___________________________________
1.Накатков Ю.С. История туризма Казахстана, Алматы, 2001
2.Кабушкин С.В. «Организация туризма», Минск, 2003
3.Саипов А.А. «Актуальные вопросы теории и практики туризма». Алматы, 1999
4.Ефремов Ю. «Экскурсии. Организация и методика проведения», Москва, 1990
С.А. Байтілен
ҚАЗАҚСТАННЫҢ САЯСИ ПАРТИЯЛАРЫ
УДК 32.001 (075)
Ең ұйымдасқан жҽне саяси бағытталған қоғамдық бірлестік-саяси партия. Партияны қазіргідей
түсіну ХІХ ғасырдың екінші жартысында пайда болды. «Партия» термині латынның partis сҿзінен
шыққан, тым ірі қауымдастықтың, процестің бҿлігі дегенді білдіреді. Бұл ұғым ежелгі дүниенің
ҿзінде-ақ ортақ мақсатқа ұмтылған саяси одақтастар тобын білдіретін ұғым ретінде қолданылған.
ХІХ ғасырда сайлау құқығының кеңеюі мен ұйымдасқан жұмысшылар қозғалысының пайда
болуы нҽтижесінде саяси партиялардың сипаты сапалық ҿзгеріске ұшырады. Кҿптеген елдердегі
цензілік шектеулердің біртіндеп алынып тасталуы, сайлау құқығы реформалары сайлау корпусын
елеулі түрде кеңейтті.
Институт ретіндегі саяси партиялардың дамуына жұмысшылар қозғалысы айтарлықтай үлес
қосты [1]. Ол мүшелері кҿпшіл, жергілікті ұйымдар желісі бар, мерзімді түрде съезд ҿткізіп тұратын
жарғысы мен мүшелік жарнасы бар партияның классикалық типін жасады.
Алғашқы жұмысшы партияларының бірі 1863 ж. Лассаль құрған «Жалпыға бірдей Герман
Одағы» болғды. ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басында жұмысшы қозғалыстары екі ағымға –
революциялық жҽне реформистік ағымдарға бҿлінді, соның негізінде жұмысшы табы партиясының
екі негізгі тобы – коммунистік жҽне социалистік топтары пайда болды.
Саяси партияның негізгі ерекшеліктері белгілері болып табылатындар [2]:
Белгілі бір таппен, ҽлеуметтік жікпен, топпен немесе олардың жиынтығымен байланысы, яғни,
ҽлеуметтік негізінің болуы;
Партия мүшелерінің дүниетанымдық мақсаттары мен идеологиялық принциптерінің бірлігін
кҿрсететін қызметінің белгілі бір бағдарламасын иемденуі;
Сайлауда елден бүкіл халықтық қолдау табуға ұмтылу;
Формальданған ұйымдық құрылымының болуы (мүшелік, органдарының субординациясы,
партиялық аппарат жҽне т.б.) жҽне ұзақ уақыт бойы ҽрекет етуге қабілетінің болуы;
Саяси билікке жету мақсаты жҽне оның іске асырылуы үшін қимыл ҽрекеті.
Саяси институт ретіндегі партияның ерекшелігі – бұл саяси, мемлекеттік билік үшін ашық
күресуі. Партия ҿзінің алдына қандай да болмасын нақты мақсат қойса да мейлі, коммунизм құру
немесе қоршаған ортаны қорғау болсын – ол оған билік үшін күрестің кҿмегімен жетеді.
Саяси партиялардың саяси жүйедегі орны мен ролі кҿбіне оның атқаратын қызметтерімен
айқындалатынын айта кеткен жҿн. Саяси партиялардың атқаратын қызметтері оның іс-ҽрекетінің
негізгі міндеттері мен бағытын, оның қоғамдағы орнын кҿрсетеді. Саяси партияның неғұрлым ортақ
функцияларының қатарына:
ҽлеуметтік мүдделер ҿкілдігі;
бағдарламалық нұсқаулар, партияның саяси бағытын жасау;
қоғамдық пікір, саяси білім қалыптастыру жҽне азаматтарды саяси ҽлеуметтендіру;
кадрлар жҽне ұсыну міндеті жатады.
Саяси партияның билікті іске асыру қызметі:
мемлекеттік билік пен басқару органдарында сайлауға ҽзірлену мен оны ҿткізуге қатысуды;
партияның парламенттік қызметін, парламенттің партиялық фракцияларындағы жҽне жергілікті
билік органдарындағы оның жұмысын;
183
мемлекеттік органдардың саяси шешімдерді даярлауы мен қабылдау процесіне қатысуды;
ҿзінің құрамын толықтырудыжҽне басқа міндеттерді ҿзіне қосып алады.
Қазіргі демократиялық қоғамдарда саяси партиялар билік үшін күресте күштеу ҽдісін жоққа
шығарады жҽне сайлау процесіне бағдар етіп ұстанады. Сайлау партиялардың бҽсекелестігінің басты
аренасы болып табылады [3]. Бҽсекелестік күресте сайлаушылардың басым бҿлігі саяси бағытын
қадір тұтатын партия табысқа жетеді. Cондықтан сайлаушылар тарапынан қолдау табу, ҿзінің
электоратын құру мен кеңейтуді қамтамасыз ету партияның басты міндеттерінің бірі болып
табылады.
Қазіргі кезде ҽр түрлі елдерде саяси билік үшін күреске қатысатын сан алуан түрлі партиялар
ҽрекет етеді. Олар біреумен шектелмей, бірнеше ондаған болуы да мүмкін. Сол секілді ҽр түрлі
партиялардың қоғам мен билік құрылымындағы орны да бірдей емес. Атап кҿрсетілгеніндей,
олардың бірі үкіметтік болса, екіншісі оппозициялық бола отырып, сонымен бір мезгілде ҿкілдік
органдарының жұмысына қатысады, үшіншілері - билік институттарының қалыптасуы мен жұмыс
істеуін қамтамасыз етуде мүлдем ешқандай рҿл атқармайды.
Саяси режимнің түріне байланысты демократиялық, авторитарлық партиялық жүйелер туралы
да айтуға болады; үстемдік етіп тұрған ҽлеуметтік құндылықтарға сҽйкес социалистік жҽне
буржуазиялық болып бҿлінеді; партия мен мемлекеттің арасындағы қатынастың ерекшелігіне қарай
бҽсекелес жҽне бҽсекелес емес, альтернативті жҽне альтернативті емес партиялық жүйелер болып
бҿлінеді [5].
Қазіргі уақытта дамыған елдердің кҿпшілігінде кҿппартиялық жүйе орнықты, дегенмен оның
жетістігі мен кемшілігіне қатысты пікір талас толастар емес.
Қазіргі уақытта Қазақстанның саяси орталығы ролін іс жүзінде ел басшылығы – президент пен
билік партиясы деп аталатын билік «вертикалы» орындап отырғандығы жҿніндегі кейбір ғалымдар
мен саясаткерлердің пайымдаулары кҿкейге қонады. Бұл саяси күш шын мҽнінде елдің қоғамдық-
саяси ҿмірінің реттеушісіне айналды. Демократиялық қоғамның ҿлшемдеріне жауап беретін
партиялық жүйенің қалыптасуы мен дамуы процесі кҿбіне соларға байланысты.
Қоғамдағы саяси партиялар мен олардың жүйелерінің қызметі қоғамдық ұйымдар мен
қозғалыстардың қызметімен толығып отыратындығын айта кеткен жҿн. Қазіргі жағдайда олардың
маңыздылығы арта түсуде. Олар қоғамның саяси ҿміріне барған сайын кҿбірек ықпал етуде.
400 жылдан астам шексіз шығын қасірет, құрбандықтармен ҿткен саяси күресте дүниеге келген
алғашқы тҽуелсіз қазақ мемлекеттігі ХІХ ғасырдың екінші жартысында Қазақстанның Россияға
қосылуы аяқталғасын мүлде жоғалып, оның орнына отаршылық саясаттың ҽскери-ҽкімшілік жүйесі
орнады. 1917 жылы ақпан революциясынан кейін, Қазақ революциясы кезінде ескі саяси жүйенің
ыдырауына байланысты бүкіл Россия кҿлемінде етек алған бұқаралық-халықтық қозғалыс, жалпы
қоғамдық үрдіс заңды түрде қазақтың ұлттық автономиясын, тҽуелсіз мемлекетін құру идеясын
тудырды. Осы кезеңде Алаш партиясы құрылып, оның басшылары Алихан Бҿкейханов, Ахмет
Байтұрсынов, Мыржақып Дулатов тағы басқа қайраткерлер Қазақстанда ұлттық мемлекет құру ісіне
бет бұрып, қазақ елін тҿніп келген апаттан құтқармақшы, бостандық, тҽуелсіздік, бірлік
байымдылықпен алып шықпақшы болды [4].
Қазақ мемлекеттігі (автономия) туралы мҽселе 1917- жылдың желтоқсан айында Орынбор
қаласында ҿткен екінші Жалпықазақтық съезде қаралды. Осы съездің алдында (1917-жылдың 21
қараша айы) «Қазақ» газетінде Алаш партиясының он тараудан тұратын шын мҽнінде
конституциялық бағдарламасы жарияланған болатын. Алаш партиясының да, жалпықазақтық съездің
де негізгі мақсаты – қазақтың мемлекеттік егемендігінің бастапқыда Ресей демократиялық
федеративтік республикасының құрамында автономияны жүзеге асыру болды. «Қазақ-қырғыз
автономиясы Алаш деп аталсын» деген қаулыны съезд бірауыздан қабылдады. Жаңа құрылған
мемлекет «Алаш-Орда» атын алды. Съезд Қазақстанда орталық билік-халық кеңесі – Алаш-Орда
үкіметін құру ісі туралы шешімдер қабылдады, демократиялық негізде Алаш-Орда-Халық Кеңесінің
тҿрағасын (Алихан Бҿкейханов) сайлады. Жас Алаш-Орда тарихи шиеленіскен ауыр кезеңде қысқа
ҿмір сүрді, 1920 жылдың наурыз айында ҽскери-революциялық комитеттің шешімімен жойылды.
Алаш-Орда үкіметінің басшылары түгелдей, Алаш партиясының кҿптеген мүшелері қуғын-сүргінге
ұшырап, 30-жылдардағы қырғыз саяси репрессия кезінде қаза болды, тарих бетінен аттары ҿшірілуге
аз-ақ қалды. Алаш-Орда үкіметінің қандай қиын саяси жағдайда дүниеге келгендігі туралы мынандай
бір ақиқат-құжатты келтіруге болады. Екінші жалпықазақтық съезд туралы «Қазақ» газеті былай деп
жазды: «Осы съезге жиылған ҿкілет автономия туралы тоғыз күн толғанып, жүрегі дірілдеп,
буындары қалтырап, бір айдан соң жариялауға ҽрең қаулы алысты».
184
Қазақ халқының кҿп ғасырларға созылған есіл арманы – ұлттық тҽуелсіз мемлекеттігін
қалыптастыру – 70 жыл бойы іске аса алмады. Мұның басты себебі: КСРО кезінде , осы
тоталитарлық жүйенің үстемдік еткен дҽуірінде жалғыз Қазақстанда ғана емес, барлық кеңестік
республикаларды ұлт мҽселесінің түбегейлі шешілмей келгендігі; ұлттық мемлекеттік деген мҽселе
құр декларация, салтанатты түрдегі мҽлімдеге айналды, орталық үкімет; СОКП кеңестік
республикалардың егемендігіне іс жүзінде мҽн бермеді, тіпті елемеді. Осының негізінде 70-80
жылдары КСРО шеңберінде жаңа саяси қозғалыс басталды, тоталитарлық жүйеден демократиялық
қоғамға ҿту үрдісі бүкіл дүние жүзін дүр сілкіндірді.
Бұл күрделі саяси үрдіс (процесс) 1979 жылғы Целиноград (Ақмола) қаласында ҿткен
демонстрация мен 1986 жылы Алматыда болған желтоқсан оқиғаларымен алғашқы рет жарқ етті.
Қазақ жастарының 1986 жылғы желтоқсанда Алматыда жҽне Қазақстанның бірқатар облыстарында
бой кҿтерулері ұлтшылдық сипатта болған жоқ. Жастар наразылығының тереңге бойлаған
тамырлары саяси-ҽлеуметтік ҽділетсіздік пен ҽміршіл-ҽкімшіл жүйенің кемшіліктерінде жатқаны
кҿрінді. Қазақ жастарының бұл демократиялық ҽрекеті басқа халықтарға, соның ішінде орыстарға,
қарсы бағытта болмағандығы дҽлелді болды. Желтоқсан оқиғаларының халықаралық саяси-
ҽлеуметтік сипаты мен мҽні кҿптеген шет елдерде де қоғамдық түсінік тапты. Осыған дҽлел ретінде
Американың сол кездегі президенті Рональд Рейганның мҽлімдемесін келтірсек те болды. Ол ҿзінің
1987 жылы езілуші ұлттар аптасына байланысты жарияланған мҽлімдемесінде 1986 жылы адам
құқықтары жҽне тҽуелсіздік үшін күрескен халықтарды санай келіп, олардың қатарында қазақтарды
ерекше атап кҿрсетті.
Сонымен, Қазақстан тарихында 70 жылға созылған қоғамдық қозғалыс, саяси-ҽлеуметтік үрдіс
қазақ ұлтының жас егеменді мемлекетін дүниеге ҽкелді. Қазақстанның болашақ мемлекеттігінің
негізгі сипаттары 90-жылдардың басында қалыптасты. КСРО-ның ыдырауы, мемлекеттіліктердің
жаңадан жандандырылуы жҽне заңдандырылуының жан-жақты күрделі процесіне ұласты.
1990-жылдың 25 қазанында Қазақстанның мемлекеттік егемендігі туралы Декларация
қабылданды. Декларация Қазақстанда тұратын халықтарды топтастыру мен олардың достығын
нығайтуды бірінші дҽрежелі міндет деп белгіледі. Ізгілікті демократиялық құқықты мемлекетті
құруға бел байланды. 1991-жылдың 16-желтоқсанында «Қазақстан Республикасының мемлекеттік
тҽуелсіздігі туралы» Конституциялық Заң қабылданды.
Жас егеменді Қазақстанның мемлекеттік-саяси құрылымы тоқсаныншы жылдардың бірінші
жартысында қалыптасты. 1993 жылы қабылданған Конституция бойынша мемлекеттік ҿкімет билік
заңдық, атқару жҽне сот билігі болып бҿлінді. Атқарушы ҿкімет билігінің біртұтас жүйесін
басқаратын мемлекет басшысы ретінде президенттік билік орнады. Қазақстан Республикасы
(Қазақстан) – демократиялық, зиялы жҽне біртұтас (унитарлық) мемлекеттік сипатын алды. Егеменді
мемлекеттің күшті президенттік республика құру бағытында дамуы басты стратегиялық мақсатқа
айналды.
Президенттік билікке кҿшу объективтік заңдылық. Саяси жүйенің бұл формадағы ерекшелігі –
президент қоғамнан, партиялардан, парламенттен жҽне барлық билік институттарынан жоғары
тұрып, олардың жұмысын үйлестіріп, бағыттап отырады.
Жас егеменді Қазақстанның Конституциясы 1995 жылғы 30 тамызда ҿткізілген республикалық
референдумда қабылданды. Қазақстан Республикасы ҿзін демократиялық зиялы, құқықтық жҽне
ҽлеуметтік мемлекет ретінде орнықтыратындығы, оның ең қымбат қазынасы – адам жҽне адамның
ҿмірі, құқықтары мен бостандықтары болатынын заңдандырды. Осымен қатар Қазақстан
Республикасы президенттік басқару нысанындағы біртұтас мемлекет ретінде заңдандырылды.
Қазақстанда мемлекеттік тіл – қазақ тілі болып бекітілді. Конституцияның кіріспесінде Қазақстанның
егемендігімен оның болашақ ұлттық ҿркениетке бағытталған саяси стратегиясы айқын кҿрсетілген.
Қазіргі кездегі негізгі мҽселе – республикамызда тҽуелсіз ҽлеуметтік бағыт алған,
демократиялық, құқықтық мемлекет құру. Барлық партия оған келіседі, тек қандай ҽдіс-тҽсілдермен,
құралдармен жұмыс істеу керек, соны анықтап алған жҿн.
Республикамызда барлық партиялар ҿзінің бағдарламаларында демократиялық құндылықтарды
жақтайтындығын, нарықтық-экономикаға тырысатындығын білдіріп, азаматтық келісім мен
тұрақтылық болатындықтарын білдіреді. Қазақстанда партиялар саны ҿсуде [6].
Қазақстан социалистік партиясы (ҚСП) 1991 жылы 7 қыркүйекте пайда болды. Қазақстан
Компартиясының кезектен тыс съезі ҿзін Қазақстанның социалистік партиясы деп атау жҿнінде
шешім қабылдады. ҚСП мүшелері дүниедегі адамгершілік, ізгілік принциптері ҽлемдегі социалистік
теориялардың түрлі бағыттағы тұғырнамаларының негізі болды деп есептеді. Оның тең тҿрағалары
болып Петр Своик пен Ғазиз Алдамжаров сайланды. Партия бүгінгі күні ҿз жұмысын тоқтатты.
185
Қазақстан Халық Конгресі партиясы 1991 жылы 5 қазанда құрылған. Партияның тең тҿрағалары
болып «Невада – Семей» қозғалысының жетекшісі, ақын, саясаткер О.Сүлейменов пен «Аралды
қорғау» қоғамдық қозғалысының жетекшісі ақын, саясаткер М.Шаханов сайланды. Кейіннен
М.Шаханов тҿрағалықтан кетіп, «Арал-Азия – Қазақстан» қозғалысына ауысты. Сондықтан
партияның тҿрағалық қызметін В.Рогалев, Г.Ергалиев атқарды. Партия бүгінгі күні ҿз жұмысын
тоқтатты.
Халық бірлігі одағының съезі 1993 жылы 6 ақпанда ҿтті. Онда саяси Кеңес сайланып, оның
құрамына 71 адам мүшелікке енді. Қазақстан халық бірлігі одағының лидері болып Н.Назарбаев
сайланды. Одақтың тҿрағасы болып халық депутаты С.Ҽбдірахманов бекітілді. Басқару органдарына
мемлекеттік билікте отырған бірнеше саясатшылар кірді. 1993 жылы 2 қазанда халық бірлігі
одағының бірінші съезі болып ҿтті. Онда одақ лидері Н.Назарбаев сҿйледі. Одақтың тҿрағасы болып
Қ.Сұлтанов сайланды. 1995 жылы Қ.Сұлтановтың Қытай халық республикасына елші болып кетуіне
байланысты одақ тҿрағасы болып А.Бижанов сайланды. 1999 жылы бұл партия «Отан» партиясы
құрамына кірді.
1991 жылы 4 қыркүйекте 30 ҿкіл қатысқан «Азат» партиясының құрылтай конференциясы ҿтті.
Ол парламенттік типтегі Қазақстан Республикалық партиясы «Азаттың» құрылғаны жҿнінде шешім
қабылдады. Сонымен қатар партияның Жарғысы мен бағдарламасы қабылданды.
Сонымен, енді біртұтас «Азат» қозғалысы екіге: «Азат» Қазақстан азаматтық қозғалысына жҽне
«Азат» Қазақстан Республикалық партиясына бҿлініп шыға келді. Бұл, ҽрине, оның қоғамдағы
беделін күрт тҿмендетіп жіберді.
1992 жылы 11 қазанда біріктіру съезі ҿз жұмысын бастады. Мұнда «Азат» республикалық
партиясы шеңберінде ұйымдасты деген шешім қабылданды. Жаңа республикалық «Азат»
партиясының тҿрағасы болып Қазақстан ұлттық ғылыми академиясының корреспондент мүшесі
профессор К.Ормантаев сайланды.
1999 жылы қыркүйекте Қазақстан Республикалық партиясы «Алаш» ұлттық партиясы болып
ҿзгертілді. Ұлттық бағыттағы бұл партияға қазақ зиялыларының біраз ҿкілдері енді. Мақсаты – қазақ
ұлтының мүдделерін қорғау деп ашық айтылды. Партия лидері Сҽбетқазы Ақатай 2003 жылы ҿмірден
ҿтті.
1991 жылдың күзінде коммунистердің ХІХ съезі ҿтті. 1996 жылы сҽуір айында ККП ОК бірінші
хатшысы болып Қазақ ССР Жоғарғы Кеңесінің бұрынғы тҿрағасы С.Ҽбділдин сайланды.
1991 жылғы қазаннан бері республикалық «Азат» партиясы құрамына енген «Желтоқсан»
қозғалысының негізін 1986 жылғы Алматыдағы Желтоқсан оқиғасына қатысушылар қалады.
Ұйымдық жағынан «Желтоқсан» қозғалысы 1989 жылы қалыптасты. Бұл қозғалысты ұйымдастыруға
тікелей себеп: оның белсенділерінің 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасы мен оған берілген ресми
бағамен келіспеуі болды. Қозғалыстың басында сазгер Хасен Қожа Ахмет тұрды.
Партияның лидерлері болып Х.Қожа Ахмет пен А.Нҽлібаев сайланды.
Республикалық социал – демократиялық «Отан» партиясы 1999 жылы ақпан айында Алматыда
ҿткен құрылтай съезінде Қазақстанның демократиялық партиясы, Қазақстанның Халық бірлігі
партиясы, Қазақстанның Либералдық жҽне «Қазақстан – 2030» қоғамдық қозғалысының бірігуі
арқылы құрылды. Партияның ҽлеуметтік базасы бюджеттік ұйымдар, мемлекеттік қызметкерлер,
студенттер, ғылыми жҽне шығармашылық зиялылар қауымы, орта жҽне кіші бизнес ҿкілдерінен
тұрды.
Құрылтыйға 400 – ге жуық ҿкілдер қатысты. Бұрынғы экс-премьер С.Терещенко партияның
тҿрағасы болып сайланды (кейін «Отан» саяси партиясын партия тҿрағасы міндетін атқарушы
А.Ермегияев басқарды). Қазақстанның республикалық Халықтық партиясы тҿрағасы бұрынғы экс-
премьер Ҽ.Қажыгелдин болды. 1998 жылы 17 желтоқсанда құрылды. Оның шет елге кетуіне мҽжбүр
болуына байланысты партияны саяси кеңес тҿрағасы Ҽ.Қосанов басқарды. Бір кездегі партия
жетекшілігінде болған Ғ.Алдамжаров 2001 жылы қаңтарда кенет бұл партиядан шығып, Президент
ҽкімшілігіне ауысты, кейін Қазақстанның Белорусь мемлекетіндегі елшісі қызметіне тағайындалды.
Партияның алға қойған мақсаттарының бірі- адамның құқығы мен бостандығы қорғалатын құқықтық
мемлекет құру. Партия мемлекеттік биліктің бір қолға шоғырлануына қарсы шықты. Бұл бағытта
бірнеше шаралар жасауға талпыныс білдірді. Партия мүшелерінің қайта тіркелуі үшін 50 000 мүшесі
болуы керек деген заң талабына байкот жариялап, ҿз жұмысын тіркеуден ҿтпей ақ жалғастырды.
Азаматтық партиясы тҿрағасы- А.Т.Перуашов. Ол 1996-1998 жж. Президент ҽкімшілігінде
Стратегиялық зерттеулер орталығының сектор меңгерушісі қызметінде болған. Партия 1998 жылы 17
қарашада, Ақтҿбеде ҿзінің құрылтай съезін ҿткізді.
186
Партия ҽуел бастан Президенттің саяси курсын қолдайтынын ашық жариялады. Ал, Президент
ҿзі бұл партияның құрылтайына қатысып, ол партияның саяси лидері болуға келісімін берді.
2004 жылдың 21 ақпанында Қазақстанның демократиялық таңдауы партиясының құрылтай
съезі Алматы қаласында «Анкара» қонақ үйінде ҿтті. Ғалымжан Жақиянов бір ауыздан партия лидері
болып танылды. Құрамы 33 адамнан тұратын саяси кеңес пен құрамы 7 адамнан тұратын Саяси кеңес
тҿралқасы сайланды. Осы құрылтай съезінде партия Саяси кеңесінің тҿрағасы болып Асылбек
Қожахметов сайланды.
«Қазақстан ҽйелдері ұйымдарының саяси бірлестігі» партиясы 1999 жылы маусым айында
құрылтай съезін ҿткізді. Сол жылы 11 тамызда Ҽділет министрлігінен тіркеуден ҿткен. Негізгі
мақсаты Қазақстан ҽйелдерінің саяси, экономикалық-ҽлеуметтік, мҽдени құқықтары мен
бостандықтарын қорғау жҽне жүзеге асыру деп жариялады. Бұлар аграрлық партиямен бірігіп,
партиялық тізіммен Парламент Мҽжілісіне сайлауға қатысты. Партия жетекшісі – Раушан
Бергібайқызы Сҽрсембаева.
Қазақстанның патриоттар партиясының басқарушысы – Ғани Есенгелдіұлы Қасымов, Мҽжіліс
депутаты, бұрынғы Кеден комитетінің тҿрағасы, генерал. Партия 2000 1 шілдеде ҿзінің құрылтай
съезін шақыртып, құрылғанын жариялады. 2003 жылы 21 наурызда Ҽділет министрлігінен қайта
тіркеуден ҿтті.
Қазақстанның аграрлық партиясының тҿрағасы – Ромин Ризұлы Мадинов, Мҽжіліс депутаты.
1997-1999 жж. Бұрынғы Премьер министр Н.Балғымбаевтың кеңесшісі болған жҽне партия
жетекшілігін қатар атқарған. ҚАП ҿз құрылтайын 1999 6 қаңтарда ҿткізді. Қазір партия қатарында
98 000 мүше бар. Қайта тіркеуден 2003 ж. 6 наурызда ҿтті.
«Руханият» қоғамдық бірлестік партиясының құрылтай съезі 2003 ж. 5 сҽуірде ҿтті. Ол сол
жылы Ҽділет министрлігінен тіркеуден ҿтті.
Қазақстанның социал – демократиялық ауыл партиясы 2000 ж. 30 қаңтарда ҿткен құрылтай
съезінде құрылды. Осы жылы 30 наурызда Ҽділет министрлігінен тіркеуден ҿткен. Партия тҿрағасы –
Қазақстан Парламенті Мҽжілісі депутаты Ғани Ҽлімұлы Қалиев.
Қазақстанның демократиялық «Ақ жол» партиясы құрылтай съезі 2002 ж. 16 наурызда болды. 3
сҽуірде Ҽділет министрлігінен тіркеуден ҿткен. Тең тҿрағалары – бұрынғы Парламент Мҽжілісі
депутаты Болат Ҽбіловжҽне бұрынғы Еңбек министрі Ҽлихан Бҽйменов, бұрынғы вице – премьер
Ораз Жандосов. Кейін тағы екі тҿраға қосылды: Қазақстанның Ресейдегі елшісі Алтынбек Сҽрсенбаев
жҽне зейнетақы тҿлеу жҿніндегі мемлекеттік орталық бас директорының бірінші орынбасары
Людмила Аркадьевна Жуланова.
«Асар» қозғалысы 2003 жылы 25 қазанда сяси партияға айналды. «Асар» партиясының
құрылтай съезіне 1200 делегат қатысты. Партия жетекшісі – Дариға Назарбаева. Асар партиясы
центристік бағыт ұстанды. Кейін «Нұр Отан» партиясына кірді.
2004 жылы 29 сҽуірде «құқықтық Қазақстан» азаматтық қорзғалысы ҿзін Қазақстанның
демократиялық партиясы деп жариялады. Партия қатарына 50 000 – нан астам мүшесі бар. Мақсаты –
азаматтардың ел тҽуелсіздігін баянды ету жолындағы топтасуы деп санайды. ҚДП-ның тҿрағасы –
Мақсұт Нҽрікбаев.
2012 жылғы 15 қаңтарда Қазақстан Республикасында сайлау ҿтеді. Бұл сайлауға 2011 жылғы 15
желтоқсанда Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясына сегіз саяси партияның
партиялық тізімдері ұсынылды жҽне тіркелді [7]:
1. «Нұр Отан» халықтық-демократиялық партиясының;
2. Қазақстанның «Ақ жол» демократиялық партиясының;
3. Жалпыұлттық социал-демократиялық партияның;
4. Қазақстан социал-демократиялық «Ауыл» партиясының;
5. «Ҽділет» демократиялық партиясының;
6. Қазақстанның Патриоттары партиясының;
7. «Руханият» партиясының;
8. Қазақстанның Коммунистік халық партиясының.
Жалпы алғанда, Ортсайлауком 386 кандидатты тіркеді. 1 депутаттық мандатқа шамамен 4 адам
бҽсекелеседі.
Тіркелген кандидаттардың арасында 12 ұлттың ҿкілдері бар.
Үміткерлердің орташа жасы – 54 жас.
Ҽйелдер – 21%.
Кандидаттардың 99% жоғары білімі бар. Олардың 35% заңгерлік немесе экономистік білім. 30%
жуығы халық шаруашылығының түрлі салаларының мамандары болып табылады.
187
Тіркелген кандидаттардың 13%-ы – тҿртінші шақырылған Парламенттің депутаттары. Тҿрттен
бірі - коммерциялық құрылымдардың қызметкерлері, 12% - ға жуығы мемлекеттік органдар мен
мекемелерде, тағы 16% - ға жуығы ғылым, мҽдениет жҽне білім саласында жұмыс істейді.
Достарыңызбен бөлісу: |