Тарих гос ответы 1-билет. Абдреева Аружан


Қыпшақ хандығы (Дешті қыпшақ): құрылуы, этникалық тарихы, қоғамдық құрылысы, саяси тарихы



бет46/46
Дата09.05.2023
өлшемі121,77 Kb.
#91214
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   46
Байланысты:
тарих гос 40

43. Қыпшақ хандығы (Дешті қыпшақ): құрылуы, этникалық тарихы, қоғамдық құрылысы, саяси тарихы.


Ответ: Қыпшақ хандығы 11 ғасырда құрылды. Сыртқы жауларының соққысынан құлаған Қимақ қағанатының жері Қыпшақ хандығына көшті. Алтайдан Еділге дейінгі аралық “Қыпшақтар даласы” (Дешті Қыпшақ) деп аталған. Қыпшақтардың этникалық құрамы 7-8 ғасырларда қалыптаса бастап, екі бөліктен тұрған. Батыс бірлестігінде 11 тайпа, ал шығыс бірлестігінде 16 тайпа болған. Ең беделдісі – елбөрілер (бөрілер). Әскери басқару жүйесі оң және сол қанат болып бөлінді. Күші мен беделі басым оң қанаттың ордасы – Сарайшық (Жайық өзені бойы), ал сол қанаттың орталығы – Сығанақ (Сырдария өзені) қаласы болды. Хандық биліктің орталығы “орда” деп аталды.
Махмуд Қашғари қыпшақ тілінде құлды “яланкуг” деп атаған. Ал кедейлердің ішінде жер өңдеумен айналысатын жатақтар болған.
Ресей жеріне барып орналасқан қыпшақтар орыс деректерінде “половшылар” (далалықтар) деп аталды. Дунай бойына қоныстанған қыпшақтарды венгрлер “кундар” немесе “командар” деп атаған.
Хорезм шахының мұрагері Атсыз қыпшақтардың қол астындағы оғыздар жеріне бірнеше рет шабуылдаған. 1133 жылы қыпшақтар олардан жеңіліп қалды. Осы жеңілістен кейін қыпшақтар екіге бөлініп, әлсірей бастады. Хорезмдіктер қыпшақтардың ішкі қайшылықтарын пайдалануды көздейді. 13 ғасырдың басында Сыр бойындағы қалалар үшін Хорезм шахы Мұхаммед пен Қыпшақ хандығы арасында шайқастар болды. Қыпшақтар өз ішіндегі алауыздықтың кесірінен жеңіліп, солтүстікке қарай шегінді. Бұл екі ел үшін Отырар, Сығанақ, Арал теңізінің аумағы ұзақ жылдар бойы қақтығыс көзіне айналды. Билік үшін бәсеке, тек монғолдар екі елді де жаулап алғаннан кейін біржола тынды. 13 ғасырдың басында Қыпшақ хандығы құлағанымен, оның халқы мүлдем жойылып кеткен жоқ. Қыпшақтар қазақ халқының басты этникалық құрамының біріне айналды.


44. Исатай Тайманұлы мен Махамбет Өтемісұлы бастаған Бөкей хандығындағы қазақтардың көтерілісі (1836-1838): көтерілістің қозғаушы күштері, сипаты, кезеңдері және оның маңызы.


Ответ: Көтерілістің негізгі қозғаушы күші шаруалар болды, оған старшын, билер де қатысты. Көтеріліс басшылары – Исатай Тайманұлы, Махамбет Өтемісұлы. Көтерілістің сипаты: Антифеодалдық және отаршылдыққа қарсы. Көтеріліс үш кезеңге бөлінді.
Бірінші кезең – 1833-1836 жылдар аралығы қарулы көтеріліске даярлық ретінде сипатталса, екінші кезең – 1837 жылдың басында көтерілісшілердің ханға қарсы аттануынан бастап, олардың осы жылдың күз айларында жеңіліске ұшырауына дейінгі аралық. Үшінші кезең 1837 жылдың желтоқсанында Исатай мен Махамбет бастаған көтерілісшілердің шағын тобының Жайықтың сол жағалауына өтіп, күш жинап көтеріліске қайта шығуынан бастап, 1838 жылдың шілде айының ортасында Ақбұлақ өзенінің маңында болған шайқаста біржола жеңіліске ұшырауына дейінгі уақытты қамтиды. Кіші жүзге келген патшаның жазалаушы әскері көтерілісшілердің бірігіп, ары қарай әрекет жасауына мүмкіндік бермеді.
Исатай Тайманұлы мен Махамбет Өтемісұлы бастаған көтеріліс – қоғамдағы әлеуметтік теңдік үшін болған, қазақ халқының Ресей империясының отаршылдық саясатына қарсы халықтың азаттық рухын жігерлендірген көтеріліс.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   46




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет