Тараз қаласындағы үш тілде оқытатын мамандандырылған дарынды балаларға арналған мектеп

бет1/4
Дата23.10.2023
өлшемі0,93 Mb.
#120697
  1   2   3   4

ТАРАЗ ҚАЛАСЫНДАҒЫ ҮШ ТІЛДЕ ОҚЫТАТЫН МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН ДАРЫНДЫ БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН МЕКТЕП
ҒЫЛЫМИ ЖОБА
Тақырыбы: Абай мұраларының тарихи сипаты
Орындаған: 7 «Ә» сынып оқушысы
Манатбек Эльнара

Зерттеу жұмысының мақсаты
Абайдың тарихи-әлеуметтік тақырыпта жазылған туындыларының мазмұндық желісін жаңаша пайым-көзқарас тұрғысынан зерделей отырып, ондағы тарихи сипат белгілерін айқындау.

Зерттеудің тақырыбын таңдауға біз мынадай мәселелер тұрғысынан қадам жасадық. Атап айтқанда біріншіден, табиғатына дарыған ақындық талантымен, асқан білімдарлық болмысымен ұлтымыздың поэзия өнерін жаңа сапа, биік деңгейге көтерген Абайдың шығармашылық мұрасы аса күрделі рухани құбылыс болып саналады. Өлең өнерінің табиғи ерекшелігі, оның теңдессіз құны мен құдыретін «Өлең сөздің патшасы сөз сарасы, қиыннан қиыстырар ер данасы» деген өлең өрімімен бейнелеп берген ұлы ақын бұл өнер түрінің асқан шеберлік, нәзік сыршылдық, терең ой, биік талғамға негізделуі шарт екендігін баса атап көрсетті. Және осы айтылып отырған, мағынасы ауқымды ой дестелері тарының қауызындай ғана сөздің астарына әдіптелген «интеллектуал поэзияның» ең озық үлгісі қазақтың сөз өнерінде ұлы ақын қолтаңбасы арқылы кеңінен орныққаны баршамызға мәлім.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4

©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет