Тарих гос ответы 1-билет. Абдреева Аружан


III кезең -қазақ мемлекетінің құрылуынан қазіргі күндерге дейінгі уақытты қамтиды



бет2/46
Дата09.05.2023
өлшемі121,77 Kb.
#91214
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   46
III кезең -қазақ мемлекетінің құрылуынан қазіргі күндерге дейінгі уақытты қамтиды.
Сонымен тәуелсіз Қазақстан тарихы осындай 3 ірі кезеңдерден тұрады.
2билет XVIII ғасырдың алғашқы үштен біріндегі қазақ жүздерінің сыртқы саяси жағдайы. Әбілқайыр ханның Ресей патшайымына жіберген елшілігі.
1. XVII ғасырдың соңы – XVIII ғасырдың басындағы Қазақ хандығының мемлекеттік дамуына оның аймақтық байланыстары, қоғамдық қарым-қатынасындағы әлеуметтік өзгерістері, хан билігінің күшеюі, қазақ жерін сыртқы жаулап алу факторы тұрғысында тарихтың қатаң сынағынан өтуі тиіс болды. XVIIғ. соңы – XVIII ғ.басында қазақтар Ташкент қаласының ішкі билігіне көп араласа бермеген, олар тек жергілікті халықтан салық жинаумен ғана шектеліп отырған. Орта Азия және Қазақ хандығының қарым-қатынастарында негізгі саяси мәселерден гөрі экономикалық талаптар басты.
XVIII ғасырдың бас кезі, – деп атап көрсетті академик Бартольд,-Азия мұсылмандары үшін саяси-экономкалық, мәдени саларында құлдырау болып табылады. Халықтың жағдайы нашарлап кетті. Мал басы кем түсті. 1709 жылдары басталған ойрат феодалдарының жаңа шабуылы, Тәуке ханның қазақ билеушілерінің басын қосып 1710 жылы Қарақұм маңында үш жүздің өкілдерінен құрылтай өткізуге итермеледі. XVIII ғасырдың бірінші ширегінің соңында жоңғар шабуылы ішкі тартыстың қайта өршуі, сондай-ақ 1717-1718жылдарда Тәукенің дүнеден өтуі Қазақ хандығы шаңырағының шайқалып, шетінеуіне бірден бір себебі болды.. Әр жүз, әр ру өз алдында ел болғысы келді.Тәуке басын біріктіріп батырлар қолбасшылық еткен халық жасақтары жеті-сегіз жеңістен кейін-ақ табысқа мастанып әр ру өз сұлтанын, өз төресін хан көтеріп, әр ел өз батырын биік мадақтап, жан-жаққа даурығып тарап жатты. Қазақ даласында жоғары билік жолындағы күрес шиеленісе берді. Мұның өзі дәстүрлі қазақ хандығын дағдарысты күйзеліске ұшыратты. Рулар, тайпалар және жүздер арасындағы бірлік пен байланыс әлсіреді. Баяғы алтыбақан алауыздық қайтадан қозды. Сұлтандардың аймақтық сеператизмі күшейді. Қазақтың барлық жүзінің өз ішінде келте хандары пайда бола бастады. Орталык хандық биліктің әлсіреуі Кіші жүзде - Әбілқайырдың, Орта жүзде - Болаттың, Сәмекенің, Кушііктің, Ұлы жүзде — Жолбарыстың, Иманның жағдайын әлдеқайда нығайта түсумен жалғасты. XVII ғ.соңғы ширегі – XVIII ғасырдың басындағы Қазақ хандығының сыртқы саясатында орыс елімен бейбіт қарым-қатынастарды сақтауды көздеген байланыстарын көруге болады. Тәуке хан Ресей елімен жақсы қатынасын сақтап,сауда саттықты өркендету саясатын ұстанған, ол бірнеше дүркін елшілер жіберіп, тату-тәтті, ынтымақта болатын көршіні іздеді. Өкінішке орай, Ресей мемлекеті оның ұстанған бағытын жеткілікті дәрежеде қолдамай, қазақ шекараларына бекіністер сала бастады. (Омбы 1716, Железинск 1717, Семей 1718, Өскемен 1720).
2. Жоңғар қаупінің жойылмауы билеушілерден сыртқы қауіптен құтқаратын жол іздеуді талап етті. Кіші жүз ханы Әбілқайыр (1680-1748) Ресейдің құрамына енуді ойластырды. Ол көздеген мақсаттардың ішіндегі ең бастысы Жоңғарларға қарсы күресте Ресеймен бірігу болды. Әбілқайыр ханның мақсаттары қазақ ауылдарының шаруашылық мұқтажымен де байланысты болды. Жайықтың төменгі ағысы, Есіл, Ертіс, Ор өзендері бойындағы қазақтардың мал жайылымдары үшін бейбіт өмірді сақтауды Ресеймен келісімге келу арқылы шешуді ойластырды. Бұдан басқа қалмақтар мен башқұрттардың Қазақ жерін шабуылдауын тоқтатуды көздеді. Петербург билеушілеріне арқа сүйеп, аға хандыққа таласта қарсыластарын жеңуді де ойлады. Қазақ жері арқылы өтетін керуен жолдарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету- оның мақсаттарының бірі болды. Кіші жүз ақсүйектерінің талабы Ресеймен əскери одақ құру болды.
Əбілқайыр хан Петербургке аттанған елшілері – Сейітқұл Қойдағұлұлы мен Құтлымбет Қоштайұлына Ресейдің қол астына кіру туралы құжат тапсырды. 1731 жылғы 19 ақпанда Кіші жүзді империя құрамына қабылдау туралы хан ұсынысын императрица Анна Иоанновна қабылдады. 1731 жылғы 10 қазанда Кіші жүздің 29 старшыны Ресейдің қол астына кіруге ант берді. Барақ сұлтан, Бөкенбай батыр топтары Кіші жүзді Ресейге қосу жөніндегі шараларды аяқсыз қалдыруға тырысқанмен, бұл қарсылық сəтсіз аяқталды.
Орыс үкіметі Қазақ өлкесі жөнінде отаршылдық саясат ұстанып, 1714-1720 жылдары Ертіс өзенінің жоғары ағысында бекіністер тұрғызған болатын. Ол бекіністер – Жəміш, Омбы, Колбасинск, Железинск, Семей, Коряков (Кереку), Өскемен. Патша үкіметі қазақ-жоңғар соғысын пайдаланып, бекіністер салу арқылы Қазақ өлкесін біртіндеп жаулап алу мақсатын көздеді. Кіші жүз бен Орта жүзден барлығы 60-қа жуық старшын Ресейге берілгендігін қуаттап екінші рет ант берді. 1740 жылы тамызда Əбілмəмбет хан мен Абылай сұлтан Ресейге ант берді. Алайда Орта жүз дербестігін әлі де сақтады.

3-билет. 1917 жылғы ақпан төңкерісінен кейінгі жағдайдағы қазақ өлкесіндегі қоғамдық-саяси белсенділіктің өсуі. Орынборда өткен I жалпықазақ съезі және оның қорытындылары (1917 ж.) Алаш партиясының құрылуы және оның бағдарламасы
1 1. Ресей империясының барлық саяси жүйесіне тән дағдарыстың салдары болып табылатын 1917 жылғы Ақпан революциясының нәтижесінде патша үкіметі құлатылды. Ол Ресей халықтарының, оның алдыңғы қатарлы күштерінің патша билігіне, крепостниктік құрылысқа және отарлық езгіге қарсы көп жылдық күресінің жеңісімен аяқталды. 1917 жылы 28 ақпанда М.В.Родзянконың басшылығымен Мемлекеттік Думаның комитеті құрылып, мемлекеттік және қоғамдық тәртіпті қалпына келтіруді өз қолына алғанын мәлімдеді. 2 наурыз күні Мемлекеттік Думаның Уақытша комитеті мен Петроград Кеңесінің арасындағы келісім бойынша Уақытша үкімет құрылды. Ақпан революциясы қалың бұқараның саяси құқықтарын кеңінен пайдалануына мүмкіндік жасады, олардың саяси күреске ашық араласуын қамтамасыз етті. Елдегі қоғамдық өмірде саяси партиялардың ролі орасан өсті. Революция патшалық цензураны жойды. Жұртшылық сөз және жиналыс бостандығын кеңінен пайдаланды. 1917 жылғы Ақпан революциясынан кейін Қазақстанның қоғамдық-саяси өмірінде белсенділіктің айтарлықтай арта түсуіне облыстық, уездік қазақ комитеттері үлкен әсер етті. Мысалы, 1917 жылдың 10 наурызында - Оралда (төрағасы - Әлібеков); 11-наурызында - Семейде (төрағасы - Р.Мәрсеков); Омбыда (төрағасы - Е.Итбаев); наурыздың аяғында - Верныйда (төрағасы -И.Жайнақов) құрылған және т.б. облыстың қазақ комитеттері "Қазақ" газетінің көмегімен бірден-ақ қазақтардың облыстық съездерін дайындауға кірісті. Олар съездерге дайындалу барысында облыстық қоғамдық және басқа комитеттермен де, Уақытша үкіметтің органдарымен де ынтымақтастық жасады.

2. 1917 жылы 21-26 шілде аралығында Орынборда Бірінші жалпықазақ съезі Ақмола, Семей, Торғай, Орал, Жетісу, Сырдария, Ферғана облыстарынан және Бөкей ордасынан келген өкілдердің қатысуымен өтті. Съездге Х.Досмұхамедұлы төрағалық, А.Байтұрсынұлы, Ә.Көтібаров, М.Дулатұлы, А.Сейітов хатшылық етті. Оның қорытындысымен «Алаш» партиясын құру туралы шешім шығарылған. Съездiң күн тәртiбiндегі ең басты мәселенiң бiрi «қазақ саяси партиясын жасау мәселесi» еді. Оны құру жөнінде пікірталас та болды. Нәтижесінде партияның атауын «Алаш» деп қою мақұлданды. Бағдарламаның мәтіні 1917 жылы 21 қарашада жалпыұлттық «Қазақ» газетінде жарияланды. Жаңа партияның негізгі мақсаты Ресей демократиялық федеративтік республикасы құрамындағы қазақ автономиясын құру деп есептелді. Әрине, Алаш көсемдерінің түпкі мақсаты дербес мемлекет құру болды. Бұл «Алаш» партиясының ең демократияшыл, ізгілікті идеяларынің бірі еді. Дін мемлекеттен бөлек болатыны да айтылды. Соған қарамастан ұлттық сот әдет-ғұрыптық негіздерді де есепке алды. Алаш партиясы өз әскерін құру, кедей тұрғындарға көмек көрсету, білім беру ісін жан-жақты дамыту, аграрлық-қоныстандыру мәселесін шешу міндеттерін қойды. Бағдарламада жер қазақ халқының иелігінде деп көрсетіліп, жерді сатудан мүлдем бас тартылды. Сот саласында ежелден келе жатқан билер сотын сақтау мен өкілеттілер сотын пайдалану ұсынылды. Әскери сала бойынша қазақ милициясын құру керек делінді.
3. Алаш партиясы тұңғыш жалпықазақ съезін шақыру туралы шешім 1917 жылғы сәуір айында өткен Торғай облыстық қазақ съезінде қабылданып, съезд оны даярлауды Әлихан Бөкейхан мен Ахмет Байтұрсынұлы бастаған бір топ қазақ зиялыларынан құрылған айрықша бюроға тапсырды. Партия жетекшісі Ә. Бөкейханов болды, партияны құруға А. Байтұрсынов, М. Дулатов, Ж. Досмұхамедов, Х. Досмұхамедов, Ә. Ермеков, М. Шоқай, Ж. Ақбаев, Ш. Құдайбердиев, Х. Ғаббасов, М. Тынышбаев және т.б. алаш зиялылары атсалысты.
Олардың мақсаты қазақ елін отарлық езгіден құтқарып, өз алдына ұлттық автономия құру болды. 1917 жылғы қараша айында «Қазақ» газетінде «Алаш» партиясы бағдарламасының жобасы жарияланды. Жобаны жазушылар Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатов, Елдес Ғұмаров, Есенғали Тұрмұхамедов, Ғабдулхамид Жүндібаев және Ғазымбек Бірімжанов деп көрсетілген. 2.Алаш партиясының бағдарламасы


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   46




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет