Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының хабаршысы ғылыми-педагогикалық республикалық журнал



Pdf көрінісі
бет20/35
Дата21.01.2017
өлшемі2,75 Mb.
#2412
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   35

 
Пайдаланылған әдебиеттер. 
1. ҚР «Білім туралы» Заңы. 2007 ж. 27 маусымда шыққан. 
2. М.Қ.Қозыбаев. Қазақстан тарихы. Очерктер. 1994 ж. 
3. ҚР жоғары педагогикалық білім беру тҧжырымдамасы – Астана, 2005 ж. 
4. С.Нҧпейсова. Білімгерлердің ӛзіндік жҧмыстарын ҧйымдастырудың тәсілдері. 
«Қазақстан мҧғалімі» республикалық газеті № 6-7, 16 ақпан 2007 ж. 
 
Аннотация. В научной статье авторов Кадыркулова А.Ж. и Джантлеуовой Р.В. уделяется большое 
внимание внеклассной работе в школе, духовному развитию учеников, воспитанию патриотических 
чувств, любви к Родине, человеколюбия, раскрытию талантов и способностей у школьников
Annotation.  In  the  scientific  article of  authors of  Kadyrkulov A.J.  and Jantleuova  R.V.  is  paid  the  largest 
attention  on  the  educational  work  in  a  school,  on  the  spiritual  development  of  pupils,  on  education  of  some 
patriotical  feelings,  on  feeling  love  with    motherland,  humanity  and  opening  of  some  talents  and  abilities  at 
schoolchildren.    
 
 
 
 
37:173 
Қ40 
БАЛА ТӘРБИЕСІНДЕГІ ОТБАСЫНЫҢ РОЛІ 
 
Қапанова Ж.Т. 
Тараз мемлекетттік педагогикалық институты, Тараз қ. 
 
                                     
Балаларды тәрбиелей отырып, ата- аналар еліміздің болашақ тарихын,  
демек, дҥниенің де тарихын тәрбиелейді. А.С. Макаренко  
                                         
Отбасы- ғасырлар бойы ӛмір сҥріп келе жатқан адам баласының  әлеуметтік ортасы. Халықтың салт- 
дәстҥрін  әдет-ғҧрыптарының    сақтаушысы.    Сондықтан  отбасы  тәрбиесі  халықтың  ой  арманымен      мол 
тәжірибесімен    ҧлттық  дәстҥрімен    дамып,  ҧрпақтан-  ҧрпаққа  жалғасып  жеткен  тарихи  мҧра.  Әрбір 
отбасында  балалардың    рухани-адамгершілік  қасиеттерін  қалыптастыру  ең  бірінші    ата-ана  тәрбиесіне 
байланысты.  
 «Балаға  берілетін  бірінші  тәрбие  ата-  анасын,  туған-  туысын,  жолдасын  сыйлаудан  басталады. 
Себебі,  ата-анасын  сыйламаған  бала  жолдасына  да,  қоғамға  да  пайда  келтіре  алмайды»  деп  қазақтың 
белгілі  ағарушы  педагогы  Ы. Алтынсарин  ата-ананың  бала тәрбиесіндегі атқаратын  ролін  айрықша  атап 
кӛрсеткен. Бала тәрбиесі ӛте кҥрделі қҧбылыс. Жас ҧрпақтың тәрбиесі- қоғам алдындағы ортақ іс.  
Қазақстан    Республикасының  президенті-  Елбасы  Н.  Ә.  Назарбаев  ӛз  Жолдауында  жаңа  кезеңдегі 
әлеуметтік  саясаттың    маңызды  қҧрамдас  бӛлігі  ретінде  ана  мен  баланы  қорғауды  жариялай  отырып 
«Еліміздің  болашақта  қандай  болатыны  балаларымыздың  бойына  ӛзіміз  қандай  тәрбиені  сіңіретінімізге 
тікелей  байланысты.  Ең  алдымен,  біз  қыздарымыздың  тәрбиесіне    кӛп  кӛңіл  бӛлуіміз  керек.  Олар- 
болашақ  жар,    болашақ  ана,  шаңырақтың  шырақтары.    Бала  тәрбиесі-тек  ананың  емес,    ата-  ананың 
екеуінің  де  міндеті. Балалар  қоғамымыздың    ең әлсіз  және қорғансыз  бӛлігі  және  олар  қҧқықсыз  болуға 
тиісті емес.  Елбасы  ретінде  мен  әрбір сәбидің   қҧқығы қорғалуын  талап ететін  боламын. Бала тәрбиелеу- 
болашаққа ең ҥлкен инвестиция [1]. 
Бірлігі  жарасқан, ынтымақ,  береке   орнаған  елдің  ең  басты  байлығы-адам-  ӛзінің  адамгершілігімен, 
биік  парасат,  білігімен  ерекшеленуі  тиіс.  Бҧл  орайда  ҧлттық  тәрбиенің  негізі  болатын,  ғасырлар  бойы 
қалыптасып, маңыздылығын жоғалтпай келе жатқан тәуелсіздік, ҧлтжандылық, толеранттылық, ана тіліне 
деген сҥйіспеншілік, заңға бағыну, этникалық мәдениет және  салт- дәстҥр сияқты қазақ халқының ҧлттық 
қҧндылықтарының  орны  ерекше.  Осы  аталған  қҧндылықтардың  бала  бойында  қалыптасуында  отбасы 
тәрбиесінің алар орны бӛлек.  

Отбасы-  бҥкіл  ғасырлар  бойы  адам  баласы  тәрбиесінің  қҧралы  болып  келеді.  Отбасы  белгілі 
дәстҥрлердің,  жағымды  ӛнегелердің,  мҧралардың  сақтаушысы.  Онда  бала  алғаш  рет  ӛмір  жолымен 
танысады, моралдьдық нормаларды игереді. 
Жас  ҧрпақты  тәрбиелеу  жҥйесі  жаңа  заман  талабына  сай  қоғамдық  ӛмірде  болып  жатқан  ҧлы 
ӛзгерістерге  байланысты.    Оған  қойылар  талап-  жан-  жақты  жетілген    адамды  тәрбиелеу.  Қазақ 
зиялыларының  бірі  М.    Жҧмабаевтың:  «Тәрбиедегі  мақсат  баланы  тәрбиешінің  дәл  ӛзіндей  етіп  шығару 
емес, келешек ӛз заманына лайық қылып шығару»,-  деп  айтуы  бала тәрбиесіндегі ата-  ана,  мектеп,  қоғам 
алдында ҥлкен жауапкершіліктің тҧрғанын дәлелдейді. 
Ата-ана  бала тәрбиесіндегі  басты  тҧлға.   Сондықтан  әке  де,  шеше  де   балаларының    жан  дҥниесіне 
ҥңіліп, мінез- қҧлқындағы ерекшеліктерді жете білгені жӛн.   
Отбасындағы басты мәселелердің бірі-баланың тіршілік әрекетін ҧйымдастыру.  Бҧған баланың кҥн 
ырғағы,  міндеттері,  қойылатын  талаптар,  оның  ҥй  еңбегіне  қатысуы,  оқу  -  әрекеті  бос  уақытын  
ҧйымдастыру жатады.  
Отбасы  барлық  уақытта  да,    ӛсіп  келе  жатқан  ҧрпақтың  тәрбиесі  мәселелерін  шешуде  ҥлкен 
міндеттерге  ие  болған.    Қазіргі  заманғы  отбасының  ӛсіп  келе  жатқан  ҧрпақтың  тәрбиесі  мәселелерін 
шешудегі  ерекшелігі-  ата-  ананың  білім  және    жалпы  мәдени  деңгейінің  жоғары  болуы.    Балалардың 
отбасындағы  тәрбиесі  оның  белгілі  бір    тҧрақты  әлеуметтік  институттарында  анықталады  Ал  отбасы 
мҥшелері  арасындағы    ӛзара  қарым-  қатынастардың    қалыптасуы  мен  дамуына  септігін  тигізетін 
адамдардың    жақындығы,    туыстық  қатынастар,  ӛзара  ҥйелмендік,  тҧрмыстық  ӛмір.  Отбасы  тәрибесінің  
басқа тәрбиеден артықшылығы да осы қатынастарда,  оны тәрбиенің ешқандай тҥрі алмастыра алмайды.  
Отбасы-  баланың    әлеуметтену  жолындағы    алғашқы  қадамдарын  жасайтын  бастапқы  адым.  Ол 
балаға   моральдық    қалпы  туралы   алғашқы тҥсініктер  береді,  оны еңбекке  баулып,    ӛз-ӛзіне  қызмет  ету 
дағдыларын  қалыптастырады.    Ата-ананың  әрекеті  мен  мінез-қҧлқы,  ӛмір  сҥру  салты  арқылы  балаға 
дҥниетанымдық, адамгершілік, әлеуметтік саяси қҧндылықтар беріледі [3].  
Бала тәрбиесінде отбасы  тӛмендегідей ролдерді атқарады: 
 
отбасы  болашақ ҧрпақтың бойында  ең қҧнды адамгершілік қасиеттерді қалыптастырады; 
 
отбасы  жеке  тҧлғаны  әлеуметтендіру  міндетін  жҥзеге  асырады;  Ол  болашақ  жас  азаматтың   дене 
жетілуіне,  рухани  және  адами  тҧрғыдан  дамуынан,  жалпы  адамзаттық  қҧндылықтарды    және  ҧлттық 
рухани байлықты бағалауға еңбек ету дағдысы тәрбиелеуге ықпал жасайды; 
 
отбасында бала тәрбиесінде  ҧлттық дәстҥрлер жалғасады; 
 
отбасы  Қазақстан  Республикасының    мемлекетткік  заңдарын  қҧрметтеуші,  елжанды  азаматты 
тәрбиелейді; 
Баланың  ӛз  Отаны  ҥшін қажетті  азамат  болып  ӛсуінде    отбасы  тәрбиесіне  ҥлкен  міндет  жҥктеледі. 
«Отан-отбасынан  басталады»-  деген  сӛз  бекер  айтылмаса  керек,    Отанына,    туған  елі  мен  жеріне,  ана 
тіліне, тарихына, халықтың салт- дәстҥріне, туыстары мен жолдастарына деген қҧрмет пен сҥйіспеншілік 
тәрбиесі    балаға  ана  сҥтімен  беріліп,  жҥрегіне  ана  сҥтімен  жетуі  тиіс.  Заманымыздың  ақиық  ақыны 
Мҧхтар  Шаханов  жырлаған  тӛрт  ана:    туған  жері,  туған  тілі,  туған  дәстҥр  және  туған  тарихына  деген 
сҥйіспеншілік пен қҧрметті отбасы тәрбиесінде алған жан оларды қастерлей де  білері анық.  
Отбасындағы кӛріністің бәрі бала ӛміріне әсер етеді. Әке-әулет басшысы, отбасы мҥшелерінің тірегі, 
асырап  сақтаушысы,  қамқоршысы.  Ал  ана  болса-отбасы  беріктігін  сақтаушы,  бала  тәрбиелеуші,  ерлерін 
сыйлап,    рухани  қолдау  кӛрсететін  тҧлғалар.  «Баланың  жақсысы-  әке  мен  шешенің  ары»  дейді.  Бҥгінгі 
таңда  кӛптеген  отбасылар  баланың  тек  материалдық  жағын  қамтып,  рухани  жағын  кӛтеруге  уақытты 
тапшы кӛреді. 
Отбасында ата- аналар балаларына мейірімділік пен  қамқорлық кӛрсете отырып, қатал да талапшыл  
болса, сондай-ақ  ата-ана бойындағы барлық  тәрбиелік қасиет бала бойына сіңірілсе, бала тәрбиесі жақсы 
жолға қоюға болар еді.  
Бала  ҥшін  отбасы-бір  жағынан-  тіршілік  қоршауы  болса,  екінші жағынан- тәрбиелік  орта.  Баланың 
алғашқы    ӛмірі  жағдайындағы  отбасы  ықпалы  басқа  жағдайлар  мен  кейінгі  жас  кезеңдерінде  болатын 
ықпалдардан  басым  болып  келеді.  Отбасы-бҧл  мектеп,  ақпарат  кӛзі,  қоғамдық  ҧйымдар,    еңбек  ҧжымы, 
дос- жарандары, сондай- ақ  әдеп пен ӛнер кілті. Неғҧрлым отбасы жақсы болып, оның тәрбиелік ықпалы 
ҧнамды  келсе,    тҧлғаның  тән-дене,  рухани-  адамгершілік,  еңбектік  тәрбиесінің    ӛнімі  де  жоғары  болып 
келеді. Отбасы қандай болса, онда ӛсіп, ер жеткен адам да сондай [4]. 
 «Азамат қалыптастырамын десең, бесігіңді тҥзе»- деп ҧлы ғҧлама М. Әуезов бекер айтпаған.  
Қаншалықты отбасы болса, тәрбие ерекшеліктері де  соншалықты мол. Әрбір әке мен кез- келген ана 
ӛз  перзентіне    болашақта  қай  сапа  қасиеттерді  баулу  керектігін  жете  білгені  жӛн.                      Отбасылық 
тәрбиенің   саналылық  сипаты  мен тәрбиелік  міндеттерді  парасатты  шешу  жолдары  осымен  айқындалады 
[2]. 
Отбасындағы  тәрбие  әдістері  –  бҧл  ата-  аналардың  ӛз  баласының  санасы  мен  әрекет-  қылығына 
педагогикалық  ықпал  жасаудың    мақсатты  кӛзделген  жолы.  Бҧлардың    бәрі  де    тәрбиенің  жалпы 
әдістерімен тең болғанымен, дегенмен де олардың ӛз ерекшеліктері бар.    Олар: 

 
әр  балаға  болған  ықпал  тҧлғаның  жекелеген  нақты  әрекет  қылығы  мен    ақыл-  парасатына  
икемделуінен  даралықты келеді; 
 
тәрбие  әдістерін  таңдау  ата-  аналардың    педагогикалық  мәдениетіне  орайлас  келіп,    олардың 
тәрбие  мақсатын  тануына,  ӛз  қадір-қасиетіне  қҧндылықтық  бағыт-бағдарына,  ӛз  жанҧясында  орнатқан  
қарым- қатынасына т.б. тәуелді.  
сыдан  келіп,  отбасылық  тәрбие  әдістері  ата-  аналардың  тҧлғалық  сән-  сипатынан  ажыратыла  
қарастырылуы  мҥмкін  емес.    Қаншама  ата-  ана  болса,  тәрбие  әдістерінің  тҥрі  де  соншалықты.  Мысалы, 
жылы сӛзбен кӛндіру, қорқыту, айқайлап ҥркіту, мақтау мен мадақтау, қаталдық және жазалау. 
Алдында  ешқандай  қуанышы  болмаса,  адам  жарық  дҥниеде  тіршілік  етіп  жҥре  алмайды.  Адам 
ӛмірінің ең  жақсы  атышулы  қозғаушысы-  ертеңгі  қуаныш»-деген  А. С.  Макаренко [5].  Олай  болса,  әрбір 
ата- ана  баланы ертеңгі қуанышты  сезіне білуге тәрбиелеу қажет.  
Әрбір  ата-ана  баласының  тәрбиесі  ҥшін    Отан  алдында,  мемлекет  алдында  жауапты  екенін  
ҧмытпағаны абзал.  Тек  отбасында ата-  ананың    қолайлы  ҥлгі  ӛгегесін  игерген   бала  жан-жақты  дамыған 
жақсы тәрбие алған тҧлғаға айналады.  
Отбасы  адам  баласының  алтын  діңгегі.  Ӛйткені  адам    ең  алғаш  шыр  етіп  дҥниеге  келген  сәтінен  
бастап,  осында  ержетіп,  отбасының  тәрбиесін  алады.  Сондықтан  да  отбасы-  адамзаттың  аса  қажетті,  әрі 
қасиетті алтын мектебі.   
 
Пайдаланған әдебиеттер: 
1.Назарбаев  Н.  Ә.  /  «Қазақстан  -2050»  стратегиясы  қалыптасқан    мемлекеттің  жаңа  саяси  бағыты» 
атты Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына Жолдауы\ Астана, Ақорда, 2012 
2. Әбенбаев С. Тәрбие теориясы мен әдістемесі, Алматы. Дарын 2004 
3. Джумамуратова Р. Баланың бас ҧстазы-ата-анасы. //Жанҧя мен мектептегі тәрбие. №3 2012 
4. Мәдениет А. Тәрбие мен білім беруде отбасымен қарым- қатынас қалыптастыру. 
// Мектепке дейінгі тәрбие мен  оқыту мәселелері. №1 2014 
5. Макаренко А. С.  Ата-аналар кітабы. А., 1987 
 
 
Аннотация.  В  даннной  статье  рассматривается  влияние  семьи  на  воспитание  ребенка.  Семья-  это 
особого рода коллектив, где закладываются основы личности ребенка. 
Annotation.  This  article  is  shown  the    influence  of  family  to  child‘s  education.  What,  child  acquires  in 
childhood keeps forever. The family‘s importance as education is very important because for a long time a  child 
is in it. 
 
 
 
373 
Қ40 
МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ  БАЛАЛАРҒА  АДАМГЕРШІЛІК  ТӘРБИЕ БЕРУ 
 
Қапанова Ж.Т., Қуанышева Ә. Ж. 
Тараз мемлекеттік педагогикалық институты, №7 балабақша, Тараз қ. 
 
Жас  ҧрпақтың  адамгершілік  қасиеттерін  қалыптастыру  тәрбиешінің  ең  негізгі  міндеттерінің    бірі 
екендігі  баршамызға  мәлім.  Балабақшадағы    тәрбие-барлық  тәрбиенің  бастауы.  Балабақшадағы  әрбір 
тәрбиеші-  педагог  оқу-тәрбие  жоспарын тиімді  әрі  нәтижелі  етіп  ҧйымдастыру  ҥшін  ӛздерінің  бағдарлық  
біліктіліктерімен,      қабілеттіліктерімен  қатар,  педагогикалық  жаңа  технологиялар  негіздерін  жетік 
меңгеруі  тиіс.  Яғни  бҥгінгі    тәрбиешінің  басты  міндеті  әлемдік  ӛркениеттілікке  ҧмтылып,  әлемше 
танылып отырған Тәуелсіз Қазақстанның болашағын қҧрайтын жас бҥлдіршіндерді саналы, адамгершілігі 
мол азамат етіп тәрбиелеу. Тәрбиенің негізі  бірінші кезекте әрбір отбасында қаланатынын ескере отырып, 
«Ҧяда  не  кӛрсе,  ҧшқанда  соны  іледі»  деген  қазақ  халқының    даналық  қағидасын  ҧстанып,    кӛптеген 
ҧйымдастырылған іс- шаралар ата- аналардың қатысуымен ӛткізіледі. Ӛйткені, жеке тҧлғаның қалыптасуы 
ең  алдымен  отбасындағы    ҥлгі-ӛнеге  мен  тәлім-  тәрбиеге  байланысты.  Сондықтан  ба  балабақша  ҧжымы  
ата-аналардың  балабақшада  ӛткізілетін    тҥрлі  іс-шаралар  мен    тәрбие  ісіне  қатысты  ертеңгіліктерге 
қатысуларын қамтамасыз етіп отырады [2]. 
Адамгершілік санасы биік ата- ананың, отбасы мҥшелерінің бір- бірімен сыйласуы, сенуі, қолдасуы, 
кӛмегі,  татулығы  мен  ынтымағы,  бір-  біріне  талап  қоя  білуі,  әрқашан  адал  болуы,  ӛзара  қамқорлығы 
салтқа кірген отбасынан  қашанда кӛргенді, білікті іскер азаматтар  ӛсіп шығатыны белгілі.  
Халықта «Ағаш тҥзу ӛсу ҥшін оған кӛшет кезінде кӛмектесуге  болады, ал ҥлкен ағаш болғанда оған 
кӛмектесе  алмайсың»  деп  бекер  айтылмаған.    Сондықтан  баланың  бойына  жастайынан  ізгілік, 

мейірімділік,    қайырымдылық,    яғни  адамгершілік  қҧнды  қасиеттерді  сіңіріп,  ӛз-ӛзіне  сенімділікті 
тәрбиелеуде отбасы мен  тәрбиеші шешуші рол атқарады. Адамгершіліктің негізі мінез-қҧлық нормалары 
мен    ережелеріне  тҧрады.  Олар  адамдардың  іс-қылықтарынан,  мінез-қҧлықтарынан  кӛрінеді,  моральдық 
ӛзара  қарым-қатынастарды  басқарады.  Отанға  деген  сҥйіспеншілік,  қоғам  игілігі  ҥшін  адал  еңбекке  ету, 
ӛзара кӛмек, сондай-ақ  қоғамға тән адамгершіліктің ӛзге де формалары, бҧл- сананың, сезімдердің, мінез- 
қҧлық  пен  ӛзара  қарым-қатынастың    бӛлінбес  элементтері,  олардың  негізінде  қоғамымыздың  қоғамдық-
экономикалық   қҧндылықтары  жатады.  Баланың  ӛмірге  белсенді  кӛзқарасының  бағыты  ҥлкендер арқылы 
тәрбиеленеді. Тәрбиелеу, білім беру жҧмысының мазмҧны мен формалары балалардың мҥмкіндігін ескеру 
арқылы  нақтыланады.              Адамгершілікке, еңбекке тәрбиелеу кҥнделікті ӛмірде, ҥлкендердің қолдан 
келетін  жҧмысты  ҧйымдастыру  процесінде,ойын  және  оқу  ісінде  жҥзеге  асады.  Мектепке  дейінгі 
ҧйымдарда оқу-тәрбие процесі ойын тҥрінде ҧйымдастырылатындықтан ойынның бала ӛміріндегі алатын 
орны  ерекше.  Ойынды  тәрбиеші  баланың  іс-  әрекетін  жандандыруға  арналған  тәсіл  ретінде  қолданады.  
Ойын  арқылы  тәрбиеші  балалар  бойына    сыпайылық,  байсалдылық,    алғырлық,  бауырмалдық, 
шыншылдық  т.б,  қасиеттерді      қалыптастырады.  Дидактикалық  ойын  адамгершілік  тәрбие  міндеттерін 
шешуге, балалардың жеке басын дамытуға кӛмектеседі [3]. 
Тәрбиешінің  ең бастапқы формалары  педагогтың  балалармен мазмҧнды қатынасында,  жан-жақты 
іс-әрекетінде,  қоғамдық  ӛмірдің  қҧбылыстарымен  танысу  кезінде,  балаларға  арналған      шығармалармен, 
суретшілер туындылармен танысу негізінде іске асады.  
Мҧндай  мақсатқа  бағытталған  педагогтық  жҧмыс  еңбексҥйгіштікке,  ізгілікке,  ҧжымдық  пен 
патриотизм бастамасына тәрбиелеуге мҥмкіндік жасайды.  
Балаларды  ортақ  пайдалы  жҧмысты  істеуге  тырыс,  бірге  ойнау,  бір  нәрсемен  шҧғылдану,  ортақ 
мақсат  қою  және  оны  жҥзеге  асыру  ісіне    ӛздері  қатысуға    талпыныс  пайда  болады.    Мҧның  бәрі  де 
баланың    жеке  басының  қоғамдық  бағытын  анықтайды,  оның  ӛмірге  белсенді  ҧстанымын  бірте-  бірте 
қалыптастырады.  
Мектепке  дейінгі  балаларды  адамгершілікке  тәрбиелеудің  негізгі  міндеттері-  балалардың 
адамгершілік  сезімдерін,  мінез-  қҧлықтың  ізгі  дағдылары  мен    әдеттердің  адамгершілік  ҧғымдары  мен 
мінез-  қҧлық  тҥрткілерін  қалыптастыру.    Баланы  тәрбиелеуде    оның  ӛмірінің  алғашқы  жылдарынан 
бастап- ақ адамгершілік сезімдерін қалыптастыру ҥлкен орын алады.  Ҥлкендермен қарым- қатынас жасау 
процесінде оларға ҥйір болу, оларды жақсы кӛру сезімі, олардың нҧсқауларына сай әрекет жасауға, оларға 
қуантуға, жақын адамдарын ренжітетін қылықтар жасамауға ҧмтылу пайда бболады. Бала ӛзінің тентектік, 
қателік  жасаған кездегі  ренішті немесе  наразылықты  кӛргенде  толқуды  бастан  кешіреді,  ал  ӛзінің  жақсы 
қылықтарына жылы шыраймен қараса, оған қуанып,  жақын адамдарының  ризашылдық білдіруінен рақат 
алады.  Мектепке  дейінгі  шақта  балада  қайырымдылық,  жанашырлық,  қуанышқа  ортақтасу  сезімдері 
қалыптасады.    Сезім  балаларды    белсенді  іс-  әрекетке,  кӛмек  кӛрсетуге,  қамқорлық  жасауға,  кӛңіл 
аударуға,  жҧбатуға,  қуантуға  итермелейді.    Патриоттық  сезімге:  туған  ӛлкесін,  Отанын  сҥюге,  басқа 
ҧлттардың  адамдарын  қҧрметтеуге    тәрбиелеудің    ерекше  маңызы  бар.  Тәрбиеші  балаларда    ҥлкендерге 
қҧрмет  кӛрсетуді,  ӛз  қатарларымен  дҧрыс  қарым-  қатынас  жасауды,  заттарға  ҧқыпты  қаруды  білдіретін 
сан алуан  мінез- қҧлық дағдыларын қалыптастырады. 
Сананың қалыптасуы бала мектепке бармастан бҧрын жақын адамдардың ӛзара қарым- қатынасынан 
басталады.    Баланы  жақсы  адамгершілік  қасиеттерге,  мәдениетке  тәрбиелеуде  тәрбиелі  адаммен  жолдас 
болудың  әсері кҥшті  екенін   халқымыз ежелден  бағалай  білген.  Оның  мәнін «Жақсымен  жолдас  болсаң- 
жетерсің  мҧратқа,  жаманмен  жолдас  болсаң-  қаларсың  ҧятқа»,  «Жаман  дос  жолдасын  жауға  қалдырар» 
деген  мақалдардан  кӛруге  болады.Сондай-ақ  мақал-  мәтелдер,  жҧмбақ,  айтыс,  ӛлеңдер  де  адамгершілік 
тәрбиенің  арқауы  болады.  Ҥлкенді  сыйлау-    адамгершіліктііің  бір  негізі.  Балабақшада    балаларға 
адамгершілік  тәрбие  беру    мақсатында    би-шешендердің  тәрбиелік,  адамгершілік  қасиеттер  жӛніндегі 
ӛсиет  сӛздерін,  тағылымды нақыл  сӛздерін  қолданған  абзал.  Мысал,  «Болмасаң  да  ҧқсап  бақ  «-  деп  Ҧлы 
Абай  айтқандай  ҥлгі-  ӛнеге  балалардың    аддамгершілік  қасиеттерді  бойына  сіңіруге,  ӛмірде  ӛз  орнын  
табуға бағыт- бағдар береді.  
Ҧрпақ тәрбиесін толық  жҥзеге  асыру  ҥшін    баланы    адамгершілік  мҧратқа ерте  бастан  баулу  оның 
отбасынан  басталып,  балабақшада  жалғасын  табады.    Мектепке  дейінгі    жаста  балаларда    бастапқы 
адамгершілік  сезімдер  мен  ҧғымдар,    адамшылық  мінез-  қҧлқының    ең  қарапайым  дағдылары 
қалыптасады  [1].  Жеке  тҧлғаны  қалыптастыруда,  олардың  жан  дҥниесіне  сезіммен  қарап,  әрбір  іс- 
әрекетіне мақсат қоюға, жоспарлауға, оны орындауға,  ӛзіне- ӛзі талап қоя білуге тәрбиелеу- адамгершілік 
тәрбиесінің  басты  мақсаты.  Тәрбиеші  балаларды    адамгершілік  нормаларына  бағынатын,  саналы  тҥрде 
меңгерілген  мінез- қҧлыққа тәрбиелейді..  
    Адамгершілік нормалары: 
 
