Тарих 125 сұрақ Эф-22-5к1


«Мәңгілік ел» идеясының негіздері



Pdf көрінісі
бет102/103
Дата02.06.2023
өлшемі1,52 Mb.
#97946
1   ...   95   96   97   98   99   100   101   102   103
123. «Мәңгілік ел» идеясының негіздері. 
Мәңгілік ел» идеясының тарихи негіздері 2014 жылдың 17 қаңтарында Қазақстан 
Республикасының президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың кезекті халыққа 
жолдауын: «Бір жыл бұрын мен еліміздің 2050 жылға дейінгі дамуының жаңа саяси 
бағдарын жария еттім. Басты мақсат — Қазақстанның ең дамыған 30 мемлекеттің 
қатарына қосылуы. Ол — «Мәңгілік Қазақстан» жобасы, ел тарихындағы біз аяқ басатын 
жаңа дәуірдің кемел келбеті«,- деп бастады. Бұл орайда елең еткізген жаңалық — тұңғыш 
мемлекеттік ресми идеология, яғни «Мәңгілік Ел» идеясының жариялануы. Бұл — 
Қазақстан Республикасының ұлттық идеясынан келген түйін-тұжырым. Мәңгілік 
Ел отандастардың бірегей тарихи мақсаты мен қаһармандық ұраны десек қателеспейміз. 
Аталған идея қазақ елінің ғасырлар бойы армандаған мақсаты ғана емес, Тәуелсіздік 
жолындағы жанқиярлық еңбегі мен тынымсыз шығармашылығының нәтижелері арқылы 
қол жеткен асу. «Мәңгілік ел» ұғымын тереңнен түсіндіру, тарихи негіздерін көрсету 
мәселелері маңызды болып табылады.
124. Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съездері. 
Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VII съезі дұға жасау үшін бір минуттық 
үнсіздіктен басталды.
«Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің пандемиядан кейінгі кезеңдегі адамзаттың 
рухани және әлеуметтік дамуындағы рөлі» атты пленарлық отырысты ашқан Мемлекет 
басшысы Қазақстан үшін әлемнің ең құрметті рухани көшбасшыларын бірге жинап, диалог 
орнату үлкен құрмет екенін атап өтті. Президент Ватикан мен Католик шіркеуінің басшысы 
Рим Папасы Францискке, ең көне Әл-Азһар ислам университетінің Жоғарғы имамы Шейх 
Ахмад ат-Тайебке, Орыс православ шіркеуінің өкілдеріне, Израильдің Бас ашкеназ раввині 
Давид Лауға, Израильдің Бас сефард раввині Ицхак Иосифке және форумның барлық 
қатысушысына өзінің ілтипатын білдірді
Оның айтуынша, Қазақстан халқы түрлі өркениеттер мен діндердің дәстүрін, төзімділік пен 
ашықтық қасиеттерін қабылдады. Сондықтан «бірлігіміз – әралуандықта» қағидаты еліміздің 
негізгі ұстанымына айналды.
Мемлекет басшысы коронавирустың таралуы экономика, саясат, әлеуметтік қатынастар 
сияқты өмірдің барлық саласына қатты ықпалын тигізді деп санайды. Карантиндік шаралар 
тауар тасымалдау жолдары мен қызмет көрсету, туризм, көлік және басқа да салаларға 
кері әсерін тигізді. Дағдарысқа қарсы мемлекеттік шығындардың артуы экономиканың 
құлдырауын тежеді, бірақ жаһандық инфляцияның өсуіне ықпал етті. Қасым-Жомарт 
Тоқаевтың айтуынша, ірі державалар арасында геосаяси қайшылықтар күшейіп, әлемнің 
түкпір-түкпірінде шиеленістер үдей түсті.
Президент жаңа жүйенің қауіпсіздігі адам өмірінің абсолютті құндылығы, бір-бірінің 
мүдделерін құрметтеу, өзара көмек, ашықтық, теңдік және әділдік сияқты қағидаттардан 
құрылады деп санайды. Бұл мәселеде адамгершілік бедел мен рухани көшбасшылардың 
сөзі өте маңызды.
Қасым-Жомарт Тоқаев Съезд қатысушыларына арнаған сөзінде Қазақстан дамудың 
конструктивті мәселесін өңірлік және жаһандық деңгейде жан-жақты ілгерілетуге елеулі 
үлес қосатынын айтты. Ал еліміздің ішкі мәселесінде бірлік, ынтымақ және тиімді диалог 
негізгі басымдық саналады. Бүгінде еліміз ауқымды реформалар бағдарламасын жүзеге 
асырып, Әділетті Қазақстанды құруға кірісті.
Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев жаһандық үдерістегі дін мен рухани 
көшбасшылардың рөлін қайта зерделеуге бағытталған бірқатар тезисті талқылауға ұсынды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   95   96   97   98   99   100   101   102   103




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет