2.2.Ордабасы құрылтайының мақсаты және нәтижесі.
1726 жылдың күзінде Ордабасы тауында Бүкілқазақтық Құрылтай болды.
Оған қазақтың хандары, үш жүздің сұлтандары, билері, батырлары келді. Қазақ халқының ең таңдаулы өкілдерінің бас қосқан бұл жиынында жауға күйрете соққы беруді, орталықтандырылған күшті басшылықты қалай ұйымдастыруды шешу керек болды.
Халықты қорғау ісін халық өзі жүзеге асырды, ел мүддесін қорғай алатын ұйымдастырушылар мен жетекшілері – Бөгенбай, Қабанбай, Тайлақ, Саурық, Жәнібек, Малайсары, Өтеген сияқты батырларын қолдау арқылы отанды қорғауды қолға алды.
1726 жылы Түркістан қаласынан оңтүстік-батыста орналасқан Ордабасы жерінде үш жүз өкілдерінің құрылтайы өтеді.
Қолда бар деректерде құрылтайды ұйымдастыру бастамасын көтерген адам туралы еш мәлімет берілмейді. Құрылтайды батырлардың қысымымен Болат хан ұйымдастырды деп болжам ғана жасауға болады. Құрылтайда бүкілхалықтық әскер құру туралы шешім қабылданды және оның басқолбасшысы болып сол кездегі Кіші жүздің ханы – Әбілқайыр сайланды. «Қауіп оларды біріктірді, - деп жазды, бұл туралы Левшин, - ортақ келісімді қалыпына келтіріп, барлығын бір нәрсеге бағыттады.
Жалпыхалықтық құрылтай алға жылжып, жауға қарсы шауып, оларды ежелгі қазақ жерінен ығыстыруға жол ашты. Құрылтай жиналасында ант қабылдап, бір біріне адалдықтарын білдірді. Әбілқайыр бас қолбасшы болып сайланды. Боз қасқа құрбандыққа шалынды.
Осы құрылтайдан кейін үшжүздің әскері қосылып, жоңғарларға қазақ-жоңғар соғысындағы аса ірі соққысын берді. Бұланты өзенінде өткен бұл шайқас тарихта «Қалмақ қырылған» деген атпен қалды. Жеңіс халықтың рухын көтерді, өз күшіне сендірді, басқыншыларды жеңуге болатынына көздерін жеткізді. Қазақ әскерлері басымдық алды, қорғаныстан шабуылдауға көшті.
Қорытынды
Қарақұм құрылтайы- бұл тек жоңғарларға қарсы соғысу үшін өткізілген бас қосу ғана емес сонымен бірге маңызды реформалар енгізілген аса маңызды жиын болды. Қарақұмдағы қаланған ұлттық бірлік келешектегі Ордабасыдағы тұтастықтың тұғыры болды. Қарақұм құрылтайындағы ұлттық бірлік болмаса, келешектегі Ордабасы құрылтайының болмауы да мүмкін бе еді. Қарақұмда Үш Арыстың батасын алып «Алаш» ұрандының туын көтерген Бөгенбай батыр мен «Арқар» ұрандының туын ұстаған Әбілқайыр хан «Ордабасы» құрылтайының шешімі бойынша өздерінің Қарақұмда басталған тарихи миссиясын ары қарай жалғастырды. «Қарақұм құрылтайынан», «Ордабасы» құрылтайына дейінгі 15 жыл уақытта талай қиыншылықтарды жеңіп 1729/30 жылдардағы атақты «Аңырақай» шайқасында Ұлы жеңіске қол жеткізді. Қарақұмда негізі қаланған бірлік туы, Ордабасыға дейін жығылмай жетіп Аңырақайда биікте желбіреді.
Достарыңызбен бөлісу: |