Тарих гос ответы 1-билет. Абдреева Аружан



бет14/46
Дата09.05.2023
өлшемі121,77 Kb.
#91214
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   46
Байланысты:
тарих гос 40

Басқарудағы өзгерістер:
1867 – 1868 жж. басқару жүйесі өзгеріссіз қалды. Генерал-губернаторлықты генерал-губернатор, облысты әскери-губернатор, уезді уезд бастығы, болысты болыс, ауылды ауыл старшыны басқарды. Облыс орталықтарында – полицейлік басқармалар, уездік қалаларда – полицейлік приставтықтар сияқты тәртіп бақылау мекемелері құрылды. Отаршылдық билеудің күшейгені сонша, сайланған болыс пен ауыл старшынын бекіту не бекітпеу әскери губернатордың қолында болды. Егер ол сайлау нәтижесін бекітпей қайта сайлау жүргіземін деп шешсе, оған ешкім қарсы келе алмайтын еді. Отырықшы тұрғындар мен қоныс аударушылар құқық тұрғысынан Ресейдегі селоның және қаланың тұрғындарымен теңестірілді. Бұл ереже қазақ жеріне сырттан көшіп келгендердің мәртебесін арттырды. Қазақ ақсүйектері барлық артықшылықтарынан айырылды.
15 Қырғыз (Қазақ) Автономиялық Кеңестік Республикасының құрылуы. Қазақстан Кеңестерінің құрылтай съезі. Орта Азияны ұлттық-мемлекеттік межелеудің аяқталуы және Қазақ АССР-і территориясының кеңеюі (1924-1925). Қазақстанның астанасы Орынбордан – Қызылордаға – Алматыға көшірілуі.
Қырғыз Автономиялы Кеңестік Социалистік Республикасы — 1920 жылдың 16 маусымында РКФСР құрамында құрылған автономиялы қазақ республикасы. 1920 жылы 4 қазанда Орынбор қаласында Қазақ АКСР Кеңестерінің құрылтай съезі өткізілді. Орта Азия Республикалары аумағын межелеу – Ресей отаршылары жойған ұлттық мемлекеттілікті жаңғырту барысында Орта Азия республикаларының жерлерін белгілеу үшін 1917 – 25 жылдары атқарылған іс-шаралардың нәтижесі. Ақпан революциясынан кейін, бұрынғы патша өкіметіне бағынышты болған Орта Азия елдерінің аумақтық тұтастығын қалпына келтіру мәселесі алдыңғы орынға шықты. Қазақ АССР-і территориясының кеңеюі батысында Төменгі-Волжск өлкесімен, солтүстік-бастысында - Ортаңғы-Волжск өлкесімен, солтүстігінде - Орал облысымен, солтүстік-шығысында Батыс Сібір өлкесімен, оңтүстігінде - Орталық Азия Кеңестік республикаларымен, оңтүстік-шығысында Қытаймен шекарала жатты.
Қызылорда 1929 жылы мамыр айына дейін Қазақ АКСР-і астанасы болды Сыр бойының экономикалық және табиғи жағдайы қолайсыз дегенді желеу еткен Ф.И. Голощекин басқарған БК(б)П Қазақ өлкелік комитетті ел астанасын Қызылордадан орысы басым Алматыға ауыстыруды жөн деп тапты.
16Сақтар мен сарматтардың тарихы мен мәдениеті туралы археологиялық ескерткіштер. Сақ дәуіріндегі тайпалардың шаруашылық және әскери-қоғамдық жүйесі. Сыртқы көршілермен әскери-саяси қатынастар
Сақтар — б.з.б. 1-мыңжылдықта Орта Азия мен Қазақстан, Шығыс Түркістан аумағын мекен еткен ежелгі тайпа. Олар қуатты тайпалық одақтары массагеттер, исседондар, аландар, каспийлер, сарматтардан тұрған. сақ тайпалары мекендеген аса көлемді аймақ: тиграхаудтар — Жетісуда, ал массагеттер Арал өңірі мен Сыр бойында. Іле алқабында Бесшатыр, Есік, Түрген, Кеген, Алексеев обалары осы алқаптан табылды. Бұл жерден Тасмола мәдениеті (б.з.д. VII-III ғғ.) ашылды. Зерттеуді археологтар Ә. Марғұлан, М. Қадырбаев жүргізді. Сақ қоғамында халықтың үш тобы болды деген болжам бар. Осы үш жіктің өзіне тән дәстүрлі түсі болған. Жауынгерлерге — қызыл, сары-қызыл; абыздарға-ақ; қауымшылдарға-сары мен көк түстер. Сондай-ақ көсемдер мен патшалар да болды. Олар әскери жіктердің өкілдері болды.
Сарматтар — б.з.д 8 ғ.- б.з. 8 ғ. Қазақстанның батыс өлкелерін, оңтүстік Орал алқаптарын мекендеген, үлкен тобы Еділден батысқа қарай өтіп, солтүстік Қара теңіз өңірлерін жайлаған тайпалардың шартты атауы. “Сарматтар. Батыс Болғар-Дон мәдениеті, және Шығыс-Орал мәдениеті. Сармат тайпалары (ерте -Прохоров мәдениеті) өлген адамның қабырын балшықпен сылап не таптап, өлген адамды басын түскейге қаратып, шалқасынан жатқызып қоятын болған.
17. Қазақ даласындағы патшалықтың жаңа реформалары: 1886 жылғы «Түркістан өлкесін» басқару туралы ереже. Әкімшілік құрлысы. 1891 жылғы «Дала облыстарын басқару туралы Ереже». Көшпелі және отырықшы халықтың жер құрылымындағы өзгерістер (айжан жберд)


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   46




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет