Тараз 022 сұрақ. «Жеті Жарғы» – қазақтың рухани – әлеуметтік болмысының туындысы


-сұрақ. Абайдың дүниетанымы және оның негізгі бағдарлары мен ерекшеліктері



бет5/5
Дата20.04.2023
өлшемі31,79 Kb.
#84857
түріСабақ
1   2   3   4   5
Байланысты:
Еділбай Бауыржан реферат рухани сабақтастық 2

5-сұрақ. Абайдың дүниетанымы және оның негізгі бағдарлары мен ерекшеліктері.

Оқу мен өлең соңында Абай жасы қырыққа таянғанда бірыңғай өлең жазумен, кітап оқумен айналысуға мүмкіндік алады. Бұған патша өкіметінің саясатына қарсы шықты деп жазаланып, Семейге айдалған орыс зиялыларымен кездесіп, достасуы да игі әсерін тигізеді. Әсіресе Семейдің Н. Гоголь атындағы кітапханасында орыстың ұлы жазушысы Л. Н. Толстойдың кітабын сұрап тұрған дала қазағына таңырқап, өзі келіп танысқан Е. П. Михаэлис деген оқымыстының көп септігі болады. Абай енді кейінгі ғасырларда ғылымы, өнері мен мәдениеті қатты дамыған Ресейдің, Еуропаның (ағылшын, француз, неміс, поляк, испан, т.б.) өмірінен хабардар болып, сол елдерден шыққан ойшылдардың, ақын, жазушылардың шығармаларын орыс тілінде оқиды. Шынайы ақындықты сирек кездесетін асыл өнер, елді тәрбиелеп, мінін түзеудің құралы деген ойға келеді. Сөйтіп, "Сөз түзелді, тыңдаушым, сен де түзел!" — деп, қазақ жұртына ақындықтың жаңа соқпағын ашқанын жариялады. Шынында да, ол өзіне дейінгі қазақ ақындары айтпаған жаңа ойларды жаңа өлең өрнектерімен әсерлі етіп айтып берді. Өлең жолдарын, өзі айтқандай, бөтен, басы артық сөздерден тазартып, түрі келісті, мазмұны терең, яғни "іші алтын, сырты күміс", "тілге жеңіл, жүрекке жылы тиетін" сөз жақсысын жасады. Ол әуезділігі, шумақтарындағы әр жолдың буын саны, ұзын-қысқалығы, ұйқасу реті жағынан өте келісті және бұрын болмаған жаңа өлең түрлерін енгізді. Қазақ өлеңін қызықты, тапқыр теңеулермен, жаңаша, бейнелі сөз қолданыстарымен байытты. Басқа елдердің, соның ішінде, әсіресе орыстың А. С. Пушкин, М. Ю. Лермонтов сияқты ұлы ақындары мен тамаша мысалшысы Крыловтың шығармаларын керемет көркем етіп аударды.


Абай шығармаларында қазақ өмірінің, адам мінезінің данышпандық білгірлікпен және ақындық шеберлікпен дәл тауып суреттелмеген жақтары жоқ деуге болады. Атақты ақын Қасым Аманжоловтың тебірене: "Айтпаған сөзің аз қапты-ау!" — деуі – дәл тауып айтылған сөз.


Абай өлең мен өнер, тіл құдіреті, жыл мезгілдері, адамның түрлі көңіл күйлері мен күшті сезімдері, дала тұрмысының әсерлі көріністері мен қызықтары, табиғат сұлулығы мен жастар сүйіспеншілігі, әр түрлі мінездер, жас ұрпақ жайы, т.б. туралы ғажайып көркем өлеңдер тудырды.


Патша отаршыларының зымияндық саясатының салдарынан ел ішінің бүлінуі, мансап үшін партия-партия боп жауласып, жағаласуы, ұрлық-қарлық, арызқойлықтың өршуі, жатып ішер жалқаулық, түтіні шыққан үйді ("тамақ пісіріп жатыр" деп) аңдыған "мырза" қайыршылық, "егіннің ебін, шаруаның тегін білмей" жатқан қырсыздық, кеппе мақтаншақтық пен қызыл көз қызғаншақтық, атқамінерлердің патша шенеуніктері алдында құрдай жорғалап, елге қаһар шашқан екі жүзді ұсақтығы, әкімдермен ауыз жаласқан парақорлығы, халыққа қамқор болар деген оқыған жастардың мансап, құлқын жолына түсіп, өз қандастарын жауластыруға себешпі бола бастауы, надандық пен топастық, ар-иман, әділдік, турашылдықты ұмытқан өктемдік қиянат, қоғам өмірі мен жеке адам бойындағы осы кеселдерді түземек болған өз басына жасалған көп қастық, үзілмес жаулық — осының бәрі ақын жанын күйзелтіп, "қыранша қарап қырымға, мұң мен зарды қолға алғызып", мәңгі өлмейтін асыл жырларға айнала берді.


Абайды бір заман көршілес жатқан елдер дана кісі, қара қылды қақ жарған әділ би, алдына жан салмайтын шешен деп білсе, алыс-жақындағы зиялы адамдар, өзінің дарынды да өнерпаз шәкірттері зор оқымысты хакім, қазақта болмаған терең ойлы, көркем өлең жазған әулие ақын деп таныды. Оның осындай атағы көзі тірісінде Алтай-Тарбағатай, Көкше мен Жетісу өңіріне жетті. Кейбір өлеңдері жырақтағы басқа жұрттың қалаларында шығатын газеттерде, жинақтарда жарық көре бастады. Оның оқымыстылығы мен жаңашыл ақындығы жайында орыс білімпаздары хабардар бола бастады. Оны Семейдегі өлкетану және география жөніндегі ғылыми құрамдардың мүшелігіне сайлады. Сондағы орыстан шыққан оқымысты таныстары "алтын басты адам" деп білді. Тіпті XX ғасырдың басында сонау алыс Америка ҚұрамаШтаттарында шыққан американ саяхатшысы Кеннанның кітабында Абай есімі құрметпен әрі таңырқаныспен аталды. Бұл кезде ұлы ақынның өлеңдері мен әндері қазақ сахарасына көшірме, ауызша түрде кеңінен тарай берді. Ақсақалдар Абайдың жазғандарын оқытып, тыңдайтын болды. Қыр елінің қыздары ұзатылғанда—қымбат жасау ретінде ақын өлеңдерін көшіртіп ала кететін жаңа салт шықты. Қазақ жерінің тұс-тұсындағы ақындар Абайды аспандата дәріптеп, арнау өлеңдер шығарып жатты. Құнанбай қажы өлгенде көңіл айта келген Байкөкше ақын:


Құнан қайтса, алдынан жарылқасын


Алтын қалды артында ат басындай, — деп, күллі қазаққа қадірлі Құнанбай қажының соңында өзінен де озған ұлы қалды деп бағалайды. Абайды көрген әйгілі Әсет ақын:


Шіркін-ай, Абайда да арман бар ма, Артына өлмейтұғын сөз қалдырған, — десе, алыстағы Көкшетаудан ұлы әнші-ақын Біржан сал: Абайдай тумас адам сөзге зерек, Зейіні — түпсіз дария, көзің жетпес, — деп тебіренді.


XX ғасырдың басындағы қазақ зиялыларының рухани көсемі, кемеңгер Ахмет Байтұрсынұлы өзі шығарып тұрған әйгілі "Қазақ" газетінде жарияланған "Қазақтың бас ақыны" деген мақаласында (1913) Абай поэзиясын аса жоғары бағалап, "... онан асқан бұрынғы-соңғы заманда қазақ баласында біз білетін ақын болған жоқ", — деп жазды.


Аса дарынды ақын Сұлтанмахмұт Торайғыровтың Абай өлеңдері "соқыр кісі сыбдырынан танырлық" деген бағасы екі ғасырдың түйілісінде дүниеге келген кілең дарынды жаңа буын зиялылардың ортақ ой-сезімі еді.


Осылайша жасынан жалындап шығып, ерте кемелденген, атақ - даңқы жер жарған бұл кісі ата дәулетінің қызығын көрген, өз байлық-салтанаты да жетіп артылған жан еді. Оны Құдай ағайын-туыс пен өз кіндігінен тараған ұл, қызға да кенде қылмаған-ды.






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет