Тарих гос ответы 1-билет. Абдреева Аружан


БИЛЕТ. Қазақ өлкесінде Кеңес өкіметінің орнауының ерекшеліктері. Азамат соғыс жылдарындағы «Алаш Орда»



бет12/46
Дата09.05.2023
өлшемі121,77 Kb.
#91214
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   46
12 БИЛЕТ. Қазақ өлкесінде Кеңес өкіметінің орнауының ерекшеліктері. Азамат соғыс жылдарындағы «Алаш Орда».

Керенский үкіметі құлап, оны қорғап қалуға орталықтан да, жергілікті жерлерден де ең болмаса бірнеше полк әскер табыла қоймады, мұның өзі Уақытша үкіметтің құлау сәтіне жеткенін дәлелдеп берді. Бірақ бұл Кеңес үкіметіне балама билік мүлде жойылды дегенді білдіре қоймады. Керісінше, Кеңестердің II съезінің қорытындыларын мойындамайтын, Ресейдегі заңды үкіметті озбырлықпен басып алу деп, Қазан қарулы көтерілісін айыптайтын бұрынғы биліктің жергілікті органдары, ұлттық-демократиялық ұйымдар, кейбір өңірлердегі қазақ әскерлерінің басшылығы түрінде әлі де сақталып қалды. Бұл күштердің қай-қайсысының да мақсаттары мен міндеттері әр түрлі болғанымен, оларды Кеңес өкіметіне және оның бағдарламалық идеяларына қарсы бірігуге алып келді. Сол себепті, басқа да өңірлердегі сияқты, Қазақстанда Кеңес өкіметін орнату, отандық тарихнамада 70 жылдан астам уақыт айтылып келгеніндей, бірден «салтанатты шеру» бола қоймады. Шын мәнінде 1917 жылғы қазанның аяғы — Петроградта қарулы көтерілістің басты қорытындылары өлкеге белгілі бола бастағанынан бастап, 1918жылғы наурыздың басына — Верный қаласында большевиктер жеңіске жеткенге дейінгі кезеңде Қазақстанда 1918 жылы жаздың басында кең көлемдегі Азамат соғысы басталады деп күтілген еді. Кеңестерге қарулы қарсылық көрсетуші басты күштер қазақ әскерлерінің басшылары, кадеттер мен әсерлердің, халықшыл социалистер мен меньшевиктердің жергілікті ұйымдарының жетекшілері саналды. “Алаш” партиясының көсемдері тұтастай алғанда осы күштерді қолдап келді, дегенмен 1917 жылғы қазанның аяғы мен 1918 жылғы наурыз аралығында (Қазақстанда Кеңес өкіметін орнату кезінде) олардың позициясы тактикалық жағынан елеулі өзгеріске ұшырады. Казан революциясын көп бұрын-ақ қазақтың ұлттық-демократиялық қозғалысының көсемдері өз бағдарламалық көзқарастарын Қазақстанның әлеуметтік-экономикалык және саяси дамуы жайлы өз бағдарламалық көзқарастарын кеңінен насихаттаған болатын, ал қарулы күрес Петроградта жеңіске жеткеннен кейін-ақ 1917 жылы 21 қарашада «Қазақ» газетінде Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатов, Елдос Ғұмаров, Есенғали Тұрмұхамедов, Ғабдулхамид Жүндібаев және Ғазымбек Бірімжановтар құрастырған «Алаш» партиясы бағдарламасының жобасы жарияланды.
13 БИЛЕТ Ежелгі Қазақстан аумағындағы қола дәуірінің ерекшеліктері және андронов мәдениетінің таралуы. Шаруашылық қатынастар (мал шаруашылығы мен егіншілікті, тау-кен металлургиясын, тұрмыстық қол өнерді дамыту). Көшпелілікке (көшпелі экономикаға) көшудің алғы шарттары.
Ежелгі Қазақстан аумағындағы қола дәуірінің ерекшеліктері және андронов мәдениетінің таралуы. Шаруашылық қатынастар (мал шаруашылығы мен егіншілікті, тау-кен металлургиясын, тұрмыстық қол өнерді дамыту). Көшпелілікке (көшпелі экономикаға) көшудің алғы шарттары.
Қола дәуірінде мал шаруашылығы мен металлургияның жедел дамуы ерлер еңбегін көп қажет еткендіктен қоғамда ер адамдар рөлі жоғарылап, аталық отбасылық қатынас орнады, аналық ру орнына аталық ру келді. Б.з.д. 2 мыңжылдықтың алғашқы ширегі бітер кезде (Қола дәуірі) Еділ мен Алтай арасында мал шаруашылығымен айналасқан адамдар қола жасауды меңгерді. Оңтүстік Сібірдегі Ачинск қаласы маңындағы Андроново селосынан қола дәуірі ескерткіштері алғаш рет табылды. Оны 1913 ж. Б.Г. Андрианов ашты. Қола дәуірінде мал шаруашылығы мен металлургияның жедел дамуы ерлердің еңбегін көп қажет еткендіктен қоғамда ер адамдар рөлі жоғарылап, аталық отбасылық қатынас орнады, аналық ру орнына аталық ру келді. Андроновтықтар қоғамында барлық істі халық жиналысы шешіп отырды: ру басшыларын сайлау, айыптыларды ел алдында жазалау және т.б. Метал балқытумен бірге андроновшылар оны шыңдау, шекімелеу және қыспалау әдістерін білген. Алтын фольгамен оралған қоладан олар сырғалар, алқалар, білезіктер жасаған. Қола дәуіріндеті экономиканың басты-басты екі бағыты болып табылатын мал шаруашылығы мен металлургияның тез дамуы өндіргіш күштердің өсуіне, қоғамдык еңбек мамандануының күшеюіне, қоғамдық өмірдегі ірі өзгерістерге жеткізді. Жеке отбасылар оқшауланды, отбасылық меншік кеңейді, рулық қауым ішінде мүлік теңсіздігі өсті.
14 Ресейдің 1867 жылғы «Жетісу және Сырдария облыстарын басқару туралы уақытша Ереже» және 1868 жылғы 21 қазандағы «Орынбор және Батыс Сібір облыстарын басқару туралы уақытша Ереженің» бекітілуі. Сот жүйесіндегі, салық салу жүйесіндегі өзгерістер


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   46




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет