Тарих 125 сұрақ Эф-22-5к1


 Алтын Орданың Еуразия империясы ретінде құрылуы: территория, этникалық



Pdf көрінісі
бет23/103
Дата02.06.2023
өлшемі1,52 Mb.
#97946
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   103
27. Алтын Орданың Еуразия империясы ретінде құрылуы: территория, этникалық 
процестер, саяси және мемлекеттік құрылысы. 
Алтын Орда — Басында моңғол — кейінірек түркіленген — 1240 жылдары Русь кінəздіктері 
жауланып алынғаннан кейін Моңғол империясының батыс бөлігінде орнаған хандық; ол 
қазіргі Ресей, Украина, Молдова, Қазақстан жəне Кавказдың жерінде орналасқан. 
Шарықтау дəуірінде Алтын Орда Шығыс Еуропаның Орал тауларынан Днепр өзенінің оң 
жақ жағалауына дейінгі жерлерді алып, Сібірге терең бойлап еніп жатты. Оңтүстігінде 
Орданың жері Қара теңізбен, Кавказ тауларымен жəне моңғол Хулагу мемлекетінің қол 
астындағы Персиямен шектесіп жатты.
Қайтыс боларының алдында Шыңғыс хан өз иелігіндегі жерлерді төрт ұлына бөліп берді. 
Жошының үлкен ұлдары Бату мен Орда-Еженнің еншісіне моңғол иеліктерінің қиыр 
батысында жатқан оңтүстік Ресей мен Қазақстанның жерлері тиді. Бату Алтын Орданы, 
Орда-Ежен Ақ Орданы билей бастады.
1235 жылы Бату (тұңғыштық жолымен) қолбасшы Сүбедей баһадурдың көмегімен батысқа 
қарай жаңа жорық бастап, алдымен башқұрттарды, сосын 1236 жылы Еділ Бұлғариясын 
жаулап алады. 1237 жылы ол Украинаның оңтүстік даласын жаулап, ондағы құмандарды 
батысқа қарай ығыстырды. Содан ол солтүстікке қарай бұрылып, Руське басып кірді де үш 
жыл бойы орыс княздықтарын жаулаумен болды, сол кезде Күйік пен Қадан оңтүстікке 
қарай жылжыды.Құмандардың батысқа қашып, Мажарстан королінің жерін паналап 
отырғанын желеу етіп, Бату, Шайбан, Орда-Ежен, Байдар жəне Мөңке хан сияқты Шыңғыс 
əулеті мен өз бауырларымен бірге батысқа жорық жасады. Легница жəне Мухи маңында 
неміс-поляк
рыцарьларынан жиналған əскермен шайқасып, оларды талқандады. Бірақ сол 1241 жылы 
Үгедей хан қайтыс болып, Бату енді ғана қоршап-қамай бастаған Венаны тастап, елге 
қайтып кетті. Моңғол əскерінің ең батыстағы жаулап алуы осы болды.1242 жылы 
Мажарстан арқылы қайтып (жолшыбай Пешт қаласын жаулап), Болгарияны бағындырды.[8] 
Бату астанасын ежелгі Хазар қағанатының астанасының орнында орналасқан, Еділдің 
төменгі ағысындағы Сарай-Жүк қаласында орнатты. Содан сəл бұрын Бату мен Орданың 
бауыры Шайбан Орал тауларының шығысында Обь пен Ертістің бойында өз еншісіне ұлыс 
алып, сонда кетіп қалған болатын.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   103




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет