   101   102   103   104   ...   116




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет