Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының хабаршысы ғылыми-педагогикалық журнал



Pdf көрінісі
бет2/24
Дата15.03.2017
өлшемі2,6 Mb.
#9793
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24

 
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі: 
1.
 
А.Д.  Умбетәлиев  «Кәсіпорын  экономикасы  және  кәсіпкерлік»,  экономика 
баспасы. Алматы 2009ж. 
2.
 
Габдулина К.Г., Социология : учебное пособие. – Алматы: «Санат»,  1997ж 
3.
 
К.Б.  Бердалиев  «Қазақстан  экономикасын  басқару  негіздері»,  Алматы 
«Экономика», 2001ж.  
4.
 
Қазақстан Республикасының  «Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау туралы» 
Заңы. Алматы: Жеті жарғы 1998. 
5.
 
Қазақстан  кәсіпорындарында  материалдық  ынталандыруды  ұйымдастыру 
//Информациялық-аналитикалық «Саясат» журналы. - Алматы, 2007. - №4. – 0,44 б.т. 
6.
 
Қазақстан  Республикасының  «Коммерциялық  ұйымдар  туралы»  Заңы  //Егемен 
Қазақстан 2007, 26-қаңтар. 
7.
 
Нурбекова Ж.А., Предпринимательство в современном казахстанском обществе. 
Алматы: Қазақ Университеті, 2005-254с. 
8.
 
С.П. Мороз «Кәсіпкерлік (шаруашылық) құқық» Алматы, 2009ж 
9.
 
Шағын  бизнестегі  несиелік  тәуекелді  басқару  //Қаржы-Қаражат-Финансы 
Казахстана  № 1/2008 ж. 16-21 бет, 0,7 б.т.  
10.
 
Шағын  және  орта  бизнес  субъектілерін  шетелдік  несие  желісі  есебінен 
қаржыландыру //ҚазЭУ хабаршысы № 2/  2008 ж. 146-150 бет, 0,4 б.т. 
 

13 
 
Аннотация.  В  данной  статье  предпринимательство  –  как  объект  социологического 
исследованиия  в  развитии  стратегии  Республики  Казахстан  рассматривается  как 
актуальная  тема.  Автор  в  статье  рассматривает  историю  предпринимательства  в 
Казахстане,  и  анализирует  оптимальную  стратегическую  модель  современности.    В 
данное время в нашем государстве самым оптимальным является малый бизнес, и в статье 
ему дается социологический анализ.  
Annotation.  This  article  discusses  the  relevant  topic  in  the  development  strategy  of  the 
Republic of Kazakhstan business - as an object of sociological research. The author in the article 
examines  the  history  of  entrepreneurship  in  Kazakhstan,  and  analyzes  the  optimal  strategic 
model of modernity. At this time in our country the most appropriate is a small business, and it is 
given in the article sociological analysis. 
 
 
 
ӘОЖ81,42:81, 
367:811.512.122 
 
БІРЛІКТЕРДІҢ ФРАЗЕОЛОГИЯЛАНУЫНЫҢ ФУНКЦИОНАЛДЫҚ –
СЕМАНТИКАЛЫҚ  РЕПРЕЗЕНТАЦИЯСЫ 
 
Байтелиев А.Ә. 
Тараз мемлекеттік педагогикалық институты, Тараз қ. 
 
Ертеден бері қалыптасып келе жатқан фразеологизмдердің тіл байлығының ауқымды 
бӛлігі  және  фразеологияның  қазақ  тіл  білімінің  жеке  саласы  екені  бүгінгі  күні  баршаға 
мәлім.  Алайда  фразеология  мәселелері  түбегейлі  зерттеліп,  дерлік  аяқталған  сала  деп 
айтуға  болмайды.  Оның  әлі  де  болса  шешілмеген,  даулы  мәселелері  мен  зерттелмеген 
жақтары баршылық.  Фразеология саласында зерттелмеген, тілдік қасиеттері ашылмаған,  
фразеологизмдердің 
фразеологиялану 
нәтижесінде 
ие 
болатын 
функциялдық-
семантикалық  қызметтері  мен  репрезентациясын  анықтау  әлі  де  болса  толық  шешімін 
таппаған мәселе. 
Фразеологизмдер  – халықтың рухани, мәдени, шаруашылық ӛмірі мен салт-дәстүрі, 
әдет-ғұрпы  және  наным-сенімі,  дүниетанымы  негізінде  туындап,  кӛркем  сӛздің  кең 
қолданылатын,  бейнелі  де  әсерлі  құралына  айналып,  қолданыста  оралымдар  мен 
айтылымдардың  мән-мағынасына  экспрессивті-эмоционалды  рең  беретін,  астарлап  айту 
тәсіліне  айналған  тілдік  құбылыс.  Олардың  кӛптеген  терең  сыры  халықтың  тілдік, 
психологиялық, қоғамдық, шаруашылық, танымдық қасиеттеріне де байланысты. Қазіргі 
қазақ  фразеологиясының  синхронды  сипаты  оның  қалыптасуының  дереккӛздері,  жеке 
фразеологизмдер  мен  фразеологиялық  жүйелердің  жасалу  мерзімі,  фразеология 
теориясының  әдіс-тәсілдері  оның  қаншалықты  күрделі  және  сан  алуан  түрлі  екендігін 
кӛрсетеді.  Кез  келген  ұлттық  тілдің  фразеологиясы  сол  ұлт  тілінің  танымдық  және 
тәжірибелік  іс-әрекетінің  нәтижесі,  қоғамның  коммуникативтік  қызметінің  барлық 
салаларындағы экспрессивтік түрде қатынас жасаудың ерекше бірліктерінің жүйесі. Осы 
ретте  арнайы  қарастыруды  қажет  ететін  ӛзекті  мәселелер  қатарына  тілдік  бірліктердің 
фразеологиялану  сатысынан  ӛту  нәтижесінде  синтаксистік  қызметінің  ӛзгеруі, 
фразеология  теориясының  қазіргі  таңдағы  даму  процесін  талдау,  фразеологизмдердің 
қалыптасу жолындағы семантикалық факторларды кӛрсету, фразеологизмдердің ӛзгеріп-
түрлену  ерекшеліктерін  анықтау,  фразеологизмдердің  даму  барысында  семантикалық 
жақтан ӛзгеріске түсіп, туынды астарлы мағынаға ие болатындығы мәселелері жатады. 
 Фразеологизмдердің  прототипі  –  еркін  сӛз  тіркестері  мен  сӛйлемдер.  Даму 
барысында  еркін  бірліктер  семантикалық  жақтан  ӛзгеріске  түсіп,  туынды  астарлы 
мағынаға ие болады. Ӛзара семантикалық тәуелділіктегі компоненттердің ӛзгеріп дамыған 

14 
 
семантикасы  негізінде  фразеологиялық  мағына  туады.  Фразеологизм  компоненттерінің 
арасындағы  синтаксистік  байланыс  семантикалық,  яғни  фразеологиялық  байланыс. 
Фразеологизмдер  шындық  болмыстағы  құбылыстарды,  заттарды,  қасиеттерді,  адам 
қызметімен  байланысты  болып  келетін  барлық  процестерді  атайды,  бірақ  атағанда, 
тікелей  емес,  жанама  түрде  атайды.  Фразеологизмдерде  номинативтік  мән-мазмұнмен 
қатар,  эмоционалды-экспрессивтік,  стилистикалық  бояма,  образды  және  туынды, 
астарлылық  қасиет  болады.  Фразеологизмдер  фразеологизацияланудың  нәтижесінде 
туынды астарлы мағынада атау қызметіне ӛткен бірліктер. 
І.Кеңесбаевтың пайымдауынша, белгілі бір фразеологизмдердің семантикасына  тән 
кӛпмағыналылықтың  репрезентациясы  екі  түрлі  жолмен  қабылданады.  Оның  бірі  - 
жалғаса  туатын  мағына  да,  екіншісі  -  жарыса  туатын  мағына.  Мысалы:  «Ақ  иық» 
оралымы: а) мұз балақ қыран мағынасын; а) асыл адам, ер жігіт мағынасын береді, екінші 
мағына  бірінші  мағынаға  жалғаса  туады.  Айыл-тұрманын  тартты:  а)  қамданды, 
жиналды; ә) ашу қысты, тас түйін болды - онымен жарыса туатын мағына. Сонымен бірге 
кейбір  жағдайларда  жалғаспалы  мағына  мен  жарыспалы  мағына  белгілі  бір  сәттерде 
тоғысып, одан қиылысқан тағы бір туынды мағына пайда болуы мүмкін [1,592-593].  
Фразеологизмдер кешенді белгілерінің негізінде белгілі бір жүйеге ұйымдасқан, сол 
тұрғыдан  басқа  тілдік  бірліктерден  ажыратылатын  оралымдар  болып  табылады. 
Фразеологиялық  жүйенің  тілдік  бірліктері  ӛздерін  белгілі  бір  жүйеге  топтайтын 
семантикалық  қасиеттеріне  және  тілдің  басқа  мағыналы  оралымдарынан  айыратын 
функционалдық ерекшеліктеріне қатысты анықталады. Тілімізде әртүрлі сӛз тіркестерінің 
үлгісіндегі  фразеологизмдер  мен  сӛйлем  үлгілеріндегі  фразеологизмдер  кең  тараған. 
Олардың  тілдік  табиғаты  семантиткалық,  морфологиялық  және  синтаксистік  жақтан 
сипаталады.  Жалпы  фразеологизмдердің  шыққан  тегі  -  сӛз  тіркестері  мен  сӛйлемдер. 
Фразеологизмдердің  бір  жүйеге  қатысты  екендігі,  алдымен,  семантикалық  белгілерінен 
кӛрінеді,  барлығының  мағынасы  туынды,  астарлы,  даму  барысында  семантикалық 
ӛзгеріске  түсіп  қалыптасқан.  Фразеологизмдердің  мағынасы  семантикалық  жақтан  даму 
үстінде туынды я астарлы болады да, олар экспрессивтік қызмет атқарады.  
Фразеологизмдер қалай болса солай ӛзгертуге кӛнбейді, тұтасқан күйінде даяр тұрған 
оралым ретінде қолданылады, сӛйлемдегі басқа сӛздермен бір я бірнеше сыңары арқылы 
байланысқа түседі, олардың құрамында болатын ӛзгерістер қалыпты нормаға сай меншікті 
мағынаны  бұзбайды.  Фразеологзмдер  мен  мақал-мәтелдердің  табиғатын  талдай  отырып, 
олардың  шығу  негіздеріне  байланысты  үш  түрлі  пікір  айтуға  болады.  Біріншіден, 
фразеологизмдердің 
тууының 
себебі 
болып 
табылатын 
фразеологизациялану 
(фразеологиялану)  процесі.  Бұл  тәсіл  ішкі  лингвистикалық  заңдылықтарға  байланысты 
жүзеге асатын құбылыс. Фразеологизациялану сатысынан ӛткен  еркін сӛз тіркестері мен 
сӛйлемдердің  құрамындағы  сӛздердің  арасында  ішкі  фразеологиялық,  семантикалық, 
байланыс  қалыптасады  да,  ол  байланыс  тұтас  мағынаның  дамып,  ӛзгеріске  түсуіне 
әкеледі.  Метафоралық,  метонимиялық  және  басқа  да  ауыс  мағынада  қолдану  тәсілдері 
негізінде тұтас мағына астарлы, туынды мағынаға ұласады. Екіншіден, фразеологизмдер 
мен мақал-мәтелдер белгілі бір озық ойлы, сӛзге шебер, дана халық ӛкілдерінің ӛмірден 
алған тәжірибесінің немесе нақты бір оқиға, іске қатысты айтылған ой-тұжырымдарының 
қорытындысы, халықтың мәдени-материалдық, әлеуметтік-шаруашылық ӛмірінің әртүрлі 
жақтарының, тарихы мен тұрмыс жағдайының, мәдениеті мен ойлау мәнерінің, рухы мен 
психологиясының синтезі. Олардан халқымыздың  нақты ӛткенімен, танымымен, тұрмыс 
жағдайымен, әдет-ғұрпымен, салт-дәстүрімен және ұлттық психологиясымен жете таныса 
аламыз. Ол бірліктер ғасырлар бойы халық жадында сақталып, жатталып, қолдануға даяр 
күйінде енетін тілдік құралға, шешендік сӛз үлгілеріне, халықтық ортақ мұраға айналған. 
Олар  халық  жадында  ұзақ  уақыт,  тіпті  ғасырлар  бойы  сақталып,  рухани  қазынаға 
айналып, бүгінгі ұрпаққа  жеткен тіл байлығының таусылмас  қоры, сӛз қолдану ӛнерінің 
негізі,  мәйегі  болып  саналатын  осы  бейнелі  фразеологизмдер  мен  мақал-мәтелдер. 
Олардың халықтың есінде сақталуы, алдымен, бейнелі астарға құрылып, ойды дәл және 

15 
 
бейнелі түрде жеткізуге құрылғандығынан, тұлғасы жағынан жеңіл, кӛлемі шағын болып 
келуіне байланысты, одан кейін, мазмұны терең, ықшамды оралымның кӛмегімен кӛлемді 
толық  мағынаны  ӛз  дәрежесінде,  кӛркем  және  бейнелі  түрде,  кӛп  сӛзді  аз  сӛзбен  дәл 
жеткізуінде.  Үшіншіден,  кезінде  еркін  сӛз  тіркестері  мен  сӛйлемдердің  негізінде  туған 
фразеологизмдер ӛздерінің тууына негіз болған синтаксистік тіркестер мен сӛйлемдерден 
мүлдем  алшақтап  кетпейді,  олардың  арасындағы  байланыс  олардың  фразеологиялық 
мәнге ӛтіп кеткен кезінде де байқалып тұрады. Мысалы: оң кӛзімен қарады; ілгері басқан 
аяғы кейін кетті; сүйек тістеген ит; от жағып, күл шығарды деген фразеологизмдердің 
бойынан тӛмендегі еркін сӛз тіркестеріне қатысты байланыстарды байқауға болады:  сол 
кӛзін  жауып,  оң  кӛзімен  қарады;  ілгері  басқан  аяғы  кейін  кетіп,  тайғанақтады;  сүйек 
тістеген ит ӛз кӛлеңкесін судан кӛрі; ерте тұрып от жағып, күл шығарды.  
Тіл білімінде кемінде екі сӛздің тіркесінен жасалған, мағынасы біртұтас, құрамы мен 
құрылымы тұрақты, даяр қалпында қолданылатын тілдік тұлғаны фразеологиялық оралым 
деп  атайды  [2,  165  ].  Шын  мәнінде,  фразеологизмдер,  ең  алдымен,  ӛздерінің 
смантикасымен  және  тұрақты  құрамда,  дайын  күйінде  қолданылатын  бірлік  екендігімен 
ерекшеленеді. Құрамындағы сыңарлардың орны бекем, белгілі бір сӛздермен тіркесіп, бір 
бүтін  мағына  беретін  тіркестер  мен  сӛйлемдердің  әбден  қалыптасқандығы  сондай,  олар 
дайын  күйінде  сол  құрам,  құрылыста,  тұрақты  мағынада  қолданылады.  Демек,  дайын 
қолданылу  фразеологизмнің  белгілерінің  бірі  екендігіне  күмән  жоқ.  Сонымен,  дайын 
күйінде  қолданылу  белгісі  фразеологизмдердің:  а)  дайын  құрылыс  ретінде  белгілік 
қасиеті;  ә) осы  құрылыстың ӛзіне тән  лексикалық құрамының болуы;  б) грамамтикалық 
құрылымының,  яғни  сыңарларының  орналасу  тәртібінің,  бір-бірімен  қатынасының 
қалыпқа  сай  қолданылуы;  в)  сӛз  тіркесі  және  сӛйлем  тұлғасында  дайын  формада 
қалыптасқандығы;    г)  құрамындағы  сыңарлардың  толық  мағыналы  сӛз  болып  келуі 
олардың басты репрезентациялық белгілері болып табылады.  
Фразеологиялану    ұғымын  тіл  білімінде  еркін  тіркестің  я  сӛйлемнің,    олардың 
құрамындағы  сыңарлардың  семантикалық  жақтан  дамып,  туынды,  астарлы  мағынаға  ие 
болуы деп түсінеді. Сыңарлардың ӛзара мағыналық тәуелділігі арқасында бүтін сӛз тіркесі 
я 
сӛйлем 
жаңа 
репрезентациялық 
мағынаға, 
ауыс 
мағынаға 
ие 
болады.  
Фразеологизмдердің  құрамындағы  «фразеологиялық  байлаулы  мағыналы  сӛздерді» 
семантикалық жақтан дамыған, туынды мағынаға ие болған сӛздер деп есептесе болады. 
Мысалы, кейбір сӛздер ӛз мағынасын бірнеше сӛзбен: «тоқ» сӛзі «мойын» жене «мінез» 
сӛздерімен,  ал  «суық»  сӛзі  «жүз»,  «хабар»  «қол»,  «тер»  сӛздерімен  тіркесіп  дамытқан. 
Фразеологизмнің  тууының  себебі  болып  табылатын  фразеологиялану  құбылысы 
нәтижесінде олардың сыңарларында да, сӛз тіркесі я сӛйлемнің ӛзінде де семантикалық 
ӛзгеріс  болады  да,  оралым  келтірінді  мағынаға  ӛтеді,  сол  мағынаның  негізінде  олар 
жалпыға  бірдей  белгілі  фразеологизмге  айналады.  Олар  (сӛз  тіркесі  құрылымды  және 
сӛйлем  құрылымды  фразеологизмдер)  ӛз  қызметтерімен  қатар,  эмоционалды-
экспрессивтік  қызмет те атқаратын тілдік бірліктер. Мысалы:  мал қолда, жан ұяда; ӛзің 
білме,  білгеннің  тілін  алма;  үлде  мен  бүлдеге  оранып  т.б.  ұйқасқа  құрыла  отырып, 
стильдік те қызмет атқарадыСол  сияқты, ашуы жауған қардай, шӛккен нардай; ақылы 
балқаш,  ашуы  дүлей;  ит  ӛлген  жер,  ит  арқасы  қиян,  кӛз  кӛрмес,  құлақ  естімес  жер; 
аяқты  аяғымен,  шанақты  шанағымен  жалмады;  түйені  түгімен  жұтты  т.б.  сияқты 
фразеологизмдердің  әрқайсысының  ӛз  бояуы,  ӛз  сыры  бар,  бұл  жағдай  - 
фразеологизмдердің фунционалдық репрезентациясы.   
Фразеологизмдер  туынды  мағынаның  дамуы  нәтижесінде  қалыптасқандықтан, 
олардың  мағынасы  астарлы,  бейнелі  мағына  түрінде  қалыптасқан.  Астарлы  мағына 
әртүрлі  ауыспалы  мағына  жасау  тәсілдері  негізінде  туған.  Мысалы,  метафоралық 
фразеологизмдер:  қызыл ӛңеш-даукес; су жұқпас-барып тұрған ала аяқ қу; оймақ ауыз-
сүйкімді; қас жүзі қара – бетпақ, ұрысқақ т.б. Бұл фразеологизмдерде сӛз-сыңарлардың 
мағынасының ӛзгеруі немесе тұтас оралым мағынасының туынды мағынаға ӛтуі метафора 
тәсілі  арқылы  қалыптасқан.  Метафоралық  ауысу  фразеологизмдердің  ішкі  мазмұнынан 

16 
 
анық кӛрінеді, мысалы: ―қан ішер‖ дегенде, метафоралық тәсілде ауыс мағына салыстыру 
негізінде орын алған. Метонимиялық фразеологизмдер: кӛген кӛз; ақ саусақ; ақ жаулық; 
ірі  қара;  жас  иіс;  тік  бақай;  жуан  жұдырық  т.б.  «Тік  бақай»  фразеологизмнің 
құрамындағы  «бақай»  сӛзі  адам  ұғымын  алмастырып  тұрған  метонимия.  «Ақ  жаулық» 
фразеологизміндегі  «ақ»  деген  бірінші  сыңары  «әйелдердің  ақ  орамал  тартатынын» 
білдіретін  мағына  берсе,  екінші  сыңары  «жаулық»  орамал  тартып  жүру  әйелге  тән 
болғандықтан, әйел я жұбай деген мағынада қолданылады. Мұны астарсыз ауыс мағынаға 
ӛту деп есептеуге болады.  
Фразеологизмдерде  семантикалық  жақтан  ӛзгеріске  түсудің  басқа  формалары  да 
кездеседі. Мысалы, құрамында  кӛнерген  сӛздері бар фразеологизмдер:  жеті атасынан 
қара кӛк; қара табан; күйсіз күлік; қара шаруа; отқа құяр; сасық бай т.б. Эллипсистік 
құбылыс  негізінде  туған    фразеологизмдер:  бармақ  басты,  кӛз қысты  фразеологизмнің 
«бармақ  басты»  немесе  «кӛз  қысты»  деп  жеке-жеке  бӛліп  қолдана  беруге  болады. 
Мысалы,  «бұралқы  сӛз»  фразеологизмі  «бұралқы  сӛз  күлмекке  жақсы»  деген 
фразеологизмінің  эллипсистік  қолданысы.  Фразеологизмдердің  образды,  ауыспалы 
мағынасының  қалыптасуының  негізіне  метафоралық  ауыспалы  мағына:  «екі  жүзді» 
(адам) тіркесінің мағынасы-  «кісінің кӛзінше бір түрлі, сыртынан екінші түрлі сӛйлейтін, 
опасыз»  (адам);  «салқын  ойлы»  фразеологизмнің  «салқын»  сыңары  метафоралық 
мағынада  қолданылған  да,  ӛз  ойын  таразылып,  кесіп-пішіп  айтатын  адамға  байланысты 
айтылады ; су жаңа, қыпша бел, ата жау, тас қараңғы, мидай дала т.б. сияқты адъектив 
фразеологизмдер  бейнелі  емес  мағына  негізінде  фразеологизацияланған;    .  кӛнерген 
сӛздер  негізінде  фразеологизацияланған  фразеологизмдер,  мысалы:  құйысқаны  берік, 
қыдыр дарыған, негізі жарымаған, ӛз аяғынан  келген (әйел), хас мұсылман, кем  несібелі 
т.б. Элипсистік фразеологизмдер: «Ай десе аузы бар, күн десе кӛзі бар» орнына «Ай десе-
аузы»,  «Күн  десе-кӛзі  бар»;  Фразеологизмдердің  халық  этимологиясы  негізінде  туып, 
мағына жағынан ӛзгеруі: мысалы, «пешенеден белгілі»- «пешенеден белгілі», «бес енеден 
белгілі»  деген  формалар  халық  аузында  да,  әдеби  тілде  де  бірінің  орнына  бірі  ауысып 
қолданыла  береді.    «Кішілігі  болмаса,  құдды  түйе  сияқты»  дегенде  «кішілігі  болмаса, 
құдды соның ӛзі» деп ауыстырылып, астар, бейнелі ӛң беріп, бір жақсы я жаман адаммен 
салыстыру  сӛйлеуде  кездесе  береді.  Компаративтік  фразеологизмдер  түгелдей  образды, 
бейнелі  салыстыру  неізінде  пайда  болған,  мысалы:  ӛгіздей  ӛңкиген,  құмырсқадай 
құжынаған, аюдай ақырған т.б.  
Вербал  фразеологизмдердің  де  семантикалық  жақтан  дамып  ӛзгеру  формалары 
әртүрлі. Вербал фразеологизмдердің астарлы мағыналы түрлерінің кӛпшілігі метафоралық 
ауыс мағына негізінде фразеолгизацияланған. Мысалы, айрандай ұйып отыр; ақ сайтаны 
ұстады т.б.  
Қазақ  тіліндегі  фразеологизмдердің  толық  семантикалық  жақтан  ӛзгеріске  түсіп 
қалыптасқандарын  олардың  ӛзімен  бірдей  тұлғаланған,  тура  мағынада  қолданылатын, 
жарыспалы  тұлғасымен  салыстыру  арқылы  кӛз  жеткізуге  болады.  Мысалы,  Алақанына 
салды:  а)  тура  мағынада-алақанына  шын  мәнінде  бір  нәрсені,  затты  салу;  ә)  ауыспалы 
мағынада-әлпештеп  ӛсірді,  мәпелеп  бағып-қақты.  Кӛзіне  топырақ  шашты:  а)  тура 
мағынасы - кӛзіне топырақ шашу; ә) астарлы мағынасы - жамандық істеу; Жерге қарады
а) тура мағынасы - жер жаққа қарау; ә) ауыспалы мағынасы - ұятқа қалды. Мойнына арқан 
салды: а) тура мағынада - мойнына арқан салу; ә) ауыс мағынада – күштеп кӛндіру.   
Метонимия  тәсілі  арқылы  ауыс  мағынаға  ӛткен  фразеологизмдер  де  молынан 
кездеседі:  ақ иіліп сынбайды; қарайғанын құрбан етті; қабырғасымен кеңесті; қанаты 
сынып, қабырғасы сӛгілді; қара басты; қара таныды т.б. 
Бейнелі  емес  туынды  мағына  негіз  болған  фразеологизмдер  қазақ  тілінде  молынан 
кездеседі. Олардың кӛпшілігіндегі бейнелі емес туынды мағынаның дамуы семантикалық 
жақтан  ӛзгерудің  басқа  формаларымен  қабаттасып  келе  береді.  Мысалы,  «қолын  жылы 
суға  малды»  фразеологизмі  бейнелі  бағытта  емес,  жалпы  «қамқорлық  кӛрсетті»  деген 

17 
 
туынды  мағынаға  ӛткен.  Ал  «кӛзіне  кӛк  шыбын  үймелетті»  тіркесіндегі  «кӛк  шыбын» 
келе жатқан үлкен қауіптің бейнесі.  
Бейнелі,  образды  фразеологизмдерге  қарағанда  образға  құрылмаған  туынды 
мағыналы  фразеологизмдердің  құрылымы  тиянақты  болып  келеді.  Олардың 
грамматикалық  құрылымына  немесе  лексикалық  құрылымына  жасалған  кез  келген 
ӛзгерту  олардың  фразеологиялық  тұрақтылығын  жояды,  мысалы:  «аузын  айға  біледі» 
деген тіркесті «аузын тасқа біледі» деп ӛзгертуге, «ит басына іркіт тӛгілу» дегенді «ит 
басына іркіт тӛгіліп» деп ӛзгертуге болады, одан фразеологизмнің семантикасына нұқсан 
келмейді. Ал «сүйек жаңғырту»,  «сӛз саптау» т.б.  сияқты образды емес, бірақ туынды 
мағынаға ие фразеологизмдерді ӛзгертіп қолдануға болмайды 
Образды  бағытта  дамымаған  фразеологизмдердің  құрамында  кӛне  сӛздердің  болуы 
олардың  туынды  мағыналарының  образды  емес  дамудың  нәтижесінде  қалыптасқан 
туынды мағына екендігін дәлелдейді. Мысалы: кежегесі кейін тарту; келеге келу; кӛңілге 
азар  беру;  отқа  май  құю;  ӛлі–тірісін  беру;  тӛсек  жаңғырту  т.б.  Қазіргі  қазақ  тілінде 
құрамында  кӛнерген  элементтері  бар  вербал  фразеологизмдер  мол.  Етістік 
фразеологизмдердің  құрамында  лексикалық  және  грамматикалық  архаизмдер  кездесе 
береді.  Мысалы:  а)  лексикалық  архаизмдер:  кежегесі  кейін  тартты;  жер-жебіріне 
жетті; тұлан түртті т.б. г) грамматикалық архаизмдер:  қазіргі  қазақ тілінің  нормасы 
тұрғысынан  фразеологизмдердің  құрамында  бірқатар  грамматикалық  архаизмдер 
кездеседі,  мысалы,  «обыр  олжа  үшін  ӛледі,  күншіл  күндеумен  бүледі»  фразеологизмі 
тіліміздің қазіргі күнгі нормасына әбден сай келе тұра, «бүл» деген ӛлі лексемаға ерекше 
тәсілмен тіркескен. Әдетте, «Бүл» сӛзі етіс жұрнақтарының бірі арқылы ӛзгереді (бүл-дір-
е-ді,  бүл-ін-е-ді  т.б.).  «Бүледі»  формасы  –  кӛне  форма.    Фразеологизмдер  жүйесінде 
эллипсис 
негіз 
болғандары 
да 
молынан 
кездеседі. 
Кӛптеген 
эллипсистік 
фразеологизмдерде мағына қайта ӛзгеріске түсіп отырғаны байқалады. Мысалы: айдағаны 
бес  ешкі  (айдағаны  бес  ешкі-ысқырығы  жер  жарады);  барымен  базар  (барымен  базар, 
жоқты қайдан қазар); жайылып жастық болу (жайылып жастық, иіліп тӛсек болу); ит 
үреді  (ит  үреді,  керуен  кӛшеді);  құлындағы  даусы  шықты  (құлындағы  даусы  құраққа 
жетті);  тұлпардың  тұяғы  (тұлпардың  тұяғы,  сұңқардың  қияғы);  түйені  түгімен 
(түйені түгімен, биені жүгімен жұтқан) т.б. ; халық этимологиясы негізінде мағыналық 
ӛзгеріске  түскен  тіркестері  де  кездеседі,  мысалы:  емесесі  (емешегі,  емешесі,  еметайы) 
езілді; залал (зиян) жасады ; кӛзі бұлаудай (білеудей)болды т.б.  
Образды,  бейнелі  коммуникативтік  фразеологизмдердің  негізіне  де,  тіл  заңдарына 
сәйкес,  метафоралық  ауыс  мағына  қаланған.  Мысалы:  Сақалды  құл  жарытпас;  сапты 
аяқтан  ас  құйып,  сабынан  қарауыл  қарайды;  Сӛз  етінен  ӛтіп,  сүйегіне  жетті;  Суға 
кеткен  тал  қармайды;  Сілкініп  жабағы  тай  бесті ат  болар;  Арық  айтып,  семіз  шық; 
Есектің миын жегенсің бе? т.б. Жоғарыда келтірілген фразеологизмдердің әрқайсысынан 
адам  ойында  қорытылған  образды  бейнені  түсінеміз,  әртүрлі  құбылыстардың  образды 
бейнесін елестетеміз.  
Образға  құрылмаған  мақал-мәтел  емес  фразеологизмдерге  мынандай  сӛйлемдерді 
жатқызуға  болады.  Мысалы:  Ораздының  баласы  он  үшінде  баспын  дер;  Ӛзін  бірдеме 
түртіп  жүр;  Соқыр  кӛргенінен  жазбас;  Сүрінгенге  жығылған  күледі;  Сынықтан 
басқаның  бәрі  жұғады  т.б.  Бұл  образды  емес  жолмен  қалыптасқан  мақал-мәтел  емес  
фразеологизмдердің фразеологиялық қасиетін оларды ӛзімен омонимдес еркін сӛйлемнен 
салыстырып  анықтауға  болады.  «Сынықтан  басқаның  бәрі  жұғады»  сӛйлемінің  тура 
мағынасын  фразеологизм  ретіндегі  «еліктегіш,  әуестенгіш  мінез»  немесе  «жаман  әдетке 
үйір  болу»  деген  ауыс  мағынасымен  салыстырудан  шығатын  қорытынды  - 
фразеологизмнің мағынасы бейнелі емес мәнде дамыған. Бұл фразеологизмнің ӛзіне ғана 
тән, меншікті  мағынасы бар және ол мағына образдылыққа құрылмаған.  Демек,  образға 
құрылмаған  мақал-мәтел  емес  коммуникативтік  фразеологизмдер  екі  ұдай,  екі  жақты 
құбылыс  еместігін,  яғни  жеке  сӛзге  балама  еместігін,  сӛйлеммен  немесе  сӛз  тіркесімен 
арақатысты екендігін делелдейді. Сонымен қатар фразеологизмдердің екі жақты құбылыс 

18 
 
еместігін  олардың  бірде  образды  мәнде,  енді  бірде  образды  емес  мәнде  мағынасын 
дамытқандығы дәлел бола алады.  Бір фразеологизм бірден тура және ауыспалы мағына, 
сондай-ақ  бірден  образды  ауыспалы  және  образға  құрылмаған  ауыспалы  мағына  бере 
алмайды.  
Мақал-мәтел емес фразеологизмдердің образды емес ауыс мағыналы тобының тағы 
бір ерекшелігі – образды мағына негізінде қалыптасқан фразеологизмдерге қарағанда олар 
ӛте-мӛте  тұрақты  құрылымымен  сипатталады.  Бұл  фразеологизмдердің  грамматикалық 
құрылымына жасалған кез келген ӛзгеріс олардың құрылымдық үйлесімділігін ғана емес, 
сонымен қатар мағынасын да бұзады. Мысалы,  «Балақтағы бит басқа шықты» дегенді 
ешқандай  ӛзгеріске  түсіре  алмайсың,  ӛзгерткен  жағдайда  тек  соңғы  сыңар  (етістік) 
нормаға  сай  ғана  ӛзгереді.  Олардың  құрамындағы  жеке  сӛздерді  бастапқы  негізгі 
мағыналарында  түсінетін  болсақ,  оралым  қарапайым  сӛйлем  түрінде  ұғынылады.  Бұл 
фразеологизмдердің образды емес мәнде ауыс мағынаға ие болғандығын дәлелдейді.  
Образды я образды емес негізде мағыналары ӛзгеріске түсіп фразеологизацияланған 
сӛйлемдер, түйдек я тізбек болсын, олардың құрамындағы сӛз-сыңарлар бүтіндей немесе 
жартылай семантикалық ӛзгеріске түскен, семантикалық дамудан ӛткен. Фразеологиялық 
«түйдектердің  құрамындағы  сӛздер  ӛзінің  жеке  тұрғандағы  негізгі  мағыналарынан 
айрылып қалады» деген пікір дұрыс емес, ол сӛз-сыңарлар семантикалық даму барысында 
ӛзгеріске  түсіп,  туынды  мағынада  қолданылып,  ӛз  сипатын  ӛзгертеді.  Мысалы, 
«қабырғаңмен  кеңес»  деген  фразеологизм  метонимиялық  ауыс  мағына  негізінде 
фразеологиялық мағынаға ие болған. «Қылышын сүйреп қыс келер» сӛйлемі метафоралық 
тәсіл  негізінде  қалыптасқан,  яғни  мағынаның  семантикалық  жақтан  дамып  ӛзгеруін 
сӛздердің  семантикалық  қасиетін  жоюы,  жоғалтуы  деп  түсінбеу  керек.  Жалпы  теория 
бойынша  жаңа  сӛз,  ұғым  тілде  бар  сӛздердің,  ұғымдардың  негізінде  туып 
орнығатындықтан,  фразеологизмдердің  құрамындағы  сӛздердің  мағыналары  да,  тұтас 
фразеологизмнің  мағынасы  да  семантикалық  жақтан  даму  сатысынан  ӛтеді,  соның 
нәтижесінде фразеологиялық мағынаға ие болады. Ал  фразеологиялық тізбектердегі  кей 
сӛз-сыңарлар  семантикалық  жақтан  ӛзгеріске  түсіп,  қалған  сыңарлары  мағынасын 
ӛзгерткен  сӛздермен  мағыналық  байланысқа  түседі  де,  тұтас  тіркестің  я  сӛйлемнің 
мағынасы  фразеологиялық  сипатқа  ие  болады.  «Қырғи  қабақ  болды»  деген  тізбекте 
«қабақ»  және  «қырғи»  сӛздері  мағыналарын  дамытқан,  адамдардың  қабағына  қарап-ақ 
бір-бірімен араз я араз емес екенін білуге болады, «қырғи» сӛзі күшті қорқыныштан майда 
құстардан  дүрлігуін,  бей-берекетке  түсуін  білдірсе,  «қабақ»  сӛзімен  мағыналық 
байланысқа  метафоралық  тәсіл  арқылы  түсіп,  «араз  болу,  ала  кӛз  болу»  мағынасын 
қалыптастырған.  
Мақал-мәтел  коммуникативтік  фразеологизмдер  бастапқы  ӛздерін  туғызған 
жағдайлармен  байланысын  бірте-бірте  жоғалтқан,  ауыспалы-жалпылауыш    мағынаға 
ӛткен  және  семантикалық  тұрғыдан  екі  жақты  тілдік  құрылым  ретінде  қалыптасқан  сӛз 
тіркестерінің,  сӛйлемдердің  негізінде  туған.  Мақал-мәтелдердің  мағынасы  қалайда 
сӛйлемнің  бастапқы  мағынасымен  жарыса  отырып  дамиды  да,  келе-келе  астарлы  мәнге 
ӛтеді.  Мысалы,  «Адам  аласы  ішінде,  мал  аласы  сыртында»,  «Біреуге  ор  қазба,  ӛзің 
түсесің» деген мақалдар тура мағынасымен қатар, ауыс мағынаға  ие, ол мағыналар бір-
бірімен  астарласып,  байланысып  жатыр.  «Адам  аласы»,  яғни  адамның  жаман  пиғылын, 
жағымсыз  жақтарын  сырт  бітімінен  кӛре,  сезе  алмайсыз.  Демек,  сӛйлемнің 
фразеологиялық  мағынасы  «ала»  сӛзінің  метафоралық  ауыс  мағынасының  негізінде 
қалыптасқан.  «Біреуге  ор  қазба,  ӛзің  түсесің»  сӛйлеміндегі  туынды  мағына  «біреуге  ор 
қазу»  бӛлігінің  семантикалық  ӛзгерісінің  жемісі,  яғни  «басқаға  жамандық  жасау» 
ұғымын береді. Ал «ӛзің түсесің» сыңары «ор» сӛзімен байланысты туынды мағынасын 
дамытып,  тұтас  сӛйлем  «басқаға  жамандық  жасасаң,  ӛзің  де  жамандықтан  аулақ 
қалмайсың» дегенді білдіреді. 
Мақал-мәтелдердің  тұлғалық  жақтан  тұрақты  болып  келуі,  кӛбіне,  олардың 
семантикасының  тұрақтылығында,  қайсыбір  тура  мағынасында  түсінілетін  мақалдардың 

19 
 
жеке  меншікті  мағынасы  мызғымастай  берік  және  оны  басқаша  түсіну  мүмкін  емес. 
Жалпы  әрбір  мақалдың  мағынасында  емеуірін,  тұспал,  әйтеуір  бір  уәж  ұғынылады. 
«Азынаған айғырды үйірінде кӛр, адамсынған жігітті үйінде кӛр» мақалы мен «Айғырды 
неден салсаң, атты сонан мінерсің» мақалының астарлары бар, оны түсіну қиын емес. Ал 
«Атының  сыры  иесіне  мәлім»  мақалы  тура  мағынасында  «атқа»  байланысты  айтыла 
береді,  керісінше  «адамға»  байланысты  айтылған  кезде  «ерінің  сыры  әйеліне,  әйелінің 
сыры  еріне»  таныс  мағынасында,  белгілі  бір  жағымды  я  жағымсыз  астармен  айтыла 
береді.  
Сонымен  қатар,  әрбір  мақалды  айтқанда  «адам»,  «кісі»  категориясына 
байланыстырып айтамыз, соларды сипаттауда қолданамыз. Мақалдардың тура мағынада 
ұғынылатындарының  ӛзінде  әйтеуір  бір  салыстыру,  телу,  теңестіру,  шендестіру,  астарға 
айналдыру  білініп  тұрады.  «Қамшыға  бүлдіргі,  балаға  үлгі  керек»  дегенде,  халқымыз 
балаға жаман әдет, әдеп үйретпе деген мәнді қоса ұғындырады.  
Тура мағына беретін мақалдар ӛз тарапынан астарлы мәнде де қолданылуы мүмкін. 
Мысалы,  «Кісінің  кісілігі,  киімінде  емес,  білімінде»  деген  «ақымақтың  да  сәнді 
киінетіндігін»  меңзеп  тұр,  әжуалап,  ақымаққа  да  осы  мақал  айтыла  береді.  Мақал–
мәтелдердің айтылу мақсатының ӛзі әйтеуір астарға бағытталғандығы байқалып тұрады. 
Шын  мәнінде  осы  мақалдардың  бәрі  де  «адамның  ерсі  мінез-құлқын,  адамға  жат  іс-
әрекетке  барудың  адамның  кім  екенін  білдіретінін»  айтып  тұр.  Жаманды  кӛрмей 
жақсыны  танымайсың.  Әдеттің  не  екенін,  әдепсізді  кӛргенде  ұғарсың.  Ащының  дәмін 
татпай,  тәттіні  білмейсің  т.б.  мақал-мәтелдері  «кӛрмей,  сезбей  жақсыны  жаманнан 
ажырата  алмайсың»  дегенді  жеткізеді.  Мақал-мәтелдер  алдымен  бағалаушы,  бағалап 
сипаттаушы  элементтерге  жатады.  Олар  кӛбіне  мәнмәтінде  автордың  негізгі  ойын  және 
шындыққа қатысын білдіру үшін қолданылады. Стильдік тұрығдан мақал-мәтелдер белгілі 
бір  лингвистикалық  сипатқа  ие  бірліктер.  Мақал-мәтелдердің  ерекше  бір  қасиетіне 
олардың  бейтарап  стильде  қолданылмауын  жатқызуға  болады.  Мақал-мәтел 
фразеологизмдер  күнделікті  ӛмірдің  әртүрлі  жақтарын  ерекше  астармен  сипаттайды, 
адамдардың 
мінез-құлқына, 
іс-әрекетіне, 
қылығына, 
қарым-қатынасына 
тән 
ерекшеліктерін  (кӛбінесе  жағымсыз  жақтарын)  білдіреді,  олардың  басым  кӛпшілігінде 
философиялық және әлеуметтік сипат болады, ол ӛнегеге, ӛсиетке, ақыл-кеңеске т.б.  ізгі 
ниеттерге, мақсаттарға, уағызға негізделеді.  
Фразеологизмдердің  тілдік  табиғатына  тән  қасиеттердің  бірі  –  олардың  мәнмәтін 
құрамындағы  сӛздермен,  еркін  сӛз  тіркестерімен  және  сӛйлемдермен  байланысқа  түсу. 
Бұл 
байланыс, 
қарым-қатынас 
олардың 
бір-бірімен 
лексика-семантикалық, 
морфологиялық, синтаксистік қарым-қатынасында мәнге ие болады, яғни актуальданады. 
Фразеологизмнің  жеке  тұрғандағы  тұлғасы,  семантикасы  оның  құрамындағы  сӛздердің, 
олардың  арасындағы  ішкі  фразеологиялық  байланыстың  негізінде  белгілі  болса, 
мәнмәтінде  фразеологизмдер  жан-жақты  актуальданады,  яғни  фразеологизмдердің 
мәнмәтінге енуінің бастапқы тұлғасы оның қалыптасқан сӛздік құрамы болып табылады 
да, сол құрам мәнмәтінмен қатынасында әртүрлі нормативтік ӛзгерістермен қолданылады. 
Мәнмәтіндегі фразеологизмдердің қоршауы бір сӛзден бірнеше сӛзге, сӛйлемге дейін бола 
береді. Фразеологизмді қоршап, оны актуальдандырып тұратын сӛздердің я сӛйлемдердің 
аумағын  кейбір  ғалымдар  «фразеологиялық  контекст»  деп  атайды.  Мақал-мәтел  емес 
фразеологизмдер мен мақал-мәтел фразеологизмдердің қолданылуында айырмашылықтар 
мен  ұқсастықтар  бар.  Бұлардың  мәнмәтінде  қолданыс  функциясында    фразеологиялық 
мағыналарының  актуальдануына  әсер  ететін  қоршау  ортақ.  Олар  мәнмәтінде  бір  сӛзбен 
де,  бірнеше  сӛйлеммен  де  байланысқа  түсе  береді.  Тіпті,  кейде,  коммуникативтік 
фразеологизмнің  фразеологиялық  мағынасы  жандана,  жан-жақты  ашыла  түсу  үшін 
бірнеше  сӛйлемнен  тұратын  мәнмәтін  қажет.  Мәнмәтіннің  аумағы,  шегі  қолданылған 
фразеологизмнің фразеологиялық мәнінің ашылу дәрежесін қамтиды. 
Мақал-мәтел фразеологизмдердің жалпы мәні  образды мазмұн арқылы сипатталады 
(мысалыит жоқта шошқа үреді қорада фразеологизмінің мағынасынан « кім болса сол, 

20 
 
қажетті  нәрсенің  жоқ  кезінде,  мәнсіз  нәрсенің  белсенділік  кӛрсететіндігі»  түсініледі). 
Фразеологизмдердің  жалпы  мағынасының  әйтеуір  бір  уәжі,  дәлелдемесі  болады,  сол 
арқылы  фразеологиялық  мәні  кӛрінеді.  Мақал-мәтел  емес  фразеологизмдердің  ӛзі  де 
мәнмәтінде  лексика-семантикалық  және  синтаксистік  тұрғыдан  фразеологиялық  мәнде 
ұғынылады, яғни астарлы мәнінің дәлелдемелілігі, уәжділігі туынды мағынаға құрылады. 
Фразеологизмдердегі  туынды  мағына  әрқашан  астарлы  мәнде  болады.  Мұны  тесік 
моншақ жерде қалмас фразеологизмін онымен омонимдес еркін сӛйлеммен салыстырып 
аңғаруға  болады,  олардың  арасындағы  семантикалық  алшақтық  бірден  кӛзге  түседі. 
Демеймін жалпақ жұртқа бірдей жағар. Жазған соң жерде қалмас тесік моншақ, Біреуден 
біреу  алып,  елге  тарар  (Абай).  Бұл  жерде  әңгіме  асыл  заттың,  оң  жақта  отырған  әйел 
баласының  әйтеуір  бір  орнын  табатындығы  немесе  елеусіз  қалмайтындығы  туралы 
айтылған. 
Мақал-мәтел  емес  фразеологизмдердің  басым  кӛпшілігі  астарлы  мағыналы  болса, 
мақал-мәтел фразеологизмдердің тура мағынада қолданылатындары да бар, бірақ олардың 
кӛпшілігінде  ішкі  астар,  бейнелеуіш  мән  болады.  Қайсыбір  мақал-мәтелді  қолданушы 
оның ішкі астарын негізге алады. 
Қойшы  кӛп  болса,  қой  арам  ӛледі  фразеологизмін 
қолданғанда  «қойшының  кӛптігі»  сӛз  болып  тұрған  жоқ,  басшының,  мұғалімнің,  іс 
тапсырылған  адамдардың  және  т.б.  кӛптігі,  ал  «қой»  сӛзі  жалпы  тапсырылған  нәрсенің, 
істің  я  т.б.  қараусыз  қалатындығы  туралы  астарда  қолданылады.  Жалпы  қазақ  тіліндегі 
мақал-мәтелдердің 
арасынан 
тіпті 
болмағанда 
бір 
сӛзі 
астарлы 
мағынада 
қолданылмағандарын 
кездестіру 
қиын. 
Мысалы, 
тӛмендегі 
мақал-мәтел 
фразеологизмдердің  құрамындағы:  а)  Тырнақ  шеше  алмаған  шиені  тіл  шешеді 
фразеологизмінің барлық сыңарлары ауыс мағыналы; ә) Ақылдының сӛзі – ақ дарияның ӛзі 
фразеологизмінің  бір  сыңарлары  тура  мағыналы  да,  екіншілері  ауыс  мағынада;  б) 
Ысқырған  жылан  шақпайды,  үрген  ит  қаппайды,  Қатты  жауын  тез  ашылады 
фразеологизмдері  табиғат  құбылыстарын  сипаттаумен  қатар  кісінің  мінез-құлқын,  іс-
әрекетін  қатар  сипаттайды,  «жауынның»,  «жыланның»,  «иттің»  образы  пайдаланылып, 
адам қасиеттерін бейнелеуге жұмсалады.  
Мақал-мәтел емес фразеологизмдер мәнмәтін құрамындағы ӛзін қоршаған сӛздермен 
морфологиялық  байланысқа  түспей-ақ,  ӛз  алдына  жеке  сӛйлем  ретінде  қолданылып, 
жалпы мәнмәтін мағынасымен семантикалық байланысқа түседі. Мәнмәтінде жеке сӛйлем 
ретінде  қолданылғанда  фразеологизмдер  хабарлау  қызметімен  қатар,  бірдемені  атау 
белгісін де бойында  сақтайды  :   Құрымаудың жалғыз жолы тек майдандасу ма?  Жылы-
жылы  сӛйлесе  жылын  інінен  шығады.  Сойыл  ала  жүгіргенше,  жылы  сӛйлеп,  марқұм 
Аққозы  –  бикенің  атасымен  де,  балаларымен  де  тіл  табуға  болмай  ма?  (І.Е).  Мұндай 
қолданыстарда фразеологизмдер алдында айтылып кеткен жағдайға жауап ретінде қызмет 
атқарады. Кӛп сӛзді аз сӛзбен жеткізу, айтылмай қалған ойды түйіндеп жеткізу мақсаты да 
кӛзделеді. 
Фразеологизмдер  құрмалс сӛйлемнің бӛлшегі ретінде де қолданылады. Жағдайдың 
суреттелуіне  байланысты  олар  құрмалас  сӛйлемнің  басыңқы  да,  бағыныңқы  да  сыңары 
қызметінде  қолданылады,  эллипсистік  қолданыс  түрінде  де  кездеседі.  Мысалы:  Оның 
үстіне болашақ – жер астынан жік шығып, екі құлағы тік шыққан Қоқанда емес, ежелгі 
кӛне Бұқар әмірлігінде тәрізді  (І.Е).  Бақ құсы қонып, ақ түйенің қарны жарылды. Бірақ 
адамның бағы кӛтерілген сайын, жауы да кӛбейеді (І.Е).  Мүйіз сүраймын деп, құлағынан 
айырылған тоқал ешкідей Самарқантты жаулап алайын деп жүріп, Бұқарынан айырылды 
(І.Е).  Эллипсистік  қолданыс:  -  Ие,  әңгіме  бұзау  емізер  …  дегендей,  енді  бітім-келісімге 
кіріскен жӛн болар… (І.Е). Әрқайсысы ӛзін- ӛзі дӛй санайтын, ӛзім дегенде ӛгіз қара күші 
бар  әр  рудың  би,  батырларын  бір  ханға  бағындыру оңай  болып  па?  (І.Е).  Мәнмәтіндегі 
айтылмақ  ойдың  жағдайына  қарай  коммуникативтік  фразеологизмдер  эллипсистік 
ӛзгеріспен қолданылған. 
Фразеологизмдер әрт үрлі экспрессивтік мағынаны жандандырады. Мысалы: Бастан 
құлақ  садаға!  Ия,  Рабиу-Сұлтан-Бегім  осылай  ӛлуге  тиіс  !  (І.Е.).  Бұл  мәнмәтінде 

21 
 
экспрессивті  семантиканы  фразеологизм  кӛтеріп  тұр.  –  Жәй  әншейін,  семсерімді  тасқа 
салып дүзін сынап жатыр едім. - Қас болатты жау жүрегіне салып сынамас па ? – Оның 
да  жӛн  (І.Е.).  Сұраулы  сӛйлем  ретінде  қолданылғанда  да  фразеологизм  экспрессивті-
эмоциональды қызметте жұмсалады.  Мысалы  :  Қоқан ханына  жылына тӛлейтін жиырма 
мың күміс теңгені, ӛз пайдасына қалдырса,  мұртын балта кесе ме?  (І.Е.). Мақал-мақал 
емес  фразеологизмдердің  құрамындағы  сӛздердің  орнына  басқа  лексема  қолдану, 
мәнмәтінмен  байланысатын  сӛздің  морфологиялық  жақтан  ӛзгертіп-түрлендіруден 
олардың семантикасының экспрессивтік мәні артпаса, кемімейді. Мысалы : Битке ӛкпелеп 
тоныңды  отқа  салармысың.  Қолыңды  кесермісің.  Кеден  кеден  болды,  кедергі  неден 
болды?  – Уа, Жомарт батыр !  Ұсынған басты қылыш кеспес. Мен жеңдім демеймін, сен 
жеңілдің 
деме 
(С.См.). 
Фразеологизмдер 
құрамындағы 
«салма», 
«кеспейді» 
сыңарларының «салармысың», «кеспе» формаларында қолданылуы мәнмәтін мағынасына 
үйлесумен  қатар,  айтылмақ  ойдың  нақты  шешімін  талап  етуді  мақсат  еткен  кейіпкердің 
сӛз  қаруын  орынды  түйгенін  бейнелейді.  Мысалы,  «Бӛлтірікті  қанша  асырасаң  да 
тоғайын  аңсайды»  деген  осы  деп  бір  сәтте  Алтыншашты  жазаламақ  та  болды  (І.Е.). 
Фразеологизмінің  «тоғайға  қарап  ұлуын  қоймайды»  сыңарын  «аңсау»  лексемасымен 
ауыстыру  мағынаны  аса  астарландыра  түскен,  кім  де  болса  ӛз  ел-жұртын  қатты 
сағынатындығы,  оған  жетуді  аңсайтындығы  астардан  байқалып  тұр.  Мансапқор,  ақылға 
бай емес бала жігітті осындай жағдайға жеткізіп ап,  зұлымдығына найза бойламас уәзір, 
хан  тапсырмасын  орындауға  кіріскен  (І.Е.).  Мұнда  фразеологизмінің  «ізет»  сыңарының 
«зұлымдық» сӛзімен ауыстырылуы фразеологиялық мағынаны сақтап қана қоймай, оның 
фразеологиялық  мәнін  тым  күшейтіп,  экспрессивті-эмоциялық  бояуын  арттыра  түскен. 
Сондай-ақ, Құбыжықтан машайық қашқан, қолбасшыларының ӛзі атын кейін бұрғасын, 
жауынгерлері  де  соңынан  ерді  (І.Е.).  Фразеологизмінің  «пәле»  сыңары  «құбыжық» 
лексемасымен  ауысқан,  қарсыластың  тым  күштілігі  градацияланып  синониммен  (пәле-
құбыжық) берілген.  
Кӛпшілік  мақал-мәтел  емес  фразеологизмдер 
мәнмәтінмен  «де»  етістігімен  қолданылатындығына  байланысты  кӛп  ӛзгеріске  түсе 
бермейді. Мысалы : «Ер шекіспей бекіспейді» деген, шекістім – сен жеңдің деймін, - дейді 
ішінен  Қоңырқұлжа  (І.Е.).  Фразеологизм  мәнмәтінде,  немесе  сӛйлем  құрамында 
қолданылғанда  «де»  етістігінің  онымен  тіркес  құрау  қажеттілігі  байқалып  тұрады. 
Фразеологизмдердің  құрамындағы  ӛзгерістердің  жасалуы  да  қалыпты  нормаға  сай  адам 
санасында қалыптасып, репрезентацияланады да тұрақты сипатқа ие болады. 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет