Сонымен Қазақстанның барлық жері моңғолдың үш ұлысының құрамына: үлкен далалық
бөлігі Жошы ұлысының, Оңтүстік жəне Шығыс Қазақстан Шағатай ұлысының, Жетісудың
Солтүстік-шығыс бөлігі Үгедей ұлысының құрамына кірді.
Моңғол шапқыншылығы бұл өңірде бұрын қалыптасып қалған шаруашылық-экономикалық,
мəдени-этностық дамуды бұзды. Сонымен қатар моңғол шапқыншылығы Қазақстан жерінің
этностық құрылымына едəуір өзгеріс əкелген саяси фактор болды. Бір жағынан Қазақстан
жеріне сырттан келген моңғол жəне түркітектес тайпалар қоныстанса, екінші жағынан
жергілікті халықтың біраз бөлігі Шыңғыс ұрпақтарының жорықтарына тартылып, елімізден
тыс аймақтарға кетті. Соның нəтижесінде жергілікті түркітектес рулар, тайпалар бір-бірінен
ажырап қалды, бұрынғы тұтастығынан айырылып, ұсақталып кетті. Бұл үлкен ру-
тайпалардың халық болып бірігуін қатты тежеді. Моңғол шапқыншылығы тайпалардың,
тайпалық одақтардың аяқталуға жақын қалған халық болып бірігу процесін бірнеше
ғасырға шегерді.
Достарыңызбен бөлісу: