Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының хабаршысы ғылыми-педагогикалық журнал



Pdf көрінісі
бет17/24
Дата15.03.2017
өлшемі2,6 Mb.
#9793
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   24

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі: 
1. Назарбаев Н.Ә. Қазақстан болашағы - қоғамның идеялық бірлігінде.- Астана, 2010. 
2. Запорожец А., Маркова Т.А. Основы  педагогика. – Москва, 2006. 
3. Х.Т.Шериазданова. Мектепке  білім беру жүйесі педагогтары мен  психологтарын 
кәсіби даярлаудың психологиялық негіздері. – Алматы 2001. 
4.  Амонашвили  Ш.  Игра  в  учебно-познавательной  деятельности  младших 
школьников //Перспективы Вопросы образования 2002, №1, 83-93с. 
5.  Дулатов М. Шығармалары. – Алматы: Жазушы, 2004, -381б. 
 
Аннотация.  В  статье  рассматриваются  основы    педагогических  технологий  в 
развитии творческих способностей в  начальной  школы.  
Аnnotation. One of the main tasks of society development is the usage of new technology 
in educational system.   
 
 
 
ӘОЖ 50. 24: 52  
 
БАСТАУЫШ СЫНЫПТЫҢ ОҚУ-ТӘРБИЕ ҤРДІСІНДЕ СЫН ТҦРҒЫСЫНАН 
ОЙЛАУ ОҚУ ТЕХНОЛОГИЯСЫН ПАЙДАЛАНУ – ОҚУШЫЛАРДЫҢ  
ТАНЫМДЫҚ ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҒЫН АРТТЫРУ 
 
Мунайбекова Б. 
Оңтҥстік Қазақстан облысы, Сарыағаш ауданы 
 
Білім  беру  саласындағы  инновация  деп  арнайы  жоспарланған  немесе  «кездейсоқ 
ашылған»  педагогикалық  инициативалар  ретінде  жаңалықтарды  айтамыз.  Бұл  ретте 
«жаңашылдық»  мазмұнына  ғалым  В.М.  Полонский  ғылыми-теориялық  білімнің  нақты 
жаңалығын  жатқызса,  В.П.  Беспалько  және  В.В.  Сериков  жаңа  тиімді  білім  беру 
технологияларын  жатқызады,  ал  Н.Л.  Гузик  тиімді  инновациялық  педагогикалық 
тәжірибенің технологиялық жобасын ұсынады. [1]. Ғалым Я.С. Турбовскойдың пікірінше, 
жаңашылдық  –  озат  педагогикалық  тәжірибені  пайдалану  барысында  оқу-тәрбие 
үдерісінің 
сапалы 
жаңа 
ӛзгерісі 
болып 
табылады. 
Барлық 
педагогикалық 
жаңашылдықтардың атқаратын қызметіне қарай 3 түрге топтастыруға болады: 
1)
 
жаңашылдық – білім беру үдерісінің тиімділігін қамтамасыз ететін жағдай (білім 
берудің жаңа мазмұны, инновациялық білім беру ортасы, мәдени-әлеуметтік жағдай және 
т.б.); 
2)
 
жаңашылдық  –  жаңа  ӛнімдер,  жаңа  туындылар,  жаңа  идеялар  (педагогикалық 
құрал, білім берудің технологиялық жобалары және т.б.); 

146 
 
3)
 
ұйымдастыру-басқарушылық  жаңашылдық  (білім  беру  жүйесі  құрылымындағы 
сапалы  жаңа  шешімдер  және  олардың  қызметін  қамтамасыз  ететін  басқарушылық  іс-
әрекеттер). 
Соңғы  жылдары  ғылым  саласында  жаңа  мектеп  құруда,  мектептің  даму  үдерісін 
зерделеуде  білімнің  жаңа  бағыты  ретінде  педагогикалық  инновация  дамып  келеді. 
«Инновация» деген сӛз   -  латынның  «novis»  - жаңалық  және  «in»  - енгізу деген сӛзінен 
шыққан,  ал  оның  қазақша  аудармасы  «жаңару,  жаңалық,  ӛзгерту»  деген  мағынаны 
білдіреді.  Т.И.  Шамова,  П.И.Третьяковалардың  еңбегінде  «Инновация  дегеніміз  –  жаңа 
мазмұнды  ұйымдастыру,  ал  жаңалық  енгізу  дегеніміз  –  тек  қана  жаңалық  енгізу, 
ұйымдастыру,  яғни  инновация  үдерісі  мазмұнды  дамытуды,  жаңаны  ұйымдастыруды, 
қалыптастыруды  анықтайды,  ал  «жаңаша»  деп  жаңаның  мазмұны,  оны  енгізудің  әдіс-
тәсілі  мен  технологиясын  қамтитын  құбылысты  түсінеміз»  делінген.  Энциклопедиялық 
сӛздіктерде «инновация» әртүрлі анықталады. Үлкен энциклопедиялық сӛздікте бұл ұғым 
«жаңаша  білім  беру»  деп  түсіндіріледі.    Ал  А.И.  Кочетов  «инновация»  ұғымына 
тӛмендегідей  анықтама  береді:  «кӛрсетілген  деңгейге  апаруды  қамтамасыз  ететін 
теориялық,  технологиялық  және  педагогикалық  іс-әрекеттің  біртұтас  бағдарламасы». 
Алайда  Р.Масырова  мен  Т.Линчевская  мұндай  анықтамамен  келіспейтіндігін  білдіреді. 
Олардың  тұжырымдамасында,  «егер  баратын  деңгей  алдына-ала  кӛрсетілген  болса,  ол 
қандай инновация» делінген. В.Кваша мен В. Лапинның пікірлері бойынша «инновация» - 
бұл жаңа үлгілердің бағытындағы нақты әрекет, мӛлшердің шегінен шығатын кәсіптік іс-
әрекеттің  жаңа  сапалы  деңгейге  кӛтерілуі  болып  табылады.    Тәжірибелер  кӛрсетіп 
жүргендей,  кез  келген  инновация  –  мӛлшерлі  іс-әрекеттің  шегіне  ұмтылуы  және  одан 
шығуы.  Педагогика  ғылымының  тарихын  саралап  талдау  кӛптеген  педагогикалық 
инновациялардың  ерте  уақыттарда  да  болғанын  кӛрсетеді.  Мысалы,  Сократ  мектебі  – 
«Қуаныш  үйі»,  К.Д.  Ушинский  мен  Л.Н.  Толстойдың  ғылыми  идеялары  және  т.б.  
Инновациялық  құбылыстар  білім  беру  саласында  ӛткен  ғасырдың  80-ші  жылдарында 
кеңінен тарала бастады. Әдетте инновация бірнеше ӛзекті мәселелердің түйіскен жерінде 
пайда  болады  да  берік  түрде  жаңа  мақсатты  шешуге  бағытталады,  педагогикалық 
құбылысты  үздіксіз  жаңғыртуға  жетелейді.  С.И.Ожеговтың  сӛздігінде  «инновация» 
ұғымына үш түрлі анықтама беріледі:  
1)
 
Бірінші рет шыққан, жасалған немесе жаңадан пайда болған; 
2)
 
Бұрынғының орнын басатын, алғаш ашылған нәрсе; 
3)
 
Бұрыннан таныс емес енгізілген жаңалық. 
Қоғам  білім  беруде  тұлғаның  қандай  болып  қалыптасуын  қажет  етеді,  қалай 
тәрбиелеу  керек  екеніне  сұраныс  жасайды.  Осыған  байланысты  дәстүрлі,  адам  жайлы 
философиялық  және  педагогикалық  кӛзқарастарға  білім  берудегі  дәстүрлі  мен  жаңаның 
арасындағы  байланысты  дәстүрлінің қандай түрлерін  сақтау, дамыту керек  және қазіргі 
білім беру жүйесіне калай тасымалдау керектігіне талдау жасау қажеттігі туындайды. 
Дәстүрлінің  жай  ғана  ӛткенді  ұдайы  ӛндіруші  ретінде  қаралмауы  керек  екенін 
ұмытпаған жӛн. Қазіргі тек ғана бүгінгі пайда болған жаңаның бейнесі емес. Бірақ мұның 
барлығы  жаңаның  ӛзі  кездейсоқ  емес,  дәстүрлінің  ықпалында  болуы  қажет.  Қазіргі 
біздіңше,  дәстүрлі  мен  жаңаның  синтезі.  Осыдан  келіп,  «Инновация  мен  жаңаның 
арасындағы айырмашылық қандай?»  деген занды сұрақ туады. 
Қазіргі  кезеңде  психологиялық  және  педагогикалық  әдебиеттерде  «технология» 
ұғымы  кеңінен  пайдаланыла  бастады.  Бұл  термин  ӛмірге  компьютерлік  техниканың 
келуімен  және  білім  беру  саласында  жаңа  компьютерлік  технологияның  енуімен 
сипатталады.  Ғылымда  дамудың  жаңа  бағыты  –  технологиялық  бағыт  ӛмірге  келді. 
Ғылымдағы осы технологиялық бағыттың пайда болуы және оның педагогикада тереңірек 
зерттеле басталуы кездейсоқтық емес. Себебі педагогика ғылымы ежелден-ақ білім беру, 
тәрбиелеу, оқыту саласындағы ең тиімді  әдіс-тәсілдірді  табуға, оны ӛмірде пайдалануға, 
жоғары  нәтиже  алуға  талпынады,  оқытудың  жаңа  формалары  мен  әдістерін  табуға 
ұмтылады.  «Технология»  ұғымының  мағынасы  не?  Технологияға  негізделген  оқытудың 

147 
 
мақсаты  неде?  Педагогикалық  технологияның  құрылымы  қандай?  Педагогикалық 
технологияның  оқу-тәрбие  үдерісіне  қалай  ендіруге  болады?  Оның  нәтижесі  қандай 
болмақ? Міне, осы сұрақтарға жауап іздеп кӛрелік.  
«Технология» сӛзі грек тілінен енген және 2 сӛз тіркесінен құралған:  
 
«techne» - ӛнер, шеберлік, іскерлік дегенді білдірсе; 
 
«logos» - ғылым, ілім дегенді білдіреді және «ӛнер туралы  ілім» немесе «шеберлік 
туралы ілім».  
В.П.  Беспалько  педагогикалық  технологияны  практикада  жүзеге  асатын 
педагогикалық  жүйенің  жобасы  ретінде  қарастырылады.  Ғалым  педагогикалық 
технологияның тӛмендегідей сапаларын атап кӛрсетеді: 
 
Технология  нақты  күтілетін  нәтижеге  кепілдік  беретін  педагогикалық  бағдар  мен 
құндылыққа негізделеді. 
 
Технология  оқушыға  мемлекеттік  білім  беру  стандартын  толық  меңгеруге 
мүмкіндік беретін педагогикалық іс-әрекеттің реттелген жүйесін қамтитын технологиялық 
бӛліктерді (операцияларды) қамтиды. 
 
Технология  жеке  тұлғаның  дара,  дербес  ерекшеліктерін  (қабілеттерін)  ескеретін 
мұғалім мен оқушы арасындағы ӛзара байланысқан іс-әрекеттер қызметін кӛздейді. 
 
Педагогикалық технологияның белгілі бір ретпен, кезеңмен жүргізілуі педагогтың 
қолтаңбасын қалдыра отыра, басқа педагогтың ӛз іс-тәжірибесінде оңай пайдалана алады. 
Педагогикалық  технологияның  білім  берудегі  бағасын  жалпы  мойындағанмен  де,  оқыту 
технологиясының  мәртебесі  әлі  де  айқындалмаған  күйде  қалуда.  Педагогикалық 
әдебиеттерге  талдау  жасап  үңілсек,  қазіргі  кезде  «оқытудың  педагогикалық 
технологиясы» ұғымы ғылыми білім берудің теориясы мен практикасына мықтап енгенін 
кӛреміз.  
Педагогикалық  технология  ұғымының  қалыптасуы  мен  дамуының 
тарихында  педагогикалық  технология  ұғымының  мәні  түрліше  қарастырылады,  яғни 
оқыту  технологиясын  техникалық  құралдардың  кӛмегімен  оқыту  деп  ұғынудан  бастап 
педагогикалық технологияны ғылыми тұрғыдан ұғынуға дейін түрліше пікірлер бар.  
  Сонымен,  оқыту    технологиясы  оқу  ақпараттарының  пайда  болып  кӛріну,  ӛзгеру, 
ӛңделу    әдістері  мен  құралдарының  жиынтығы  болса,  екіншіден  оқыту  барысындағы 
мұғалімнің  оқушыға  қажетті  техникалық  және  ақпараттық  құралдарды  қолдана  отырып, 
әсер ету жолдары туралы ілім болып табылады. Келер ұрпаққа қоғам талабына сай  тәрбие 
мен білім беруде мұғалімдердің инновациялық педагогикалық технологияларды меңгеруі 
маңызды рӛл атқарады. Инновациялық үдерісті зерттеу барысында жүйенің бір жағдайдан 
екінші  жаңа  жағдайға  кӛшуі  және  жаңалықты  енгізу  үдерісіне  басшылық  жасау 
мәселелерінің  зерттеу  маңыздылығы  М.В.Кларин,  П.И.Пидкасистый,  Н.Р.Юсуфбекова 
және т.б. зерттеулерінде қарастырған.  Инновациялық  іс-әрекет  -  педагогикалық еңбектің 
ӛнімділігін  сапалы  ӛзгертетін  оқыту  мен  тәрбиелеудің  жаңа  үлгілері  мен  әдістерін  құру 
үдерісі.  Педагогтың  инновациялық  іс-әрекетінің  қалыптасуы:  ӛзінің  жеке  қасиеттерін 
есепке ала отырып, басқалардың инновациялық тәжірибесін ӛзгерту, жетілдіру, қабылдау 
қабілетімен;  жаңа  ғылыми  идеялар  мен  басқалардың  тәжірибесімен  хабардар  бола 
отырып,  ӛз  жұмысының  нәтижесін  ұғыну  қажеттілігімен;  жаңа  ғылыми  зерттеулер, 
олардың  әдістемелік  жүзеге  асуын  үздіксіз  тәжірибеге  енгізумен;  педагогикалық 
инновацияның  жаңа  әдістері  мен  тәсілдерін  ӛз  бетінше  жасаумен;  педагогикалық   
кертартпалықпен, артта қалушылықпен белсенді күресуімен сипатталады. Айтылғандарды 
ескергенде,  педагогтың  ӛнімді  инновациялық  іс-әрекетінің  кӛрсеткіштері  ретінде 
тӛмендегілерді атауымызға болады: 
- педагогикалық еңбектің тиімділігі. Нәтижеге  жетуде педагогтың уақыты мен еңбек 
күшінің айтарлықтай аз (2-3 есе) жұмсауы, оқушылардың ӛз белсенділіктерін айтарлықтай 
жоғары  дәрежеде  арттыру,  мектеп  пен  ата-аналар,  жұртшылық  пен  мектептің 
ынтымақтастығын қамтамасыз ету; 
-  оқу-тәрбие  үдерісіне  қатысушылардың  бәрінің  педагогикалық  талаптары    мен 
бағыттарының  бірлігі.  Талаптың  қарама-қайшылықтығы  үлкендердің    беделінің  түсуіне, 

148 
 
олардың  пікіріне  деген  жек  кӛрушілік,  анархиялық  бағыттың  үстемдік    етуіне    әкеледі.  
Педагогикалық  талап    пен  бағыттың  бірлігі  балалар  ӛздерінен  ересектер  талап  ететін 
нәрсенің  бәрін  тез  меңгеретін,  тұрақты  педагогикалық  бақылау  үшін  алғы  шарттар 
жасалады,  онда  пайдалы  әдістер,    шеберлік  пен  дағды,  пайдалы  ӛмір  бейнесі  нәтижелі 
қалыптасады; 
- тұлғаның шығармашылық қасиеттерінің қалыптасқандығы; 
- балалардың жұмыс қабілетінің шабыт, тұрақты ықылас,  құмарлық, жаңаны  іздеуге 
деген сүйіспеншілік, ӛзінің мүмкіндіктері мен қабілетіне жол ашу есебінен тиімді дамуы; 
-  мұғалім  беделінің  ӛсуі,  оқушылар  тарапынан  оған  деген  қызығушылық  пен 
сүйіспеншіліктің кӛрінуі, достастыққа деген дайындық; 
-  оқушылардың  істі  талдау  тәсіліне,  диалектикалық  ойлауға  үйренгендігі,  яғни 
бәрінен де бұрын  шығармашылық ойлауының дамуы; 
-  оқыту  мен  тәрбиелеудегі  зерттеу  тәсілінің  педагогикалық  қызмет  үлгісіндегі 
жаңалық ашулары. 
Педагогика ғылымының жетістіктерін тәжірибеге енгізу мұғалімнің кәсіби деңгейінің 
негізгі ӛсу жолдарынан кӛрініс табады. 
Инновациялардың саралануы тӛмендегідей бағытта ӛтеді: 
 
білім беру мазмұнына қарай; 
 
оқыту технологиясына сай; 
 
білім беру жүйесінің тәрбие саласында; 
 
педагогикалық үдеріске қатысушылардың ӛзара іс-әрекеттестік құрылымына қарай; 
 
педагогикалық құралдар жүйесіне қарай және т.б. 
Білім беру саласындағы жаңашылдықты инновациялық ӛзгерістердің интенсивтігіне 
қарай немесе жаңашылдық деңгейіне қарай 8 түрін ажыратуға болады:  
1)
 
Нӛлдік  деңгейдегі  инновация  –  жүйенің  алғашқы  қасиеттерін  практика  жүзінде 
түрлендіру (дәстүрлі білім беру жүйесі немесе оның элементтерін жаңадан қарастыру). 
2)
 
Бірінші  деңгейдегі  инновация  –  сапасы  ӛзгеріссіз  қалатын  жүйенің  сандық 
ӛзгерісімен сипатталады. 
3)
 
Екінші  деңгейдегі  инновация  –  жүйенің  элементтерін  қайта  топтастырып, 
ұйымдастырушылық  ӛзгерістерімен  ерекшеленеді  (мысалы,  белгілі  педагогикалық 
құралдардың  жаңа  комбинациясы,  оның  реттілігінің  ӛзгерісі,  пайдалану  ережелерінің 
түрленуі). 
4)
 
Үшінші деңгейдегі инновация – ескі білім беру нобайының шегінен шықпай білім 
беру жүйесін жаңа жағдайға бейімдеу болып табылады. 
5)
 
Тӛртінші деңгейдегі  инновацияда шешімнің жаңа  нұсқасы болады (бұл кӛбінесе 
білім  беру  жүйесінің  жеке  компоненттерінің  қызметтік  мүмкіндіктерін  кеңейте  түсіп, 
қарапайым сапалық ӛзгерістері ретінде кӛрініс табады). 
6)
 
Бесінші  деңгейдегі  инновация  –  білім  беру  жүйесінің  «жаңа  буынын»  құрумен 
ерекшеленеді (жүйенің алғашқы қасиеттерін түгел ӛзгерту болып табылады). 
7)
 
Алтыншы  деңгейдегі  инновация  –  жүйенің  түрленуші  қызметтік  принципін 
сақтай  отырып,  жүйенің  қызметтік  қасиеттерінің  сапалық  ӛзгерісін  сипаттайтын  білім 
беру жүйесінің «жаңа түрімен» ерекшеленеді. 
8)
 
Жетінші деңгейдегі инновация – нәтижесінде жүйенің негізгі қызметтік принципі 
ӛзгеріске  ұшырайтын  білім  беру  жүйесінің  жоғарғы,  түбегейлі  ӛзгерісімен  сипатталады, 
яғни білім берудің «жаңа» жүйесі қалыптасады. 
Жоғарыда  кӛрсетілген  инновациялардың  тек  соңғы  3  деңгейі  ғана  жүйелі 
жаңашылдығымен  сипатталады  және  инновациялық  білім  беру  жүйесі  ретінде 
қарастыруға  болады.  Инновацияның  деңгейі  неғұрлым  жоғары  болса,  соғұрлым 
инновациялық үдерісті басқаруға қоятын талап жоғары болады. Кӛптеген педагогикалық 
әдебиеттерде  білім  беру  жүйесінде  жаңалық  ендіру  дискретті  деңгейде  немесе  жеке 
компоненттерін  пайдалану  ретінде  ғана  кӛрініс  табады.  Инновация  педагогикалық 
практикаға жаңа идеялар есебінен ӛмірге келіп бір рет қолданысқа еніп келеді. Дегенмен 

149 
 
де  ғалымдардың  соңғы  зерттеуіне  сүйенсек  үздіксіз  білім  беру  жүйесін  түбегейлі 
жаңартуда  пайдаланылатын  инновациялық  үдерістердің  тұжырымдамалары  жасалынды. 
Бұл ғылыми тұжырымдаманың маңызы инновация жүйенің ӛзін-ӛзі дамыту тетігі арқылы 
жаңару үдерісімен сипатталады. 
Ғалым  Б.Т.  Лихачевтің  педагогикалық  технологияларды  жүйелеуінің  астарында 
педагогикалық  технологияны  педагогикалық  үдерістің  ұйымдастыру-әдістемелік 
құрылғысын 
анықтайтын 
әдіс-тәсіл, 
құрал, 
формаларының 
жиынтығының 
психологиялық-педагогикалық құрылымы ретінде қарастыру жатады. Б.Т. Лихачевтің осы 
ұсынған  классификациясы  педагогикалық  технологиялардың  мән-мағынасын  толықтай 
ашуға кӛмектеседі. 
Оқыту  үдерісі  мен  оның  нәтижесіне  оқушының  ақыл-ойының  даму  деңгейі  тікелей 
әсер  етеді.  Ақыл-ойдың  даму  деңгейін  анықтау  критерийлеріне  оқу  жетістігі,  білімді 
қабылдау жылдамдығы мен сабақтағы оперативті түрде лезде, адекватты жауап берулері 
және т.б. жатады. Ақыл-ойдың даму деңгейі білім, білік, дағдыларды қабылдаудан басқа 
баланың дамуына еңбексүйгіштік, ӛз бетінше жеке жұмыс жасау, инициатива таныту және 
т.б.  жеке  тұлғалық  сапалық  ерекшеліктері  тікелей  әсер  етеді.  Сол  себепті  оқу 
технологиясының негізіне оқушылардың танымдық қызығушылық аспектілері алынады. 
Оқыту  технологиясы-практикада  жүзеге  асырылатын  оқыту 
іс-әрекетінің 
оңтайландырылған жобасы. 
Ғалым  М.А.Чошанов  педагогикалық  технологияның  тӛмендегідей  негізгі 
ерекшеліктеріне тоқталады: 
 
алға  қойған  мақсатқа  жетуге  толықтай  кепілдік  беретін  педагогикалық  жүйенің 
әртүрлі компоненттерінің  қызметін жүйелеу және талдауға  негізделген   диагностикалық 
болжау
 
педагогикалық үдерістердің тиімді жүзеге асырудың нәтижелігі
 
аз  ғана  уақыт  ішінде  оқыту  мен  тәрбиелеудің  кӛзделген  мақсатына  жету  мен 
педагогикалық үдерісті оңтайландырудың тиімділігі
 
кезең-кезеңімен  жүзеге  асыруға  мүмкіндік  беретін  педагогикалық  жүйені  жеке 
бӛліктерге жіктеуге мүмкіндік беретін алгоритмділігі
 
педагогикалық  нобайларды  жоспарлауға  және  құрастыруға  мүмкіндік  беретін 
жоспарланушылығы
 
педагогикалық  іс-әрекеттің  барлық  компоненттерін  бірлікте  қарастыратын 
біртұтастық
 
педагогикалық  үдерісті  жоспарлау,  ұйымдастыру,  басқару  және  бақылау 
мүмкіндігін кӛздейтін басқарушылығы
 
нақты  белгілі  бір  мақсатқа  бағытталған  тұрақты  кері  байланыстың  болуын 
қамтамасыз ететін түзету-реттеушілігі
әртүрлі  аудиовизуалды  және  электронды  есептеуіш  техниканы,  сондай-ақ  оқу  мен 
тәрбиелеудің ӛзге де құралдарын пайдаланудың визуалдылығы
  Психологиялық-педагогикалық, 
ғылыми  әдебиеттерге  жасаған  талдауымыз 
кӛрсеткендей,  педагогикалық  технологияның  ерекшелігін  айқындайтын  тӛмендегідей 
сапалық 
қасиеттері 
бар: 
диагностикалық 
болжау, 
нәтижелігі, 
тиімділігі, 
жоспарланушылығы, 
біртұтастық 
басқарушылығы, 
түзетушілігі, 
оңтайлығы, 
қайталанушылығы  және  т.б.  Педагогикалық  үдеріске  жаңа  бағыт  беруде,  жаңалық 
ендіруде  кӛптеген  ішкі  және  сыртқы  факторлардың  әсері  зор.  Мәселен,  ғалым 
К.Ангеловски бұндай факторларға тӛмендегілерді жатқызады: 
 
жаңалықтың мақсаты; 
 
жаңалықты ендіру әдістемесі; 
 
жаңалықтың мотиві: 
- оқушылардың белсенділігін арттыруға, ынталандыруға ұмтылу; 
- қоғамның сұранысын қанағаттандыру; 
- оқыту мекемелеріндегі жаңашылдықты қолдау, қуаттау; 

150 
 
- жаңашылдықтың жұмыс тиімділігін арттыратындығына сенім білдіру; 
- басқалар қолданып жатыр ғой, ендеше мен де қолданып кӛрейін. 
Білім  беру  саласындағы  жаңашылдық  үлкен  қызығушылық  туғызуда.Ғалым 
А.И.Пригожиннің пікірі бойынша, «жаңалық» ұғымы – бұл тек уақытқа ғана тәуелді емес, 
оның  мағыналық  санасы  да  үлкен  рӛл  атқарады.  Оның  сапалы  мазмұны  бұлай 
анықталады:  жүйеленген  жаңалық  жаңашылдықтың  параметрлік  қатарын  одан  әрі 
дамытатын  ең  таңдаулы  ӛндірістік  және  тұтынушылық  қасиеттерімен  ерекшеленетін 
жаңалықтың ашылуын білдіреді. 
Педагогикалық  жаңалықтарды ғалым Н.Р.  Юсуфбекованың  пікірінше, тӛмендегідей 
параметрлерімен жүйелеуге болады: 
 
жаңалықтың біліну (кӛріну) орнымен (ғылымда немесе практикада); 
 
жаңалықтың біліну (кӛріну) уақытымен немесе кезеңімен (тарихи, қазіргі заманғы); 
 
жаңалықты күту, жобалау және жоспарлау дәрежесімен (күтілетін және кездейсоқ, 
жоспарланған және жоспардан тыс, т.с.с.); 
 
ендіру  мүмкіндігіне  қарай  (уақытымен,  уақыттан  тыс,  оңай  ендірілетін  және 
қиыншылықпен ендірілетін); 
 
педагогикалық  білімнің  саласы  бойынша  (дидактикалық,  тарихи  педагогикалық, 
мектептану және т.б.); 
 
жаңалық дәрежесіне қарай (абсолюттік және салыстырмалы); 
 
педагогикалық  үдерісті  түрлендіру  дәрежесіне  сәйкес  (түбегейлі  ӛзгертетін  және 
ішінара ӛзгертетін); 
 
педагогикалық жүйеге қатысты (жүйелі және жүйесіз); 
 
түп нұсқасына қарай (түп нұсқалы және аз түп нұсқалы). 
Педагогикалық  технологияларды  қолдау  деңгейіне,  философиялық  негіздемесіне, 
ғылыми  тұжырымдамасына,  құрылымы  мен  мазмұнына  қарай  жүйелеуге  болады. 
Инновациялық  педагогикалық  технологиялар  оқушы  іс-әрекеттін  белсендіру,  оқыту 
үдерісін  тиімді  ұйымдастыру  және  басқару,  оқу  материалын  дидактикалық-әдістемелік 
жетілдіру бойынша жүйеленді. 
 В.М.  Монахов,  В.А.  В.В.  Фирсов  және  т.б.  ғалымдар  жақтаған  екінші  бағытты 
жақтаушылар  тұлғаның  табиғи  ерекшеліктерін  басты  назарда  ұстай  отыра,  оқытудың 
жекешелендіру мен саралау бағытын ұстанады.  
Ғалымдар  саралап оқытудың маңызын тӛмендегіше ашып кӛрсетеді: 
 
психологиялық-педагогикалық кӛзқарас тұрғысынан  - әрбір оқушының қабілеттері 
мен  ерекшеліктерін,  қызығушылықтарын  ашуға  қолайлы  жағдай  жасауға  негізделген 
оқытудың жекешелендірілген түрі; 
 
әлеуметтік тұрғыдан – қоғамның әрбір мүшесінің мүмкіндіктерін тиімді пайдалану 
мақсатындағы 
қоғамның 
шығармашылық, 
интеллектуалдық 
кәсіби 
әлеуетін 
қалыптастыруға бағытталған мақсат кӛзделген іс-әрекет; 
 
дидактикалық тұрғыдан – жаңа мотивациялық негізді басшылыққа алатын саралап 
оқытудың жаңа әдістемелік жүйесін құру арқылы мектептің келелі мәселелерін шешу. 
Қазіргі  кезеңде  жалпы  білім  беретін  орта  мектеп  мұғалімдері  ӛз  практикаларында 
Н.П.Гузиктің  ішкі сыныптық (ішкі пәндік) саралау технологиясын, В.В.Фирсовтың түпкі 
нәтижеге  негізделген  деңгейлік  саралау  технологиясын,  Н.П.Гузиктің  оқытудың 
кіріктірілген жүйесін  пайдаланып келеді. 
Н.П. Гузиктің ұсынған оқытудың кіріктірілген жүйесінің маңызы мынада: сабақтың 
барлық кезеңінде – жаңа сабақты меңгеру кезеңінде, жаңа сабақты бекіту кезеңінде, жаңа 
білім,  білік,  дағды  тексеру,  бағалау  кезеңінде  деңгейлеп  саралауды  жүзеге  асыруға 
болады,  сондай-ақ,  жеке  тұлғаның  шығармашылық  қабілеттерін  арттыруда  да  оқу 
бағдарламасына сәйкес дидактикалық үлестірмелі тапсырмаларды пайдалануға мүмкіндік 
ашылады.  В.В.  Фирсовтың  түпкі  нәтижеге  бағытталған  саралау  технологиясының 
ерекшелігі  – материалды блоктап беру, әр деңгейдегі  тапсырмалар жүйесіне негізделген 
оқу-әдістемелік  кешеннің  жұмыс  жасауы,  оқушының  білім,  білік,  дағдысын  күнделікті, 

151 
 
жүйелі тексеру мен бағалау оқушылардың сапалы білім алуының кепілі. Қазіргі кезеңде 
мұғалімдердің  50-60%-ы  оқытудың  ынтымақтастық  педагогикасын  пайдалануды  жӛн 
санайды. Дамыта оқыту технологиясы ӛзі аты атап тұрғандай, оқыту мен дамытудың ӛзара 
байланысы 
нәтижесінде 
ӛмірге 
келді. 
Дамыта 
оқытудың 
тұжырымдамасы 
Ш.А.Амонашвили  және т.б. ғалымдардың еңбектерінде нақты ашылады. 
 
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   24




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет