Лекция 14 Мектепке дейінгі тәрбие, отбасы және мектептің өзара ынтымақтастығы
1. Отбасы қызметінің тәрбиелік әлеуеттігі.
2. Отбасы мен мектепке дейінгі ұйымның өзара әрекетін қамтамасыз ету мәселесі
3. Мектепке дейінгі ұйым мен отбасы жұмысын ұйымдастыру формасы.
4. Балаларды мектепке дайындаудың педагогикалық, психологиялық мәселелері.
5. Ата-аналарға педагогикалық ықпал ету әдістері мен формаларының түрлері
1. Салт-дәстүр дегеніміз – халықтардың кәсібінен, сенім-нанымына, тіршілігіне байланысты қалыптасқан, ұрпақтан-ұрпаққа ауысып отырратын қоғамдық құбылыс. Ол отбасылық тәрбиеде ұалыптасады. Жеке адам жаңа салтты ойлап шығара алмайды немесе бұрынға қалыптасқан салтты жоғалта алмайды. Бүкіл халық, ел-жұрт уақыт созған сайын салт дәстүрге жаңалық енгізіп, оны қоғамдық болмыс көріністеріне бейімдеп, өзгертіп отырады. Ал жаңа қоғамдық қатынастарға қайшы келетіндері жойылып, өмірге қажеттілері жаңа жағдайда ілгері дамиды. Мәселен, қазақтың жаугершілік заманында құрдас батыр жігіттердің ұлы жорыққа аттанар алдында ақ қой сойып, қанына найзаларын малып, «өлсек бірге өлеміз, опасызды ант атсын» деп төс түйістіріп, анттау немесе әке-шешесі асырап алған баласы мен туған балаларының саусақтарын ақ қойдың бауыздау қанына малғызып, «қаны бір бауырмыз» деп ант ішіп, құшақтастырып, сүйістіру ырымдары бүгінде ұмыт болған. Ал бұрын болмаған ақ шашты қариялардың алтын-күміс неке тойларын жасау бүгінгі салт дәстүрден тұрақты орын алды.
Халық: «Дәстүрдің озығы бар, дәурені өткен тозығы бар», «Әдет - әдет емес, Жөн – әдет» деп заман талабына сай дәстүрлерді дәріптеп, тәлім-тәрбиенің пәрменді құралы ретінде пайдаланып келген. Мысалы, көп жылдар бойы діни мейрам деген жаңсақ көзқараспен Наурыз мейрамын еліміз мүлде атаусыз қалдырып келсе, қазіргі демократия ол қайта жаңғыртылып, жалпы халық мейрамына айналды.
Салт-дәстүр халықтың белгілі бір әдет-ғұрыптарымен байланысты туады. Мысалы, бала тәрбиесімен байланысты: шілдехана өткізу, сүйінші сұрау, балаға ат қою, бесікке салу, тұсау кесу, атқа мінгізу, сүндетке отырғызу тойлары, үйлену, үй болумен байланысты: құда түсу, есік-төр көрсету, ұрын келу, келін түсіру тойлары, қалың мал алу, жасау беру т.б. салт-дәстүрлер түрлі кәде-ырымдар, өлген адамды жерлеумен байланысты: арыздасу, қоштасу, естірту, көңіл айту, жұбату, жоқтау, өлген адамның жетісін, қырқын, жылын беру т.б. ырым-жырымдар қазақ халқында ежелден сақталған. Мұны тұрмыс-салт дәстүрлері деп атайды.
Тұрмыс-салтқа байланысты туған әдеп ғұрыптар мен салт дәстүрлердің бәрін де халықтың арман тілегі, ой пікірі, келешек ұрпаққа айтар өсиеті көрініс беріп отырады. Олар өлең жыр түрінде шілдехана мен баланы бесікке салу, тұсауын кесу, атқа мінгізу, сүндетке отырғызу немесе қыз ұзату, келін түсіру тойларында, сондай-ақ өлікті жөнелтумен байланысты жиындарда, отбасында айтылып отырады [16. б. 29-30].
Отбасының қоғам мен мемлекет, тіпті күлкі адамзат алдындағы атқаратын қажеті сан қырлы. (Отан отбасынан басталады» десек, адам тәрбиесі – Отанды сүю, өмірге құштарлық, сұсулықты тану бала кезден жанұяда басталатыны баршаға аян.
А.С. Макаренко: «тәрбие – баламен сөйлесумен, оған ақыл-кеңес берумен ғана шектелмейді. Тәрбие – тұрмысты дұрыс ұйымдастыра білуде, балаға әркімнің өз жеке басы арқылы үлгі-өнеге көрсетуінде», -деген ғой. Баланы жас кезінен бастап сыйлап, қадір-қасиетін, ар-намысын бағалап, дұрыс сөйлеп, дұрыс қарым-қатынас жасаған абзал.
Баланың айтайтын деген өтінішін, ақылдасқысы келген мәселесін ата-анасы тыңдап, ақыл-кеңес беруі керек.
Ата-ана отбасындағы үлкендерді сыйлап, құрметтесе, кішілерге қамқор болса, бала да сондай болуға ұмтылады. Баланың тәрбиелі болып өсуіне берекелі отбасының әсері екені белгілі.
Баланы дұрыс тәрбиелеу үшін отбасы қоғаммен тығыз байланыста болуы керек. Ғылым-педагог И.Гребенников отбасы қызметін ғ топқа бөледі: ұрпақ жалғастырушылық, экономикалық, тәрбиелік, қарым-қатынастық және бос уақытта демалуды ұйымдастыру.
Демек, отбасында ата-ана осы қасиеттерді барынша бірігіп, жақсы ұйымдастыра білсе және педагогикалық жағынан білімді, психологиялық әдіс-тәсілден хабардар болса, отбасындағы ахуал ерекше болмақ.
М.Жұмабаев «Педагогика» ғылыми еңбегінде «Жас бала – жас бір шыбық, жас кезінде қай түрде иіп тастасаң, есейгенде сол иілген күйінде қатып қалмақ» - деп түйін жасайды.
Мектептегі тәрбиеден отбасы тәрбиесінің өзіндік ерекшеліктері бар. Отбасындағы тәрбиеден баланың жеке басына тән қасиеттерді дамытудың мағызы зор. Отбасы тәрбиесіне ата-ана, отбасы мүшелері қатысады.
Отбасы тәрбиесінің міндеттері:
- Баланың өзін-өзі тануын дамыту, өзгелермен үйлесімді қарым-қатынас құруға үйрету, айналасымен мәдени қарым-қатынас құру, мықты отбасын қалыптастыру туралы отбасы құндылықтарын санасына сіңіру;
- Адамгершілік және эстетикалық жағынан қалыптастыру, денсаулық нығайту, ақыл-ой, шығармашылық қабілеттерін жетілдіру.
Отбасы тәрбиесінің мазмұны: жас баланы қоғам талаптарына қарай тәрбиелеу, жеке басаның мүмкіндіктерін жетілдіру, ақыл-ой, сана-сезімін қалыптастыру, ұлттық салт-дәстүрлер арқылы мәдениетке тәрбиелеу, әлуметтік ортамен қарым-қатынас құру, түрлі жағдайларда дұрыс шешім қабылдай білу, белсенділікке, еңбекқорлыққа, мәдениеттілікке тәрбиелеу. Отбасы құндылықтарын, мейірімділік, рахымдылық, қамқорлық қасиеттерін бала бойына сіңіру, отбасы мүшелерінің қаражатының күнделікті тұрмыста қалай пайдаланылатынын түсініп, келешекте ата-анасына, отбасы мүшелеріне көмек көрсетуге даяр болу, отбасындағы ізгілік қатынастарын дамыту [1. б. 91-92].
2. Отбасы мен мектепке дейінгі ұйымның өзара әрекетін қамтамасыз ету мәселесі. Отбасылардың барлығы дерлік балаға әсер ету мүмкіндіктерінің тұтас кешенін толық шамада жүзеге асырмайды. Себептері әртүрлі: бір отбасылар баланы тәрбиелегісі келмейді, басқалары – бұны жасай алмайды, үіншілері – ол не үшін қажет екенін түсінбейді. Барлық жағдайда мектепке дейінгі ұйымға білікті көмек беру керек.
Қазіргі уақытта мектепке дейінгі қоғамдық тәрбие берудің қажеттілігі ешқандай да күмән келтірмейді. Соңғы жылдары мектепке дейінгі ұйымдарға жоғары талаптар қойылады. Бұрын біздің мемлекет мектепке дейінгі ұйымның әлеуметтік қызметін – әйел-ананы қоғамдық өндіріске қатысудан босатуды барынша атап өтті. Сондықтан мектепке дейінгі ұйымның жұмысын бағалауда маңызды көрсеткіш ретінде балалардың ауруы туралы, олардың қалдырған күндер саны туралы (ол дегеніміз ананың мәжбүр болған жұмысқа қабілетсіздігі) деректер алынды.
Әлемнің көптеген елдерінде, соның ішінде, біздің елімізде де, білім беру рөлінің өсуі мектепке дейінгі ұйымдарға деген көзқарасты өзгертеді. Енді басында мектепке дейінгі ұйымның педагогикалық қызметі тұрады: қалай тәрбиелейді, ол неге үйретеді, мектепке қаншалықты нәтижелі дайындайды. Педагогикалық қызметті тиімді орындау үшін, мектепке дейінгі ұйым балалармен білім беру жұмыстарын жүргізудің мазмұны мен сапасын қайта қарауы, әр балаға біршама күшті әсер ету жолдарын іздеу қажет. Бұл мектепке дейінгі ұйымның педагогикалық ұжымын баланы тәрбиелеуде отбасы тарапынан одақтас, ниеттес адамдарды іздеу қажеттілігін қояды.
Мектепке дейінгі ұйымның педагогтары отбасымен ынтымақтастықта болу маңыздылығы және қажеттілігін әрдайым түсіне бермейтінін атап өту керек. Көбісі, әсіресе, жас мамандар, шамамен былай тұжырымдайды: «Мені баланы қалай түсіну, қалай оқыту, тәрбиелеу керектігі туралы түрлі ғылымдарға үйретті. Мен баланы ғылыми негіздерде, дұрыс тәрбиелеймін, ол балабақшада таңертеңнен кешке дейін болады. Сондықтан ата-аналар дұрыс тәрбиелемей жатса, қорқынышты емес: олар баласын санаулы сағатта ғана көреді ғой». Ата-аналардың дәл осылай ойлауы да кездесіп тұрады: «Бала менікі, мен оны басқаларынан артық білемін, яғни мен өзім тәрбиелеп жатырмын. Ал балабақшада – оған әйтеуір ештеңе болмаса болды, дені сау, аман болса болды». Сөйтіп, мектеп жасына дейінгі балаға жақын екі жақ, ата-аналар мен педагогтар, жеке, бір-бірінен тәуелсіз тәрбиелеуге тырысады. Бұл жақсы нәтиже бермейді. Кішкентай баланы тәрбиелеуде көптеген нәрсе оң әдеттерін, мінез-құлық дағдыларын, қызметтің тиімді тәсілдерін қалыптастырудан құралады. Мұның барлығы егер баланы тәрбиелеп жатқан барлық ересек адамдар оған қойылатын талаптар, әсер ету әдістері, үйрету тәсілдері туралы келісіп жатса, мүмкін болады. Тәрбие берудің қандай міндеттерін шешуде қай жағы күштірек болатынын (балабақша немесе отбасы) және басқа тарапқа қайсыларын шешуде негізгі ауыртпалықты алу керек екендігін ескеру қажет. Мысалы, эмоционалды, жыныстық тәрбиелеуде, баланы еңбекке баулуда отбасы мүмкіндіктері, балабақша мүмкіндіктерінен біршама жоғары. Оның орнына балабақша білім беру қызметін, балалардың шығармашылық қабілеттерін дамытуды, балаларды мектепке жүйелі оқуға даярлауды білікті жүзеге асырады. Баланы дамыту мүддесінде педагогтар мен ата-аналар өзара әрекет ете және ынтымақтаста бола тұра, бір-бірінің тәрбие беру қызметін толықтыруы қажет.
Ынтымақтастық болудың бастамашысы кім болуы керек? Әрине, мектепке дейінгі ұйымның педагогтары, өйткені олар білім беру жұмысына кәсіби даярланған, бұлар оның нәтижелілігі балаларды тәрбиелеудегі келісілгендік, сабақтастықта екенін түсінеді. Қазіргі заманғы ата-аналарға осыны түсіндіру керек.
Отбасымен өзара әрекет етуді орнату бастамасы мен осы өзара әрекет ету міндеттерін білікті жүзеге асыру мектепке дейінгі ұйымның отбасы тәрбиесіне қатысты бағыт-бағдар беретін рөлін анықтайды.
Ынтымақтастықтың нәтижесі көптеген жағдайда отбасы мен балабақшаның өзара ұстанымдарына байланысты болады (В.К.Котырло, С.А.Ладывир). Егер екі тарап балаға мақсатқа сай әсер ету қажеттілігін сезініп, бір-біріне сенсе, олар біршама оңтайлы қалыптасады. Ата-аналардың педагогтың балаға жақсы көзқарасына сенімді болуы; тәрбие беру мәселелерінде педагогтың құзыретті екенін сезінуі, ең бастысы – оның жеке қасиеттерін (қамқор болушылық, адамдарға деген ықылас, мейірімділік, сезімталдық) бағалай білуі маңызды. Осындай сенімділік өзінен-өзі пайда болмайды: тәрбиеші оны балаға мейірімді, бей-жайсыз қарауымен, онда жақсылықты тәрбиелеу іскерлігімен, кеңпейілдігі және шапағатымен баурап алады. Осыған қарым-қатынас жасау мәдениетін, тактикалық пен өзара түсінушілікті қосайық – енді сенімділік психологиясы картинасы біршама толыққанды болады.
Әлемдік статистиканың көрсетуінше, қазіргі отбасылық тәрбие негізінде қалай болуы керек сияқты тиімді, толыққанды емес. Сондықтан көптеген елдерде отбасының педагогикалық мәдениетін көтеруге, ерлі-зайыптыларды ата-аналар ретінде тәрбиелеуге бағытталған арнайы бағдарламалар әзірленуде. Ата-аналардың педагогикалық мәдениетін көтеру үшін оларды психологиялық-педагогикалық ағарту – мектепке дейінгі ұйым мен отбасы ынтымақтастығы бағыттарының бірі. Шынымен, бүгінгі күні ата-аналарды психологиялық-педагогикалық ағарту ісі көптеген құралдар арқылы жүзеге асырылады: радио, телевидение, тәрбие беру туралы көпшілікке мәлім әдебиеттер.
Сондықтан, мектепке дейінгі ұйыммен жүзеге асырылатын психологиялық-педагогикалық ағарту ісі мақсатқа сай бағытқа ие болуы тиіс. Сөйтіп, ясли тобы тәрбиешісінің отбасымен жұмыс істеу ерекшелігі ерте жастағы балалардың психофизиологиялық ерекшеліктерімен мәжбүрленеді: сәбидің тез өсуі тәрбие беру мен оқыту міндеттерінің дер кезінде өзгеруін, педагогикалық жұмыстың әдістері мен тәсілдерін қайта құруды талап етеді. Ата-аналардың психологиялық-педагогикалық ағарту ісіне өмірді қорғау, сәбидің физикалық және психикалық денсаулығын нығайту, дұрыс физикалық дамуына жағдай жасау мәселелерін енгізген жөн. Баланы қоғамдық тәрбиелеу, гигиеналық күтім, дұрыс тамақтану, шынықтыру, күн тәртібі, сылау, гимнастика жағдайларына бейімдеу мәселелері бойынша ұсыныстарды ата-аналарға тәрбиеші ғана емес, сонымен қатар, балабақшаның басқа да мамандары береді.
Мектепке дейінгі білім берудің негізгі жалпы білім беретін бағдарламасын жүзеге асыру жағдайларына қойылатын Федералдық мемлекеттік талаптарда (2013) балабақша ұжымының балалардың отбасыларымен білім беру бағдарламасын жүзеге асыру бойынша өзара әрекет етуі қажеттілігі көрсетілген. Қазіргі отбасы, мектепке дейінгі ұйымға қарағанда, балаларды табиғи ландшафттардың, құбылыстардың көптүрлілігімен таныстыру, баланы мұражайға, көрмеге, циркке, театрға, кітапханаға және т.б. апару, тұрмыстық әрекеттерге тарту және т.б. мүмкіндіктеріне ие. Алайда педагогтарға «отбасы – мектепке дейінгі ұйым» бірыңғай білім беру кеңістігін жасау мақсатында отбасының мәдени алаңын кеңейту, ата-аналарға баланы қайда апарған оңтайлы, оның назарын қайда аударған дұрыс сынды ұсыныстар беру қажет.
Мектепке дейінгі ұйымның білім беру бағдарламасын жүзеге асыруда педагогтар мен ата-аналардың өзара әрекет жсауы үшін үлкен мүмкіндіктерді балабақшаның ашық жүйе ретінде қызмет етуі береді. Бұл ата-аналарға мектепке дейінгі ұйымның педагогикалық үрдісін бақылауға, оған қатысуға, тәрбие беру әрекетінің өз тәжірибесін жетілдіруге мүмкіндік береді. Ата-аналар, отбасы мүшелері мектепке дейінгі ұйымда балалардың өмірін түрлендіріп, білім беру жұмысына өз үлесін қоса алады.
Ата-аналарды, отбасының басқа мүшелерін балабақшаның білім беру жұмысына тарту ең алдымен, балалар үшін қажет. Ол нені біліп, жаңа не нәрсені үйренетінде ғана емес. Басқасы маңыздырақ – балалардың өздерінің сондай көп білетін, ол туралы сондай қызықты айтатын, қолдары алтын әкелеріне, аналарына, әжелеріне, аталарына қандай құрмет, махаббат және ризашылықпен қарауында! Ата-аналарға өзін «ұжымдық педагог» рөлінде көруге көмектесу де мәндірек. Әсіресе ол әжелер мен аталарға маңызды: оларға өздерінің керек екендігін, айналады адамдарға қызықты екенін көру сондай қажет. Педагогтарда әр тәрбиеленушінің отбасын жақсырак білу, балаларды тәрбиелеуде оның күшті және әлсіз жақтарын түсіну, өз көмегінің сипаты мен шамасын анықтау, кейде жай ғана үйрену мүмкіндігі бар.
Сонымен, ынтымақтастықта болу міндеттерін шешу педагогтардың ата-аналарды психологиялық-педагогикалық ағартуға қатысуын; отбасыларды, олардың тәрбие беру мүмкіндіктерін зерттеуді; ата-аналарды балабақшаның білім беру бағдарламасының жұмысына тартуды талап етеді [4. б. 455-460].
3. Мектепке дейінгі ұйым мен отбасы жұмысын ұйымдастыру формасы.
Мекткепке дейінгі мекеменің отбасымен пәрменді нәтиже беріп, оның педагогикалық мәдениетінің дәрежесін апттыруда және балаларды тәрбиелеуде бірлік орнатуға көмектесетіндей болуы үшін бұл жұмыс мақсатты, жоспарлы, жүйелі түрде жүргізілетін болуға тиіс; әрбір отбасы мен баланы жақсы білудің негізінде нақтылықтың және саралап қараудың маңызы да кем емес. Тәрбиешінің және мекеменің басқа да қызметкерлерінің ата-аналармен қарым-қатынасы сипатының да зор маңызы бар.
Отбасымен жұмыстағы мақсат қоюдың мәні мынада: қандай да болсын шара – ата-аналарға арналған әңгіме, баяндама, стенд – белігілі мақсатқа жетуге бағытталған болуыға тиіс. Мысалы, стендке «баланы көктемде қалай киіндіру керек» деген тақырыпта ақыл-кеңес ілінеді. Оның мақсаты ата-аналарға тән қателіктің алдын алу: олар әдетте ауа-райын үнемі ескере бермейді де, баланы қысты күнгідей тұмшалап киіндіреді, соның салдарынан бала ыстықтап көңілсіз қимылдайды.
Отбасымн жүргізілетін жұмыстың жоспарлығы мен жүйелілігі оның ұзіліссіз жүргізілуін, проблемалар шеңберінің бірізді күрделеніп, кеңейе түсуін, баланың жеке басын қалыптастыруға оны жан-жақты дауыту процесі ретінде дене, ақыл-ой, адамгершілік, еңбек және эстетикалық тәрбиелерінің бірлігі ретінде комплексті қарауды талап етеді.
Ата-аналарды педагогикалық тұрғыдан ағарту, жұмыс нақты сипатта болғанда ғана, неғұрлым пәрменді нәтиже бермек. Тәрбиешілер ата-аналардың баяндамадарда, лекцияларда, әңгімелерде, ақыл-кеңестерде баяндалған жалпы теориялық және әдістемелік қағидаларды отбасыда қалай қолдану керек екенін түсінулеріне көмектеседі. Ата-аналарға кеңес беру және ұсыну үшін тәрбиеші әрбір баланың жақсы мен жеке ерекшелікьерін, отбасындағы тұрмысы мен тәрбие жағдайын жақсы білетін болуға тиіс. Қандай да бір ортақ нәрсе біріктіретін (мәселен, отбасыда бір баласы бар) ата-аналар тобымен өткізілетін әңгімелер, әкелермен, әжелермен, аталармен өткізілетін кездесу әңгімелері өзін ақтап жүр; балаларын жалғыз өзі тәрбиелейтін аналарды бөлек жинайды. Отбасыға қойылатын жалпы талаптар мен ұсыныстар ата-аналардың мүмкіншілігімен, жағдайымен, педагогикалық мәдениеттің дәрежесімен нақтыландыру, шәкірттердің отбасыларына саралап қарау – міне, балалар бақшасының отбасымен ойдағыдай жұмыс жүргізуінің қажетті шарттарының бірі осы.
Мектепке дейінгімекеме қызметкерлерінің ата-аналармен қарым-қатынасы сипатта болуға тиіс. Бұл қарым-қатынас баланы жан-жақты дамытуда отбасы мен мектепке дейінгі мекеме мүддесінің үйлестігіне негізделген. Егер ата-ана баласының тағдырына тәрбиешінің тікелей мүдделі адам екенін көрсе, олар тәрбиешіге досы әрі жақын адамы ретінде, сеніммен, құрметпен қарайтын болады. Егер ата-ана тәрбиешінің білгір маман, мәдениетті, әдепті, ізгі ниетті, инабатты адам екенін көрсе, олардың көз алдында тәрбиешінің беделі жоғары болмақ. Тәрбиешінің ата-аналармен қарым-қатынасы оларға еңбеккер, өз шәкіртінің әкесі мен шешесі ретінде құрметпен қарауға негізделген.
Міне, сондықтан да тәрбиеші тарапынан ата-аналарға жалаң ақыл үйрету, нағыз айту тұрғысынан, әдепсіз қараушылыққа әсте жол беруге болмайды. Педагогтың ата-аналармен қарым-қатынасының жоғары мәдниетті бала тәрбиелеудің күрделі ісінде өзара түсінісу мен бірлік орнату үшін қолайлы негіз қалайды. Мектепке дейінгі мекеменің ата-аналармен ойдағыдай жұмыс жүргізуіне көмектесетін шарттар осылар [9. б. 308-309].
4. Халыққа білім беру жүйесіндегі сабақтастық дегеніміз оқыту және тәрбиелеу міндеттерін дәйекті түрде шешу мақсатында оның аралас буындары арасында өзара баланыс орнату.
Балалар бақшасы мен мектептің сабақтастығы олардың тәрбиелеу және оқыту жұмысы мазмұнының, оны жүзеге асыру әдістерінің өзара байланысты болуын көздейді. Н.К.Крупская балалар бақшасы мен мектептің негізгі байланысын көрсете келіп, былай деп атап айтты: «Егер біз балалардың мектепке дейінгі тәрбиесін дұрыс жолға қойсақ, сол арқылы біз мектепті неғұрлым жоғары сатыға көтереміз...».
Балалар бақшасы мен мектеп арасындағы сабақтастықтың қажеттігі біздің еліміздегі мектепке дейінгі қоғамдық тәрбие ролінің едәуір артуына байланысты да мықтап күшейіп отыр. Мектепке дейінгі тәрбие – халыққа білім берудің біртұтас жүйесінің бірінші буыны.
Балалар бақшасы мен мектептің сабақтастығы, бір жағынан, балаларды мектепке жалпы дамуы мен тәрбиелік дәрежесі жөнінде мектептегі оқу талаптарына сай келетіндей етіп даярлап беруді, екінші жағынан, мектептің мектеп жасына дейінгі балалар алып үлгерген білімге, іскерлікке, сапаға сүйенетін оқушыларды одан әрі жан-жақты дамыту үшін соларды пайдаланатын болуын көздейді.
Мектепке дейінгі мекемелердің қызметкерлері I класта балаларға қойылатын талаптарды жақсы білуге, сол талаптарға сәйкес мектепке дейінгі ересектерді жүйелі оқуға дайындауаға тиіс.
Балалар бақшасы мен мектептің арасындағы сабақтастық оқыту мен тәрбиелеудің мазмұны бойынша да, оқу-тәрбие жұмысының әдістері, тәсілдері, ұйымдастыру формалары бойынша да жүйеге асырылады. Бастауыш мектептің мұғалімі оқудың тиімдіділігін арттыру үшін балалар бақшасында жиі қолданылатын ойын тәсілдерін пайдаланады; балалар бақшасының тәрбиешісі оқыту процесіне арнаулы оқу тапсырмаларын, жаттығулар енгізіп, біртіндеп оларды күрделендіреді, соларқылы мектеп жасына дейінгі балаларда оқу іс-әрекетінің алғы шарттарын қалыптастырады. Балалар бақшасындағы оқу –оқыту формасы ретінде мектептегі сабаққа негіз даярлайды.
Мектепте оқытуға дайындықты қалыптастыру дегеніміз балалардың оқу программасын ойдағыдай меңгеруі және оқушылар коллективіне енуі үшін алғы шарт жасау деген сөз. Бұл ұзақ та күрделі процесс, оның мақсаты мектеп жасына дейінгі балаларды жан-жақты дамыту болып табылады.
Баланың мектепте арнаулы және жалпы дайындығын ажырата білу қажет. Арнаулы дайындық балада алдымен мектептің ана тілі, математика секілді оқу пәндерін үйренудің негізі болып табылатын білімнің, ұғымның, іскерліктің, бар-жоғымен, жалпы дайындық оның дене және психикалық дамуына қарай анықталады.
Дене дамуы – бұл баланың жақсы денсаулық күйі, төзімділігі, қолайсыз ықпалдарға қарсы тұра алуы; қалыпты антропометриялық көрсеткіштері (бойы, салмағы, кеуде клеткесының аумағы), қимыл жағынан дамуының жақсы дәрежесі, қолдың жазу үшін керекті майда, дәл және алуан түрлі қимылдар жасауға әзірлігі; мәдени-гигиеналық дағдыларының т.б. жеткілікті дамуы. Дене жағынан дамыған бала мектепте жүйелі оқуға баланысты қиыншылықтарды оңай жеңеді.
Психологиялық даму алдымен интеллектуалдық даму дәрежесі деген мағынада түсініледі. Мектепке дейінгі ересектер шағының аяғына қарай балалар қоршаған орта туралы, адамдардың өмірі туралы, табиғат туралы, адамдардың өмірі туралы, табиғат туралы белгілі мөлшерде білім меңгереді. Бұл білім мөлшері балалар бақшасының бағдарламасында белгіленген. Мектепке дейінді балалардың жеке деректерді емес, мектептегі пәндік оқытуды енгізуге негіз болатын өзара байланысты білімдер жүйесін меңгеруі маңызды. Олардың таным ынтасын, әуесқойлығын дамытудың зор маңызы бар. Бұл мектепте балалардың сан алуан оқу тілегін қалыптастыру үшін негіз болып табылады.
Баланың мектепте оқуға психологиялық дайындығының маңызды компонеті – адамгершілік-ерік дайындағы. Оқу іс-әрекеті еркін ықылас қоюды, мақсатты түрде есте сақтауды, өзінің мінез-құлқын бақылай білуді, тәртіптілікті, жауапкершілікті, дербестікті, ұйымшылдықты, т.т. талап етеді. Адамгершілік-ерік дейындығы деген ұғым сондай-ақ баланың жаңа ұжымға, мектеп ұжымына енуіне, қоғамдық жұмыстарға белсене араласуына мүмкіндік беретін: ықыластылық, ізгі ниеттілік, өзара көмек, ұйымдастыру шеберлігі сияқты моральдық сапаларды да қамтиды.
Бала мектептегі жаңа іс-әрекетке ғана емес, сонымен бірге өзінің құқықтары мен міндеттері бар оқушының жаңа әлеуметтік жағдайына да дайын болуға тиіс.
Балалар бақшасының балаларды мектепке дайындау жөніндегі жұмысы олардың мектепке дайындайтын тобына көшуіне көп бұрын басталады. Балалар бақшасының оқу-тәрбие жұмысының бүкіл жүйесі баланың мектептегі оқуға дайындығын қалыптастыруды көздейді. Мектепке дайындайтын топтық басқа топтардан айырмашылығы – «Балалар бақшасындағы тәрбие бағдарламада» көзделген оқу-тәрбие жұмысының барлық міндеттерін орындау аяқталады.
Мектепке дайындайтын топта балалардың күн режимін мүлтіксіз орындауға қойылатын талап едәуір артады. Егер олар ұзақ уақыт балалар бақшасына барып жүрген болса, оларда күн сайын белгілі бір уақытта белгілі бір қызмет түрлерімен шұғылдану әдеті қалыптасып қалады. Балалар олардың мазмұны мен ерекшеліктерін жақсы біледі, оларды орындауға дайын тұрады.
Тәрбиешінің басты міндеті – тапсырмаларды сапалы және уақытылы орындауда бақылау мен балаларға көмекті күшейту, әрбір баланың алдына қойылған мақсатқа міндетті түрде жетуін талап ету. Мектепке дайындайтын топта олардың іс-әрекет мазмұнын қиындату оны жүзеге асырудың неғұрлым жоғары тиімділігімен ұштастырылуға тиіс.
Мектепке дейінгі балалардың өз іс-әрекетін уақыт жағынан дұрыс бөле білетін, ырғалып-жырғалмай, жұмысқа кірісіп кететін, оны лайықты қарқынмен жүргізіп, дер кезінде аяқтай білетін болуы маңызды. Бұдан бұрынғы топтарда қандай да бір іс-әрекетке тән қарқынға үйретілмеген балалдарды тәрбиеші асықтыруға мәжбүр болады, ал жұмысты асығыс аяқтау оның сапасын төмендетеді.
Балалар бақшасының мектепке дайындайтын тобында балалардың тәуелсіздігін қалыптастыру жөніндегі жұмыс жалғастырылады. Тәуелсіздік қайсыбір іс-әрекет үшін қажетті білімнің, іскерліктің, дағдының болуымен, оны жүзеге асыру процесінде қалыптасатын жағдайларға, алынған нәтижелерге саналы қарумен сипатталады. Мектепке дейінгі балалық шақта баланың тәуелсіздігін дамыту мектепте оқытудың маңызды негізі болып табылады.
Оқу іс-әрекеті, үйге берілген тапсырмаларды орындау бірінші сынып оқушысы күнінің көпшілік уақытын алады. Ол мектепке жинала ма, сабақта отырып оқи ма немесе алғашқы қоғамдық тапсырманы орындай ма – бәрінде де дербестік көрсету қажет болады. Таңертең ол өзі гимнастика жасайды, мектепке керекті нәрсенің бәрін алуды ұмытпайды. Тәуелсіз жұмыс істеу дағдысы оның сыныпта тапсырманы орындап шығуына көмектеседі, бірақ тәуелсіздік үйге берілген тапсырмаларды орындаған кезде өте-өте қажет. Бірінші класс оқушысы өзінің жұмысын жоспарлай және бақылай білуге, өзінің жетістіктерін байқап, кемшіліктерін көре білуге; бір міндетті шешкен кезде үйренген тәжірибені басқа міндеттерді шешу үшін пайдалануға тиіс. Мектепке дайындайтын топтағы балалардың тәуелсіздігін дамыту міндеттерін, міне, осы талаптар белгілейді.
Мектепке дейінгі балада жеті жасқа қарай іс-әрекеттің жекелеген түрлерінде дербестік көрсетудің белгілі тәжірибесі қалыптасады. Мысалы, өзін-өзі қызмет көрсетуде, табиғаттағы еңбекте дербестік дәрежесі айтарлықтай жоғары, ал осы сапаның оқу және ойын қызметіндегі дамуы бұрынғысынша тәрбиешінің назар аударуын талап етеді.
Мектепке дайындайтын топтағы балалар жекелеген тапсырмаларды тәуелсіз орындай алатын болуыға: кітаптарды жөндеу үшін құрбыларын ұйымдастыра білуге, серуендеу кезінде тәрбиешінің көмекшісі рөлін атқаруға, қимыл ойындарын өткізуге т.т. істей білуге тиіс. Егер балаларды даярлап, қалай істеу керек екенін көрсетіп, айтып берсе, олар мұндай тапсырмаларды әбден орындай алады. Тапсырманы ойдағыдай орындағаны үшін баланы мадақтап қою қажет.
Балалардың тәуелсіздігін дамытуға басшылық жасай отырып тәрбиеші оларды алға қойылған міндетті ескертусіз, көмексіз және бақылаусыз шешуге, орындайтын жұмысына саналы қарауға, өз іс-әрекеттерін байқай білуге үйретеді.
Тәуелсіздікті дамыту іс-әрекет мотивтерін қиындата білуге байланысты. Мектепке дайындайтын топта бұл мотив, мысалы, баланың, тәрбиеші үйреткеніндей, суретті жақсы салып қана қоймай, сонымен бірге жоғары баға алғысы, міндетті дұрыс шеше білетіндігімен көрінуі мүмкін.
Балалар өз іс-әрекетінің нәтижесін құрбыларының іс-әрекет нәтижелерімен салыстыра отырып бағалайды. Балалар бақшасында болуының аяғына қарай олар орындалған тапсырмаға талдау жасаудың жеткілікті тәжірибесіне ие болады, істелген нәрсеге сын тұрғысынан қарай біледі.
Балалар бақшасында мектеп жасына дейінгі балалардың тәуелсіздігін қалыптастыру іс-әрекеттің барлық түрінде де тәрбиешінің басшылығымен жүзеге асырылады.
Балаларға дене тәрбиесін беру программасының орындалуы оның жалпы міндеттерін шешуге ғана емес, сонымен бірге шынығудың алуан түрлерімен шұғылдануға тұрақты дағдылар, таңертеңгі гимнастика мен дене шынықтыру жаттығуларын орындауды тілеп тұрушылық, қимылдарын жетілдіруге құштарлық, оларды құрбыларымен бірге өткізе білушілік қасиеттерін қалыптастыруды да көздейді. Баланың денсаулығы мен дене дамуын жақсартуға көметесетін, олардыңтірек-қимыл аппаратын дамытатын, организмнің физиологиялық қызметін жаттықтыратын және жетілдіретін, олардың жас жағынан шамасы келетін қозғалыстарды игеруін қамтамасыз ететін, организмнің төзімділігін қалыптастыратын қимыл режимін орындауды қамтамасыз ету маңызды. Жеткіліксіз қимыл белсенділігі – гиподинамия – дене тәрбие міндеттерін ойдағыдай шешуге кедергі жасайды, балалардың ақыл-ой жағынан дамуы үшін қолайсыз жағдай туғызады, олардың интеллектуалдық белсенділігі мен жұмыс қабілетін төмендетеді.
Мектепке дайындайтын таптағы балалармен жұмыста дене шынықтыру жаттығыларының спорттық түрлері ерекше орын алады. Шаңғы, коньки, вилосипед тебу, шанамен сырғанау, жүзу ірі бұлшық еттердің түрлі топтарының қатысуын талап етіп, денеге жақсы күш түсіреді.
Егер бала мектепке дейін дене жаттығуларының осы түрлерін меңгерсе, спорт ойындары мен саулықтарын жақсы көрсе, бұл мектеп жылдарында да оның бос сағаттарда осылармен шұғылдануы үшін алғы шарт болып табылады. Бұл әрі ой еңбегінен тынығуының, ағзаны одан әрі сауықтырудың құралы болып табылады. Балаларды дене шынықтыру жаттығуыларының спорттық түрлеріне үйрету жұмыстың ерекше бөлімі болып табылады, ол тәрбиешіден шаңғы, коньки тебудің т.т. техникасын және, әрине, балаларға сол қимыл түрлерін үйрету әдістемесін меңгеруді талап етеді.
Мектепке дайындайтын топтағылармен жұмыста қимыл ойындарын жете бағаламауға болмайды. Онда негізгі қимылдар жетілдіріледі, мінездің жүректілік, тапқырлық, ұстамдылық секілді қасиеттері шыңдалады. Қимыл ойындары колективтік сипатта болады, сондықтан олар қимыл мен іс-әрекеттің үйлесті болуын, белгілі ережелердің орындалуын талап етеді. Балалардың өздері-ақ ережесін орындамаса, ойын қызық болмайды деген қорытындыға келеді. Ойында баланың ширығып, толғануы оның күшін жұмылдырып, қимылдарды орындауда жақсы нәтижелерге жетуіне көмектеседі; басқа жағдайда, ойыннан тыс жерде, бәлкім, ол мұндай нәтижелерге жете алмас та еді. Ойынды әр түрлі жаттығу түрлерімен алмастырып отыру – барлық қимылды біркелкі дамытудың маңызды шарты.
Балаларға дене тәрбиесін беруде серуендер де үлкен орын алады. Дұрыс ұйымдастырылған серуендеу іс-әрекеттің алуан түрлерінде өзін-өзі ұымдастыруды дамыту, инициатива көрсету үшін мол мүмкін мол мүмкіндіктер бар. Серуенге әзірленуге тәрбиеші мектеп жасына дейінгі балалардың өздерін тартады. Мысалы, солармен бірге шаңғылардың, конькилердің дайындығын тексереді, таудан шанамен түскен кезде керек болатын кішкене жалаулар, ленталар, қардан құрылыстар тұрғызу үшін күректер әзірлейді. Серуеннің мазмұны (немен шұғылданамыз, не ойнаймыз, өзімізбен бірге нелер алып жүреміз, ойынды қайтсек жақсы ұйымдастырамыз т.т.) туралы балалармен әңгімелесу блаларды алда тұрған шаруаны ойланып істеуге,оны жоспарлауға үйретеді. Жекелеген балаларға серуендеу кезінде не істейтінін, ол үшін не керек екенін айтуға болады. Мұндай жұмыс тапсырма орындауға жоспарлау дағдысын қалыптастыруға көмектеседі.
Тәрбиеші балалардың толық құнды, жеткілікті ұйықтауына қамқорлық жасайды, өйткені ұйқы нерв жүйесінің мезгілсіз шаршауының алдын алады. Тәрбиеші бірінші сыныптағы балалардың да күндіз бір мезгіл ұйықтап алғаны дұрыс екенін ата-аналарға хабарлайды.
Мектепке осы заманғы оқытудың негізін қалаушы принцип тәрбиелей және дамыта отырып оқыту болып табылады, ол балалардың таным процестерін, білімге ықыласын дамытуды көздейді. Балалар бақшасында бұл принципті жүзеге асыруда балалардың қарапайым оқу іс-әрекеті жоспарлы және жүйелі түрде жетілдірілетін оқу сағаттары ерекше маңызды рөл атқарады. Бұл тәрбиешінің балаларда оқу міндетін түсіну және оны орындауға әзір тұру, ықыласты болу, үлкендердің жоспары мен нұсқауы бойынша әрекет істей білу, бұрынғы алған білімі мен іскерлігін жаңа іс-әрекетке пайдалану, тапсырманы орындау тәсілдерін меңгеру, өзін-өзі бақылау, бағалау, қалыптастыруына мүмкіндік береді. Бұл тұрғыда әрбір сабақтың программалық мазмұнын дұрыс белгілеудің зор маңызы бар.
Педагог әр баланы ақыл-ой жағынан тәрбиелеуге және дамытуға қамқорлық жасайды, ақыл-ой міндеттерін шеше отырып, белгілі күш-жігер жұмсау қажеттігін алдына қояды. Бірте-бірте, оқыту процесінде балалардың бойында тапсырмаға саналылықпен қарау, тәрбиешінің түсіндіруіне құлақ асып, мағынасына бойлай білу мақтау үшін емес, еңбек нәтижесінен қанағат алу үшін жақсы нәтижелерге жетуге ұмтылу қасиеттері пайда болды. Мектепке дейінгі балаларда бар ықыласымен, белгілі бір қарқынмен жұмыс істеушілік қалыптасады, жұмыс қабілеті артады.
Тәрбиеші өз тобының балаларын, олардың мүмкіндіктерін, қабілеттерін жақсы білуге тиіс. Олардың біреулері зерделі болады, тәрбиешінің айтқандарын жақсы және оңай түйсінеді, ал енді біреулері ақырына дейін тыңдамайды; кебір балалар тапсырманы орындаудан бұрын оны ойластырып алады, ал енді бір балалар жұмысқа асығыс кірісіп кетеді; қайсы-бір балалар құрмартып оқиды, білімге ықыласты болады, ал басқа біреулері енжар болады, тек басқалар да оқып жатқан соң амалсыз оқиды т.т. Талапты тым асырып немесе кемітіп жіберу балалардың таным ықыласын басып тастайды, оқу іс-әрекеті элементтерінің қалыптасуына кедергі жасайды. Тәрбиеші сабақ өткізе отырып мектеп жасына дейінгі балалардың жеке ерекшеліктерін, олардың білім және іскерлікдәрежесін ескереді. Мысалы, ол қайсыбір балаларға суретке қарап шығармашылық әңгіме құрастыруға тапсырма берсе, нақ сол сәтте мұндай міндетке шамасы келмейтін басқа бір балаларды суреттеу түрінде әңгіме құрастыруға тартады.
Оқу процесінде әр балаға жеке-жеке қарау ақыл-ой міндеттерін, олар орындау тәсілдерін бірте-бірте қиындата беруді көздейді. Мысалы, суреттеу түрінде әңгіме құрастыра білмейтін балаға ұсынады. Егер ол көбінесе неғұрлым белсенді балаларды соңғыларының білімінде, іскерлігінде ақау пайда болады, олардың дамуы баялайды. Мұндай балалар I сыныптың бағдарламасын әзер игереді, оқушыныға ақыл-ой әрекетіне мектептің қоятын талаптарын шамасы келмейді. Ал материалды жақсы және тез игеретін мектеп жасына дейінгі балаларға аз көңіл бөліп, оларды күштірек ойлауға, әрекеттенуге итермелейтін тапсырмалар беріп отырмаса, педагог олардың дамуын тежейді, соның нәтижесінде олардың оқуға ықыласы жоғалады.
Мектепке дайындайтын топтағы балалармен жұмыста оқытудың көрнекі әдістері мен тәсілдерін пайдалану белгілі ерекшелікке айналады: тәрбиеші оларды әрекет жасау тәсілін қалыптастыру үшін емес, ойлау іс-әрекетін күшейту үшін көбірек қолданады. Мәселен, үлгі нұсқаны көрсету бұрынғы тәжірибені баланың есіне түсіру үшін, оның есіндегі, елесіндегі бейнені ояту үшін пайдаланылады. Мысалы, бейнелеу іс-әрекеті оқу сағаты үстінде балалар саздан жасалған дымково ойыншығын бояйды. Үлгі нұсқа ретінде оларға жақсы тыныс кировск оюы беріледі. Балалармен бірге педагог өрнектің ерекшеліктерін, оның орындалу тәсілдерін қарайды, содан соң оларға өрнек ойлап тауып, соны дұрыс суретке салуды ұсынады. Сабақтың соңында бәрі істелген жұмысты бірге көріп, оған сын тұрғысынан баға береді.
Басқа бір ретте үлгі нұсқа (ойыншық, сурет, муляж) балаларға жұмыстың соңынан беріледі, балалар өздерінің істеген затын сонымен салыстырады, тапсырманың дұрыс орындалуын тексереді. Егер олар үнемі осылай істесе, оларда өзін-өзі бақылау, тәрбиешінің айтқандарын тыңдай білу және басшылыққа алу, қадағалау, салыстыру, өздігінше әрекеттену, тиісті қорытынды жасау қабілеті қалыптасады.
Мектепке дайындайтын топтағы балалармен жұмыста оқытудың ауызша әдістерінің (тәрбиеші әңгімесінің, алдын ала ойластырылған сұрақтарды қамтитын әңгімелесудің т.б.) зор маңызы бар екенін атап айту керек. Педагог ауызша әдістерді таңдап алуға, олардың басқа (көрнекі, практикалық) әдістермен дұрыс ұшастыруға, сөйтіп оқу процесін неғұрлым пәрменді етуге, ал білімді саналы түрде меңгеретін етуге мұқият назар аударады.
Мектепке дайындайтын топта ойын тәсілдері (жаттығу ойындары, драма ойындары, қимыл ойындары, жұмбақтар т.т.) өз маңызды сақтайды. Дидактикалық ойындарға ерекше орын беріледі. Ойын формасында қойылған оқу міндеті балаға білім алу мақсатын түсіндіріп, баланың ерікті ықыласын арттырады, іс-әрекетін күшейтеді, таным ынтасын дамытады.
Дамытқыш оқыту принципін жүзеге асыруда тәрбиешінің тапсырманы орындау процесін басқаруының, оның баға беруінің зор маңызы бар. Жұмысты бағалағанда ол оның нәтижесіне (суретке, құрастыруға құрылған әңгімеге т.т.) назар аударып қана қоймай, сонымен бірге баланың жұмсаған ақыл-ой жігеріне, оның ықыласына, дербестігіне, іске еліккендігіне назар аударуға тиіс. Дұрыс бағаның әрқашан тәрбиелік мәні болады. Сондай-ақ баланың сол іс-әрекет түрін меңгерген дәрежесін ескеру, оның ілгерілегенін көріп қана қоймай, ол жөнінде баланың өзіне айту өте маңызды. Жақсы ойластырып, әдеппен жасалған талдау баланың өз жетістіктері мен қателіктерін түсінуіне, жақсы нәтижелерге жетуіне көмектеседі.
Орындаушылармен бірге отырып жұмысқа талдау жасау және баға беру балалардың бойында мектептегі оқу іс-әрекеті маңызды дағдыларды (салыстыру, қарама-қарсы қою, өзін-өзі бақылау т.т.) қалыптастыруға көмектеседі. Балаларды құрбыларының жауабы мен өз жұмысының нәтижелеріне талдау жасап, үйрете отырып педагог әуелі талдаудың үлгісін береді, содан соң оның жоспарын ұсынады, одан әрі балалармен бірге отырып сондай жоспар жасайды, ең соңында балалар жолдастарының жұмысына өздігінен талдау жасап, баға береді. Басқа бір реттерде тәрбиеші мектеп жасына дейінгі балаға не біленін, жұмысты қалай орындағанын айтып беруді ұсынады. Бұл өзін-өзі бақылауды қалыптастырудың маңызды жолы.
Мектепке дайындайтын топта балаларға адамгершілік және еңбек тәрбиесін беру, олардың өз құрбыларымен және ересектермен өзара қарым-қатынасын қалыптастыру бағдарламасы күрделене түседі, азаматтық сезімдер тәрбиелеу жөніндегі жұмыс күшейтіледі. Баланың адамгершілік тәжрибесін қалыптастыра отырып, тәрбиеші олардың мінез-құлық нормалары мен ережелерін түсінуіне көбірек сүйенеді, адамгершілік тұрғысынан пайдалы істерге жаттықтырады, күнделікті нақты жағдайларға этикалық міндеттерді өздігінен тәуелсіз шешуге (жолдасына көмектесуге, біреуді ренжіткен баланы тоқтатуға, жанжалды болдырмауға т.т.) үйретеді. Балалардың жас және жеке ерекшеліктерін ескере отырып, ол балалардың айналасындағы адамдармен өзара қарым-қатынас жүйесін қалыптастыру үшін қажетті жағдай жасайды.
Кітапханаға экскурсия жасағаннан кейін, дәрігердің жұмысы туралы әңгімеден соң немесе тиісті көркем шығарма оқығаннан кейін жаңа ұғымдарды, жаңа іскерліктерді нығайту үшін мектеп жасына дейінгі балаларға хабарланған білімдерге балалардың ықыласын арттыру мақсатымен белгілі бір мерзімге кітап мүйісінде кезекшілік, санитарлар кезеңшілігін енгізуге болады.
Мектепке дайындайтын топта дұрыс жолға қойылған еңбек тәрбиесі бастауыш сыныптарда оқудың ойдағыдай жүргізілуіне көп көмектеседі.
Алайда мектепке дайындайтын топтағы балалардың негізгі іс-әрекеті ойын екенін ұмытуға болмайды. Ойындардың тақырыбы кеңейеді, ойын әрекетінің құрылымы күрделендіріледі, ойындағы байланыстырдың, өзара қарым-қатынастардың дамуына басшылық жетілдіріледі.
Балалардың мектепке жан-жақты дайындауға қамқорлық жасай отырып, педагог ата-аналардың семьяда бала өмірінің дұрыс режимін ұйымдастыруына көмектеседі, мектепке түседі мектеп жасына дейінгі баланың шамамен қпай көлемде білімі болуға тиіс екенімен, оның есте сақтағыштығын, ықыласын, талдау салыстыру, жинақтау, қортынды жасау қабілетін қалай дамыту керек. Ата-аналар балаларға нені және қалай оқып беру, олардың ойындарына қалай қарау керек екенін білуге тиіс. Тәрбиеші баланың ыұқыласын, есте сақтағыштығын, кеңістікте бағдарлағыштығын дамытуға, сезім, ойлау, сөйлеу мүшелерін дамытуға көмектесетін, қоршаған болмыс жөніндегі ұғымдарды ақықтай түсуге жәрдемдесетін стол үстінде ойнай тын қағазға басылған ойындар сатып алуға кеңес береді.
Педагог ата-аналарға баланың мініз-құлқына мектеп қандай талаптар қоятынын айтып береді, олардың не нәрсеге ерекше назар аударуға тиіс екенін, не істеу керек екенін, балалармен не жайлы әңгімелесеу, он оқып беру, әр түрлі өнер шығармаларын тәрбие мақсатында қалай пайдалану керек екенін түсіндіреді.
Осындай жұмыстың қорытындысында ата-аналарда балаларды мектепке дайындау туралы білімдер жүйесінің қалыптасуы маңызды [9. б. 279-286].
5. Әр бір отбасыны, оның тұрмыс жағдайын, баланы тәрбиелеу жүйесін жақсы білу үшін, қажетті өзара түсінісу мен сенім қалыптастыру үшін мектепке дейінгі мекемелердің қызметкерлері ата-аналармен жеке жұмыстың алуан түрлі формаларын пайдаланады, бұлар: әңгімелер, кеңес алу, отбасыға бару, жекеленген аналарды, әкеледі балалар бақшасына шақыру, жеке ескерткіш кітапшалар мен жылжыма-папкалар жасау.
Ата-аналармен және отбасының басқа мүшелерімен әңгіме ертеңгісін және кешкісін, балаларды балалар бақшасына әкелген және үйге алған кезде өткізілуі мүмкін. Тәрбиеші әңгіме өткізу үшін ата-аналарды немесе отбасының басқа мүшелерін арнайы шақыра алады.
Ата-аналармен кешкі әңгімелер де уақыт жағынан шектеулі. Педагог олардың кейбіреулеріне балалар бақшасында баланың күнді қалай өткізгенін, өзін қалай ұстағанын, не нәрсеге назар аудару керек екенін айтады; мысалы, ата-аналарға баласының жақсы кезекші болғанын, оған өзі тұратын көшемен танысып келуге тапсырма берілгенін, осы жөнінде оған көмектесу керек екені айтады. Баланың үстінен ата-анаға шағым айтуға болмайды, өйткені олардың бұған реакциясы педагогикалық тұрғыдан жарамсыз болып шығуы мүмкін. Жиі шағына беру тәрбиешінің педагогтық дәрменсіздігін ғана дәлелдейді.
Ата-аналармен кешкі әңгіме кезінде мектеп жасына дейінгі баланың сыртқы пішініне қатысты ескертпелер айтылуы да мүмкін (шашының өсіп кеткені, аяқ киімінің тарлығы т.б.) мұндай ескертпені әдепті түрде, ақыл-кеңесін балаға даген қамқорлықпен негіздей отырып айту керек.
Ата-аналармен әңгімелер қысқаша болғанымен мазмұнды, олар үшін пайдалы болуға тиіс. Бұған тәрбиешінің жақсы дайындығы, ізгі ниеті көмектеседі.
Ата-аналармен балалар бақшасының меңгерушісі де, медицина қызметкерлері де әңгімелеседі.
Ата-аналарға кеңес алу олардың бала тәрбиелеуде жіберген қандай да бір ағаттықтары мен қателіктерің талдау үшін неғұрлым келелі әңгіме қозғап, жағдайды түзету жөнінде сапалы кеңес пен нұсқау беру қажеттігі туған кезде өткізіледі. Мысалы, баланың қиқарлану себебі отбасыдағы теріс тәрбиеден екеніне көзі жеткен тәрбиеші қиқарлық себебін түсіндіріп, оны жоюдың жолдарын үйрету үшін баланың анасы немесе әкесін кеңес алуға шақырады.
Ата-аналарға арналған кеңес алу тәрбиеші, дәрігер, мекеме меңгерушісі, логопед, юрист, өткізеді. Мұнда ата-аналардың кеңес алуын өткізушіні ықыласпен тыңдап, сұрақ беруі, кейбір ақыл-кеңестерді жазып алуы үшін тыныш, іскерлік жағдай туғызу маңызды.
Кеңес беру өткізу инициативасы тәрбиешіден де, ата-аналардан да шығуы мүмкін. Кеңес берудің оңды нәтижесі педагогтың нақ сол отбасыдағы баланы тәрбиелеу жүйесін білуіне, берілген ақыл-кеңес пен нұсқаудың қаншалықты сапалы екенін байланысты. Кеңес беруден соң біраз уақыт өткеннен кейінол ата-аналардың алған білімін өз балаларын тәрбиелеуде қалай пайдаланып жүргенін сұрап біледі.
Шәкіртінің отбасын зерттеп білудің, ата-аналармен тығыз байланыс жасаудың, нақты көмек көрсетудің пәрменді жолдарының бірі тәрбиешінің сол отбасыға баруы болып табылады. Педагог отбасыға зерттеуші ретінде емес, бала тәрбиелеудің күрделі ісіндегі дос әрі жәрдемші ретінде келеді. Негізгі мақсат – бала тәрбиеленіп жүрген жағдайды көру және ата-анаға қажетті көмек көрсету. Тәрбиешіден әдептілік, инабаттылық, нұсқау беру нақтылығы талап етіледі. Міне сондықтан да отбасыға әрбір барған сайын жақсылап дайындалу: алдына айқын мақсат қою, педагог жауап алғысы келетін сұрақтарды, ата-анаға айтқысы келетін ұсыныстар мен ақыл-кеңестерді ойластырып алуы маңызды.
Алғашқы бару айрықша жауапты. Мектепке дейін мекеме мен отбасы арасындағы өзара түсінісудің, сенім мен байланыстың орнауы көп жағынан сол бірінші барудың қалай өткеніне байланысты болмақ. Отбасыға барғанға дейін оның құрамын, ата-аналардың мамандығын, жұмыс орнын, үйден балалар бақшасы мен жұмыс орнына дейін қанша жер екенін сипаттайтын деректерді біліп алу қажет. Егер тәрбиеші отбасыға барар алдынан өзі үшін баланың даму және тәрбиелену дәрежесі жөнінде мінедеме тұжырып, анықтауды, ата-аналармен бірге талқылауды керек ететін сәттерді айқындап алса, отбасыға бару неғұрлым нәтижелі болады. Мысалы: егер бес жастағы бала балалар бақшасында жеткілікті тәуелсіздік көрсетпесе, өзін-өзі қызмет көрсету дағдыларын нашар меңгерсе, тәрбиеші отбасыға барған кезде мына мәселелерді анықтайды: бала үйде нені өзі істейді? Қандай тапсырма мен міндет атқарады? Педагогтың ақыл-кеңестері мен ұсыныстары отбасыдағы әңгіменің барысынан туындайтын болады. Бірінші бару тәрбиешіге отбасының тұрмыс жағдайы, отбасы климаты, баланы тәрбиелеу жүйесі туралы жеткілікті түрде толық жалпы ұғым беретін болуға тиіс.
Одан кейінгі барулар педагогтың бала тәрбиесінің нақты мәселелерін, мысалы, оның үйдегі ойын қызметін, еңбек тәрбиесін т.т. қалай ұйымдастырылатынын және басқарылатынын толығырақ біруіне көмектеседі. Әдетте, ол өзінің баратын уақыты туралы ата-анамен алдын ала уағдаласып алады, мұның өзі тәрбиеші отбасыға кезген кезде неғұрлым емін-еркін жағдай туғызады.
Жеке бақылаулар, ата-анаға, отбасының басқа мүшелеріне, баланың өзіне қойылатын сұрақтар арқылы, ізгі ниетпен өтетін әңгіме барысында тәрбиеші өзіне қажетті, баланы оның отбасысын жақсырақ білуге, тәрбиелеу процесін неғұрлым пәрмендірек жүзеге асыруға көмектесетін ұғымдар мен деректер алады.
Отбасыдағы әңгімелердің мазмұны балалардың жасына да байланысты. Кішкене сәбилердің ата-аналарымен әңгіме дербестік, гигиеналық дағдылар тәрбиелеу, тілін дамыту туралы болады; мектепке дейінгі ересек балалардың ата-аналарымен әңгіме – балалардың ойынын, еңбегін басқару, кітапты пайдалану, адамгершілік-ерік сапаларын қалыптасыру халқында болмақ.
Отбасыда қайталап болған кезде тәрбиеші өзінің айтқан ақыл-кеңестері мен ұсыныстарының орындалған-орындалмағанын сұрастырып біледі. Отбасыда болудың нәтижелерін арнаулы дәптерге немесе есеп күнделігіне жазып отырған жөн.
Баласының мінез-құлындағы кейбір ерекшеліктерді және оған педагогикалық ықпал жасау жолдарын неғұрлым сенімді, айқын көрсету үшінжекелеген ата-аналар немесе отбасының басқа мүшелері мектепке дейінгі мекемеге шақырылады. Мысалы, Айдарды үйінде өзін-өзі қызмет көрсетуге қабілетсіз деп есептейді, оған шамадан тыс қамқорлық көрсетіп, ол үшін бәрін ата-ананың өздері істейді. Баласының топта өзін қалай ұстайтынын бақылаған ата-ана оның кезекші міндетін атқарғанын, серуенге шыққанда өзі киінгенін көзімен көреді. Өз баласының мүмкіндіктеріне көзі жеткен ата-ана үйінде де оны дербестікке тәрбиелей беретін болады.
Отбасымен жұмыс практикасында тәрбиешінің ата-аналарға жекелеген тапсырмалар беріп, өтініштер айтуы өзін ақтап жүр, мәселен: қуыршақтарға арнап ұлттық немесе кәсіби костюмдер тігу, ойыншықты жөндеу, аулада ойынға арналған үйшік салу үйді мерекеге әзірлеуге көмектесу, қабырға газетіне мақала жазу т.т. Мұндай тапсырмаларды орындау ата-аналарды мектепке дейінгі мекеменің өміріне жақындата түседі.
Жекелеген отбасылардағы балалардың тұрмысы мен тәрбие жағдайын, ата-аналардың кездесетін қиыншылықтарын, олардың тәрбиелеудегі ағаттықтары мен қателіктерін ескере отырып, педагог ескерткіш кітапшасын жасайды, онда белгілі тақырыпқа айтылатын ақыл-кеңестер мен ұсыныстар, мысалы: баланың бойында әдептілікті, еңбек сүйгіштікті, мінездің ерік қасиетін қалай тәрбиелеу керектігі, үйде кітап қалай пайдалану керектігі т.т. қысқаша баяндалады. Тәрбие проблемаларының бірі егжей-тегжейлі көрсетілетін, ата-аналарға көмектесуге арналған материалды жеке папкаға жинап, отбасыға уақытша беріп отыруға болады. Папкада балаға, мәселен, ақыл-ой тәрбиесін берудің мәнін ашатын бірнеше текст, ата-аналардың оқып білуіне арналған әдебиеттер тізім, көрнекі иллюстрациялық материалдар болады.
Бала отбасыдан бөлек тұратын мезгілде (саяжайға шығумен байланысты) тәрбиеші ата-аналармен хат жазып тұрады. Баламен бірге ол қысқаша хат жазып, онда баланың көңіл күйін, қандай табыстарға жеткенін хабарлайды. Ата-аналар бұл хаттардан тәрбиешінің ықыласын аңғарып, оған алғыс сезімін білдіреді. Жауап хаттарды балалар үлкен қуанышпен қабыл алады.
Отбасымен жүргізілетін жеке жұмыстың алуан түрлі формаларын шебер таңдай білу, ұштастыру, пайдалану отбасыдағы тәрбиенің оңды тәжірибесін ашып, оны одан әрі зерттеп, тарауға, сондай-ақ бала тәрбиесінде сол отбасының тұрмыс жағдайын ескере отырып, ата-аналарға нақты көмек көрсетуге мүмкіндік береді.
Отбасымен жұмысты ата-ана ұжымының талқысына салуды керек ететін мәселелер болды. Бұларға балалардың жасына, отбасының тұрмыс жағдайына қарамастан бәріне қатысты мәселелер жатады. Мұндай мәселелерге жататындар: ата-аналардың беделі; бала тәрбиесінде отбасының рөлі, ата-аналардың міндеттері туралы советтік заңдар; балаларды мектепке дайындау туралы; мектепке дейінгі мекеменің біржылға арналған жоспары туралы; ата-аналардың белсенді жұмысы туралы т.б. Осы мәселелерді ұжым болып талқылау ата-аналарды топтастыруға, дұрыс жұртшылық пікірін туғызуға және, ақыр соңында, мектепке дейінгі мекеме қызметкерлерінің уақыты мен күшін неғұрлым ұтымды пайдалануға көмектеседі.
Отбасымен жұмыстың ұжымдық формаларына мыналар жатады: ата-аналар жиналыстары – топ және жалпы жиналыстар, топ кеңес берулері, конференциялары, ата-аналарға арналған кештер.
Ата-аналар жиналысына не мектепке кейінгі мекемеде тәрбиеленіп жүрген барлық балалардың, не жас жағынан қосарлас топтардағы балалардың, не бір ғана жас тобындағы балалардың ата-аналары шақырылады. Мұндай жиналыстардың мақсаты ата-аналарға педагогикалық білім беру, олардың педагогикалық мәдениетін көтеру, бала тәрбиелеуде оларға көмек көрсету болып табылады. Ата- аналардың назары әдетте белгілі бір тәрбие мәселесіне аударылады, ол мәселе негізгі баяндамада ашылып, жиналғандардың сөздерінде талқыланады.
Ата-аналар жиналыстарының тақырыптары қалай жоспарланады? Тақырып таңдау балалар бақшасы мен отбасының алдында тұрған балаларды тәрбиелеу міндеттеріне, олардың дамуы мен тәрбиелену дәрежесіне отбасыдағы тәрбиенің жайына қарай айқындалады.
Аналар мен әкелерге педагогикалық тұрғыдан жақсырақ білім беру мақсатымен ата-аналар жиналыстарының тақырыптары перспективалы түрде, бірнеше жыл бұрын жоспарланады; бала мектепке дейінгі мекемеде болған жылдардың ішінде ата-аналар оны тәрбиелеудің негізгі мәселелері бойынша айтарлықтай толық білім алады.
Ата-аналардың жалпы жиналыстарының тақырыптары топ жиналыстарынан өзгеше болады. Топ жиналыстарында сол жастағы балалардың ата-аналары үшін неғұрлым өзекті мәселелер талқыланады; мысалы: жалпы жиналыстын тақырыбы «Балаларды адамгершілікке тәрбиелеу, оны жүзеге асыруда отбасының рөлі» болса, естияр топта ол: «Балаларды еңбек сүйгіштікке тәрбиелеуде балалар бақшасы мен ата-аналардың біріккен жұмысы», «Балаларды үлкендерді сыйлауға тәрбиелеу» т.т. сияқты болып нақтылануы мүмкін. Әрбір жиналыстың табысы болуы мен пәрменді нәтижесі ең алдымен оған тәрбиешілер мен ата-аналардың мұқият әзірленуіне байланысты. Тәрбиеші әзірлігі баяндаманы ұқыпты дайындау, көрнекі иллюстрациялық материалды реттеу және көркемдеу, ата-аналарды хабарландыру т.б. қамтиды. Мысалы: «Табиғат балаларды тәрбиелеудің факторы ретінде» деген тақырыптағы баяндамаға дайындалған кезде тәрбиеші осы мәселе жөніндегі әдебиетті оқып зерттейді, мектепке дейінгі мекемеде жүргізілген жұмысқа, отбасыдағы тәрбие тәжірибесіне талдау жасайды, балаларды тәрбиелеу үшін серуенді шебер пайдаланатын бірнеше ата-анамен олардың жиналыста сөйлеуі туралы келісіп алады. Топта балалардың табиғат туралы салған суреттерінің көрмесі, оларға арнап осы тақырыпта жазылған әдеби шығармалар, пейзаждардың репродукциялары, музыка шығармалары жазылған пластинкалар әзірленеді. Осының бәрі жиналысты қызықты әрі жемісті етеді.
Тәрбиеші баяндама көлемін 20-25 минутта асықпай баяндауға есептейді. Оның мазмұны логикалық болуға, көрнекі құралдарды, балалар еңбектерін, әдебиетті нақты көрсетумен, тиіс тақырыптағы кинофильмдерді, слайдаларды көрумен қосақтасып отыруға тиіс. Мысалы, пайдалана отырып, ата-аналардың психологиясын ескеру керек: жағымды, онды, фактілер басым болуға тиіс, ал теріс фактілерге келетін болсақ, ол жөнінде өте-мөте сақтық, әдептілік керек. Ондай ретте ешкімнің атын атамай-ақ, жиналыстан соң оңаша әңгімелескенде баланың кемшілігін немесе оған отбасыдағы теріс көзқарасты қалай жоюға болатынны жайлы әңгімені жалғастырған жақсы.
Жиналыстан кейін тәрбиеші ата-аналардың айтылған ақыл-кеңестер мен ұсыныстарға қалай қарағанына міндетті түрде зер салады.
Мектепке дейінгі мекемеге жаңа келген балалардың ата-аналарының алғашқы жиналысы ерекше жоспар бойынша өткізіледі: меңгеруші оларға мекеменің үйін, құрал-жабдықтарын көрсетеді, оның қызметкерлерімен таныстырады. Тәрбиешілер «Балалар бақшасындағы тәрбие бағдарламасы» мен таяудағы уақыт аралығында мектеп жасына дейінгі балалармен жүргізілетін жұмыс жоспары туралы қысқаша айтып береді. Ата-аналарды балалар бақшасының талаптары мен режиміне сәйкес сақталуға тиісті ережелермен таныстырады.
Ата-аналардың жаздан кейінгі алғашқы топ жиналыстарында тәрбиешілер өткен жыл ішінде балалармен жүргізілген білім-тәрбие жұмысының нәтижелері туралы есеп береді, алда тұрған жылда шешілуге тиісті міндеттерді хабарлайды, мектепке дейінгі мекеме қызметкерлері мен отбасының бірлесіп күш жұмсауын талап етеді. Сол жиналыстарда ата-аналар активі өз жұмысы туралы есеп береді, оның жаңа құрамы сайланады. Жиналыста болмаған ата-аналармен тиісінше кеңес беру өткізіледі.
Балаларды тәрбиелеу мен оқыту тақырыбындағы ата-аналарға арналған баяндамалар мен лекциялар балалар бақшасының қабырғасында да, одан тыс жерлерде де ұйымдастырылады; кейде олар бір микро ауданда орналасқан мектепке дейінгі бірнеше мекеменің ата-аналарын біріктіреді. Олар ата-аналар жиналыстарының тақырыптарын қайталамай, оларды толықтырып отырып болуға тиіс.
Тәрбиешілер отбасыдағы тәрбиені зерттеудің нәтижесінен туындайтын белгілі бір мәселелер бойынша ата-аналарға арнап консультациялар өткізеді. Мысалы, «Үйде балалардың бейнелеу іс-әрекетіне басшылық ету» деген тақырыптағы консультацияға бұған жеткілікті көңіл бөлмейтін ата-аналар шақырылады. Сондай-ақ меңгеруші, дәрігер, логопед, музыкалық жетекші де өз компетенциясына жататын мәселелер бойынша ата-аналарға кеңес береді. Кеңес беру өткізу дайындықты, кейіннен ата-аналардың алған рекомендацияларын бала тәрбиелеуде қалай пайдаланғанын бақылап отыруды талап етеді.
Мектепке дейінгі мекемелерде ата-аналар мен отбасының басқа да мүшелері үшін өткізілетін кештер тақырыптық сипатта болады, мысалы: «Музыка және балалар», «Кітап бала өмірінде», «Бала және табиғат». Жұмыстың бұл формасының өзіндік ерекшелігі сол, қысқаша хабардан соң жиналғандарға балалардың, балалар мекемесі қызметкерлерінің, ата-аналардың өздерінің көркемөнерпаздығын көру ұсынылады. Мысалы, музыкалық жетекшінің сөзінен кейін балалар өздері үйренген әндерді, билерді орындайды.
«Өз балаларын қалай сүю керек?», «Бала тәрбиесінде әкенің рөлі», «Біз өз балаларымызды білеміз бе?» деген тақырыптардағы кештерді, сұрақ және жауап кештерін өткізу тәжірибесі қызықты; сондай-ақ ата-аналардың балалар жазушыларымен, ақындарымен, композиторларымен кездесулері де пайдалы.
Бала тәрбиелеуде қажетті іскеррліктерді меңгеруде ата-аналарға көмектесу мақсатымен оларға арнап қысқа мерзімді курстар ұйымдастырылады, ол сабақтарда ата-аналар балалар киімін пішуді, тігуді, тоқуды, алуан түрлі талғамдар пісіруді, балалар әндерін,балалар әндерін, қолдан ойыншықтар жансау өнерін т.т. үйренеді.
Отбасымен жұмыстағы ең мол сенімділік пен пәрменділік көрнекі құралдар кешенін пайдалану арқылы: тәрбиешінің балалармен жұмысын көрсету, техникалық құралдарды пайдалану, көркем стендтер, фотовитриналар т.т. ұйымдастыру арқылы қамтамасыз етіледі.
Мектепке дейінгі мекемелердің практикасына ата-аналар үшін ашық күндер (ата-аналар күндері) еніп жүр, бұлар бір жылға жоспарланады. Ол күндер туралы ата-аналарға ерте бастан хабарланады. Бұл күндері ата-аналар балалардың сабағын, ойын және еңбек әрекетін, серуендеуін бақылайды: оларды оқыту және тәрбиелеу ісінде тәрбиешінің қандай тәсілдерді пайдаланатынын, балалардың қалай оқитынын, еңбектенетінін, өздерін коллективте қалай ұстайтынын көздерімен көреді. Арнайы жоспарланған ашық күндерден тыс, ата-аналарға мектепке дейінгі мекеме өмірінен жеке фрагменттер көрсету практикаланады. Кейде бұл белгілі бір тақырыпта баяндама басталғанға дейінгі жасалады. Мысалы, баяндаманың тақырыбы «Балаларды мектепке математикалық жағынан дайындау» болса, ата-аналарға математика жөніндегі сабақты көрсетеді т.с.с.
Тәрбие тақырыбына арналған кинофильмдер ата-аналарға үлкен пайда береді, бұл көбінесе аналар мен әкелерді толғандырып жүрген мәселелер бойынша қызу талқылаудың, диспуттың бастамасы болады.
Дыбыс жазатын техника балалардың қалай сөйлейтінін, олар орындайтын әндерді, өлеңдерді, әңгімелерді көрсету үшін, сондай-ақ балалар репертуарындағы музыкалық шығармалармен таныстыру үшін пайдаланылады.
Тәрбиешілер ата-аналарды балалардың творчестволық еңбектерімен: суреттерімен, жапсырған, құралған, табиғаи материалдан жасалған бұймдармен таныстыратын тақырыптық көрмелер ұйымдастырады.
Көрнекі материалды ата-аналардың белсеніп қабылдайтын болуы үшін оған олардың назарын аудара білукерек, ол материалдың бала тәрбиелеуде қалай пайдаланылатынына зер салу қажет.
Мектепке дейінгі мекеме өмірінде, әсіресе отбасымен жұмыста ата-аналар жұртшылығы елеулі рөл атқарады. Әрбір балалар бақшасында ата-аналардың жалпы жиналысында сайланатын ата-аналар комитеті болады. Оған барлық жас топтарындағы балалардың ата-аналарынан өкілдер кіреді.
Ата-аналар комитеті өз жұмысын «Балалар бақшасындағы ата-аналар комитеті туралы ережеге» сәйкес ұйымдастырады. Оның жұмысы бір жылға жоспарланады; оның мазмұны балаларды тәрбиелеуде, сондай-ақ отбасымен жұмыс жүргізуде мектепке дейінгі дейінгі балалар мекемесінің қызметкерлеріне көмек көрсетуге бағытталған. Әрбір жас тобында белсенді ата-аналар бар, ол мүмкіндігінше тәрбиешілерге жәрдем көрсетеді: ата-аналар жиналыстарын, кештерді әзірлеуге көмектеседі, ата-аналарды жекелеген міндеттер мен тапсырмаларды орындауға тартады.
Балалар бақшасының ата-аналар комитеті мен активі жайсыз отбасыларға ерекше көңіл бөледі: оларға барып тұрады, өз балаларын тәрбиелеуге жеткілікті түрде жауапты қарамайтын, мектепке дейінгі мекеменің талаптарын орындамайтын ата-аналарға ықпал жасайды. Тәрбиешілермен бірге белсенді ата-аналар отбасыдағы тәрбиенің ең жақсы тәжірибесін зерттейді, оны таратуға қатысады.
Ата-аналар комитеті тәрбиешілерге қоғамдық бақылау жасау және көмек көрсету мақсатымен мектепке дейінгі мекемеде ата-аналардың кезекшілігін ұйымдастырады. Ол әрбір ауданда, қалада және жекелеген кәсіп орындарда болатын ата-аналар жұртшылығы кеңесімен тығыз байланысты болуға, оның жұмысына белсене қатысуға тиіс.
Ата-аналарға педагогикалық білім беруді ұйымдастыруда белсенді ата-аналардың рөлі өте зор активті ата-аналар мектепке деінгі мекеменің қызметкерлігімен бірге ата-аналардың жаппай оқуын жүзеге асырады, педагогикалық білімдердің табандылықпен менгерудің үлгісін көрсетеді.
Мектепке дейінгі мекемелерінің қызметкерлері алдымен тәрбиешілер педагогикалық насихаттық белсене қатысаы оның ұымдастырушылары рөлінде мектеп жасына дейінгі балалрдың тәрбиелеу мекемелері жөніндегі лекторлар мен кеңес берушілер көп жұмыс атқарады [9. б. 309-315].
Бақылау сұрақтары
1. Отбасы деген не?
2. Бала тәрбиесіне жауапты тұлғалар туралы баяндаңыз.
3. Отбасындағы тәрбие мен мектепке дейінгі ұйымдардағы мекемедегі тәрбиенің айырмашылығы қандай?
4. Ата-аналарға берілетін кеңес түрлеріне тоқталыңыз.