Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының хабаршысы



Pdf көрінісі
бет14/45
Дата21.02.2017
өлшемі3,69 Mb.
#4617
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   45

 
АннотацияВ этой статье  рассматриваются проблемы семейного воспитания и совместной работы в 
школе с родителями.  
Annotation. In this article are considered the problems of the upbringing in the family and of the joint work 
in the school with the parents. 
 
 
С.С. Амандосова, Қ.Қ. Қонысбекова 
 
МҦҒАЛІМНІҢ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ДАЯРЛЫҒЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ  
ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ 
 
ӘОЖ  914 (574.52)  
   М 32  
 
ХХІ  ғасырда  Қазақстан  Республикасындағы  қайта  құрулар,  экономиканы  дамытудағы  жаңа 
стратегиялық бағдарлар, қоғамның ашықтығы, оның жедел ақпараттануы мен қарқынды дамуы, білім 
беруге  қойылатын  талаптарды  түбегейлі  ҿзгертті.  Ҽлемнің  жетекші  елдерінің  кҿпшілігі  олардың 
білім беру жүйесін, білім берудің мақсатын, мазмұны мен технологияларын оның нҽтижесіне қарап 
бағалайтын  болды.  Білім  берудің  қазіргі  негізгі  мақсаты  білім  алып,  білік  пен  дағды-машыққа  қол 
жеткізу  ғана  емес,  солардың  негізінде  дербес,  ҽлеуметтік  жҽне  кҽсіби  біліктілікке  –  ақпаратты  ҿзі 
іздеп  табу,  талдау  жҽне  ұтымды  пайдалану,  жылдам  қарқынмен  ҿзгеріп  жатқан  бүгінгі  дүниеде 
лайықты ҿмір сүру жҽне жұмыс істеу болып табылады. 
Үшінші мыңжылдықта қоғам мен мемлекет дамуының ел басты тетігі білім болып табылатыны 
мойындалды,  оған  ғасырлар  тоғысында  білімді  халықаралық    деңгейде  дамытудың  бағыттарына 
арналған реформалардың, соның ішінде Болон үрдісінің қарқынды дамуы дҽлел. 
Қазақстанның  білім  беру  саласындағы  жүйелі  ҿзгерістер  ҽлемдік  деңгейдегі  болып  жатқан 
жаңашыл  бастамалармен  үндесіп  отыр.  Білім  мемлекеттің  интелектуалдық  жҽне  рухани 
ресурстарының  сарқылмас  бұлағы  ретінде  адамзат  капиталының  сапасын  арттыруда  басты  рҿл 
атқаратыны белгілі. 
Қазақстан  ҿз  дамуында  жаңа  серпілістер  жасауы  қажет,  Қазақстан  ҽлемдегі  бҽсекеге барынша 
қабілетті  50  елдің  қатарына  ену  үшін  білім  саласында  да  үлкен  реформалар  жүргізілуі  тиіс.  Бұл 
жҿнінде  Елбасы  ҿзінің  Қазақстан  халқына  Жолдауында  «Білім  беру  реформасы  –  Қазақстанның 
бҽсекеге нақтылы қабілеттілігін қамтамассыз етуге мүмкіндік беретін аса маңызды құралдардың бірі. 
Біздің экономикалық жҽне қоғамдық жаңару қажеттілігіне сай келетін осы заманғы білім беру 
жүйесі қажет» деп ерекше атап кҿрсетті /1/. 

 
91 
Жаңа ғасырда Республикамыздың білім берудің жаңа жүйесі жасалып, Қазақстандық білім беру 
жүйесі  ҽлемдік  білім  беру  кеңістігіне  ену  бағыт  алуда.  Бұл  педагогика  теориясы  мен  оқу  тҽрбие 
үрдісіндегі елеулі ҿзгерістерге байланысты болып отыр. Себебі білім беру парадигмасы ҿзгерді, білім 
берудің мазмұны жаңарып, жаңа кҿзқарас, жаңаша қарым-қатынас пайда болды. 
Мемлекеттік білім беру саласы қызметкерлерінің алдына қойылып отырған басты міндеттердің 
бірі  -  оқытудың  ҽдіс  -  тҽсілдерін  үнемі  жетілдіріп  отыру  жҽне  жаңа  педагогикалық  технологияны 
меңгеру. 
Еліміздің  болашағы  кҿркейіп,  ҿркениетті  елдер  қатарына  қосылуы  бүгінгі  ұрпақ  бейнесінен 
кҿрінеді. Қазіргі білім беру саласындағы басты проблема - ҽлеуметтік педагогикалық  ұйымдастыру 
тұрғысынан білім мазмұнына жаңалық енгізудің тиімді жаңа ҽдістерін іздестіру мен олардың жүйеге 
асыра алатын мұғалімдерді даярлау болып табылады. 
Мұғалімдердің  даярлау  –  қай  уақытта  да  ең  ҿзекті  мҽселелер  қатарына  жататын  белгілі  жайт. 
Олай болатын, қоғамның ҿмірге беуімдеудің жаңа талптары туындап отырады. 
Үшінші  мыңжылдықта  білім  берудің  ұлттық  моделіне  ҿту  мен  оқыту  мен  тҽрбиелеудің  соңғы 
ҽдіс-тҽсілдерін,  инновациялық  педагогикалық  технологияларды  игерген,  психологиялық  – 
педагогикалық диагностиканы қабылдай алатын, педагогикалық жұмыста қалыптасқан бұрынғы ескі 
сүрлеуден тез арада арылуға қабілетті жҽне нақты тҽжірибелік іс-ҽрекет үстінде ҿзіндік даңғыл жол 
салуға икемді, шығармашыл педагог-зерттеуші, ойшыл мұғалім болуын қажет етеді. 
Мемлекеттік  білім  стандарты  деңгейіне  оқыту  үрдісін  ұйымдастыруға  жаңа  педагогикалық 
технологияны ендіру міндеттейді. 
Кез келген елдің экономикалық қуаты, халқының ҿмір сүру дейгейінің жоғарлығы, дүнйежүзілік  
қауымдастықтағы орны мен салмағы сол елдің технологиялық даму деңгейімен анықталмақ. Жалпы 
қоғам дамуы мен жаңа технологияны енгізу сапасы осы елдегі білім беру ісінің жолға қойылғандығы 
мен осы саланы ақпараттандыру деңгейіне келіп тіреледі. 
Экономикасы  күшті  дамыған  елдердің  тҽжірибесі  білім  беру  жүйесін  ақпараттандыру 
экономика,  ғылым  жҽне  мҽдениеттің  қарқынды  дамуының  негізгі  кілті  екендігін  кҿрсетіп  отыр. 
Ендеше қазіргі заманның ақпараттық технологиясын меңгеру - ҽрбір мұғалімнің борышы. 
Жаңа ақпараттық технологияны меңгеру жоғары оқу орны қабырғасынан бастау алу қажет. Ол 
үшін болашақ мұғалімдерді даярлауда жоғары оқу орындары тҿмендегідей жұмыстар атқару тиіс: 

 
Болашақ мұғалімдердің ақпаратты қоғам жағдайында оқып білім алуға, ҿмір сүруге бейімдеу; 

 
Жаңа  ақпараттық  жҽне  телекоммуникациялық  технологияға  бейімделген  білім  берудің 
ғылыми  -  ҽдістемелік  базасын  жасау,  білім  саласын  басқарудың  жаңа  формалары  мен  ҽдістерін 
пайдалана отырып жоғары білім беру жүйесі жаңарту; 

 
Дүниежүзілік  ақпараттық  білім  кеңестігіне  орта  білім  беру  мен  жоғары  білім  беру  жүйесін 
сҽйкестендіре отырып кіріктіру; 

 
Білім берудің иллюстартивтік – түсіндірмелі жүйесінен дамыта отыру жүйесіне кҿшу. Оқыту 
үрдісіне оқушы шығармашылығына негізделген оқыту ҽдістерін пайдалануға түбегейлі кҿшу. 

 
Мұғалімдердің  ҿз  бетінше  жан-жақты  қосымша  білім  алуына,  ізденуіне  қолайлы  жағдайлар 
жасау. 
Бүгінде жалпы білім беретін мектептеде тҿмендегідей кемшіліктер белең алуда: 
1)
 
Білім сапасының тҿмендігі; 
2)
 
Білім  сапасына  мемлекет  тарапынан  реформалар  жүргізілгенімен  оқыту  нҽтижесінің 
мардымсыз болуы; 
3)
 
Директивтік  құжаттар  кҿптеп  шығарылғанымен  оның  мектептің  оқу-тҽрбие  үрдісіне 
кешеулдеп енуі; 
4)
 
Оқушылардың ҿздігінен білім алу дағдысының болмауы
5)
 
Оқушылардың жҽне мұғалімніңбірлескен шығармашылық еңбегінің болмауы; 
6)
 
Инновациялық педагогикалық технологияны пайдалануға мұғалімдердің дайындық кезеңінен 
аттап енуі; 
7)
 
Жекеленген  мұғалімдердің  ҿзіне  қолайлы  инновациялық  педагогикалық  технологияны 
таңдауда, пайдалануға қиындықтарға кездесуі; 
8)
 
Жаңа  педагогикалық  технологияны  оқу-тҽрбие  үрдісіне  енгізуге  мектеп  басшыларына 
енжарлық танытуы; 
9)
 
Жаңа педагогикалық технологияны меңгертуге материалдық кҿмектің болмауы; 
10)
 
Оқу  тҽрбие  үрдісіне  жаңа  педагогикалық  технологияны  енгізуге  мұғалімдерге  мектеп 
ҽкмшілігі тарапынан моральдық, материалдық кҿмектің болмауы; 

 
92 
11)
 
Жаңа педагогикалық технология негіздерін болашақ мұғалімдер жоғары оқу орнында жете 
меңгермегендіктен,  жас  мамандардың  жаңа  педагогикалық  технологияны  оқу-тҽрбие  үрдісіне 
ендіруде қиыншылықтарға тап болуы; 
12)
 
Кейбір 
мұғалімдер 
арнайы 
ҿз 
практикаларына 
инновациялық 
технологияны 
пайдаланғанымен ғылыми тұғыда негіздеу алмауы; 
13)
 
Кейбір  мұғалімдер  арнайы  авторлық  курстарда  меңгерген  технологияны  ҿз  мектебінің,  ҿз 
оқушысының  даярлығын  есепке  алмай,  бірден  ҿз  практикаларына  енгізіп,  ҿрескел  кателіктер 
жіберуде.  
Дҽстүрлі  оқыту  ҽдістемесінің  білімдік  мемлекеттік  стандарт  деңгейінде  толық  меңгеруге 
кепілдік бермейтінін мектеп тҽжірибесі отыр. Сондықтан, жаңартылған ҽдістемелік жүйесінің оқыту 
процесінде іске асуы үшін оны технологияландыру қажеттігі туындады. 
Педагогикалық  технология,  оқыту  технологиясы  туралы  мҽселелер  соңғы  жылдары 
ғалымдардың назарын аударып, ҽр түрлі қырынан зерттелуде. 
Жаңа  енгізілген  жаңалық  немесе  инновация  адамның  кҽсіптік  қызметінің  бҽріне  де  тҽн 
болғандықтан,  ол  табиғи  түрде  зерттеудің,  талдаудың  жҽне  тҽжірибеге  енгізудің  нысанасына 
айналады. Инновация ҿздігінен пайда болмайды. Ол  – ғылыми ізденістердің, жекелеген мұғалімдер 
мен  тұтас  ұжымның  озық  педагогикалық  тҽжірибесі.  Бұл  процесс  стихиялы  дамымайтындықтан  ол 
басқаруды  қажет  етеді.  Тұтас  педагогикалық  процестің  инновациялық  стратегиясына  жаңашылдық 
процестерді тікелей алға апарушылар ретінде мектеп директоры, мұғалімдермен тҽрбиешілердің рҿлі 
арта 
түсуде. 
Оқыту 
процесінің 
кҿптүрлілігіне 
қарамастан 
– 
дидактикалық, 
компьютерлік,проблемалық  модульдық  жҽне  басқа  жетекші  педагогикалық  қызметі  іске  асыру 
мұғалімнің  еншісінде  қалып  отыр.  Оқу-тҽрбие  процесіне  қазіргі  заманғы  технологиялардың 
енгізілуіне  байланысты  мұғлім  мен  тҽрбиеші  кеңесшінің,  ақылшының  жҽне  тҽрбиешінің  қызметін 
одан  ҽрі  игеруде.  Мұғалімнің  кҽсіптік  қызметі  арнаулы,  пҽндік  білімдермен  ғана  шектелмей, 
педагогика  мен  психологияның,  оқыту  мен  тҽрбие  технологиясы  салаларының  қазіргі  заманғы 
білімдерін де камтитын болғандықтан мұғалімнен арнайы психологиялық – педагогикалық дайындық 
талап  етіледі.  Осы  негізде  педагогикалық  инновацияны  қабылдау,  бағалау    жҽне  іске  асыруға 
дайындық қалыптасады. Сондықтан, кез келген мұғалім инновациялық даярлықтан ҿтуі шартты. 
____________________________ 
1.Амонашвили Ш.А.Воспитательная и образовательная функция оценки учения школьников. — М., 
1984. 
2 . Жанпейісова М. М. Модульдік оқыту технологиясы оқушыны дамыту құралы ретінде.- Алматы, 
2002. 
3.Тұрғанбаева Б.А. Дамыта оқыту технологиялары. - Алматы, 2000. 
 
 
С.Т. Ахметов, С.М. Керімбеков, Д.Ш. Оразаханов 
 
МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫН ШЫҒАРМАШЫЛЫҚҚА ҚЫЗЫҚТЫРУ 
 
ӘӚЖ   371: 8: 72 
 
Еліміздің  ҽлеуметтік-экономикалық  дамуының  стратегиялық  бағыттарына  сҽйкес  білім  беру 
жүйесін  дамыта  отырып,  ҽлемдік  білім  кеңістігіне  ықпалдастырудағы  негізгі  бағдар  -  адамды 
қоғамның  ең  маңызды  құндылығы  ретінде  танып,  оның  рухани  жан-дүниесінің  дамуына, 
кҿзқарастары  мен  шығармашылық  ҽлеуетінің,  танымдық  біліктілігі  мен  мҽдени  құндылықтарының 
жоғары деңгейде дамуына, жеке тұлғасының қалыптасуына жағдай жасау. 
Бұл  міндеттерді  жүзеге  асыру  еліміздегі  мектептерде  оқыту  процесінің  мазмұндық  болмысын 
жаңа ҽдіснамалық тұрғыдан негіздеуді талап етеді. Мұндай жаңа ҽдіснамалық жүйе дҽстүрлі оқыту 
процесін  түбегейлі  ҿзгертудің  қажеттігін  кҿрсетіп,  окытудың  шығармашылық  қызметін  дамытып, 
білім  мазмұнының  ұлттық  негізде  берілуін  жаңа  ҿркениеттік  бағдар  тұрғысынан  жетілдіруді 
қарастырады. 
Қазақстан Республикасыңда білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік 
бағдарламасында елімізде білім берудің жаңа бағыттарының басты ерекшелігі - оқытудың нҽтижесін 
алдың-ала  болжап,  оқушылардың  қызығушылықтары  мен  ізденімпаздығы  негізінде  білімі  мен 
біліктерін жетілдіріп, оны сана «сүзгісінен» терең зерделей отырып, шығармашылық ҽлеуетін үнемі 
дамытуға жҽне рухани толысуға ұмтылысын қалыптастыру екендігі ерекше атап кҿрсетілген [1]. 

 
93 
Еліміздің ҽлемдік білім кеңістігіне бағдар алуының басты ҿзегі - 12 жылдық білім беруге кҿшу 
мҽселесі кҿкейкесті тақырыпқа айналуда. Жаңа білім парадигмасы балаға оқу қызметінің субъектісі 
ретінде  қарап,  шығармашылық  қызығушылықтары  негізінде  білімге  құндылық  бағдарын 
қалыптастыра  отырып,  танымдық  жҽне  рухани  қажеттіліктерін  қанағаттандыруды  жҽне  жан-жақты 
дамыған, шығармашыл жеке тұлғасын қалыптастыруды кҿздейді [2]. 
Білім  беру  саласындағы  инновациялық  процестердің  күрделілігі  мен  қайшылықтары  жаңа 
құбылыстармен  ҽрекеттесу  жҽне  жалпы  орта  білімді  ізгілендірудің  сапалы  кезеңінде  оқушылардың 
шығармашылық қызығушылығын қалыптастырудың мҽселесін ҿзекті етуде. 
Қазіргі кезеңдегі білім берудің жаңа  парадигмасы жағдайында жеке тұлғаның шығармашылық 
бағыттылығын  қалыптастыру  -  оқушының  оқу-танымдық  іс-ҽрекеттегі  шығармашылық 
қызығушылығына  тікелей  байланысты.  Шығармашылық  қызығушылық  -  тұлғаның  ізденімпаздық 
қабілет сапасын дамытудың негізгі ҿзегі болып табылады. Себебі ҿмірдегі құндылықтардың барлығы 
да  жаңашылдық  бағыттар  арқылы  ғана  іс-ҽрекетке  тұрақты  шығармашылық  қызығушылық 
нҽтижесінде  танылып,  болашақта  ҿміршең  дамуына  мүмкіндік  алады.  Сондықтан  шығармашылық 
қызығушылықты  жеке  тұлғаның  дамуына,  оның  рухани  жетілуінде  мҽні  терең,  мотивациялық, 
білімділік бағдар құндылығы ретінде танылуының маңызы зор. 
Білім  сапасына  қойылып  отырған  жаңа  ұстанымдарға  байланысты  оқу  ҽрекетінің 
мақсаттылығына, мазмұнына үлкен мҽн берілуде. Оқушының ғылыми ұғымдар мен заңдарды түсініп, 
практикалық  мҽселелерді  шешуге  бағытталған  ойлаудың  жалпы  амал-тҽсілдерін,  дағдыларын  ғана 
меңгеріп қоймай, шығармашылық бағытта еңбектенуі - оқу ҽрекетінің негізгі мақсаты жҽне нҽтижесі 
болып табылады. 
Сондықтан  да  бүгінгі  қоғам  дамуының  ең  бір  басты  шарты  -  шығармашыл  тұлға  тҽрбиелеу. 
Адамдар  күнделікті  үсті-үстіне  келіп  тұрған  ақпараттардың  барлығын  есте  сақтау  мүмкін  еместігін 
жҽне  оның  қажетілігінің  жоқтығына  біртіндеп  мойын  ұсынуда.  Осыған  байланысты  баланың 
меңгерген білім кҿлемінен де ҿзіне қажеті білім  ала білу бейімділігі жҽне оны ҿмірде қолдана білуі 
манызды.  Шығармашыл  тұлғаны  тек  шығармашыл  ұстаз  тҽрбиелей  алады.  Баланы  шығармашыл, 
бойында  күш-қуаты  жеткілікті  екендігіне  сендіру  -  ұстаз  бойындағы  құдіретті  күш.  Ҿйткені  сенім 
үлкен  жетістікке  жетелейді.  Терең  біліммен  қоса,"  саналы  тҽрбие  беру  -  ҽрбір  ұстаздың  абыройлы 
борышы.  Шҽкіртіне  деген  мейірімділік  пен  сүйіспеншілік  болған  жерде  ғана  іс  нҽтижелі  болмақ. 
Сабақты  түсіндіргенде  мұғалім  сҿзінің  мазмұны  мен  тілі  оқушыларға  түсінікті,  жатық,  нанымды 
болса ғана, оқушының кҿңіл - күйін, сезімін тербетіп, білімге құштарлығын арттыратыны сҿзсіз. 
Мектеп оқушыларының шығармашылық қызығушылығын қалыптастыру ҿте маңызды, күрделі 
жҽне  кҿп  салалы  мҽселе  болып  есептеледі.  Шығармашылық  дегеніміз  -  бұл  адамның  ҿмір 
шындығында  ҿзін-ҿзі  тануға  ұмтылуы,  ізденуі.  Ҿмірде  дұрыс  жол  табу  үшін  адам  дұрыс  ой  түйіп, 
ҿздігінен  саналы,  дҽлелді  шешімдер  қабылдай  білуге  үйренуі  керек.  Адам  бойындағы  қабілеттерін 
дамытып,  олардың  ҿшуіне  жол  бермеу  адамның  рухани  күшін  нығайтып,  ҿзін-ҿзі  тануына 
кҿмектеседі. 
Оқушының ҿз болмысын тануға кҿмектесіп, қабілетін дамытып, жаңа рухани күш беру білімнің 
ең маңызды мақсаты болып табылады. 
Шығармашылық  іс-ҽрекет  пен  шығармашылық  қызығушылықты  қалыптастыру  проблемасына 
педагогтар, психологтар, ҽдіскерлердің кҿптеген еңбектері арналған. Кҿне замандағы Антик дҽуірдің 
ҿзінде-ақ  ойшылдар  мен  педагогтар  оқушылардың  ҿзіндік  ой-тұжырымын  жасауы  жҽне  олардың 
назарын  шығармашылық  арнаға  бұру  үшін  репродуктивті  жҽне  эвристикалық  ҽдістер  жайлы 
мҽселелерге  кҿңіл  бҿлген.  Ақыл-ой  тҽрбиесіне  негізделген  тҽрбие  теориясында  баланың 
айналасындағы  дүниені  шынайы  ақиқат  тұрғыда  танып-білуге  қызығушылығын  қалыптастыруын 
қарастырады. Бұл идеялар Платон, Аристотель сондай-ақ ежелгі Рим философтары Плутрах, Тацит, 
Квинтилин еңбектерінде қарастырылған. 
Сократ      оқыту      барысында      шҽкірттердің      шығармашылық      іс-ҽрекетін  арнайы  басқарып 
отырудың  қажеттілігімен  қоса,  оның  шығармашылық  қызығушылығын  қалыптастыру  мақсатында 
арнайы  оқу  ҽдісін  -  эвристикалық  ҽңгімелесуді  ұсынды.  Сократ  білімді  шҽкірттерге  жай  ғана  бере 
салмай,  эвристикалық  сұрақтарды  алдың-ала  дайындай  отырып,  сұрақ  қою  арқылы  олардың  ойлау 
қабілетін, қызығушылығын арттырып, ҿз ой-тұжырымын жасай білуге үйретуді ұсынды. 
Психологиялық-педагогикалық,  ҽдістемелік  ҽдебиеттерді  талдау  нҽтижесінде  шығармашылық 
іс-ҽрекет  теориялық  тұрғыда  қарастырылып,  мектептегі  практикалық  міндеттерді  шешумен 
сабақтастырылуы  толымсыз  жағдайда  екені  анықталды.  Бұл  мҽселенің  екінші  жағы  —  кҿп 
жағдайларда  педагогтарымыздың  ҿзі  мектеп бағдарламасында қамтылған  теориялық  материалды  ҿз 
деңгейінде, шығармашылық тұрғыда қолдану мүмкіндігін түсіне білмеуінде. 

 
94 
Педагогикалық технологияларды тҽжірибеге енгізу психологиялық қолдау мен психологиялық 
механизмдерді  тексеру  жҽне  бекітуді  талап  етеді.  Технологиялар  сипаты  оқыту  барысыңда  жүзеге 
асырылатын психикалық материал мен процесстерден басталуы шарт
Кез-келген  жаңалық  уақыт  ҿткен  соң  мақсатқа  сҽйкес,  ғылыми  дҽлелденген  негізде  кҿпшілік 
игілігіне айналады. 
Педагогикалық  технологиялар  оқыту мен тҽрбиелеу міндеттерін қатар атқарады, мысалы жеке 
тұлғаны  қалыптастыру,  кҽсіби  жҽне  отбасылық  жағдайда  жетістікке  жету,  ҿзін  ҿзі  тану  мен  ҿзге 
адамдармен  қалыпты  қарым-қатынас  қалыптастыру  жолдары  сипатталатын  технологиялар 
тҽжірибеде кеңінен қолданылады. Аталған бағыт бойынша мақсаттың құрылымына деген кҿзқарас та 
ҽртүрлі. Бұл жұмыс барысында мектепке тҿмендегі талаптар қойылады: 
1) мектеп мақсатының қоғам мен мемлекеттің сұранысына сҽйкес болуы; 
2)  мақсаттың  оқушының ҽлеуметтік,  психологиялық,  биологиялық  сұранысы  мен  мүмкіндігіне 
сҽйкес болуы; 
3) мақсат нақты болуы шарт; 
4) мақсатқа жету жолында тиімді, оңтайлы технологияны таңдау. 
Жеке  тұлғаны  қалыптастыруға  жағдай  жасауда  алдымен  оның  даму  параметрі  деңгейі 
анықталуы керек. Адам ҿзгермелі жағдайға бейімделіп, ҿз бойындағы потенциалдық мүмкіндік  пен 
қабілетті  ҿзектендіруі  тиіс.  Осы  негізде  ҿздігінен  дамып,  ҿз  бетінше  білімін  жетілдіре  алатын 
ҽлеуметтік-нҽтижелі жеке тұлға моделі құрылады. 
Бүгінгі  жалпы  орта  білім  жүйесіндегі  ҿзекті  мҽселе  -  мектептегі  оқушы  қабілеті  мен 
сұранысына, деңгейіне сҽйкес шығармашылық сипатта оқыту мҽселесі. Жаңа технологиялар сынып 
ұжымында немесе топта шығармашылық процесті табысты ұйымдастыруға мүмкіндік береді. Оның 
теориялық негізін құраушы принциптер: 
Қазақстанда  соңғы  жылдары  жалпы  орта  білім  беру  саласында  жүргізілген  реформаларды 
қолдауда  үлкен  қадамдар  жасалды.  Орта  мектептерді  компьютерлендіру  жүзеге  асырылды,  оқу 
процесіне  ақпараттық  технологиялар  біртіндеп  енгізілуде.  Мұнымен  бірге  жалпы  орта  білім  беру 
жүйесін одан ҽрі реформалау оның құрылымы мен мазмүнын бҽсекелестікті ҽне Қазақстандық білім 
берудің  жоғары  сапасын  қамтамасыз  ету,  оқытуды  даралау  мен  бейіндеу,  білім  деңгейлерінің 
сабақтастығын сақтау бағытында жетілдіруді қажет етеді. 
Қазақстан  Лиссабон  конвенциясына  жҽне  Болон  процесіне  қол  қойып  оны  бекіткеннен  кейін 
Еуропалық  білім  кеңістігіне  ықпалдасудың  құқықтық  негізін  қалады.  Бұл  жалпы  орта  білім  беру 
деңгейінде мектептерде 12 жылдық оқытуға кҿшуді кҿздейді. 
Білім  берудің  шығармашылық  бағытындағы  оқыту  технологияларына  негізделетін  ізгіліктік 
парадигмасы 
түсіндірмелі-иллюстративтік 
технологиялардан 
ҿзінің 
психологиялық 
жҽне 
ұйымдастырушылық-дидактикалық 
ерекшеліктерімен 
айшықталады. 
Басты 
айырмашылық 
оқушылардың білімді меңгеру процесіндегі оқу-танымдық белсенділігін қамтамасыз ететін оқытудың 
ҽрекеттік-тҽжірибелік жҽне оқу процесінің шығармашылық сипатымен ерекшеленеді. 
Оқытудың  шығармашылық  қызметі  оқу  процесінің  компоненттерін  ҿзара  сабақтастықта 
қамтуын қарастырады. 
Оқытудың  шығармашылық  қызметін  жүзеге  асыру  мұғалім  мен  оқушы  мүмкіндіктерін 
танытатын,  тұлғаны  адамгершілік,  жігерлілік,  жасампаздық,  рефлексия  ҽдістерін  қолдануға  жол 
беретін  бірқатар  психологиялық  жҽне  ұйымдастырушылық-дидактикалық  міндеттердің  шешімін 
табумен  байланысты.  Оқытудың  түсіндірмелі-иллюстративтік  тҽсілінен  ҽрекеттік-практикалық, 
дамытушылық,  шығармашылық  тҽсіліне  кҿшу  барысындағы  білім  беру  процесін  қайта  құрудың 
стратегиялық  бағыты  мұғалім  мен  оқушы  еңбегінің  сыртқы  мотивациядан  ішкі  адамгершілік, 
ынтымақтастық, ізденімпаздық, рефлексиялық реттеуге ұласумен қамтамасыз етіледі. 
Мұғалімнің  практикалық  ҽрекетінде  оқушылардың  шығармашылық  қызығушылығының 
мотивациялық  тҽсілдерін  енгізу  мүмкіндігі  бірқатар  педагогикалық-психологиялық  міндеттердің 
шешімін табу арқылы жүзеге асырылады, ол мыналардан тұрады: 
1.
 
Білім беру процесінде ұйымдастырушылық ҿзгерістер арқылы оқу мазмұнының кҿлемін жҽне 
тереңдігін, қарқынын, шығармашылық бағытын таңдауға мүмкіндік беретін мұғалім мен оқушының 
еркіндігіне психологиялық жағдай жасау. 
2.
 
Мұғалім іс-ҽрекетіндегі ҽдістердің сапалы ҿзгеруі, оқушыларды мҽжбүрлеуден ҿзге, олардың 
оқу  ҽрекетіне  қызығушылықпен  кірісуін,  сыныптастарымен  белсенді  түрде  ҿзара  қарым-қатынасын 
қамтамасыз ету. 
3.
 
Жеке  тұлғалық  ҿзін-ҿзі  жетілдіруде  ҿзін-ҿзі  бақылау,  ҿзін  бағалау,  ҿзін-ҿзі  реттеу 
механизмдерін тиімді жүзеге асыру жҽне сонымен бірге оқу міндеттерінің шешімін табу процесінде 

 
95 
олардың  тілдік,  ҿзара  қарым-қатынасын  белсендіру  арқылы  оқушылардың  шығармашылық 
ҽрекеттерінің психологиялық мазмұнының тереңдеуі. 
Шығармашылық  деңгейде  педагогикалық  процеске  қатысушылардың  іскерлік  жҽне  ҿзара 
қарым-қатынас, ҿзара кҿмек, ынтымақтастық, сенім білдіру ахуалын орнатуға мұғалім мен оқушыға 
жаңа  мазмұнда  зерттеудің  тереңдігі  мен  кҿлемін, қарқынын  таңдау  мүмкіндігін  туғызатын  еркіндік 
берілуі арқылы қол жеткізіледі. 
Мектептердегі оқытудың шығармашылық бағыттылығы мынадай мҽселелерді қарастыруы тиіс: 
•  бағдарламалық-мотивациялық, 
•  ізденушілік-зерттеушілік, 
•  тҽжірибелік, 
• рефлексиялық-бағалаушылық.  
Тҽжірибелік-эксперименттік    жұмыс      барысында    Қазақстан  Республикасында  білім  беруді 
дамытудың  2011-2020  жылдарға  арналған  мемлекеттік  бағдарламасы,  Қазақстан  Республикасы 
мемлекеттік  жалпы  білім  беру  стандарттарына,  Қазақстан  Республикасы  жалпы  білім  беретін 
тұжырымдамасы,  12  жылдық  білім  беру  тұжырымдамасы,  Қазақстан  Республикасы  жалпы  білім 
беретін  мектептердің  базистік  оқу  жоспары,  типтік  бағдарламаларға,  оқулықтарға  талдау  жасай 
отырып, оқушылардың шығармашылық қызығушылығын қалыптастыруға байланысты мүмкіндіктер 
қарастырылды. 
Тҽжірибелік-эксперимент  жұмысының  анықтаушы  педагогикалық  эксперименті  кезеңінде 
зерттеу  базаларындағы  мектептер  бойынша  эксперимент  жҽне  бақылау  сыныптары  таңдалып 
алынды.  Эксперименттік  жүмыстарға  қатысатын  мұғалімдер  іріктелініп,  мүғалімдерге  зерттеу 
мҽселесіне  байланысты  арнайы  дайындаған  бағдарламалар  мен  ҽдістемесі  бойынша  ғылыми 
семинарлар ҿткізілді. 
Анықтаушы  эксперимент  нҽтижелері  мынадай  болды:  оқушының  62%-і  шығармашылық 
қызығушылығы  тҿмен;  ҿзіндік  жұмыста  ізденімпаздығы  байқалмайды  -  66%;  дербес  жұмыс  істеуге 
талпынбайды - 58%; шығармашылық жұмысты кажет деп есептемейді - 49%. 
Кешенді  жұмыс  формалары  мен  түрлі  ҽдіс-тҽсілдер  арқылы  жоғары  сынып  оқушыларының 
шығармашылық  қызығушылығы  қалыптасуында  маңызды  компоненттерінің  дамуы  (мотивациялық-
еріктік,  мазмұндық-операциялық,  рефлексиялық-бағалау)  жағдайына  талдау  жүргіздік.  Зерттеу 
жұмысы  ҽр  сынып  бойынша  жүргізіліп,  қорытынды  нҽтижесі  жалпыланып,  диаграмма  түрінде 
сараптама жасалды. 
Эксперименттің  екінші  диагностикалық  қалыптастыру  кезеңіндегі  жұмыстар  нҽтижелері 
жоғары  сынып  оқушыларының  білімді  меңгеруге  белсенділігі,  шығармашылық  іс-ҽрекетке 
ынталануы,  жаңашылдық  процестер  мен  ғылыми  зерттеулерге,  дербес  ҿзіндік  жұмыстарға 
қызығушылығы,  білімді  меңгеруге  деген  құндылық  бағдары  мен  кҿзқарастары  оның  іс-ҽрекетінде 
айқын кҿрініс тапқанын кҿрсетті. 
Эксперименттің  үшінші  қорытынды  кезеңі  педагогикалық  эксперименті  талдау  жүргізіліп, 
психологиялық-педагогикалық тұрғыда пайымдалған теориялық ұсыныстардың практикалық сипатта 
іске  асуына  қорытынды  жасалды,  педагогикалық  тҽжірибе  жұмыстарының  барысы  мен  нҽтижелері 
сараланды. Ғылыми-педагогикалық тұжырымдар мен ғылыми-ҽдістемелік ұсыныстар мен нұсқаулар 
енгізілді. 
Демек,  жоғары  сынып  оқушыларымен  жүргізілетін  жұмыс  оларды  қызықтыратындай,  жүйелі 
білімнің  қажеттілігі  мен  ҿмірлік  бағдарға  сҽйкес  үйлесімді  жүргізілуі,  оның  дербес  ерекшелігін 
ескеру, шығармашылыққа баулу, танымдық түйсігін жетілдіруде оның мотивтік амал-тҽсілдерін аша 
тусу негізгі фактор болып табылады. Оқудың мотивациялық рҿлін күшейтуде диссертациялық жұмыс 
барысында кҿрсеткен жұмыс формалары мен ұсынған ҽдіс-тҽсілдеріміздің тнімділігі дҽлелденді. 
________________________ 
1.Қазакетан  Республикасында  білім  беруді  дамытудың  2011-2020  жылдарға  арналған  мемлекеттік 
бағдарламасы //Егемен Қазақстан, 14.12.2010 жыл. 
2.ҚР 12 жылдық жалпы орта білім беру трсырымдамасы. - Астана, 2005. -13 6. 
3.Сабыров Т.С. Оқушылардың оқу белсенділігін арттыру жолдары. –Алматы, 1997.- 180 б. 
4.Пономарев Я.А. Психология творческого мышления. –М.: Просвещение, 1960. -355 с. 
5.Мессик С. Причины творческой деятельности. –М., 2000. -458 с. 
6.Жусупова К.А. Менеджмент в сфере высшего образования. – Алматы, 2004. – 250 с. 
7.Омарова  Р.С.  12  жылдық  мектепке  оқушылардың  оқу-танымдық  іс-ҽрекетін  ұйымдастыру.  – 
Ақтҿбе, 2006. – 146 б. 
 

 
96 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   45




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет