Міне, осылайша герменевтикалық талдау әдісін қолдану арқылы, мәселені тарихи аналитикалық, ұлттық көзқарас тұрғысынан ізерлеу, саралау арқылы біз кез - келген ұлттық мән мазмұндағы көркем туындылардың астарлы мазмұнын жете танып біле аларымыз анық. Сол арқылы жас ұрпақ өзінің өткенін құрметтеп, өз халқын бағалауға, халқының барын қастерлеуге, ұлттық мұраларымыздың құндылығын жете танып білуге дұрыс жол таба алары сөзсіз. Бізге керегі ұлттық көзқарас, тарихи аналитикалық көзқарас. Ол үшін көркем туындыларымызға, ата тарихымыздың асулары биігінен және қазақы дүниетаным, ұлтық діл, ұлттық менталитет тұрғысынан саралаудың жөні бөлек. Ендігі міндет ойлаудың осы үлгісіне мықтап дағдылануымызға байланысты екендігін айтқымыз келді.