Тарих гос ответы 1-билет. Абдреева Аружан


Пулеметші Мәншүк Мәметова (шын есімі – Мәнсия) – Кеңес Одағының Батыры атағын алған алғашқы қазақ әйелі



бет42/46
Дата09.05.2023
өлшемі121,77 Kb.
#91214
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   46
Байланысты:
тарих гос 40

Пулеметші Мәншүк Мәметова (шын есімі – Мәнсия) – Кеңес Одағының Батыры атағын алған алғашқы қазақ әйелі.
1922 жылы Батыс Қазақстан облысының Жиекқұм ауылында дүниеге келген.
Ұлы Отан соғысы кезінде Калинин майданы 100-ші жеке атқыштар бригадасының пулеметшісі болды. 1943 жылдың қазан айында Невель қаласын азат ету үшін болған кескілескен шайқастарда басынан ауыр жараланды.
"Аға сержант Мәметова Мәншүк соңғы күшін жинап, пулеметімен оқ жаудырып, фашистерді кері шегінуге бірнеше рет мәжбүр етті. Біздің бөлімшелеріміздің алға жылжуына жағдай жасады", - деп жазылған марапаттау парағында.
Жарақатына қарамастан, ол 70-тен астам жау әскерін жойып, ерлікпен қаза тапты. Қыз небәрі 20 жаста еді. Невельде жерленді.
Мерген Әлия Молдағұлова
Әлия Молдағұлова деп көрсетіліп жүрген қысқа шашты қараторы сұлудың суретін музейлерде, пошта маркаларында және тіпті "Мәңгілік даңқы" шеруінде кездестіруге болады. Алайда бұл фотода Кеңес Одағының Батыры емес, қырғызстандық актриса Айтұрған Темірова бейнеленген деген пікір бар. Ол дәл осыдан 35 жыл бұрын "Мергендер" фильмінде ержүрек қазақ қызының рөлін шебер ойнаған болатын.
"Шынымды айтсам, Әлия Молдағұлова екеуміз бір-бірімізге қатты ұқсаймыз, сондықтан суреттегі мен бе, Әлия ма, 100% дөп басып айта алмаймын. Дегенмен оның сирек кездесетін фотосуреттерін көрсеткен кезде, қатты таңғалғаным есімде. "Әскери киіммен қашан суретке түсіп едім?" деп ойланып қалдым. Көптеген жыл өтті, сондықтан бізді енді ешкім айыра алмайтын сияқты", - деді актриса Sputnik Қазақстанға.
Марқұм режиссер Болотбек Шамшиев көзі тірісінде Sputnik Қазақстанға берген сұхбатында түсірілімді бастамас бұрын, батыр қыздың қабірін көрген Новосокольники ауылының тұрғынымен кездескенін айтқан болатын. Ол әйелге бірнеше фотосуретті көрсетіп, Молдағұловаға көбірек ұқсайтын суретті таңдауын өтінген. Ауыл тұрғыны Айтұрған Темірованы көрсеткен.
Алия Молдағұлованың көптеген түпнұсқа фотосуреті бізге жетпеген. Сирек кездесетін архивтік мәліметтерді Ақтөбе қаласындағы облыстық мемориалды музейінен табуға болады.
Молдағұлова қаза болғаннан кейін 1944 жылы Кеңес Одағының Батыры атағына ие болды. Ұрыста ол жаудың 78 солдаты мен офицерін жойды. Қыз 1944 жылы 14 қаңтарда Псков облысының Новосокольнический ауданындағы Казачиха ауылына шабуыл кезінде қаза тапты.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   46




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет