Тараз қаласындағы үш тілде оқытатын мамандандырылған дарынды балаларға арналған мектеп

бет2/4
Дата23.10.2023
өлшемі0,93 Mb.
#120697
1   2   3   4
ТАҚЫРЫПТЫҢ ӨЗЕКТІЛІГІ

Осыған байланысты ХХ ғасырдың басында ұлтымыздың кемеңгер перзенті Ахмет Байтұрсынов «Қазақтың бас ақыны» атты мақала жазған болатын. Абайдың ақындық шеберлігі жөнінде үлкен тебіреніспен ой толғаған автор «Абай ақын аз сөздің астарына тым көп мағына сидырып жазады. Тіпті кей сөздерін ойланып дағдыланған кісі болмаса, түсіну мүмкін емес» дейді. Міне, осы бір қысқа қайырым пікірдің өзі-ақ Абайдың ақындық мұрасының түпсіз тереңдігін, оны түбегейлі танып біліп, өз мәнінде түсіне білудің қаншалықты қиын да күрделі екендігін аңғартады.

ТАҚЫРЫПТАРҒА ҚЫСҚАША ШОЛУ:
- Ұлы ақын шығармаларындағы қоғамдық құбылыстардың көркемдік желіде бейнелену сырын танып-білу;

- Абайдың қоғамдық әлеуметтік құбылыстарға қатысты көзқарасын зерделеу;
- Абай шығармаларында көтерілген ұлттық идея мен азаттық сарынның нақты белгілерін айқындау;
- Абай мұрасының тарихи сипатын саралай отырып, әдебиеттің қоғамдық мәні мен ұлттық дамудағы маңызын айшықтау;
- Абайдың ұлттық идеология бағытындағы қайраткерлік ұстанымын дәстүр жалғастығы тұрғысынан саралау;
- Абайдың саяси лирикасының тарихи интеллектуалдық әлеуетін дәйектеу;
- Абайдың қара сөздері мен поэзиялық туындысының арасындағы мазмұндық сабақтастықты ізерлеу.
Зерттеу жұмысының нысаны ретінде:
Жалпы қазақ халқының рухани өмірінде ерте бастан, әрі кеңінен өріс жайған сала - абайтану. Себебі қазақтың сөз өнеріне қатысты қалам тербеген зиялылардың ішінде Абайға ат басын бұрмай кеткені жоқ десе де болады. Ұлы ақын мұрасына қатысты әркім өз көзқарасына сай тұжырым жасап келеді. Сондай-ақ ұлтымыздың бас ақыны ретінде Абай туындылары мектеп бағдарламаларынан да тыс қалып көрген емес. Соған орай «Әсемпаз болма әрнеге», «Болыс болдым мінеки», «Ғылым таппай мақтанба», «Қалың елім қазағым» өлеңдері, табиғат лирикасында жазған шығармалары, қара сөздері жалпы жұртшылыққа кеңінен танымал. Бұл шығармалардың көпшілігі әдебиет сабақтарында жатқа айтылып, әдеби тұрғыдан талданады да. Қысқасы Абай мұралары халық санасына ерте бастан-ақ терең сіңіріліп, кеңінен насихатталып келеді. Сондықтан да ұлы ақынымыздың шығармашылық мұрасын насихаттап, зерттеп, зерделеп, танып-біліп жатырмыз дегенімізбен, оның қаншалықты деңгейде екендігі қазіргі кездегі қоғамдық ой-санамызда көрініс беріп жататын түсінік, пайым, танымымыздың барысынан байқалып та тұрады.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4

©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет