163
Г. Орал, С. Боранбаева, А. Медетбекова
М.МОНТЕССОРИДІҢ БАҒЫТЫ БОЙЫНША, МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ПСИХИКАЛЫҚ
ДАМУЫ ТЕЖЕЛГЕН БАЛАЛАРДЫ ТҤЗЕТЕ - ДАМЫТУДЫҢ ЖОЛДАРЫ
ӘОЖ 37.015.3
0-65
Соңғы жылдар аралығында отандық педагогикада жҽне психологияда мектепке дейінгі
жастағы баланың балабақшадан мектепке ауысуы (немесе отбасында тҽрбиелеу жағдайында
мектепке ауысуы) мҽселелері жоғарғы қызығушылық танытуда. Ғалымдардың жасаған
тұжырымдамалары балаларды түзету-дамыту жұмыстарын жүйелі жасау, сондай-ақ мекелерді
қарастыру мҽселелері болатын, осылайша келесі мекемелер жіктелді:
-
балабақша;
-
арнайы балабақшалар;
-
мектепке дейінгі балалар үйі;
-
балабақшадағы мектепке дейінгі топтар.
Осы белгіленген мекемелер дамуында ауытқуы бар балаларды зерттеу-түзету жұмыстарымен
айналысты. ХХ ғасырдың 70 - жылдарында жалпы мектепке деінгі балалардың арасында,
психикалық қиындықтарына байланысты, бірақ ақыл-есі кем емес мектеп бағдарламаларын
меңгере алмайтын балалар бҿлінді. Клиникалық зерттеулер жүргізу барысында үлгермеуші
балалардың кҿп бҿлігін онтогенезі бұзылған балалар алған. Олар ПДТ (психикалық дамуы
тежелген) балалар.Сонымен бірге мұндай балалардың қиыншылығы жеңіл ми зақымдануына
байланысты.
Осылайша «Психикалық дамуы тежелуі» термині пайда болды, бұл терминді ұсыған
Г.Е.Сухарева.
Ғалымдардың бірі У.В.Ульенкова 6 жастағы ПДТ балалардың оқуға деген жалпы
психологиялық сипаттамаларына зерттеу жүргізді. Оның айтуынша псхикалық дамуы тежелген
балалардың ақыл-ойының кемшілігі, сонымен қатар тұлғалық қалыптасуы мен мектептік білім
алуына дайын еместігі, оқу үлгерімінің тҿмендігін анық кҿрсеткен.
Ғылыми мҽліметтер мен мектепке деінгі жастағы балаларды тҽрбиелеу тҽжірибиесі келесіні
куҽландырады, яғыни баланың мектепеке ҽлеуметтік - тұлғалық дайындығының толық
болмауының бірден-бір себебі ол баладағы мінез құлқында мҽдениет дағдыларының болмауы,
қарым-қатынас нормалары мен ережелері жайлы білімдерінің жеткіліксізділігі, ҽсісресе осы
ережелерді күнделікті ҿмірде саналы түрде қолдана алмауы болып табылады. Баланың мектеп
білімдерін жетік меңгеру үшін ең алдымен, вербалды ақыл-ой деңгейі мен мектептік білім алуына
дайындығы жоғары, ҽрі оқушы қалпын қабылдап, психикалық процестері жоғарғы деңгейде болуы
қажет. Сол үшінде іске асырылатын негізгі түзету жұмыстары жүргізіледі. ПДТ балаларды түзете-
дамытудың тиімді жолы бұл кҿптеген түзету ҽдістерін пайдалану, іске асыру болып табылады.
Қазіргі таңда балаларды түзету-дамыту жұмыстарымен клиникалар, мекемелер, мемлекттік қамқор
ұйымдары жұмыс жасап жатыр, бірақ осы аталған мекемелер қандай бағытта жұмыс жасауда, міне
осы мҽселеге септігін тигізетін бірнеше жолдар бар.
ПДТ балаларды түзетіп-дамытып оқыту үшін Мария Монтессоридің ҽдісін жиі қолданған
жҿн деп санаймыз. Себебі Монтессори ҽдісінің кҿбісі ителлектісі бұзылған балаларды түзетуге
бағытталған. ПДТ балалар да осы интеллектісі бұзылған балалар қатарына жатқызылады, сол үшін
де Монтессоридің ҽдістері оң нҽтижені берері анық.
Қазіргі таңда М.Монтессоридің ҽдісі бойынша мектептер мен балабақшалар жұмыс жасайды,
сонымен қатар барлық ҽлем де де қолданылады, ҽсіресе Ресейде кең таралған. Ал 1992 жылы біздің
елде де ашылды. Халықаралық Монтессори ассоциациясы, мыңдаған мұғалімдерді жҽне
тҽрбиешілерді даярлайды. Сол үшін де Монтессори ҽдісі тиімді ҽрі ыңғайлы деп есептелінеді.
Монтессори әдісі дегеніміз не? М. Монтессори ҿзінің педагогикалық жүйесін, бала ҿзін-ҿзі
дамыту ҽдісі, қоршаған ортада дидактикалық дайындау ҽдісі деп атады. Сонымен біз ҿзімізге екі
сұрақ қойып кҿрейікші, ҿзін-ҿзі дамыту ҽдісі дегеніміз не жҽне дидактикалық ҽдіс дегеніміз не?
Осы сұрақтарға жауап бере отырып, біз М.Монтессоридің негізгі жүйесінің аастарында не бар
екенін біле аламыз.
Ӛзін ӛзі дамыту әдісі.
164
Мысалы: бала балабақшаға келіп ойнайтын бҿлмеге кірді, ойыншақтар тұрған сҿреге қарап
ойланып тұрды. Сіз қандай ҽрекет жасар едіңіз? Егер сіз тҽрбиеші болсаңыз, оған асыға барып, не
керек екенін сұрауыңыз мүмкін? Ал Монтессори мұғалімдері, бала ҿзі таңдағанша күтеді, ол немен
айланысатанын байқайды, егер сол ойыншықпен қалай ойнайтынын білмесе, оның жанына барып
кҿрсетеді, ол затты қалай пайдаланатынын айтып береді. Кҿңіл аударып қарайықшы: үлкендер
ҽрекет жасамайды, ҿйткені Монтессоридің тҽрбиешілері «Бұны ҿзім жасап кҿруге кҿмектес» деген
принципті ұстанады.
Психикалық кешеуілдеудің таралудың жалпы құрылымында 1,2 жҽне 8-10 %-ын алады.
Психикалық дамуы тежелудің барысында психикалық бұзылыстар, психикалық ҽрекетің түрлі
аймақтарының дамуының артта қалуымен кҿрінеді-моторлы, танымдық, эмоционалды-еріктік
сҿйлеу тілі. Осы жетіспеушіліктерді жеңу барысында ҿзін-ҿзі дамыту ҽдісін пайдаланған жҿн. Бұл
үшін кҿп уақыт кетуі мүмкін, бірақ аз да болса бір нҽтижеге жете аламыз. Бала ҿзін-ҿзі қоршаған
ортаға үйрете бастайды, еркіндікті сезінеді.
Ал келесі қоршаған ортада дидактикалық дайындау әдісін қарастырып кҿрейік.
ПДТ балалардың кҿбісі іс-ҽрекеті ұйымдаспаған мінез-құлқы тұрақсыз, асығыстық,
жауапкершілік сезімнің болмауы, басқа да жеке қылықтар байқалады. Міне, сондықтан да баламен
ертерек жұмыс жасап ҿз-ҿзіне қазымет кҿрсету дағдысына икемдеу керек, осы орайда
дидактикалық құралдардың кҿмегі аса зор: оларды түймелерін қадауға, бауын байлауға, киінуге,
жуынуға үйрету керек.
Сонымен, дидактикалық құралдар қошаған ортада дамуға септігін тигізеді. Даму барысында
ҽлемнің негізгі жайттарын есте сақтайды: ағын су, үлкен – кіші, жалпақ - жіңішке болатын
заттарды түсінеді. Кҿбінесе біз суреттерді кҿрсетіп, бірнеше рет қайталаймыз.
Ал қайталау әдісі соңында бір нҽтиже береді. ПДТ балалар үшін қайталау ҽдісі артық
болмайды, керісінше есте сақтауына, түсінуіне мүмкіндік береді.
Монтессори жүйесімен жұмыс жасайтын педагогтар балалардың қызығушылығын арттыру
кажет немесе оның пайда болуына кҿмек кҿрсету керек. Педагог түзету-дамыту жұмысын келесі
кезеңдер бойынша жалғастыруға болады.
I -кезең
II -кезең
III - кезең
Қоршаған ортаны дайындау,
баланы қызықтыру, баланың
жұмыс
істеуіне
ыңғайлы
болуын қадағалау.
Балаға сүйіспеншілікпен қарау,
оған қажетті затты табуға
кҿмектесу,
қызығушылығын
арттырып ҿзі істейтін жұмысқа
орналастыру.
Балалардың
жұмыс
істеу
барысында
оның
ынтасын
бұзбау,
баланы
бақылай
отырып,
талдау.
Бала
ҿзі
ойынды таңдайды, ал мұғалім
ол тапсырманы қалай жүзеге
асатынына қажетті жағдайда
кҿмек береді.
Аталған осы кезең бойынша жұмыс жасау үшін мұғалімдердің дайындығы қажет, сонымен
қатар ҿзара кеңес жүргізіліп талқыға салынуы керек. Еліміздегі мекемелерде арнайы топтар ашылып,
түзету жұмыстарына сҽйкес құрал жабдықтар болуы тиіс, сонда пайдаланатын М. Монтессоридің
бағыттары ПДТ балалар үшін ыңғайлы болмақ.
М.Монтессоридің педагогикасының ерекшелегінің бірі жасерекшелік топтары. Монтессоридің
мектебінде жҽне балабақшасындағы кіші топтар 3-тен 6 жасқа дейін, ортаңғы 6 жастан 9 жасқадейін
жҽне үлкендер 9 жастан 12 жасқа дейін бҿлінген. Бұл бҿліну қандай нҽтиже береді? Айта кетерлігі
«екінші жылға қалдыру фонемі жоғалады» Келесі топқа ауысу жасына қарамайды, ҽр баланың
қабілетіне жеке қажеттіліктеріне назар аударылады. Ал бізде 3 тен 6-7 жасқа дейін болады.
Монтессори ҿз сҿзінде былай дейді - біздің мектептердің кҿрсеткіштері жетістікке жетерлік, ҽр
түрлі жастағы балалар бір-біріне кҿмектеседі, кішкентайлар үлкендер не істетінін бақылап отырып
оған сұрақ қойады үлкендер жауап береді. Біздің елде де осы бағытты енгізген тиімді болар деп
ойлаймыз.
Монтессоридің осы кезеңдері, мұғалімнің нҽтижелі жұмыс жасауына кҿмек берсе ПДТ балалар
үшін қызықты ҽрі психологиялық жай-күйіне жайлы ҽсер етер еді. Монтессори ҿз ҿмірінде кҿптеген
еңбектерді қалдырған, тиімді ҽдістер, жеңіл жолды іздестіру үшін зерттеулер жүргізген.
М.Монтессори ҿз кезеңдерімен қатар дамуында ауытқуы бар балалар үшін яғни оларды түзете-
дамыту жолында 5 аймаққа бҿліп кҿрсеткен. Пайдаланатын бұл аймақ ПДТ балалардың дамуы мен
165
психологиялық ерекшеліктерін түзету үшін пайдаланса болады. Бұл бағыт кҿбінесе балалардың
қандай тапсырманы таңдайтынына жҽне оны ретке келтіріп отыруына кҿмектеседі.
Кҿрсетілген аймақтарды ПДК балаларды түзету-дамыту барысында негізгі екі аймаққа кҿңіл
бҿлу керек ол сенсорлы даму, ҽлемдік аймақ. Ал қалған аймақтар балабақшаларда пайдаланылады.
Біз не себепті екі аймақты таңдадық, себебі бұлар ҽлі де жетік іске асырылмайды. Сол үшін де осы
екі аймақ ПДК балалардың дамуына, ҿз-ҿзіне қызмет етуіне кҿмегі тигізері анық. Ғалымдар зерттей
келе ҽр түрлі пішіндегі, кҿлемдегі заттармен ойнау саусақтың ұсақ моторикасын дамыттырып, ақыл-
ой дамуына тиімді ҽсер ететінін дҽлелдеді. Пайдаланатын кҿрнекіліктердің түсі, пішіні, айқын кҿрінуі
баланы қызықтырып, ойын дағдысына қосады.
М. Монтессоридің бӛліп кӛрсеткен аймағы
Ӛмірдегі іс
әрекет
аймағы
Бала ҿзіне
жҽне
басқаларына
қызмет
кҿрсетуге
үйренеді. Бұл
жерде
мыналарға
тоқталсақ
болады:киімде
рін жуып, оны
үтіктеу,
бүктеу, аяқ
киім тазалау.
Сенсорлы даму
аймағы
Бала ҽр затты
анықтамаларына
байланысты
ажыратуды үйренеді
(биіктік бойынша,
ұзындық, салмақ
түстер) Бұған кҿбінесе
тактильді сезуді
дамытыруға, кҿруді,
естуді, иіс сезуді
дамытуға арналған
құралдар
пайдаланылады.
Математика
аймағы
Математикалық
операцияларды
орындауға
үйрететін
кҿлем
түсінігі,
оның
үлгілерімен
байланысуы
жайындағы балаға
қажетті
құралдар
жинақталады,
геометриялық
пішіндер
жайлы
меңгереді.
Тілдік аймақ
Бұл аймақта бала
оқуға, жазуға,
сызуға үйренеді.
Мысалы: ҽңгімені
тыңдау, ҽріптерден
сҿздер жазу,
сызбаларды басу.
Әлемдік
аймақ
Бұл аймақта
бала алғашқы
қоршаған
орта туралы
елестетулер,
оның пайда
болатын
құбылысын
меңгереді.
Мысалы: жер
шары, жыл
мезгілдері
тау, орман т.б
Қорыта келгенде М.Монтессоридің ҽдістері, аймақ, кезеңдері ПДТ балаларды түзетуге,
дамытуға үлкен кҿмек кҿрсетеді. Монтессоридің құралдары баланы қоршаған ортамен
байланыстырады, осыған сҽйкес бала ҿседі, табиғатты түсіне бастайды жҽне оған бейімделеді.
Біздің елімізде ҽр бір бүлдіршін бақытты ҿмір сүруіне құқылы, сол үшінде мемлекет осы
балаларды ҿз қамқорлығына алып жағдай жасалып отырғаны бҽрімізге аян. Егер біз ПДТ балаларды
оқытып-тҽрбиелеудің тиімді жолын іздесек ол ҽрине жоғарыда айтылған Монтессори ҽдістерін
пайдалану болмақ. Бұл шешім мұғалімдерге, ата-аналарға жҽне оқытылып, тҽрбиеленіп жүрген
балаларға да тиімді ҽсер етеді, ҿмір сүру дағдысында бейімделіп, ҿз-ҿзіне қызмет ете алады.
____________________________
1.Агафонова И.Н. Психологическая готовность к школе в контексте проблемы адаптации// Начальная
школа. 1999, № 1.
2.Актуальные проблемы диагностики задержки психического развития детей. / Под ред.
К.С.Лебединской. - М.,: Педагогика, 1982.
3.Орлова Д. Большая книга Монтессори. Система раннего развития, которая потрясла мам. - СПб.,:
Прайм-Еврознак, 2008.
М.П. Оспанбаева, А.Б. Кеншимова
БАСТАУЫШ МЕКТЕПТІҢ 2-СЫНЫБЫНДА «АНА ТІЛІН»
ОҚЫТУДЫҢ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ҤЛГІСІ
«Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған
Мемлекеттік бағдарламасы» білім берудің бҽсекелестігін арттыру арқылы адами капиталды дамытуға
бағытталған [1]. Ҿркениеттің алдыңғы сатысындағы елдерде адами капитал ұлттық байлықтың 70
166
пайызын құрайды. ҚР Президенті Н.Назарбаевтың «зияткер ұлт қалыптастыру» идеясы білім берудің
ұлттық үлгісін дамыту, шығармашыл тұлға қалыптастыруға бағыт алу, ақыл-ой қорын жинау сияқты
мақсаттарды кҿздейді. Ендеше елімізде білім беруді жаңашыландырып, оның жаңа жүйесін жасау
бұрынғы дҽстүрлі жүйеден ерекше болуы тиіс. Демек, ол ұрпақтан-ұрпаққа жалғасқан, ой елегінен
ҿткізілген тҽжірибелерден құрыла отырып, инновациялық тұрғыда берілуі қажет. Бастауыш білім
беруде инновациялық үлгі нҽтижелі болуы үшін балалар санасына ҿз халқының тарихи тамырын,
рухани жҽне адамгершілік қағидаларын сіңіру қажет. Іс жүзінде бастауыш мектептің 2-сыныбында
«Ана тілі» пҽнін инновациялық тұрғыда оқыту ҽдістемесімен бҿліселік.
Ол үшін ҽуелі бір тақырыпты алып, сол сабақтың үлгісі негізінде тҽжірибені ортаға саламыз.
Мысалы «Сүт қалай ұйықтады?» тақырыбындағы сабақты жоспарлау оның бағдарламалық мазмұнын
анықтаудан басталады [2]. Сабақтың білім беру мақсаты оқушыларға ҿлеңді мҽнерлеп оқыту,
ертегідегі сүттің ҽрекеттерін ҽңгімелеу арқылы сүт ҿнімдері туралы, ұйқының адам ағзасына
пайдасы, шектен тыс ұйқышылдықтың зияндығы туралы білім беру болса, дамыту міндеті
оқушылардың шығармашылық ізденісін арттыруға дағдыландыру, тҽрбиелік міндеті балаларды
тазалық сақтауға, сергектікке, салауатты ҿмір сүруге тҽрбиелеу болып табылады. Пҽнаралық
интеграция «Дүниетану», «Қазақ тілі» сабақтарымен байланыстыру арқылы жүзеге асырылады.
Сабақта сүт ҿнімдері туралы иллюстрациялық суреттер, сызба кестелер, мақал-мҽтелдер,
сҿзжұмбақтардың проекциялық кҿрнекіліктері пайдаланылады. Аралас сабақ түрінде жоспарланған
сабақта аналитикалық шолу, талдау, зерттеу, баяндау, интерактивті ҽдіс-тҽсілдер қолданылады.
Сабақтың құрылымын жоспарлауда ұйымдастыру кезеңіне сынып тазалығына кҿңіл аудару;
оқушыларды түгендеу; қажетті құралдарды дайындауды міндеттеп, сабаққа оң психологиялық
ахуалды қалыптастыру үшін бҽріміз бірге мына тақпақты айтамыз:
Мақсатымыз – білім алу
Міндетіміз еңбектену
«5»-ке қолды жеткізу!
Келесі кезең - үй тапсырмасын сұрау. Ы.Алтынсариннің «Салақтық» мҽтінін демонстрациялау
ҽдісі бойынша рҿлге бҿліп оқытып, оның мазмұнын сұраймыз, мҽтіндегі берілген сұрақтар бойынша
оқушылардың білімін пысықтаймыз. Үй тапсырмасын бекіту мақсатында оқушылардың танымдық
ерекшеліктеріне орай, 3 деңгейлік тапсырма беріледі. І деңгейлік тапсырма мазмұны «қотыр қолдан
жұғады, таз тақиядан жұғады», «жарлының байлығы – денінің саулығы» мақал-мҽтелдерінің
мағынасын түсіндіру болса, ІІ деңгейлік тапсырма «Жоғалған сҿзді тап» деп аталады:
Салақ болсаң жасыңнан,
Шыбын кетпес ....
Таза болсаң, жасыңнан,
Сабын ... қасыңнан.
ІІІ деңгейлік тапсырма бойынша екі түрлі ҿлең беріліп, оқушыларға сұрақ қойылады: «берілген
ҿлеңдер қандай балаларға арналған?»
Күнде бетін жумайды
Жақсы бала құлақ сал
Жатып алып тұрмайды Жақсы бала ол анық
«Жу» - жесең-ақ тулайды Істемейды шалалық
Дейді ақырып «жолама» Айтқаныңды ұғады,
Ҿз-ҿзінен ҿкпелеп, Тап-таза боп жуынып,
Сондай бала бола ма? Тҿсегінен тұра сап,
Алады ҿзі таранып
Таза ауаға шығады.
Балалардың жауаптарын қорытындылаймыз: «Бұл ҿлеңдер тазалықты сақтайтын жҽне
тазалықты сақтамайтын балалар туралы. Тазалық – денсаулық кепілі. Дені сау адамның кҿңіл – күйі
кҿтеріңкі болып, ҽрқашан жұмысқа құлшына кіріседі. Халқымыз «Дені саудың – жаны сау» деп
орынды айтқан».
Үй тапсырмасын аяқтаған соң оқушыларға сергіту сҽтін ҿткіземіз:
Дос бол сабын, сумен сен,
Жиі-жиі жуын сен!
Таңертең де, кешке де,
Жуын күндіз, кешке де,
Жуын тамақ алдында,
Жуын тамақ соңында,
Жуын ұйықтар алдында,
167
Жуын тұрған кезіңде!
Сабақтың келесі кезеңі - жаңа сабақ ҿту. Оқушыларды жаңылтпашты жаңылмай айтуға
жаттықтыру:
Ұйқышыл кісіні ұйқы қысты,
Ұйқышыл кісінің ұйқысы күшті.
Жаңылтпашты ұғынулары үшін сұрақ қойып, оған берілген жауап арқылы түсіндіреміз:
«Ұйшылдық қандай ҽдет?»
«Сүт қалай ұйықтады?» шығармасының авторы белгілі сықақшы Оспанхан Ҽубҽкіровтың
ҿмірбаяны мен шығармашылығы туралы қысқаша мҽлімет береміз: «Оспанхан Ҽубҽкіров (1934-1986)
4 мамырда Алматы облысының Жамбыл ауданындағы Үшбұлақ ауылында туған. Мамандығы актер
болғанымен, ҿзінің шығармашылық мұратын сатирадан тапқан. 1983 жылы балаларға арналған
«Қағаз қалпақ» сатиралық жинағы үшін Қазақстан жазушылар Одағының сыйлығы берілді» [3].
О.Ҽубҽкіровтың «Сүт қалай ұйықтады?» ертегісін мҽнерлеп оқытамыз. Ертегімен жұмыс сұрақ-
жауап арқылы ертегінің мазмұнын ашуға бағытталады:
-
Ертегіде ненің ҽрекеті суреттелген?
-
Ертегідегі нақыл сҿзді тап.
-
Мҽтіндегі қорытынды ой айтылған жолдарды тап.
-
Ертегіден ненің зиян екенін ұқтыңдар?
Оқушыларға сүттің ұю үрдісі ұғынықты болуы үшін сүт ҿнімдері туралы иллюстрациялық
суреттер кҿрсетіп, суретпен жұмыс жасатамыз. Суретке қарап, ертегідегі сүттің ҽрекетін қарасҿзбен
ҽңгімелеуді тапсырамыз.
Оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту мақсатында шығармашылық жҧмыс
ҧсынылады (тӛменде 1-кестеде берілген)
1-кесте
ненің сҥті
қандай сҥт?
түйе сүті
бие сүту
сиыр сүті
қой сүті
ешкі сүті
жылы сүт
майлы сүт
майсыз сүт
ыстық сүт
суық сүт
піскен сүт
шикі сүт
ұйыған сүт
ашыған сүт
Оқушылардан осы сүт түрлерінің қандай тағамға айналатынын сұраймыз. «Сүт ұйығында айран
болады», «Түйе сүті – шұбат», «Бие сүті – қымыз» т.б.
Жаңа сабақты түсіну жҽне тапқырлықпен қатар, ой қорытындысын жасауды дамыту үшін,
оқушыларға келесі кезекте сҿзжұмбақ шештіреміз:
1.
Түйе сүтінен жасалған сусын.
2.
Сүттен ұйтылып жасалған ҿнім.
3.
Сүттен жасалған ҿнім.
4.
Биенің сүтінен жасалған сусын.
5.
Айранның дҽмі.
6.
Айранды немене ұйтады?
7.
Қаймақтың түрі.
Сҿзжұмбақты дұрыс шешкенде тігінен «ұйқышыл» деген сҿз шығады.
«Еңбекқор адам ширап тұрады, ұйқышыл адам қирап тұрады», - демекші ұйқышыл адамның
еңбек етуге деген құлшынысы бола бермейді.
Ұйқышылдықтың белгілері
Жақсы ұйықтаудың қарапайым тҽсілдері
ұйқыңды ашу үшін ҽдеттегідей 30 мин, кейде одан
да кҿп уақыт кетеді;
сағат шырылдағанша, тіпті ең соңғы сҽтке дейін
басыңды кҿтере алмайсың
таңертең ҿзіңді түнімен ұйықтамаған адамдай
сезінесің
тҿсекке тікелей жатардың алдында ұйықтайтын бҿлмеңді
жақсылап желдет;
тым кеш жатпауға тырыс, таңертеңгі сағат 7-де тұруға
дағдылан;
ұйқы алдында 5 минуттық ұйқының сапасына ҽсер ететін
ұмытпайық, сондықтан бұл кезде ең жағымды сҽт туралы
ойлан.
168
«Ерте тұрғанның бір ырысы артық» демекші ұйқыға құмар болмай, ерте тұрып, сабағымызға
кешікпей келіп, алар бағамыз тек «тҿрт» пен «бес» болсын. Қазақта ұйқы – арсыз, күлкі – арсыз,
тамақ – арсыз дейді. Арсыз нҽрселерден, яғни кҿп ұйықтаудан, орынсыз күлуден, мҿлшерден тыс
тамақтанудан аулақ болайық. Осылайша жаңа сабақты бекітіп болған соң, оқушылардың білімін
бағалау жүзеге асырылады.
Үй тапсырмасы ретінде «Сүт қалай ұйықтады?» ертегісін мҽнерлеп оқып келу жҽне
«Ұйқышыл болудан аулақ болайық» тақырыбына шығарма жазу тапсырылады.
______________________________
Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған Мемлекеттік
бағдарламасы. А., 2010.
1.Ҽубҽкіров О. «Сүт қалай ұйықтады?» Ш.ж. А., 1985.
2.2-сыныптың «Ана тілі» оқулығы. А., 2006.
Д.А. Сабекова
ЖАНҦЯЛЫҚ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСТЫҢ БАЛА ТҦЛҒАСЫНЫҢ ДАМУЫНА ӘСЕРІ
ӘОЖ: 159.923:316.6.
С 12
Бала тұлға ретінде қалыптаспайынша оның ата-анасымен қарым-қатынасы «тік» бағдарланады.
Ол ата-анасын жоғары ҿкіметтің ҿкілі ретінде қабылдайды, себебі басқа ҿкімет оған мүлде таныс
емес, ал жеке ҽлсіздігі ҿте айқын. Бірақ уақыт ҿте келе баланың қатынасы «кҿлденеңдей» түседі. Бұл
процесте бала ҿзін жанұя мүшесі ретінде сезініп қана қоймай, сонымен бірге үлкен ойынға қатысушы
болады.
Жанұялық ҿмір стилі тұлғаның қалыптасуына үлкен із қалдырады. Психологтар мен педагогтар
бір ауыздан «жанұялық ҿмір атмосферасы» ұғымына жанұя мүшелерінің қарым-қатынасы, ақпарат
алмастыру, қабылдау мен меңгеру, ата-анамен балалардың біріккен еңбек жҽне эстетикалық іс-
ҽрекетінің ҽртүрлі формалары сияқты факторларды енгізді. «Жанұя қарым-қатынасы» сҿзінің де
терең мҽні бар. Олардан тұлғаның қалыптасуы туралы жылылық пен мейірімділік, рухани жақындық,
ақкҿңілділік пен қарапайымдылықты кҿруге болады. Дұрыс қарым-қатынас жасау жақсы кҿңіл
күйдің, психологиялық саулық, шығармашылық іс-ҽрекеттің негізі болып табылады.Жанұялық
тҽрбиенің психологиялық жағы аналық махаббатқа, соның ішінде ата-ана мен бала арасындағы
жағымды қатынасқа негізделген.
Ҽрбір жанұяда ересек балалармен қарым-қатынас жасауда қайшылықтар мен проблемалар
туындайды. Олардың себебі неде? Оларды қалай дұрыс шешуге болады? Жанұя мүшелерінің ҿзара
түсініктеріне қалай жол табуға болады? Жалпы алғанда барлық ата-аналар ҿз балаларына жақсылық
тілейді. Барлығы да олардың жақсы адам болып ҿсуін, адал, мейірімді, қайырымды, еңбек сүйгіш,
тҽрбиелі болғанын қалайды жҽне осы процесті жүзеге асыру үшін барлық жағдайды жасайды. Бірақ
кҿбінесе баласы немесе қызының мінезі, қылықтары, кҿзқарастары, іс-ҽрекеті ҿзі күткендей болып
шықпайтындығы анық. Ата-аналар балаларын қайта тҽрбиелеуге, қателерін түзеуге, ақаиқат жолға
бағыттауға тырысады. Нҽтижесінде ата-ана да, бала да жеңіліс табады: олардың арасында
түсініспеушілік, шеттетушілік ҿсе түседі.
Жанұя мүшелерінің үлкендері мен кішілері арасындағы сыйласымдылық балалардың ҿз
құрбыларымен, ересектермен араласуына, олардың тҽрбиесіне жҽне жан-жақты ҿсіп жетілуіне игі
ықпалын тигізеді. Жанұядағы тҽрбиенің тартымды болуы кҿп жағдайда ата-ананың білім дҽрежесіне
де байланысты. Кҿбінесе ата-ана балаларына деген сүйіспеншілігінің нҽтижесінде бала
психикасының даму заңдылықтарын білмеуден қарым-қатынаста бірқатар дҿрекі қателіктер жіберіп
алады. Осыған орай, жанұялық қарым-қатынастағы жҽне тҽрбиелеу стиліндегі білімдердің
жетіспеушілігінен баланың психикалық дамуына кері ҽсер ететін бірнеше факторларды бҿліп
шығаруға болады:
І.Ата-аналар ҿз балаларының психикалық жҽне тұлғалық дамуындағы жас ерекшелік
қиындықтармен күресуде ҽлсіздік танытады. Бұл баланың табиғи дамуы мен жастық дағдарыс
кезеңдеріне байланысты. Мұнда ата-аналар тарапынан баланың жасына сай мүмкіндіктеріне сҽйкес
169
келмейтін жоғары талап қоюшылық, шыдамсыздық жҽне мектептегі принципшілдік жатады. Бұл
жағымсыз нҽтижелердің екі жағдайда шиеленісіп келуін байқауға болады.
а) жанұяның қарым-қатынасы мен тҽрбие стилінің біржақтылығы. Мұнда, бала тҽрибиесімен
тек ҽйел адамдардың айналысуы ер бала үшін ҿте жағымсыз болып табылады.
б) ананың бала тҽрбиесінде «ҽке рҿлінде» ойнауы - балаға қарым-қатынастағы шектен тыс талап
қоюшылыққа, жазалаудағы қаталдыққа ұштасады.
ІІ.Жанұялық қарым-қатынас стиліндегі рационалдық аспектінің басым болуы, яғни моралдық
ұстанымдар мен талаптардың жоғары болуы. Мұнда формалды қарым-қатынас баланың табиға
дамуына кері ҽсерін тигізеді, тҽрбие барысында баланың қиялы мен икемділігі жҽне шығармашылық
қабілеттеріне аз кҿңіл бҿлінеді.
ІІІ.Бала дамуындағы психикалық дағдарыстар табиғатын жеке талдау, баланың ҿзіндік
табиғатымен, ерекшеліктерімен санаспау.
а) баламен қарым-қатынасындағы қабылданбаушылық. Ҽдетте, бұл бала ата-ана үшін күтпеген
проблема туындатушы жҽне кҽсіби ҿсуге кедергі ретінде саналған жағдайларда кездеседі.
ҽ) тҽрбиелеу стиліндегі икемсіздік, стандартты кҿзқарас.
б) бала тҽрбиесіндегі эмоционалдық қатынастың теңсіздігі.
в)тҽрбие мен қарым-қатынас стилінің «мен» бейнесі сенімділікті қалыптастыруға кедергі
келтіреді.
ІV. Ата-ана тұлғасындағы жағымсыз образдардың басымдылығымен сипатталады.
а) жанұялық қарым-қатынас пен тҽрбие стиліндегі мазасыздық, гиперҽлеуметтік жҽне
уайымшылдық бітістерінің басым болуы.
ҽ)
жанұя
қарым-қатынасындағы
эмоционалдық,
аффектілік,
жақтырмау
жҽне
қанағаттанбаушылық. Ҽдетте бұл айқай, ұрыс, болжау, қорқыту болып табылады.
б) баланың қарым-қатынасындағы басынушылық, билікшілдік, баланы бағындыруға жҽне үнемі
тыңдатуға тырысу.
в) баламен қарым-қатынаста ҿмірдің мүмкіндігі мен қабілеттеріне сенбей, дербес ҽрекеттері мен
ойларына күмҽн келтіру.
Жалпы алғанда дұрыс қалыптасқан жанұялық қарым-қатынас баланың тұлғалық-психологиялық
дамуының ғана емес, оның шығармашылық қабілеттері мен іскерліктерінің дамуының қайнар кҿзі
болып табылады. Сондықтан, жанұяда баланы жан-жақты дамытудың тиімді ережелері:
- баланы сүю, құрметтеу, табиғи қабілетін ескеру;
- балалаға ҽсер ететін құрғақ сҿз емес, оның қалай айтылғаны, шын кҿңілден шыққандығы
мҽнді;
- баламен қарым-қатынаста оның жас ерекшелігімен, шамасымен санаса білу қажет, сонда ғана
үлкендер мен кішілер арасында қақтығыс жағымды шешіледі;
- баланың пікірін соңына дейін тыңдау, не айтқысы келгендігін түсіну, асығыс қорытынды
жасаудан аулақ болу;
- жазалауды баланың дамуына ҽсер етпейтіндей етіп жасау (бала жаман емес, оның іс-ҽрекеті
дұрыс емес);
- балаға үйрететінді ең бірінші ата-ананың ҿзі толық меңгеруі қажет.
Жанұяның балаларға тигізер ҽсері олардың ҿмірінің ҽр кезеңінде үнемі бірдей болмақ емес. Ҿкінішке
орай, ересек адамдардың барлығы бірдей (ҽсіресе жас ата-аналар) жас балаларға тигізетін жанұя
ҽсерінің мҽнін онша аңғара бермейді. Ал бұл ҽсер ҿзінің маңыздылығы жағынан таңғажайып. Соңғы
жылдары физиологтар, дҽрігерлер жҽне психологтар үш жасқа дейінгі балалардың ҽсіресе жанұя
ҽсеріне, ең алдымен ана ҽсеріне берілгіштігін дҽлелдеген. Эмоциялық жақтан қорғана алушылық
немесе қорғансыздық сезімінен туындайтын ҿмірге деген бастапқы сенімділік пен сенімсіздік
негіздері бала ҿмірінің алғашқы күндері мен айларында қаланады.
Жанұя тҽрбиенің ата-ананың балаларға жҽне балалардың ата-аналарға деген сүйіспеншілігінсіз
мүмкін еместігінен ол ҿзінің сипаты жағынан кез келген басқа тҽрбиеге қарағанда кҿбірек эмоцияны
қажет ететін болады. Жанұяның балаларға тигізер психологиялық ҽсеріне тҽн ерекшелік – оның
нҽтижелерінің тұрақтылығы болып есептеледі. Мҽселен, ата-аналардың балаларына мектепке дейінгі
жаста дұрыс бағыт беруі кейін олардың оқу, еңбек жҽне қоғамдық ҽрекетіне дұрыс ықпалынан
байқалады. Ата-аналардың балаға психологиялық ҽсері қашанда жеке дара болады. Олар
мұғалімдерге қарағанда балалардың жас жҽне жеке ерекшеліктерін жақсы біледі, қоғамдық пайдалы
ҽрекетке тарту үшін кҿбірек мүмкіндіктері болады.
Баланың жан жақты дамуына жанұя үлкен ҽсер етеді. Ата-аналардың ҿзара қарым-қатынасы,
балаларға деген қатынасы, жалпы алғанда жанұя ішілік жағдай – міне осының барлығы ҿскелең
170
ұрпаққа толыққанды жеке тұлға болып қалыптасуына ҽке жҽне ана болу үшін таптырмайтын
тҽжірибе мектебі болып саналады. Кҿптеген жанұялар жеткіншек жастан бастап жоғары сынып
оқушыларының кҽсіптік бағдары мен ҿмірлік жоспарларына ҿте күшті ҽсер етеді. Мҽселе мұнымен
шектелмейді. Барлық жанұялық қарым-қатынас стилін жолдастарымен қарым-қатынас жасауда,
мектепке, аулаға, кейін есейе келе еңбек ұжымына ауыстыратын болады. Жанұя ішілік жағдай
сондай-ақ ата-аналардың ҿздерінің де ҿмірінің барлық саласына ҽсер етеді.
Жанұя мен қоғам ҿскелең адамның жеке басының жан-жақты дамып, қалыптасуына ең қолайлы
жағдайлар жасап бірін-бірі толықтырып отырады. Соңғы жылдары социологтар жанұяның
коммуникативтік міндетін жиі сҿз етіп жүр. Бұл міндетке жанұя ішілік қарым-қатынасты
ұйымдастыру, ҿз мүшелерінің бұқаралық ақпарат құралдарымен (теледидар, радио, интернет,
баспасҿз жҽне т.б.), ҽдебиет жҽне ҿнермен жанасуындағы жанұяның дҽнекерлігі; ҿз мүшелерінің
қоршаған табиғат ортасына деген сан алуан байланысы мен оны қабылдау сипатына жанұяның ҽсері
тҽрізді құрамды бҿлшектері кіреді.
Баланы жеке адам ретінде қалыптастырудың тиімділігі оның ҽр алуан ҽрекет түрлеріне –
ойынға, еңбекке, оқуға, қарым-қатынас жасауға белсене қатысуына байланысты. Демек, мұндай
ҽрекеттерді дұрыс ұйымдастыру - оған пайдалы бағыт беруі, ҿмірдің мазмұнын байытуы жҽне
қызықты, творчестволық сипат беруі қажет. Қазіргі уақытта психологтар мен педагогтар баланың
жеке басындағы қасиеттерінің негізі оның алғашқы жылында-ақ қаланады деген пікірді дҽлелдеді.
Жаңа туған нҽрестеде кҿптеген қабілеттердің нышаны ғана болады. Бала ҿмірінің алғашқы
жылдарында сол нышандарды дамытуға қолайлы жағдайлар болмаса немесе ол үшін ҽрекет
істелмесе, кейін оларды жүзеге асыру қиынға түседі. Нҽресте ҿмірінің алғашқы жарты жылдығында
оған кҿңіл бҿліп, сүйіспеншілік кҿрсетпеу баланың даму қарқынын бҽсеңдетеді, эмоциялық сезімін
кемітеді, ҽр нҽрсеге ҽуесқойлығы мен қызығушылығын тежейді, бұл оның жеке адам ретінде
қалыптасуы мен сана-сезіміне ҽсер етеді.Осының бҽрі ата-аналарға баланы педагогиканы,
психологияны, физиология мен гигиенаны білу негізінде саналы түрде тҽрбиелеу жҿнінде зор жҽне
жауапты міндеттер жүктейді. Қазіргі кезде ата-аналардың бҽрі ҿз балаларының жан-жақты дамып,
рухани дүниесі бай, адамгершілік жағынан адал, денесі үйлесімді жетілген азамат болып ҿсуін
қалайтыны даусыз. Американдық психолог Д.Брунердің пікірінше, тиісті ҽдістер пайдаланылса, кез
келген жастағы балаға жан-жақты білім беруге болады.
Американ психологы Дж.Боулби ата-аналар мінез құлқының ҿзіндік патогендік ерекшеліктерін
анықтап берді. Оның ойынша, балалар үшін ең ауыр жағдайлар тҿмендегілер:
- ата-аналар балаларын қажетті сүйіспеншілік сезімімен қанағаттандырмайды жҽне оны
түгелімен шеттетеді;
- жанұяда бала ерлі зайыптылар арасындағы қақтығысты шешуші құрал болғанда;
- ата-аналар баланы сүюден бас тарту үлгісі ретінде қолданғанда немесе жанұядан кету үшін
себепші санағанда;
- баланы ата-аналары ашық түрде олардың барлық қатерлерінің себепшісі деп кінҽлағанда;
- баланың айналасында оның уайымын түсінетін жақын адамның жоқытығында;
А.С.Спиваковская ҿзінің зерттеулерінде баланың дамуы мен тҽрбиесіне керісінше ҽсер ететін
сҽтсіз жанұяларды жіктеп берді:
«Жанұя - санаторий». Қатаң қадағалау, болар болмас қауіптен шеттен тыс сақтау. Нҽтижесінде
осындай қысымнан баланың жүйке жүйесі қатты зорығады. Бұдан тітіркеншектік, стресс, шаршау,
агрессивтілік жҽне қарсы тұру, ерегісу күшейеді.
«Жанұя - қамал». Ата-аналарда принциптілік ұстанымы ҿте жоғары, барлық жағдайды дұрыс
жасауға тырысады. Осыдан балада ҿзіне деген сенімсіздік ҿте тҿмен. Үнемі іштей уайымда болады,
құрдастарымен қарым-қатынас жасауда қиналады. Бала үнемі ішкі тұлғалық қақтығыс
басымдығынан жүйке ауруына кҿп шалдығады.
«Жанұя – үшінші артық». Мұндай жанұяда ата-аналар қарым-қатынасы эмоционалды маңызды
орында. Балалары ата-анасына тҽуелділіктен ҿздерін сенімсіздікте ұстайды, ата-аналарымен
айрылысуды қиын қабылдайды жҽне айналасындағылармен қатынасқа қиын түседі.
В.В.Юстицкий жҽне Э.Г.Эйдемиллер жанұяға қажетті үш түрлі сапаларды анықтады.
Бірінші, бұл қажеттілік - адамның жанұяда ҿмір сүруге қызығушылығының болуы, онда
кездесетін қиыншылықтарға дайындығы мен шеше алатындығы: ана мен ҽке болу қажеттілігі, ерлі-
зайыптылардың қатынасын қанағаттандыру (махаббат, сексуалды-эротикалық қажеттілік,
тұрмыстық-шаруашылық жҽне т.б.).
Екіншіден, ерлі-зайыптылар қатынасын сақтау мен бала тҽрбиесіндегі қабілет, дағды жҽне
шеберліктің біртұтастығы (ҿзгені түсіну қабілеті). Үшіншіден, эмоционалды жағдайды реттеуге
171
керектіті сапаларды жҽне ҿзінің қажеттілігін бағындыра алуы. Осы жоғарыда кҿрсетілген ерлі
зайыптылар сапаларының біртұтастығы баланың жанұя ҿмірінде кездесетін мҽселелерді шешуге
кҿмектеседі.
Э.К.Гульянц жҽне Т.Н.Скрипкина ата-аналармен жұмысты психологиялық қызмет арқылы
ұйымдастыруды ұсынды. Осы жағдай психологтар мен педагогтардың ата-аналармен үнемі
байланыста болуына себеп болды. Кҿбінесе ата-аналардың ҿздері балаларының мінез-құлқында
ҿзгеріс байқалса бірден психолог маманға келуге тырысады.
Достарыңызбен бөлісу: |