Ежелгі үйсін қоғамында құлдық бола тұрса да, ұл еңбегі өндіріс негізі болған жоқ. Сол кездегі дүние жүзінің көптеген халықтарындағыдай, үйсіндерде де құлдықтың негізгі көздерінің бірі соғыс тұтқындары болды. Мысалы, жазбаша деректемелерде мынадай оқиға келтірілген: б. з. б. I ғасырда үйсін гуньмосы Вэн Гуйми (Фэйван) ғүндарға тұтқиылдан шабуыл жасап, 40 мың адамды тұтқынға алады да, қайтқанда өзімен бірге алып кетеді. Құлдардың шығуынын борышқорларды, кейбір жағдайларда өздерінің туысқандарын құлға айналдыру сияқты көздері де болуы мүмкін. Бірақ бұл көздердің тым шектеулі болғаны анық, өйткені патриархаттык-рулық қалдықтар күшті болған қоғамда еркін ұсақ өндірушіні құлға айналдыру өте сирек кездесетін еді. Әдетге, мырзаны, оның отбасы мүшелерін күтетін малай ретінде құлдар пайдаланылды. Бірақ, қолонерші-кұлдар, малшы-құлдар немесе егінші-құлдар да болды.Жазбаша деректемелер мен археологиялык материал үйсн қоғамындағы әлеуметтік теңсіздік фактісін анықтауға ғана емес, сонымен қатар оны ең басты әлеуметтік топтарға шартты түрде белуге де мүмкіндік береді. Бұл мәселенің археологиялық негіздемесін келтіре кетейік. Жетісу аумағындағы үйсін заманынан қалған мындаған обалар үш тұрпатқа бөлінеді. Олардың біріншісі — диаметрі 50—80 м және биіктігі 8—10—12 м үлкен жер обалар. Үйінді астында, әдетте еркектер мен әйелдер жерленген бір-екі мола шығады.Үлкен обаларда атақты адамдар — ірі меншік иелері мен олардың әйелдері немесе көңілдес әйелдері қойылған деп айтуға әбден болады. Орташа обаларда өз алдына бөлек шаруашылық жүргізетін, халыктың көпшілігін құрайтын ерікті, катардағы қауым адамдары, ал ұсақ обаларда — тәуелді ұсақ өндірушілер мен құлдар жерленген.
Қанлы Қоңыртөбедегі қаңлы обасынан табылған сасанилік бедерлі асыл тастар (б. з. IV—V ғғ.): 1 — сердолик, 2-4 — халцедон. Бір кездерде қаңлылар мекендеген аудандардан археологтар қоныстар мен қорымдар тапты. Бұл ескерткіштер Қауыншы, Отырар-Қаратау, Жетіасар археологиялық мәдениеттеріне жатқызылды. Біріншісі - Ташкент жазирасына, екіншісі - Сырдарияның орта ағысындағы Қаратау беткейлерінен Таласқа дейінгі аудандарға, үшіншісі - Қуаңдария мен Жаңадария аңғарына таралған. Қаңлы дәуіріндегі Орталық Азия аймақтарына салыстырмалы сипаттама берген кезде Сырдарияның сағасынан Ферғанаға дейінгі біртұтас мәдени-шаруашылық өңір айқындалады. Ол өңірге отырықшы егіншілік-малшылық экономика, іргелі архитектурасы мен қорғаныс кұбылыстары, қоныстанудың жетекші үлгісі ретіндегі аздап бекініс жасалған қоныстар, қолөнердің нашар дамуы, ақша айналысының шектеулілігі және басқа да белгілер тән болған25. Шардараға жақын жердегі Ақтөбе қонысы қауыншы мәдениетінің, ең жақсы зерттелген ескерткіші болып табылады. Ол Сырдарияның сол жақ жағалауына орналасқан. Қала орны үш жағынан дуалмен, ал Сырдария жағынан қазылған ормен қоршалған. Қала орнының орталығында орналасқан биіктігі 20 метрге жуық дөңгелек төбе (шоқы, оба) ерекше көрінеді. Төбе аумағында және Ақтөбе 2-нің басқа бөліктерінде қазба жұмыстары жүргізілді. Қазбалардың біреуінен Сарай үйі толық аршылды. Ол тікбұрышты, көлемі 28x18,5 м болып шықты. Сарай шаршылап орналасқан бес жайдан, кіру кешені мен құрылысты батыстан шығысқа қарай орап өтетін екі дәлізден тұрған. Оның орталығында шаршы зал (3,6x3,6 м) бар, ол басқа жайлардың бәрімен арқан арқылы өтетін жолдармен байланысқан. Бір кездерде оның төбесі жалпақ етіп жабылған. Зал қабырғаларының биіктігі қазіргі кезде 6 метрге жетеді. Зал еденінің ортасында құдық бар. Үй солтүстік-батыс бұрышына салынған, мұржасыз камин үлгісіндегі ошақпен жылытылған. Залдың айналасына орналасқан жайлар дөгалана иіліп, ал олардың біреуі күмбездеп жабылған, бұл күмбез Орта Азия мен Қазақстандағы ертедегі үлгімен жабылған күмбездердің бірі болып табылады. Бөлмелердің бірінде баспалдақ бар, онымен көтеріліп үйдің шатырына шығады. Сарайдағы бүкіл құрылысы — қабырғалар, тіреулер, арқа жолдары тікбұрышты ұзынша және төрт бұрышты шаршылы шикі кірпіштерден қаланған. Қазба жұмыстарын жүргізген кезде керамиканың бай жиынтығы: көзелер, сапты аяқтар, табалар, құмғандар, шүмекті құмыралар жиналды, олар біздің заманымыздың I жартысындағы ескерткіштердің материалдарына ұқсас келеді. Керамикалық бұйымдардан басқа ұршық бастар, жебелердің үш қыры бар ұңғылы ұштары, алтын сырға, бір жүзді пышақтар, сүйек ұршықтар, қола сақина, қызыл шыныдан көз салынған алтын қапсырма табылды, олар біздің заманымыздағы I — IV ғасырларға жатады.
Қаңлылардың бір бөлігі көшпелі мал шаруашылығымен айналысқан. Келесі бөлігі отырықшы егіншк болған. Қытай деректері олардың жылқы, түйе, қашыр, есек, сиыр өсіргенін айқындайды. Оларда негізгі малдардың бірі қой болған. Қаңлылардың жерінен алтын, асыл тастар, хош иісті шайлар, кілемшелер, қымбат аң терілері саудаға шығарылған. Қаңлылардың диқаншылықта қолданған кетпен, қолорақ, қолдиірмен, астық сақтайтын ыдыстары, ұралар мен қамбалар және астықтарда көптеп табылды.