Тараз қаласындағы үш тілде оқытатын мамандандырылған дарынды балаларға арналған мектеп


«Қалың елім қазағым» атты өлеңі жөніндегі танымдық сипаты



бет3/4
Дата23.10.2023
өлшемі0,93 Mb.
#120697
1   2   3   4
«Қалың елім қазағым» атты өлеңі жөніндегі танымдық сипаты
Мәселен ұлы ақынның саяси-қоғамдық тақырыпта жазылған «Қалың елім қазағым» атты өлеңі жөніндегі таным түсінігіміздің жайына зер салып көрсек. Бұл өлеңде «Ұқпайсың өз сөзіңнен басқа сөзді, аузымен орақ орған өңкей қыртың. Өзімдікі дей алмай өз малыңды, күндіз күлкің бұзылды, түнде ұйқың. Көрсеқызар келеді байлауы жоқ, Бір күн тыртың етеді, бір күн бұртың. Ағайын жоқ нәрседен етер бұртың, Оның да алған жоқ па құдай құлқын. Күш сынасқан күндестік бұзды-ау шырқын. Тиянақсыз, байлаусыз байғұс қалпың т.б» деген көріністер арқылы қазақтың бойын жаулаған кісілікке, жұрттыққа, мәдениеттілікке, өркениеттілікке кереғар көріністер, жат қылық, көріксіз мінез бүкпесіз, ашық түрде баяндалған.Қазақ халқының ұсақтанып,өнер мен білімнен құралақан қалғандығын жеріне жеткізе сынап жазады.Біз осы жағына жіті назар аудара отырып, яғни әдеби туындыларымызды ұлттық көзқарас тұрғысынан талдап танудың ұтымды жолдарын қарастырып көрдік.
Осыған байланысты көбіне «Абай өз ортасынан оза шапқан дара тұлға. Ол әлемдік деңгейдегі ғылым мен білімді, ақындық өнерді еркін меңгерген озық ойдың, терең пайым-парасаттың иесі. Сондықтан да ол айналасындағыларға өзі қол артқан биік деңгейден көз сала отырып, замандастарының надандығын, қараңғылығын көре білді. Сол тұстағы мәдениет, өркениет көшінен кенжелеп қалған қазақ халқының ұсақтанып, өнер мен білімнен құралақан қалғандығын жеріне жеткізе сынап жазды...» деген мазмұндағы түсініктерді малданып келдік. Және сол таным көзқарастың шеңберінен әлі де шығандап кете қоймағанымыз шындық
Өзекті ой
  • Мәселен кез келген көркем шығармаға әдеби талдау жүргізу барысында ең алдымен өзекті ойға арқау болып өрілген тірек сөздерді анықтап алудың маңызы зор деп білеміз. Сондықтан біз қарастырып отырған «Қалың елім қазағым» өлеңінің контекстік желісінен тірек сөздер мен сөз тіркестерін адаспай тауып алуға зер салдық. Сөйтіп қайран, ұстара, өзімдікі дей алмай өз малыңды, бас-басына би болған өңкей қиқым, өз қолыңнан кеткен соң енді өз ырқың деген тұстарды шамамен белгілеп алдық.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет