Тарих 125 сұрақ Эф-22-5к1


«Мәдени мұра», «Тарих толқынында» мемлекеттік бағдарламалары: мақсаты мен



Pdf көрінісі
бет101/103
Дата02.06.2023
өлшемі1,52 Mb.
#97946
1   ...   95   96   97   98   99   100   101   102   103
Байланысты:
Тарих 125 с ра Эф-22-5к1

122. «Мәдени мұра», «Тарих толқынында» мемлекеттік бағдарламалары: мақсаты мен 
негізгі кезеңдері, нәтижесі. 
Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы – мәдени, экономикалық және әлеуметтік 
капитал, жалпы адамзаттық мәдениеттің құрылымдық бөлігі, этнос, қоғам, адам 
парасатының дамуы мен құрылуының бастауы, тарихи естеліктердің маңызды қоймасын 
жасау және қорғау бағдарламасы. Ежелгі тарихтың негіздерін бүгінгі күнмен қосатын 
жолды құрап, уақыттың үзіліссіз байланысын көрсететін қазіргі дау-дамайдағы адамзатқа 
қажетті көп қырлы қоғамның тарихи тәжірибесін зерттейді.
Тарихи-мәдени мұрамен хабардар етіп, тек тарихты ғана емес, сонымен қатар болашақта 
болатын жағдайды баяндайды. Сондықтан да, Елбасымыз осыдан 15 жыл бұрын, яғни 
2003
 
жылы сәуірде 
Қазақстан
 халқына жолдауында арнайы «Мәдени мұра» мемлекеттік 
бағдарламасын жүзеге асыруды тапсырған болатын. Елбасының жолдауымен қабылданған 
«Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы қазіргі Қазақстанның әлемдік өркендеуінің 
дәлелі.
Сонымен бірге, әлемге ұлттық рухани ескерткіштер байлығын паш етеді. Бағдарламаны 
қабылдағаннан кейін 
2004
 жылы 51 тарихи және мәдени ескерткіштің реставрациялық 
жұмысы аяқталып, 39 қалашық пен қорғандарға археологиялық зерттеулер жүргізілді. 218 
нысанды қамтыған Қазақстанның тарихи-мәдени және тарихи ескерткіштерінің 
мемлекеттік тізімі дайындалды. Ұлттық мәдениет үшін аса маңызды 30 сәулеттік және 
археологиялық қосымша ғылыми зерттеулер жүргізілді.
Ұлттық мәдени мұраны толық зерттеу жүйесінің құрылуы бағдарламаны құруда аса 
маңызды болмақ. Республика тәуелсіздік алғаннан кейін толық гуманитарлық білім беру 
қорын құру мақсатында мемлекеттік тілде алғашқы қадамдар жасалды. Қытай, Түркия, 
Моңғолия, Ресей және Өзбекстан, Армения, Құрама Штаттар және Батыс Еуропа елдеріне 
ғылыми зерттеу экспедициялары ұйымдастырылды. Олардың қорытындысы бойынша 
ғылыми топтарда бұдан бұрын белгілі Қазақстанның сәулеті, этнографиясы, тарихы 
бойынша шамамен бес мың жазба және баспалар алынды. 350-ден астам кітап, олардың 
ішінде этнография, археология, тарих бойынша сериялар, жаңа энциклопедиялық 
сөздіктер шығарылды.
Бағдарламаның жүзеге асуын мәдениет, әдебиет, философия, тарих, этнография, және тіл 
білімі т.б. бойынша академиялық институттар құрылуынан, бағдарламаның тиімді 
жоспарларының орындалуынан көреміз. Ұлттық кітапхана елдің жоғары оқу орындарының 
бірі. Нұрсұлтан Назарбаев «Мәдени мұра» бағдарламасын мемлекеттің мәдениетіне қолдау 
көрсететін стратегиялық ұлттық жоба деп атаған. Бағдарлама халықтың гуманистикалық 
курсы және потенциалын көрсетіп, оның тарихи тәжірибесін байытып, болашақтың сенімді 
тірегі болмақ.
Қазақстан тарихында гуманитарлық акция ретінде жүргізілетін «Мәдени мұра» 
бағдарламасы бұдан әрі қарыштап дами бермек.
Ұйымдастыру және жоспарлау саласында: 2013 жылдың 12 шілдесі күні «Халық тарих 
толқынында» тарихи зерттеу бағдарламасы жобасын даярлау бойынша жұмысшы тобы 
отырысы болып өтті. Отырыс жұмысына жұмысшы топтың жетекшісі – ҚР БҒМ ҒК 
төрағасының орынбасары А.К. Төлешов қатысты. Отырыс ММ «Мемлекет тарихы 
институтының» директоры, т.ғ.д., профессор Б.Г. Аяғанның төрағалығымен өтті.
«Халық тарих толқынында» тарихи зерттеу бағдарламасы жобасын даярлау бойынша 
жұмысшы тобы отырысы Хаттамалық шешім қабылдады:
I. 2013 жылдың 10 шілде мен 10 тамызы аралығындағы «Халық тарих толқынында» тарихи 
зерттеу бағдарламасы жобасын даярлаудың ұйымдастыру схемасы бекітілсін;


II. «Халық тарих толқынында» тарихи зерттеу бағдарламасы құрылымының жобасы негізге 
алынсын;
III. 2013 жылдың 22 шілдесіне дейін «Халық тарих толқынында» тарихи зерттеу 
бағдарламасының жобасы жасалынсын;
IV. 2013 жылдың 10 тамызына дейін, белгіленген ереже бойынша ЖҒТК-ның қарастыруына 
«Халық тарих толқынында» тарихи зерттеу бағдарламасы ұсынылсын.
-Ұлттық тарихты зерделеу мәселесі бойынша Астана және облыс әкімшіліктерімен, жоо-
ның ректорларымен біріккен жиналыстар ұйымдастырылып, өткізілді ( ШҚО - Аяган Б.Г. ; 
Қарағанды - Қыдыралина Ж.Ү.; Орал қ. - Қалиев Ж.Н.)


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   95   96   97   98   99   100   101   102   103




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет