_________________________________
1.Соловьев С.А. Парийная система. – Казань, 2010. С.79-85
2.Ҽбсаттаров Р.С. Саясаттану негіздері. – Алматы, 2011, 230 б.
3.Выборы в развитых странах. СПб, 2006, С.90-95.
4.История Казахстана. – Алматы, «Атамұра», 2010, С. 91-92.
5.Жиро Т. Политология / перевод с польского. Харьков, 2006. С. 365-369.
6.Рахымбаева А. Саясаттану. – Алматы, 2010, 85-97 бб.
7.//Егемен Қазақстан. – Алматы, 17 желтоқсан 2011, 3 б.
Аннотация. Данная работа посвящена в исследованию проблем истории партийных организации
Казахстана.
Annotation. This article researched problems group organization history of Kazakhstan.
Р.У. Джантілеуова, Ш.М. Тойғанбекова, Ш. Маманов
ҚР ИСЛАМДЫҚ ҚАРЖЫЛАНДЫРУДЫҢ КЕЙБІР МӘСЕЛЕЛЕРІ
ӘОЖ 33.336
Д.37
Тҽуелсіздік жылдары Қазақстанның қаржы жүйесі үлкен жетістіктерге жетті. Қазіргі кезде
Ұлттық банктің қоры 43,5 млрд долларды құраса, еліміздегі 39 банктегі активтердің кҿлемі 80 млрд
долларға жетті. Қаржы нарығында отандық коммерциялық банктермен қатар шетелдік банктерде
қызмет етуде. Оларға Пакістан, Үндістан, Германия жҽне басқа да елдер банктерінің филиалдары
жатады. Астана мен Алматы қалаларында қаржылық операциялары дҽстүрлі банктерден ерекше
ислами банктер орналасқан.
Қазіргі заманның ислами банктерінің тарихы ХХ ғ. 60-жылдарынан бастау алады. Алғашқы
банк 1963 жылы Египетте жергілікті экономист Ахмад ҽл-Наджардың бастамасымен шариғат
заңдылықтарының негізінде құрылған. 1967 жылы исламдық радикализмге қарсы күрестің құрбаны
болып жабылған ислами банк 1970 жылдары мұнай бағасының қарқынды түрде артуына байланысты
жұмысын қайта бастаған. Алдымен 1975 жылы Ислам Даму Банкі, соңынан Біріккен Араб
Ҽмірліктерінде «Dubai Islamic Bank» атты ислами банктері дүниеге келді. Олардың соңынан Faisal
Islamic Bank (Египет 1977 ж.), Faisal Islamic Bank (Судан, 1979 ж.) банктері ҿз қызметтерін жүргізді.
Ислам банкі - бұл қасиетті Құран мен Пайғамбар хадистері жҽне шариғат заңдарына негізделген
банктік қызмет жүйесі. Банктің негізгі ҿнімдері мен қызметтері Иджара, корпоративті Мұрабаха,
тауарлы Мұрабаха жҽне Истисна болып табылады. Шариғат қағидаттарына сҽйкес мұсылман
қоғамдастықтарының экономикалық дамуына кҿмек кҿрсету ислам даму банкінің негізгі
мақсаттарының бірі. Сонымен қатар, оның мақсаты халықтың жинақтаған қаржыларын пайдалана
отырып, табыс ҽкелетін жобаларды қаржыландырудың арқасында пайда табу.
Қазіргі кезде ҽлемнің 50-ден астам елдерінде 300-ге жуық ислами банктер қызмет етеді. Бұл
мҽліметтер ислами банктердің қызмет кҿрсету сапасының жоғары болуын дҽлелдейді. Бүгінгі
олардың активтері шамамен 1 трлн. АҚШ долларына тең. Олар тек араб елдерінде ғана қызмет
етпейді, сондай-ақ, АҚШ, Канада, Ұлыбритания, Австралия жҽне басқа елдерде қаржылық
операцияларын орындайды. Демек, олардың тұтынушылары тек мұсылмандар ғана емес. Ҽлемдегі
алдыңғы қатарлы банктер – JP Morgan, Deutsche Bank, ABN Amro, IAG, Citibank Chase Manhattan
жҽне Hong Kong & Shanghai Banking Corporation – ҿздерінің құрылымдарында ислами банкке
арналған арнайы бҿлімдерін ашқан. Бұл ислами банктердің бүгінгі күнгі жеткен жетістіктерінің
кҿрінісі болып табылады.
Қаржы дағдарысына дейінгі Исламдық банктердің жылдық даму динамикасы қарқынды түрде
артып, 10-15% құрады. Қаржыгерлер 2012 жылы ислами банктерге тиесілі активтердің құны 1,6 трлн.
АҚШ долларына жетеді деп болжауда.
188
Ислам банктерінің ең үлкен орталықтары Иран, Сауд Арабиясы жҽне Малайзия
мемлекеттерінде орналасқан. MENA ақпараттық агенттігінің мҽліметтерінше ислам негізіндегі
қаржылардың 56% Таяу Шығыста шоғырланған.
Ислам динары Халықаралық валюта қорының арнаулы несиелендіру құқығының бірлік
ҿлшеміне парапар банктің есептік бірлігі болып табылады. Ислам даму банкі кҿбінесе
ауылшаруашылығын сумен қамтамасыз ету, канал тарту тҽрізді агротехникалық жҽне
инфрақұрылымды дамыту мақсатындағы жобаларды қаржыландыруды ҽдетке айналдырған.
Ислам ҽлемінің банк жүйесінде басқа банктердегідей ҿсімқорлық жоқ. Пайызсыз қызмет етуіне
қарамастан Ислам қаржы жүйесі жыл сайын 15-20%-дық ҿсім кҿрсеткішіне ие, ҽрі дағдарысқа
түспеген, жедел ҿсуші сала. Шариғат заңдарын орындау – исламдық банктердің айнымас, ажырамас
қағидасы. Ислами банктердің ҿздеріне тиісті қағидалары болады. Олар: ысырап жасамау; заңсыз
жҽне ретсіз монополияға тыйым салу; тауарға қойылатын бағаның шектен тыс қымбат болмауы;
шариғат пайдалануға тыйым салатын заттар мен тауарларды жасауға жҽне сатуға тыйым салу;
ұрланған жҽне ҽдепсіз заттарды сатуға тыйым салу; алдап арбамау, алаяқтық жасамау жҽне бастапқы
капиталдың шариғат үкімдеріне сай адал жолмен келуі бойынша іске асады.
Ислам даму банкінде «Қаржыны алып-сатарлыққа емес, нақты ҿндіріске жұмса» деген басты
талап қашанда басшылыққа алынады. Шариғат бойынша ақшаның қандай жолмен келгендігі жҽне
қандай мақсат үшін жұмсалатындығы ҿте маңызды.
Исламдық банктің қызметіне сауданы қаржыландыру (мурабаха), үлестік бірлескен
қаржыландыру (мушарака), жал (иджара), ақшаны сенімді басқару (мудараба), исламдық банк
қызметінің ауқымында агенттік қызмет кҿрсету (вакала), сыйақысыз банктік қарыз операцияларын
жүзеге асыру (кард әл-хасан), сақтандыру (такафул) қызметтері кіреді. Ислам ілімі кҽсіпорын
тҽуекелдерін бҿлісуге кредитор атсалысса ғана салынған капиталдан пайда алуға рұқсат етеді.
Пайда мен шығынды бҿлісуге негізделген банк жүйесі тҽуекелді капитал ұсынымын арттыру арқылы
экономикалық даму қарқынын жеделдетуге күшті серпін береді. Сонымен қатар, бұл жүйе түрлі
технологияларды ҿркендетуге де септігін тигізеді, себебі, инновациялар мен жаңа ҿндірістік
технологияларды тҽжірибеде ҿткізуді қолдап отырады. Ол сондай–ақ, орналастырылған қаржының
тиімділігін арттырады, ҿйткені ҿнімділікті барынша молайтуды мақсат тұтқан банктер іскер
кҽсіпорындармен ынтымақтасып, банк қаржысының қайтарымын кҽсіпорын жұмысының нақты
нҽтижелерімен байланыстыратын болады.
Қазақстан Ұлттық Банкі 1998 -1999 жылдары Ислам Даму Банкімен белсенді ынтымақтастықты
жүзеге асырды. Астана мен Алматы қалаларында жаңадан «Al Hilal» ислам банкі ҿз жұмысын
бастады.
Ҽлемдік қаржы құрылымдарының дамыған бір бҿлігі ретінде елімізде ислам қаржы жүйесі
қалыптасуда. Қазақстан бұрынғы кеңестік жүйеден тараған елдердің ішінде бірінші болып Ислам
банкі туралы заңды қабылдады. Заң ислам банктерінің қызмет етуінің құқықтық негіздерін,
кҽсіпкерлікті түрлі формада қаржыландыру, сондай-ақ исламдық құнды қағаздарын шығару мен
айналымын жҽне т.б. мҽселелерді реттеуге бағытталған..
Біріккен Араб Ҽмірлігінің «AL Hilal Bank» банкі қызметтерін корпоративті секторға
бағыттаған. Ислам банктері барлық дҽстүрлі банк операцияларын, яғни депозиттік, кредиттік,
аккредиттік операцияларды, вексельдерді есепке алу жҽне қайта есепке алу, ҿзге де есептесу жҽне
тҿлем операцияларын жүзеге асырады, ҿнеркҽсіпке, ауыл шаруашылығы секторына инвестиция
құяды, сауданы, қызмет кҿрсету саласын, ҽлеуметтік жобаларды қаржыландырады.
Қазіргі таңда орын алып отырған ҽлемдік қаржы дағдарыс жағдайында ҽлемдік экономикаларды
қаржыландыру мен қаражатты инвестициялаудың балама кҿздерін анықтау арқылы ҽртараптандыру
мҽселесі ҿзекті болып отыр.
Исламдық қаржы жүйесінің негізгі ерекшелігі оның кез келген кҽсіпті, істі дамытуы, сонымен
қатар ҽлеуметтік мақсаттарға бағытталуы болып табылады.
Шариғат заңы ең бірінші кезекте, мҽмілеге келген екі жақтың бір-бірімен толық келісуін жҽне
мҽміле шарттарының екі жақтың да мүддесіне сҽйкес болуын талап етеді. Пайыз алу, ҽділетсіздікке
жол ашады, себебі қаражатты пайыздық ақыға беруші жақ, пайыз алушының арқасында пайда кҿреді
жҽне тҽуекелді тең бҿліспейді. Келісім-шарттарда белгісіздіктің болуына тыйым салынады. Ішінде
гарары бар мҽмілеге тыйым салынғандықтан, келісім-шарттық қарым-қатынастарға кірісер алдында
тараптар ҿздерінің ой-ниеттері мен ақпаратты бір-біріне толық ашуға тиіс.
Мамандар исламдық банкингтi енгiзудiң тиiмдiлiгiн бiрнеше себептермен түсiндiредi.
Бiрiншiден, ислам қаржы жүйесi – ең жылдам ҿсушi сала. Екiншiден, исламдық қаржы жүйесiн
енгiзген негiзгi елдер – Таяу Шығыста ҿтімділік (ликвид) аса жоғары деңгейде шоғырланған.
189
Үшiншiден, елiмiздiң қаржы жүйесiнде исламдық банктiң пайда болуы ҿз кезегiнде қаржы
нарығында жаңа ойыншылар мен мүлде жаңа банктiк ҿнiмдердi шығаруға септiгiн тигiзедi.
Тҿртiншiден, исламдық жүйе – банк саласында тұрақтандырушы ықпалға ие. Себебi салымшылар
салымның қауiп-қатер тҽуекелiн бҿлiседi.
Ислам банкiнде операциялардың шариғатқа сҽйкес болуын қадағалайтын органдар бар. Олар
– Шариғат кеңесi жҽне Шариғат аудитi. Шариғат кеңесi банктiң басты ережелерiн бекiтiп, күнделiктi
жүзеге асатын шағын операцияларына араласпайды. Тек үлкен бизнестi қаржыландыру, бағалы
қағаздар шығару секiлдi iстердi қадағалап, мақұлдайды. Шариғат аудитiнiң мақсаты – жасалған
операцияларды тексерiп отыру жҽне ережелердiң сақталуын қадағалау.
Демек, Ислам банкi тек пайданы кҿздемейдi. Мүмкiндiгiнше тұтынушыға кҿмектеседi, яғни,
олармен тҽуекелдiлікті бiрге бҿлiседi. Тұтынушыға қажет дүниенi сатып алады да, оны оған бҿлiп
сатады. Егер адам ақшаны уақытында қайтара алмай қалса, басқа банктер оған айыппұл салады. Ал
ислам банкiнде ондай болмайды,ҿйткені, шариғаттың заңдары бойынша келiсiм-шартта кҿрсетiлген
ақшадан артық ақша алынбайды. Егер адамдар шамасы келiп тұрса да, алған несиенi қайтармаса,
оған айыппұл салынады. Сҿйтiп тұтынушыдан түскен ақша қайырымдылық iстерге жұмсалады. Бұл
банктiң ережесiнде кҿрсетілген. Оның есебi халыққа жарияланады.
Қазіргі кезде кҽсіби мамандар арасында қаржы рыногындағы исламдық қаржыландыру туралы
ҽр түрлі кҿзқарастар қалыптасқан. Исламдық қаржыландыруды қолдаушылар бұл қаржыландырудың
жаңа баламасы тек мұсылман елдері үшін ғана емес десе, ал оны сынға алушылар дҽстүрлі
қаржыландырудан ешқандай айырмашылғы жоқ деп санайды. Ең басты айырмашылығы дҽстүрлі
несие келісім шарттарында тҽуекелділікке бару тҿмен, ал шариғат қағидалары бойынша несие беруші
банк қарыз алушымен бірдей жоғары тҽуекелділікке барады. Яғни, ислам банкі несиені ҿте тиімді
салаларға бҿліп, ҿзі де қарыз алушымен бірдей жауапкершілік алады.
Ислам қаржы құралдарының қазақстандықтар үшін тиімді жақтары біріншіден, банк
қызметтерінің бағасы дҽстүрлімен салыстырғанда арзан немесе қымбат болуы ҽлемдік капитал
рыногындағы сұраныс пен ұсынысқа байланысты; екіншіден, қарыз алушыларға ҿте қатал талап қою,
банк кҽсіпорын жұмысын үнемі бақылауда ұстайды. Мамандардың айтуынша Қазақстанда исламдық
қаржыландырудың келесідей шешілмеген мҽселелері орын алады: ислам қаржы жүйесінде салық
тҿлемдерін реттеу мен бақылау терең зерттелмеген, сонымен қатар олардың құқықтық жақтары
толық қарастырылмаған. Бұл мҽселелерді шешу үшін исламдық қаржыландырудың үлгісін кҿрсететін
елдердің, мҽселен, Малайзия немесе Еуропа елдерінің дҽстүрлі банктеріндегі исламдық қызметтерді
реттеу тҽжірбиесін қолдануға болады.
_______________________________________
1.Исламдық қаржы. АҾҚО . ҽдістемелік нұсқау 2009
2.Түгелбай.В Қаржыгерлер қауымына құрмет Егемен Қазақстан 8желтоқсан 2011
3.Интернет
Ж.С. Кӛпбаева
ҦЖЫМДЫҚ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС
Тіл ғылымының қазіргі даму кезеңінде тілдік жүйені, тілдің коммуникативті қызметін, тіл мен
адам факторы арасындағы немесе тіл мен қоғам арасындағы байланысын зерттеуге айрықша назар
аударылып отыр. Тілдік жүйені тілдің коммуникативті қызметіне негіздей зерттеу психолингвистика,
когнитивті лингвистика, функционалдық лингвистика, прагматикалық лингвистика салаларының
қарастыратыны белгілі. Қазақ тіл білімінде осы бағытта зерттеуді қажет ететін саланың бірі –
ұжымдық қарым-қатынастың психолингвистикалық аспектісі.
Ұжымдық қарым-қатынастың психолингвистикалық аспектісін тілдің коммуникативті
функциясымен байланыстыра зерттеу – тиімді бағыттың бірі. Ұжымдық қарым-қатынастың мҽтіндік
қырын қарастыру психолингвистикаға қатысты негізгі мҽселелер мен бағыттарды анықтауға жол
ашады, ҿйткені ұжымдық қарым-қатынас қоғамдық ҿзгерістерге қарай, адамдардың қабылдау
еркшелігіне қарай жаңарып, ҿзгеріп отырады.
Бүгінгі қоғамдық дамуда демократияға шындап бет бұру мен жариялау еліміздің саяси ҿміріне,
экономикалық қарым-қатынасына түбегейлі ҿзгеріс ҽкелген жаңа кезең болып отыр. Осы
демократиялық ҿзгерудің барлығы ұжымдық қарым-қатынастың тілінен кҿрініс табуда. Соған
байланысты ұжымдық қарым-қатынаста бұрыннан айқын тұжырымдалған ұжымдық насихаттың,
190
үгітшіліктің жҽне ұйымшылдықтың рҿлі де жаңа бағытта ҿзгеріп тың сатыға кҿтірілуде. Қазіргі
ұжымдық қарым-қатынастың ауқымы кеңейіп, кҿптеген шектеулер алынып, ой-пікірге еркіндік
берілген. Ұжымдық қарым-қатынастың осындай жаңа сипатына сҽйкес психолингвистикалық
ерекшеліктер айрықша кҿзге түсіп отыр. Сондықтан қазақ тіл білімінде бұрын жеке зерттелмеген
ұжымдық қарым-қатынастың психолингвистикалық аспектісіне байланысты мҽселелерді мҽтін
кҿлемінде зерттеу адамның психологиялық қабылдауына нақты талдау жасауға, оның ҿзіндік
ерекшелігін жаңа қырынан тануға жетелейді.
Ұжымдық тілдік қатынас туралы біздің елде зерттеу еңбектері жоққа тҽн. Ресейде ұжымдық
тілдік қатынас (ҰТҚ) ХХ ғасырдан бастап зерттеу нысанына айналған. Жалпы ҰТҚ туралы дерек
кҿздерін біз Америка немесе Ресей т.б. елдердің ғалымдары жазған еңбектерден аламыз. Сондықтан
осы ұғымның басын ашып алайық.
Ұжымдық тілдік қатынас сҿзінің тура аудармасы – ағылшын тілінде «mass communication»,
орыс тілінде «массовая коммуникация». Бұл ұғымды түсіндіруде, түсінуде алғашында шатасулар
туғызды. Ғалымдар біресе оның құрамындағы жеке сҿздерді талқылады, біресе толық ұғымды алып
анықтауға тырысты. Яғни «mass» үлкен кҿлемдегі, кең ауқымды деген мағынада десе,
коммуникациялау тілде кеңесу, тілдесу. Бұдан шыққан қорытынды – қарым - қатынастың, яғни
тілдесімнің кең кҿлемде, үлкен аудиторияларда жүзеге асуы. Оны қазақ тіліне сыпайы ғана
аударатын болсақ «ұжымдық қарым-қатынас» деген ұғым пайда болады. Ал шын мҽнінде, ол ұғымды
«осы анықтама толық ақтап шығады ма?» деген сұраққа жауапты біз кейбір отандық жҽне шетел
ғалымдарының пікірімен санаса отырып, анықтауға тырысамыз.
«Коммуникация» терминінің алғашқы мағынасы (тілге, сҿйлеуге қатысты) «қарым-қатынас»
тіл арқылы түсінісу, пікірлесу дегенге саятын болса, кейінгі кездерде бұл ұғым одан ҽлдеқайда
тереңдей түсті. Мҽселен, тілдік коммуникация – тіл арқылы сҿйлесу, ұғынысу дегенді білдірсе,
қоғамдық коммуникация – қоғамдық байланыс, қоғамдағы қарым- қатынас дегенді аңғартады.
Қарым-қатынас (коммуникация) туралы «Психолингвистические проблемы массовой
коммуникаций» атты еңбекте былай дейді: «общение, или коммуникация, – одна из сторон
взаимодействия людей в процессе их деятельности» [1;8 б.]. Бұл пікір де басқа ғалымдардың
анықтамаларымен ұқсас. Яғни адамдардың тіл арқылы қарым-қатынас жасауы. Олай болса,
«коммуникация » терминін біз қарым-қатынас деп алып қарастыруға болады.
«Коммуникативтік» термині жай тілдік қарым - қатынасты ғана емес, одан да гҿрі терең мҽні
бар қоғамдық-ҽлеуметтік тілдік қатынас деген ұғымды білдіреді. Қоғамнан тыс адам болмайтыны
сияқты, адамнан тыс қоғам да болмайды. Бірақ ол – тіл жеке адамның тілі емес, белгілі бір қоғамда
ҿмір сүруші адамдардың ҿзара түсінісу, сҿйлесу құралы. Сондықтан тіл ҽрі қоғамдық, ҽрі
коммуникативтік қасиетке ие болады.
Демек, коммуникация қарым-қатынас, ҿзара байланыс дегенді білдіреді. Ал ұжымдық қарым-
қатынас ғылымға қалай жҽне кімнің еңбектері арқылы енді? Бұл термин туралы түсінікті
зерттеушілердің пікірлері арқылы толықтырар болсақ оған былай анықтама берілген: «собственное
значение термина «массовая коммуникация» даст лишь приблизительное представление о характере
обозначаемого им понятия. В известной мере этот термин ложно ориентирующий. В самом деле,
«массовая коммуникация» - это гораздо больше, чем « коммуникация для масс» или « в массовом
масштабе», точно так же, например, как железная дорога не есть «дорога из железа» [2;23 б.]. Бұл
сҿздің мағынасының ауқымдылығын біз қалай білеміз? Жеке терминнің ҿзі ҿз мағынасынан да
ауқымды ұғымды білдіретін болса, оның тағы да кҿптеген ерекшеліктері болуы керек қой! Бұл мҽселе
туралы «Речевое воздействие в сфере массовой коммуникаций» еңбегінің 3-бҿлімінде былай дейді: «
...если мы творим в массовом искусстве, массовой литературе, то тогда в центр нашего внимания
попадают прежде всего вопросы современного бытования искусства в условиях существования
средств массовой коммуникаций, массовой информаций. Само это бытование может быть
рассмотрено с различных точек зрения. С одной стороны, это технические средства порождающие
феномен массовой искусства – существование массовых тиражей книг , периодических изданий
прессы, телевидения, радио, кино – одним словом все то, что является техническими,
производственными мощностями, продукцирующими массовой искусства неотъемлемая часть
нашей современной жизни, от которой никуда нельзя уйти и которую необходимо принимать как
данность, как условие самого нашего существования» [2;32 б.]. Осы пікірде ұжымдық қарым-
қатынастың белгілері нақты айтылған. Атап айтқанда, ұжымдық қарым- қатынас ақпарат тарату
мүмкіндігіне ие. Ол техникалық құралдардың кҿмегімен іске асады ( құралдары – радио,
телевидение, газет – журнал) жҽне ол адамдардың күнделікті қажеттіліктері арқасында туындап отыр.
Міне, ұжымдық қарым- қатынастың негізгі шартты ұғымдары осындай.
191
Ғылымда ұжымдық тілдік қатынас осы күйінде алынып бірден зерттеуге түскен жоқ. Алдымен
оның қатынас құралдары зерттелді. ХХ ғасырда газет ақпарат таратудың бірден-бір кҿзі бола
бастады. Соғыс кезінде осындай қарым-қатынас құралдарының кҿбеюі, олардың қоғам тіршілігінде
маңызды қызмет атқара бастауы, жаңа терминнің дүниеге келуіне мүмкіндік туғызды.
Бұл термин туралы «Ұжымдық қарым-қатынастың психолингвистикалық аспектісі» атты
еңбекте оған былай анықтама береді:
1. Массовая коммуникация есть процесс распространения информаций ( т.е. разновидность
общения );
2. Этот процесс носит социальный, классовый характер, ибо распространяемые знания,
духовные ценности, моральные и правовые нормы всегда отражают классовые интересы;
3. Процесс массовой коммуникаций совершается при помощи технических средств (печати,
радио, телевидения, киномотография), все другие виды общения, например, публичная речь
вовлекающая в конечном счете в процесс коммуникаций миллионы людей к массовой
коммуникаций, строго говоря, не относится ;
4. Для массовой коммуникаций характерен особый вид аудиторий: массовая, сосредоточенная
аудитория т.е. очень большая по численности, но раздробленная на небольшие группы, по размеру
обычны не превышающие семью [1;7 б.].
Алайда бұл анықтаманың ҿзі де терминге толық түсінік бере алмайды. Бұл терминді жеке-дара
талдап білудің маңызы іс-ҽрекеттің қалай ҿтетінін бақылауға тигізетін ҽсері мол. Яғни, ҽр нҽрсенің
жеке қасиетін анықтау үшін біз оның шындықпен, тарихпен байланысты жақтарын ескермей
ҽрқайсысының ҿзінің жеке қасиеттерін, оның белгілі себептерін жҽне ізденіс жолын қарастыруымыз
керек. Шын мҽнінде «ұжымдық қарым- қатынас» термині тек мағына айқындау жағынан жуық қана
мҽнді кҿрсетеді. Бұл терминді негізінде тек ұжыммен не қоғаммен, қарым- қатынас деген ұғыммен
шектеу қате. Кҿп жағдайда терминді анықтауда тек оның құрамындағы сҿздердің тарихына талдау
жасау аздық етеді. Керісінше, ол терминнің мағынасына назар аудару керек. Ұжымдық қарым-
қатынасты біз қоғамдағы қозғалыстың мҽні деп анықтаймыз. Бұл терминнің тҿңірегінде қаншалықты
кҿп пікір айтылса да негізінде бҽрінен шығатын қорытынды ой біреу. Ол – ұжымдық қарым-
қатынастың қатынас жасаудың ауқымды түрі екендігі, оның дербес құралдарының болуы, ондағы
іске асатын ҽрекеттің тілдік жҽне психологиялық ерекшелігінен кҿрінетіндігі. Бұл қатынасқа түсуші
субъекті үш мақсатты кҿздейді:
- біріншіден, бағалаушы қатынасқа түсушіден ҿзі үшін мҽні бар ақпарат алуды кҿздейді;
- екіншіден, сҿйлеуші бақылаушыға бірқатар мағыналы мҽлімет береді;
- үшіншіден, қарым-қатынасқа түскен екі адам ҽйтеуір бір ой алмасуды кҿздейді.
Бұл қатынастың психолингвистикалық қыры жайлы күнделікті ҽрбір адам ойлана бермесі анық.
Қоғамдағы қарапайым адамдар теледидар кҿргенде, не радио тыңдап, газет-журнал оқығанда қуанып
қайғырып, не мұңайып т.б кҿңіл күй ҽсеріне түсіп жатқандығына жіті назар аудармайды. Ал ғылымда
осы процестің адам психологиясында қалай жүретіндігін анықтап білудің маңызы зор.
«Язык и массовая коммуникация» деп аталатын жинақта оған мынадай анықтама беріледі:
«массовая коммуникация – это деятельность по добыванию упорядоченного, обработки и передаче
(сообщений) информаций» [3;4]. Сонымен қатар осы аталған еңбекте ұжымдық қарым-қатынастың
адам бойындағы ақиқат жҽне адамгершілік білімдерінің, жаңа ойлардың пайда болуына, шығаруына,
ашылуына негіз болатындығын да қоса айтып кетеді. Бұл, ҽрине, жоғарыда біз айтқан тұжырыммен
сҽйкес келеді. Яғни, ақпарат таратуға ұжымдық қарым-қатынастың құралдары қызмет етсе, ондағы
ақпаратты қабылдауда адам ҿзіндік қажеттіліктерін ҿтейді. Осыған орай неміс ғалымы К.Шеннон
ұжымдық қарым-қатынастың үш түрін бҿліп кҿрсетеді:
1. Техникалық
2. Семантикалық
3. Тиімді жҽне «Техникалық мҽселелі қарым-қатынас ақпаратты жіберуші мен алушы үрдісімен
нақты байланысты болады. Ал семантикалық қарым-қатынас алғашқы мағынадағы хабарды
алушының интерпретациясына қатысты келеді. Тиімді мҽселелі қарым-қатынас берілген немесе
жіберілген хабарламаға байланысты болған ҿзгерістер нҽтижелер туралы айтады» деп олардың
ҽрқайсысына түсінік беріп кетеді [4 ;24].
Қорыта келгенде, ұжымдық қарым-қатынас терминін түсіндіру үшін мынандай алғышарттарды
негізге аламыз:
-
ұжымдық қарым- қатынас арқылы ҿте үлкен кҿлемде ақпарат таратуға жҽне ақпарат
қабылдауға болады;
-
Ол қоғамдық қажеттіліктердің негізінде пайда болған;
192
-
ҰТҚ-тың ҿзіне тҽн құралдары бар;
-
ұжымдық қарым- қатынас техниканың кҿмегімен іске асады;
-
бұл қатынасқа түсушілер белгілі бір мақсат кҿздейді;
-
ұжымдық қарым- қатынастың тілдік жҽне психологиялық ерекшеліктері болады;
-
ұжымдық қарым- қатынастың ҿз құралдары, дербестігі болады.
Термин тҿңірегінде біраз ой айтылды. Оның қалай жҽне қашан пайда болғандығынан мҽлімет
берілді. Ендігі ұжымдық қарым-қатынастың шетел жҽне орыс тіл білімдерінде зерттелуіне тоқталу
арқылы термин тҿңірегіндегі түсініктерді толықтыра түсеміз.
Достарыңызбен бөлісу: |