қайырымдылық 
 
сыпайылық 
 
әділдік 
 
 қарапайымдылық 

 
жанашырлық және т.б.ҧғымдарды тәрбиеші бірте- бірте балаларға тҥсіндіру арқылы 
меңгертеді.   
Тәрбиенің дәні  мектепке дейінгі тәрбие ошағында беріледі. Балабақшадағы балаларға  адамгершілік 
тәрбие  беруде  алдымен  баланы  тек  жақсылыққа,    қайырымдылық,  мейірімділік  пен  ізгілікке  тәрбиелеп, 
соны мақсат тҧтса тәрбиешінің де, ата- ананың да  болашағы зор болмақ .  
Адамгершілік-  адамның  рухани  байлығы,  ол  болшақ  ҧрпақты  ізгілік  бесігіне  бӛлейтін  руханият  
дәуіріне қадам болып табылады. Адамгершілік тәрбиенің нәтижесі адамдық тәрбие болып табылады.   Ол 
тҧлғаның    қоғамдық  бағалы  қасиеттері  мен    сапалары,    қарым-  қатынастарында  қалыптасады. 
Адамгершіліктің  қайнар  бҧлағы-халқында,  отбасында,  олардың  ӛнерлерінде,  әдет-ғҧрпында.  Әр  адам 
адамгершілікті  кҥнделікті  тҧрмыс-  тіршілігінен,  ӛзін  қоршаған  табиғаттан  бойына  сіңіреді.  Осының 
ішінде    ата-  ана,  отбасы  тәрбиесіне  тоқталып  ӛтсек,  «Адамның  бір  қызығы  бала  деген»  деп    Абай 
айтқандай,  бала  адамның  да,    ӛмірдің  де  қызығы.  Ата-  ана  тәрбие  ӛнегесі,  сондықтан,  мынадай  қазақ 
мақал-  мәтелдері  ертеден  жатталып  айтылып  келеді.«Ата  кӛрген  оқ  жонар,  ана  кӛрген-  тон  пішер», 
«Баланың ҧяты- әкеге, қыздың ҧяты- шешеге». 
Отбасы- ғасырлар бойы ӛмір сҥріп келе жатқан адам баласының  әлеуметтік ортасы. Халықтық салт- 
дәстҥрін  әдет-ғҧрыптарының    сақтаушысы.    Сондықтан  отбасы  тәрбиесі  халықтың  ой  арманымен      мол 
тәжірибесімен    ҧлттық  дәстҥрімен    дамып,  ҧрпақтан-  ҧрпаққа  жалғасып  жеткен  тарихи  мҧра.  Әрбір 
отбасында  балалардың    рухани-адамгершілік  қасиеттерін  қалыптастыру  ең  бірінші    ата-ана  тәрбиесіне 
байланысты [5]. 
 «Балаға  берілетін  бірінші  тәрбие  ата-  анасын,  туған-  туысын,  жолдасын  сыйлаудан  басталады. 
Себебі,  ата-анасын  сыйламаған  бала  жолдасына  да,  қоғамға  да  пайда  келтіре  алмайды»  деп  қазақтың 
белгілі  ағарушы  педагогы  Ы. Алтынсарин  ата-ананың  бала тәрбиесіндегі атқаратын  ролін  айрықша  атап 
кӛрсеткен. Бала тәрбиесі ӛте кҥрделі қҧбылыс. Жас ҧрпақтың тәрбиесі- қоғам алдындағы ортақ іс [4]. 
Еліміздің кӛркейіп   ӛркениетті елдің қатарына қосылып, халықаралық деңгейге шығуы бҥгінгі ҧрпақ 
бейнесімен кӛрінеді.  
Тәрбие-  тал  бесіктен  басталады»  деген  дана  халқымыз.  Демек,  баланың  қоғамға  ӛзіндік  пайдасын 
тигізер  тҧлға  болып  дамып  жетілуіне  бірден-  бір  ықпал  ететін  орын-  балабақша.  Тек  қана  отбасындағы 
тәрбие  баланың    жан-  жақты  дамыған  тҧлға  ретінде  қалыптасуына  аздық  етеді.    Сондықтан    бала 
дамуының  негізгі  баспалдағын-балабақшадағы  адамгершілік  тәрбие  беруді  қалыптастыруымыз  қажет.    
Адамгершілік  тақырыбы  мәңгілік.  Ол  ешкашан  ескірмейді.  Жас  ҧрпақтың  бойына  адамгершілік 
қасиеттерді сіңіру-ата ана мен тәрбиешінің басты міндеті.   
 
Пайдаланған әдебиеттер: 
1. Әбенбаев С. Тәрбие теориясы мен әдістемесі, Алматы. Дарын 2004 
2.Бала мен балабақша журналы №6. 2012 
3.Отбасы және балабақша №2,3 №2011. 
4. Әбдіразақов Е. Адамгершілік, имандылық тәрбиесі. Шымкент, 1994 
5.  Бекжанова  Б.  Адамгершілік-  рухани  тәрбиенің  маңыздылығы.  //  Мектепке  дейінгі  тәрбие  мен 
оқыту №1, 2012 
 
Аннотация.  В  статье  рассматриваются  проблемы  нравственного  воспитания  детей  дошкольного 
возраста. 
Annotation.  This  article  discusses  the  moral  education  of  children  of  preschool  age.n  this  article  are 
consifered some problems of the moral edication at children of the preschool ade. 
 
 
 
 
УДК:37:037 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   35




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет