«Тарих жəне саяси-əлеуметтік ғылымдар» сериясы



Pdf көрінісі
бет22/23
Дата09.03.2017
өлшемі1,9 Mb.
#8608
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23

Резюме 
В  данной  статье  автор  раскрывает  роль  видного  археолога,  ученого  К.М.Байпакова  в  развитии  письменных 
фактов и комплексного археологического подхода в исследовании Великого Шелкового пути. Также автор подчер-
кивает, что  К.М.Байпаков  в  своих  трудах рассматривая проблемы  формирования  и развития Великого Шелкового 
Пути  специально  исследует  этапы,  в  том  числе  его  место  в  хозяйственном,  культурном  и  политическом  развитии 
древних  жителей  казахской  земли  и  его  роль  во  всемирной  цивилизации.  Будучи  инициатором  в  исследовании 
проблемы известный ученый К.М. Байпақов подчеркивает многогранность данной проблематики. 
Ключевые слова: Великий Шелковый путь, археолог, исследователь, труды, ученый 
 
Summary 
In  this article  an author exposes the role of  visible archaeologist,  scientist of  K.M Baipakov  in development of  writing 
facts and complex archaeological approach in research of the Great Silk way. An author underlines also, that К.М.Baipakov in 
the  labours  examining  the  problems  of  forming  and  development  specially  investigates  the  stages,  including  his  place  in 
economic, cultural and political development of ancient habitants of Kazakh earth and his role in world civilization. Being an 
initiator in research of problem well-known scientist К.М. Baipakovв underlines many-sided nature of this range of problems 
Keywords: the Great Silk way, archaeologist, researcher, labours, scientist 
 
 
 

Вестник КазНПУ имени Абая, серия «Исторические и социально-политические науки», №2(41), 2014 г. 
118 
УДК 316. 42:02 /19/ (574) 
 
ҚАЗАҚСТАН ТЕАТРЫНЫҢ САХНА ЖҰЛДЫЗДАРЫ 
 
Қ.Т. Қашақбаева – Абай атындағы  аз ПУ 
 
Бұл  мақалада  Қазақ  театрының  қара  шаңырағы  М.Əуезов  атындағы  академиялық  драма  театры  жəне  Қазақ 
театрының алтын діңгегі Абай атындағы опера жəне балет театрының сахна саңлақтары, жұлдыздары, көне көздері 
туралы айтылады. Олардың  қызметі, өмірі,  жеткен  жетістіктері жоғары  дəрежелі марапатқа  ие  болғандары  кейінгі 
келер ұрпаққа өнеге еді. Ж.Шанин, Қ.Қуанышбаев, С.Қожамқұлов, И.Байзақов, Ə.Қашаубаев т.б. сахнаның жұлдыз-
дары  болса,  ал  операның  ұлы  бейнелері  К.Байсейітова,  Ғ.Құрманғалиев,  Ш.Бейсекова,Ш.Жиенқұлова  т.б.  сынды 
ұлттық мақтанышымыз, өздерінің ұлттық өнегесімен, еңбекқорлығымен, даңқ атақтарымен, жеткен жетістіктерімен 
үлгі-өнеге қалдырды 
Тірек сөздер: Мəдениет, театр, сахна, өнер, балет 
 
Қалың көрермендерге ақиқат болмыс өмірдің күрес пен тартысқа толы қат-қабат сыр-сипатын бейнелі 
түрде  бар  бояуымен  ашып  жеткізуде  хəм  оларды  эстетикалық  лəззатқа  бөлеудегі  Театрдың  атқаратын 
қызметі өте игілікті де елеулі екенін айтпасқа болмайды. 
1917  жылы  қазан  революциясы  Театрдың  перспективалық  дамуына  кең  жол  ашты.  Кеңес  үкіметі 
жылдарында бұрын болмаған немесе алғашқы сахналық белгілері ғана болған халықтардың (қазақ, өзбек, 
қырғыз, тəжік, түрікмен т.б.) театр мəдениеті туып дами бастады. Өзара үнемі шығармашылық тəжірибе 
алмасып  отыру  көркемдік  үрдісті  байытып,  жаңа  үлгідегі  түрі  ұлттық,  мазмұны  социалистік  театрдың 
туып  қалыптасуын  қамтамасыз  етті.  Өнердің  басқа  түрлері  секілді  Кеңес  театрында  да  драматургия, 
актерлік өнер саласында көркемдік ізденістерге кең жол ашқан социалистік реализм əдісі қалыптасқан.  
Бірқатар  жаңа  театр  ұжымдары  ұйымдастырылды.  Кеңес  театрының  репертуарлық  қоры  негізінен 
орыс  жəне  дүние  жүзінің  классикалық  туындыларынан,  сонымен  бірге  Горький,  К.М.  Симонов,           
Л.М.  Леонов,  М.О.  Əуезов,  Ғ.М.  Мүсірепов,  Ə.Тəжібаев,  Қ.Мұхамеджанов  Кеңес  драматургиясының 
пьесаларынан құрылған.  
Шығармашылық  өнер  жолын  революциядан  бұрын  бастаған  В.И.  Качалов  т.б.  Қ.Қуанышбаев, 
Е.Өмірзақов, С.Қожамқұлов, Ш.К. Айманов қосылды. Ал 1950 жылдар мен 1970 жылдарының алғашқы 
жартысында  Ə.Мəмбетов,  Б.Омаров,  М.Байсеркенов  сынды  режиссерлар,  Х.Бөкеева,  С.Майқанова, 
Н.Жантурин,  Ы.Ноғайбаев  т.б.  секілді  актерлердің  өнері  жан-жақты  өркен  жайды.  Көп  ұлттылық, 
идеялық  мақсат  бірлігі  мен  зор  қоғамдық-əлеуметтік  мəселелерге  ден  қоюшылық  кеңес  театрының 
ерекшелік қасиетін білдірді.  
Кəсіби сахна өнерінің туып қалыптасу, даму жолы шын мəнінде қазан революциясынан кейін бастал-
ды.  Кеңес  өкіметінің  алғашқы  жылдарында  Ақмола,  Көкшетау,  Қостанай,  Орынбор,  Семей,  Түркістан 
жəне  Шымкентте  қазақтың  драматургиялықгруппалары  ұйымдасып,  М.Əуезовтың,  Б.Майлиннің, 
С.Сейфулиннің, Е.Ерданаевтың, Б.Серкебаевтың т.б. пьесаларын қойылды [1]. 
Ұлттық театрдың негізін қалаған тума таланттардың өнері сахналық ғана емес, тұтас мəдениетіміздің 
дамуына  ерекше  ықпал  еткені  белгілі.  Бұл  құбылыс  бүгінгі  мəдени  қауымға  бейтаныс,  татр  айналасы 
болмаса, былайғы жұрт біле білмейді. 
Тарихта  «құдіретті  топ»  деген  ат  қойылып,  айдар  тағылған  бұлардың  ішінде  Қалыбек  Қуанышбаев, 
Құрманбек Жандарбеков, Елубай Өмірзақов, Серəлі Қожамқұлов, Шакен Айманов, Иса Байзақов, Жұмат 
Шанин,  Əмре  Қашаубаев,  Қапан  Бадыровтар  т.б.  ұлттық  сахна  өнерінің  көш  басында  тұруымен  бірге, 
оның келешегін халық шығармашылығы мен замана дамуын əкелген жаңа үрдіс анықтайтынын өздерінің 
ерекше шығармалық қызметімен дəлелдеп кеткен.  
Жоғарыда аталып кеткен қазақтың көрнекті сахна шеберлері өздерінің шығармашылық жолын осын-
дай туындылардан, көркем өнерпаздар үйірмелерінен бастады. Не бір қиын рөлдерінде шығармашылық 
ізденімпаздығынан, көркемдік келбетінен айнымай, қайталанбас бейнелер жасаған Елубай Өмірзақов. 
Елубай  Өмірзақов  өнерінің  ерекшелігі  ешкімге  ұқсамайтын,  тіпті  ұқсауға  болмайтын  қайталанбс 
даралығында еді. Абыл, Жапал, Жарас, Балпық, кекеш Қожақ, Аманбай таз, онан ары қарай батырлар мен 
төрелердің бейнелерін терең де келісті суреттеуі- актердің осы өзіндік ізденіс сырында жатса керек. 
Ұлттық  профессионал  сахна  өнерінің  іргесін  қалап,  шаңырағын  көтерген  құдіретті  топтың  бірегейі 
Қалыбек Қуанышбаевтың өнері – актерлік шеберліктің шыркау биігі. Табиғат аямай берген дарынның, 
зейінділіктің,  толассыз  ізденістің  нəтижесінде  ұлттық  топырақта  өнген  актерлік  өнердің  дамуы  мен 

Абай атындағы  аз ПУ-ні  Хабаршысы, «Тарих жəне саяси-əлеуметтік ғылымдар» сериясы, №2(41), 2014 ж. 
119 
қалыптасуына ерекше ықпал жасады. Қалыбек Қуанышбаевтың ұзақ жылғы актерлік қызметінде драма-
тургияның  сан-қилы  тақырыптағы,  барлық  жанрдағы,  əр  заманның  алуан  түрлі  ұлттар  кейіпкерлерінің 
рөлдерін  терең  меңгеріп,  олардың  өздеріне  ғана  тəн  сахналық  бейнелерін  жасады.  Əсіресе,  тарихи-
эпостық  тақырыпка  жазылған  ұлттық  классикалық  шығармаларды  меңгеруде  ол  қосқан  үлес,  сомдап 
құйған тұлғалар - актерлік бейнелеу өнерінің үлгісі. Абыз,Танеке, Шораяқ, Балуан, Абай, Құнанбай т.б 
рөлдер. Актердің талант құдіретін танытқан күрделі жұмысы ұлы Абайдың сахналық бейнесі болатын. 
Тұңғышұйымдасқан қазақ театрының көптеген қиыншылықтарын жеңіп, шығармашылық сапарының 
сəтті болуы - Жұмат Шаниннің атымен байланысты. Режиссер, актер, драмматург Жұмат Шанин қазақ 
театрының туып, дамуына мол үлес қосқан ірі өнер қайраткері еді. 
Жаңа  ұйымдасқан  жас  ұжым  театр  өнерін  жетік  білетін  ұйымдастырушыға  мұқтаж  болатын.  Ондай 
көркемдік  жетекшілікке  –  Жұмат  Шанин  сай  келді.  Жұмат  Шанин  театрдағы  басты  тұлға  –  актерлерді 
іріктеп алып тəрбиелеуге, шеберлігін көтеруге мейлінше мол көңіл бөлген. Сонымен қатар, музыка өнері-
не де ерекше көңіл аударып, театрда музыка мəденетін көтеруге көп күш салды [2]. 
Жұмат Шаниннің режиссерлік өнері мен ізденістері сол уақыттағы театрымыздың жалпы мəдениеті-
міздің жаңа дəрежесін көрсетеді.  
Серəлі Қожамқұлов. Тұңғыш ұйымдасқан ұлт театрына Серəлі Қожамқұлов 30 жасында келген екен. 
Сахнада жарты ғасырдан аса ойнап, шығармалық тұғырдан таймау - актерлік өнер жолында сирек кезде-
сетін бақытты құбылыс. 
Сонан  бері  қарай  Серəлі  Қожамқұлов  қазақ  актерлерінің  барлық  буын  өкілдерімен  сахнада  əріптес 
болып, жүз жетпістен астам рөл ойнаған. Өз халқының  төл шығармаларынан бастап, батыс жəне орыс 
драматургиясындағы,  еліміздің  басқа  ұлттар  пьесаларындағы  сан  алуан  кейіпкерлердің  қайталанбас 
характерлерін жасаған Серəлі Қожамқұлов актерлік өнердің шырқау биігіне көтерілді. 
Серəлі Қожамқұлов ауқымы кең атер. Ол ұлттық пьесалардан бастап, əлемдік драматургиядан көпте-
ген күрделі сахналық характер жасады. Оның актерлік репертуарында трагедиялық, драмалық кейіпкер-
лер бар.  Ірі сахналық бейнелері  - Еспембет, Қарашешен, Қыдыш, Бейсебі,  Өкендау, Ақымбай, Жұмаш, 
Көдебай т.т. толып жатқан сом тұлғалар. 
Əмре Қашаубаев – Москва, Германия, Париждің көреремендерін дүр сілкіндірген - ірі творчество-
лық табысқа жеткен əрі əнші, əрі актерлік өнерге бейім, драмалық актерге тəн белгілері бар өнер май-
талманы еді [3]. 
1926 жылы Қазақ драма театрының ұйымдасып ашылуы елдің мəдени өмірінде аса зор оқиға болды. 
Қазақ  театр  өнерінің  алғашқы  қалыптасып  даму  кезеңінде  қойылған  М.Əуезовтың  «Еңлік-Кебек», 
«Қаракөз», Б.Майлиннің «Шаншар молда», «Неке қияр», Ж.Шаниннің «Арқалық батыр», «Баян Батыр», 
Е.Ерданаевтың «Малқамбай» сияқты спектакльдері халық өнерінің қарапайымдылығымен ерекшеленді. 
1932  жылы  Алматыда  сахна  өнері  мамандарын  даярлайтын  Қазақ  театр  студиясы  ашылды.  Осы 
жылдары  Ұлттық  туындылар  бойынша  қойылған  М.Əуезовтың  «Түнгі  сарыны»,  Б.Майлин  мен 
Ғ.Мүсіреповтың  «Аманкелдісі»,М.Əуезов  пен  Л.Соболевтің  «Абайы»  қазақ  театрларының  өсу  жолын, 
шығармашылық мүмкіншілігін айқындайтын спектакльдер қатарынан орын алды.  
Театр группасы тың күштермен (Ш.Айманов, Қ.Əділшінов, Х.Бөкеева, Ш.Жандарбекова, Қ.Қармысов, 
Б.Қалтаев,  Р.Қойшыбаева,  Б.Римова,  М.Сүртібаев,  С.Телғараев  т.б.)  толығып,  қазақтың  актерлік  өнері 
жан-жақты дамыды [4]. 
Ұлы Отан соғысы жылдарында қахармандық-патриоттық тақырыптағы М.Əуезовтың «Сын сағатта», 
Ғ.Мүсіреповтың «Қозы Көрпеш-Баян Сұлу» жəне «Ақан Сері-Ақтоты» трагедиялары көптеген театрларда 
қойылды.  Қазақ  группаларына  өз  үлестерін  қосқан  кеңес  режиссерлері  Б.В.  Бибеков,  Б.А.  Лурн, 
А.Товстоногов, А.Л. Жадиевский т.б. ұлттық сахна өнерінің ілгері дамуына мол үлестерін қосты. Қазақ 
театр сахнасында фольклорлық-тарихи мазмұндағы жəне тарихи-ғұмырнамалық тақырыптағы Мұқанов-
тың «Ш.Уəлихановы», Тəжібаевтың «Майрасы», Əуезовтың «Абайы», Құсайыновтың «Үкілі Ыбырайы», 
т.б. пьесалары молырақ қойылып отырды.  
Сахна  өнері  мамандығы  бойынша  арнаулы  оқу  орнын  бітіріп  келген  режиссерлер  (Тоқпанов, 
Мəмбетов,  Омаров)  мен  актерлер  (Н.Жантөрин,  Ы.Ноғайбаев,  З.Н.  Досанова,  А.Əлимов,                        
Ə.А. Молдабеков, С.Қ. Оразбаев, Ф.Шəріпова т.б.) қазақ театрларының кəсіби бағытын айқындай түсті. 
Ұлттық  театрлар  дүние  жүзі  жəне  кеңес  өнерінің  жоғары  сахналық  мəдениетін  халық  кəсібилігінің  ізгі 
дəстүрлерімен  ұштастыруда,  жағымды  қахармандарын  мінез-кейпін  тереңірек  ашып,  халық  өмірін 
шынайы, жан-жақты бейнелеуге ұмтылды.  
60-70-жылдары  қойылған  Ш.Аймановтың  «Ана-Жер  Анасы»,  Қ.Мұхамеджановтың  «Бөлтірік  бөрік 

Вестник КазНПУ имени Абая, серия «Исторические и социально-политические науки», №2(41), 2014 г. 
120 
астында»,  Т.Ахтановтың  «Сəулесі»,  «Анты»,  С.Жүнісовтың  «Ажар  мен  ажалы»,  Қ.Шаңғытбаев  пен 
Қ.Байсейітовтың «Беу қыздар- ай», «Ой жігіттер айы», Ə.Нұрпейісов пен Ə.Мəмбетовтың «Қан мен тері» 
т.б. сияқты спектакльдер ұлттық сахна өнерінің озық тəжірибесі мен табысын айқындады [5]. 
Қазақтың қара шаңырағы Қазақ драма театрымен қатар Абай атындағы опера жəне балет театры да 
өзінің  шығармашылық  даму  жəне  қалыптасу  кезеңінен  өтеді.  Қазақстанда  опера  жанры  Ұлы  қазан 
революциясынан кейін туды. 
Алғашқы опера шығармалар музыкалық пьеса жəне драма түрінде болды. Олар түгелдей қазақтың ха-
лық музыкасына, оның əн-күй байлығына негізделіп жазылды. 1934 жылы Е.Брусиловский қазақтың тұң-
ғыш операсы «Қыз Жібекті», одан кейінгі жылдары А.Қ. Жұбанов пен Л.А. Хамиди «Абай» (1934 жылы), 
М.Төлебаев  «Біржан-Сара»  (1946  жылы),  Қ.Қ.  Қожамияров  «Назугум»  (1956  жылы),  С.Мұхамеджанов 
«Айсұлу»  (1964  жылы)  Е.Рахмадиев  «Қамар  сұлу»  (1963  жылы)  жəне  Ғ.А.  Жұбанова  «Еңлік-Кебекті» 
(1975 жылы) жазып ұлттық операны профессионалдық жаңа белеске көтерді. 
Қазақстанның  опера  жəне  балет  өнерінің  негізін  қалаушылар,  мəдени  ошақтың  алтын  діңгегі  – 
Абай атындағы опера жəне балет театрының көрнекті көне көздері – театрдың ұлы бейнелері: Күлəш 
Байсейітова,  Ғарифолла  Құрманғалиев,  Қанат  Байсейітов,  Шабал  Бейсекова,  Қаукен  Кенжетаев, 
сонымен  қатар  театрдың  тұңғыш  балериндары  мен  бишілері:  Шара  Жиенқұлова,  Александр 
Селезнев, Ракуль Тажиева. 
Сонау  1936  жылы  осы  ұлы  өнерпаз  иелері  Москва  көрермендерін  талантымен  таңдандырды. 
Кеңестік  пресса  ғана  емес,  шет  ел  сынға  алушылары  олардың  өнеріне  тамсанып,  «Степное  чудо» 
деген анықтама берді.  
Ал, Күлəш Байсейітова бірінші СССР халық артисі ғана емес, «Соловей сцены», яғни «Сахна бұлбұ-
лы» деген құрметті атаққа ие болды. 
Осы ұлы артистердің ескі Алматының саман үйлерінде тұрып, жартылай аш, жағдайының төмендігіне 
қарамастан, арнайы кəсіби білімі болмаса да бүкіл опералық партияларын жаттап, дала адамдары үшін 
қиын  да  болса,  классикалық  «Па»  биін  билеп,  өз  таланттарының  күшімен,  рухының  биіктігімен  опера 
жəне балет өнерін қазақтың кең даласындағы шегі жоқ сахна төрінде шыңдады[6]. 
Халқымыздың ұлттық өнерін,мəдениетін, руханиетін көрсете білген халық таланттары, сахна жұлдыз-
дары Кеңес өкіметіне, қазақ халқына сіңірген зор еңбектері үшін жоғары дəрежелі марапатқа ие болған: 
1.
 
СССР халық артисі Сталиндік премияның лауреаты – Күлəш Байсейітова; 
2.
 
СССР халық артисі Сталиндік премияның лауреаты – Құрманбек Жандарбеков; 
3.
 
Қақақ ССР халық артисі – Қанабек Байсейітов; 
4.
 
Қазақ ССР халық артисі, Сталиндік премияның лауреаты, композитор – Е.Г.Брусиловский; 
5.
 
Қазақ  ССР-нің  өнеріне  еңбек  сіңген,  Сталиндік  премияның  лауреаты,  композитор  –  Мұқан 
Төлебаев; 
6.
 
Қазақ ССР халық артисі, Сталиндік премияның лауреаты – Ануарбек Үмбетбаев; 
7.
 
Қазақ ССР халық артисі – Манарбек Ержанов; 
8.
 
Қазақ ССР-не еңбек сіңірген – Ғарифолла Құрманғалиев; 
9.
 
Қазақ ССР халық артистері, ағайынды Рашид пен Малик Абдуллиндер; 
10.
 
Қазақ ССР халық артисі, Сталиндік премияның лауреаты – Шабал Бейсекова т.т.б. 
 
1
 
Hнда;баев Б., НHрпейісов К. «М.Gуезов атындағы  аза;ты  мемлекеттк академиялы; драма театрына 40 
жыл» - А., 1973 жыл.  Hнда;баев Б. Заман жəне театр 9нері, - Алматы: Iнер. 2001. - 79 б. 
2
 
аза; Совет энциклопедиясы. - Алматы 1976 ж. - 510-511 бет. 
3
 
Тəжібаев G.  аза; драматургиясыны  дамуы мен ;алыптасуы. - А., 1973 жыл;  аза; театрыны  тарихы, - 
А., 1975 жыл. 
4
 
аза; Совет энциклопедиясы. – Алматы, 1977 ж. 10 т, - 631 бет. 
5
 
Тəжібаев G.  аза; драматургиясыны  дамуы мен ;алыптасуы. - А., 1973 жыл;  аза; театрыны  тарихы, - 
А., 1975 жыл. 
6
 
Свобода слова, 2008 жыл 2 октябрь. 
 
 
 
 
 

Абай атындағы  аз ПУ-ні  Хабаршысы, «Тарих жəне саяси-əлеуметтік ғылымдар» сериясы, №2(41), 2014 ж. 
121 
Резюме 
В настоящей статье делается краткий обзор об академическом театре драмы им. М.Ауэзова и о театре оперы 
и  балета  им.  Абая.  О  жизни,  творческой  деятельности,  и  о  достижениях  звезд  сцены  таких  как,  Ж.Шанин, 
Қ.Қуанышбаев,  С.Қожамқұлов,  И.Байзақов,  Ə.Қашаубаев,  К.Байсейітова,  Ғ.Құрманғалиев,  Ш.Бейсекова, 
Ш.Жиенқұлова. 
Звезды  театра,  оперы  и  балета  добились  значительных  творческих  успехов  и  прошли  замечательный  путь  от 
первой  казахской  музыкальной  драмы  до  оригинальной  национальной  оперы.  Из  среды  театрального  коллектива 
выдвинулась  целая  группа талантливых  казахских  певцов и  артистов.Артисты огромного  природного  дарования  и 
высокой музыкальной культуры завоевали горячую симпатию и признание слушателей далеко за пределами респуб-
лики.  Эти  люди  подлинная  гордость  не  только  казахского,  но  и  всего  нашего  Советского  государства.  Жизнь  и 
творческая деятельность звезд сцены заслуживает высокой награды и является примером новому поколению. 
Ключевые слова: культура,театр, сцена, искусство, балет 
 
Summary 
In this paper, a brief review on the Academic Drama Theatre. M.Auezov and Opera and Ballet Theatre. Abai. On the life 
and  creative  activity,  and  the  achievements  of  stars  of  the  scene  such  as  J.Shanin,  К.Қuanyshbaev,  S.Кozhamкulov, 
I.Bayzakov, А.Кashaubaev, K.Bayseyіtova, G.Kurmangaliev, Beysekova Sh, Sh Zhienkulova. 
Star theater, opera and ballet have had considerable success and have been a wonderful way from the first Kazakh musical 
drama to the original National Opera. Of the environment of the theater group has popped a whole group of talented Kazakh 
singers and artists.  
Artists enormous natural talent and high musical culture won warm sympathy and recognition of the audience far beyond 
the borders of the republic. These people are the real pride not only Kazakh, but also all of our Soviet state. Life and activities 
of stars scene deserves the highest award and is an example of a new generation. 
Keywords: Сulture. theater, stage, art, ballet 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Вестник КазНПУ имени Абая, серия «Исторические и социально-политические науки», №2(41), 2014 г. 
122 
ЖАС ҒАЛЫМДАР ЗЕРТТЕУЛЕРІ 
ИССЛЕДОВАНИЯ МОЛОДЫХ УЧЕНЫХ 
 
ƏОЖ 297.2 
 
ҚАЗАҚ АҚЫНДАРЫ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫНДАҒЫ АДАМ МƏСЕЛЕСІ 
 
Н.Қ. Каттабекова, А.Усайнова – А.Ясауи атындағы Халы;аралы; ;аза;-тJрік университеті 
 
Мақалада автор ақын шығармашылығының түп-тірегін жəне шешуші мəнін құрайтын адам мен қоғамның, адам 
мен тылсымның (жар жаратушы) мəселелерінің мəнін ашып, ақын поэзиясындағы адам мəселесі өзгеше өрнекпен, 
бөлекше талап-тілекпен сомдалатынына баса назар аудартады. Сонымен қатар автор қазақ ақындары шығармашы-
лығының  басты  бір  саласы  адам  мəселесі  екендігін  көтереді.  Көне  жыраулар  поэзиясы,  қазақ  əдебиетінің  төл 
туындысы, классикалық үлгісі жəне т.б. шығармашылықтарда басты мəселе - жалпы адамның рухани дүниетаным 
мəселесі тақырыбын қарастыру қажет екендігін назарға алады.  
Тірек сөздер: Адам, адамгершілік, қазақ ақындар шығармашылығы 
 
Қазақ  ақындары  шығармашылығы,  қазақ  поэзиясының  арғы-бергі  тарихына  үңілгенімізде  адам 
мəселесі,  адамгершілік-этика,  мораль  (ахлах)  тақырыбымен  сабақтаса  өріліп  отыратыны  байқалады. 
Адам, адамгершілік, мораль мəселесі қазақ ақындары шығармашылығында сонау жыраулар поэзиясынан 
желі  тартып  келе  жатқан  кең  тынысты  арна  екенін  аңғарғандаймыз.  Қазақ  ақындары,  тіпті  жыраулық 
дəуірдегі, тіпті оның арғы жағында көне түркі дəуірі поэзиясының өзінен тұнып тұрған ой-маржандарын, 
фəлсафаны кезіктіреміз. Бұл ретте философ ғалым, академик Ə.Нысанбаевтың: «Жалпы, Шығыстың бай 
философиялық  жəне  əлеуметтік  ойы,  оның  ішінде  қазақ  халқының  философиялық  ойы  Батыстағыдай 
қалыптасқан философиялық жүйелерде емес, поэзияда, фольклорда, музыкада, ауыз əдебиетінде, мифоло-
гияда,  мақал-мəтелдерде,  қанатты  сөздерде  жатыр.  Əлемді,  адамды,  оның  өзін-өзі  тануын,  тұлғаның 
өмірдегі орны мен рөлін философиялық жəне этикалық тұрғыдан жан-жақты зерделеуге айрықша мəн бе-
ру қазақ философиясының ерекше сипаты болып табылады. Бұл тұрғыдан келгенде қазақ философиясы – 
шығыстық философиядағы, ең алдымен, толық, рухани жағынан жетілген адам болу рухын қастерлеу мен 
зерделеу дəстүрін жалғастыра отырып, оны өзіндік мазмұнмен байытқан философия» - [1] деген пікірімен 
келіспеу мүмкін емес. Бұл ойымызды “Қазіргінің талай елін қайран қалдырған осынау байтақ кеңістікті 
кернеген  поэзиялық  əлем,  -  деп  атап  көрсетті  Елбасы  Н.Ə.  Назарбаев  өзінің  “Тарих  толқынында”  атты 
кітабында,  –  тек  қана  сұлулық  пен  сезімнің  шеңберінде  шектелмеген.  Ол  жаңашылдықтың  жалынын 
лаулата да білген. Содан да болар, қазақтың поэзиялық шығармашылығында мейлінше терең танымдық 
қасиеттер бар. Сондықтан да қазақтың дəстүрлі поэзиясы ұдайы философиямен шендесіп жатады” - [2] 
деген пкірін де қуаттайды. 
Қазақ халқы ғасырлар бойы жазба мəдениеті болмас да өзінің ауызекі өлең-жыр дəстүрімен зор рухани 
қазына, даналық шығармалар қалдырды.  
Терең философиялық мəнге ие қазақ ақындары шығармашылығындағы басты желі – адам, адамның 
болмысы, пайым-парасаты, кісілік келбеті кестелі өлең ырғағымен өріліп, ғасырлар бойы өз оқырманына 
рухани нəр беріп келеді.  
Көне  жыраулар  поэзиясы  -  қазақ  əдебиетінің  төл  туындысы,  классикалық  үлгісі,  далалық,  көшпелі 
тұрмысымыздың,  мəдениетіміздің  қайнары  іспетті  бұл  жырлардан  қазақ  даналық  ойының  мəйегі  деп 
танимыз. Осы орайда кең байтақ қазақ сахарасын аралап шыққан Асан қайғы (Хасан Сəбитұлы) өлеңдері-
не үңілер болсақ. Жыраудың көкірегі ояу, көзі ашық, философиялық ой-кешуге бейімдігін аңғарамыз: 
«Таза мінсіз асыл тас 
Су тJбінде жатпайды. 
Таза мінсіз асыл с9з, 
Ой тJбінде жатпайды. 
Су тJбінде жат;ан тас, - 
Жел тол;ытса шығады. 
Ой тJбінде жат;ан с9з 
Шер тол;ытса шығады».
 [3] Асан қайғының қайғысы – жеке бастың қайғысы емес. Желмаясын мініп 
желдіртіп,  қазақ  сахарасын  тұтас  аралап  шыққан  дананың  бүгінгі  тіршіліктің,  ертеңгі  ұрпақтың  қамын 
ойлағандықтан туған қайғы. Оның өлеңдерінің негізгі мотиві – халқына жайлы қоныс іздеу. Бақыт мекені 
«Жерұйғын» іздеу теориясы, т.б. шығармаларынан оның өз заманының көрнекті ақыны, сыншы, ойшылы 
болғанын айғақтайды.  

Абай атындағы  аз ПУ-ні  Хабаршысы, «Тарих жəне саяси-əлеуметтік ғылымдар» сериясы, №2(41), 2014 ж. 
123 
Асанның  қайғысы  тек  өз  заманына  қатысты  емес,  оны  қайғыға  салып  отырған  –  болашақ  туралы 
болжамдары, халық қайда бара жатыр, ертеңі қандай болады деген күрделі мəселелер. Асан Қайғы – түркі 
жұртының əйгілі ойшылы Қорқыттың дүниетанымын жалғастырушы.  
Шал  ақынның  (Тілеуке  Құлекеұлының)  да  біршама  көңіл  бөлген  тақырыптарының  бірі  -  ол  адам. 
Адамның болмысы. 
Шын ажалым жеткен со , 
Сызы;тан мəлім 9ткен со .  
Айтпасам да жарандар,  
Мен де бір кJн 9лем-ай, 
- деп толғайды.  
Тағы бір өлеңінде: 
Ойменен ;Hтылмайсы  ;ашса -дағы  
Атадан арыстан туып асса  дағы,  
Алладан шыныменен жарлы; келсе,  
ЖHлдыз да жерге тJсер аспандағы, 
- деп дүниенің өткіншілігін айтып оны мəңгілікке, имани құбылысқа 
меңзейді [3]. Немесе, ақынның мына өлең жолдарына назар салсақ. Бұл жолдардан ақынның адам қоғам-
да көп жасағандығымен емес, бiлiмiмен, еңбегiмен бағаланады деп ұққанын пайымдаймыз: Адамды жөн 
бiлетiн дана деп бiл, Iстерiн жалқау жанның шала деп бiл. 
Hр жасы елулерге келседағы, 
Бiлiмсiз сондай жандар бала деп бiл,
 - дейдi. 
Қазақ  ақын-жырауларының  шығармалары  көшпелі  болмысты,  ата-қоныс,  адам,  қоғам,  сол  кездегі 
əлеуметтік жағдайларға, батырлық, көркемдік, адамгершілік, өмір мəселелеріне байланысты туады жəне 
терең  мағыналы  философиялық  ойларға  толы.  Қазақ  поэзиясындағы  философиялық  бағыттың  негізін 
салушылардың  бірі  –  Шалкиіз  жырау  Тіленшіұлының  шығармасында  философиялық  ой  кешу,  жыр 
толғау əдістері ерекше. Жырау дүниеде тұрақты, мəңгілік ештеңе де жоқ деп тұжырымдайды. Ақтамберді 
Сарыұлы өз жыр-толғауларында елді ерлікке, бірлікке шақырады. Оның жырларынан қазақ халқының ой-
арманы, мақсат-мүдделері, олардың бар болмысы, ерекшеліктері, дүниеге өзіндік көзқарасы аңғарылады. 
18 ғасыр жыраулары ішіндегі аса көрнекті тұлға – Бұқар жырау Қалқаманұлы да дүниедегінің барлығы 
өзгеріске ұшырап отыратындығын атап көрсетеді [4]. 
Қазақ  философиясының  тарихындағы  ағартушылық  бағыт  ұстанған  көрнекті  ағартушылар  Шоқан 
Уəлиханов, Ыбырай Алтынсарин, Абай Құнанбайұлының еңбектерінен айрықша көрінді. Қазақ даналық 
ойының  үш  алыбының  қай-қайсысы  болмасын  адам  дүниетанымының  философиялық  мəселелерімен 
шұғылданып,  тамаша  үлгісін  қалдырған.  Əсіресе,  бұл  ретте  Абайдың  еңбектерін  ерекше  атап  өтуімізге 
болады.  Сонау  орта  ғасырлардағы  сопылық  поэзиядан  бастау  алған  (Ахмет  Ясауи)  «хикметшілдік» 
даналық ойлар айту дəстүрі Абайдың заманына дейін үзілмей келді. Абай адам болмысын тануда тың да 
тосын  дүниетанымдық  ойлар  айтты.  Адамзатты  Алла  махаббатпен  жаратқан,  демек,  махаббат  адамға 
дейін  болған,  Алланың  тек  өзіне  ғана  тəн  құдіреті  деп  білген  Абай  Адам  мен  Алланың  арасындағы 
қатынасты сүю деп атайды. Өзін махаббатпен жаратқан Алласын адамның сүюі парызАбай сүюдің үш 
түрін айтады, олар: Алланы сүю, оның жаратқан кереметі – адамды сүю жəне хақ жолы деп əділеттілікті 
сүю.  Осы  үш  сүюді  Абай  имани  гүл  дейді.  Осы  тұжырымдардың  негізінде  Хакім  Абай  «толық  адам» 
немесе кемел адам концепциясын жасады. Олар: нұрлы ақыл, жылы жүрек, ыстық қайрат. Адамды толық 
ететін – ақыл, жүрек, қайрат. Абай сияқты Шəкəрім Құдайбердіұлы да қазақ елін қалай мəдениетті елдер 
қатарына қосамын деп талпынады. Шəкəрім Абайдың имани гүл ілімін «Үш анық» кітабында Ар (ұят) 
туралы ілімге айналдырды [5]. 
Абай қазақ əдебиетіндегі, жалпы, қазақ руханиятындағы болмысы бөлек дара тұлға. Абай ақын ғана 
емес, хакім (философ) тұлға. Ол көп қаламгерлер секілді өмірдің бар болмысы мен шындығын көркем 
бейнелеп  қоюмен  шектелмеген,  өз  шығармашылығы  арқылы  өзіндік  танымын,  адамгершілік  ілімін 
жасаған ойшыл ақын.  
Абайдың  толық  адам  танымы  Аристотель,  Əл-Фараби  негіздеген  ақыл,  жан,  тəннен  тұратын  адам 
болмысы  туралы  тұжырымдарды  еске  түсіреді.  Адам  болмысын  осы  үшеуінсіз  я  үшеуінің  бірінсіз 
елестету  мүмкін  емес.  Тəн  Абайдың  өзі  жазғандай,  жанға  баспана  болу  үшін  қажет,  тəнсіз  жан  өзінің 
жасампаздық қызметін атқара алмай қалады. Ал жаны бар тəн, дене əлі адам емес, жан-жануар, жəндіктер 
деңгейіндегі болмыс қана. Жан мен тəнге ақыл қосылғанда ғана адам болмысы пайда болады. Яғни ақыл, 
қайрат, жүрек немесе ақыл, жан, тəн – үшеуімен адам болмысы түгел, толық болады. Тəні мен жаны бар 
айуаннан адамды биік ететін – ақылы. Сөйтіп, Абай өз өлеңдері мен қарасөздерін көп ізденіп, көп толға-
нып,  байырғы  төркінінен  тартып  ойлы,  тамырлы,  терең  туынды  етіп  жазған.  Нəтижесінде  толық  адам, 
жəуəнмəртлік,  иманигүл  танымдарын  жарыққа  шығарды.  Абай  қазақ  əдебиетіндегі,  жалпы,  қазақ 
руханиятындағы  болмысы  бөлек  дара  тұлға.  Ол  көп  қаламгерлер  секілді  өмірдің  бар  болмысы  мен 

Вестник КазНПУ имени Абая, серия «Исторические и социально-политические науки», №2(41), 2014 г. 
124 
шындығын  көркем  бейнелеп  қоюмен  шектелмеген,  өз  шығармашылығы  арқылы  өзіндік  танымын, 
адамгершілік ілімін жасаған ойшыл ақын. Абай шығармашылығындағы толық адам (кемел адам) концеп-
циясы сынды іргелі танымдар абайтанушы ғалым М.Мырзахметұлының зерттеулері ғылыми өріске енді. 
Ғалым  еңбегінің  жалғасындай  болып,  оның  шəкірті  М.Əліпханның  «Қазақ  əдебиетіндегі  адамгершілік 
ілімі» атты зерттеу еңбегі жақында ғана «Ұлағат» баспасынан жарық көрді. Абай атындағы Қаз ҰПУ-дің 
Абайтану  ғылыми-зерттеу  орталығының  аға  ғылыми  қызметкері,  доцент  М.Əліпханның  бұл  еңбегін 
ғылыми орта танымдық мəні зор жаңалық деп қабылдауда. Зерттеуші философиялық мəселенің əдебиет 
арқылы айтылуының ерекшелігіне де назар аударады. Осы тұрғыдан келгенде автордың философиядағы 
адам мəселесі, мораль, этика қағидаларын Ж.Баласағұндағы жəуəнмəртлік, А.Иассауидегі хал ілімі, Абай-
дағы  толық  адам  танымы,  Шəкəрімдегі  ар  білімі,  ұждан  анығы  арқылы  қарастыруына  жол  ашылады. 
Автор əлемдік ой биігі мен асыл ақиқатқа ізденіп жеткен ғұламалар санаулы ғана, осы руханиятқа қазақ 
əдебиетінің мақтанышына айналған ақындарымыз да жап-жақсы үлес қосқанын байқауға болады дейді. 
Ол тұжырымын автор былай жеткізеді: «Мəселен, Абайдың «толық адамы» бұрынғы-соңғы ойшылдар-
дың əр дəуірде қарастырып келген ақыл, жан, тəннен тұратын тұтас адам болмысын ойға оралтады. Ал 
адам болмысының өзегі – адамгершіліктің негізі мен іргетасын Абай жəуəнмəртлік деп атаса, Аристотель 
калагогатия түрінде танытқан. Абайдың үш сүюі мен Шəкəрімнің үш анығы адамзат тарихындағы талай 
ойшылдың зерлі ізденісіне өзек болған. А.Иассауидің хикметтері адам болмысындағы ақыл мен жаннан 
туындайтын Құдай жолын дəріптеп, тəннен бастау алатын тоңмойын, топас нəпсінің кесірін əшкерелей 
жырлауға құрылған. Ал «Құтты білік» дастанын адам мен қоғам, мемлекеттің жетіліп, кемелденуін көзде-
ген практикалық философияның сөз өнеріндегі көрінісі, көшірмесі деуге келеді. Сөйтіп, біз қарастырған 
Ж.Баласағұн,  А.Иассауи,  Абай,  Шəкəрім  ақындар  іргелі,  абсолютті  ақиқатты  жырлау  арқылы  ойшыл 
ақындар тұғырына қонған таңдаулы тұлғалар. Олар ең биік, ең басты игілік – бақыттың – адамгершілік 
екенін танып, оны дəстүрлі терең төркінінен тартып əрі жаңашылдықпен жүйелі жырлай білген ақындар. 
Адамзат үшін ең құнды нəрсе өмір болса, сол өмірді мəнді де сəнді, ал өмір иесі адамды абыройлы да 
абзал, қадірлі де қасиетті ететін – адамгершілік»[6].Зерттеу еңбегі – адам, адам болмысы, адам болу мен 
адамгершілік туралы танымдық, тағлымдық мəні зор ойлар қозғайды. Зерттеуден түйгеніміз мына ойлар. 
Жаратушының бұрынғы-соңғы ойшылдар тұжырымдап, түйіндегеніндей, екі түрлі туындысы бар, олар – 
Əлем  мен  Адам.  Əлемге  барша  аспан  денелері  жатады.  Ал  адам  сол  əлемдегі  бір  ғана  дене  –  Жердегі 
тіршілік иелері. Сөйтсе де адам əлеммен қатарлас Жаратушының жинақтап келгендегі екі-ақ туындысы-
ның бірі. Сократ Абайдың 27-қарасөзіне негіз болған сұхбатында Жаратушының əлемді барша қажетімен 
түгел, толық етіп жаратқанын айта келіп, бір ғана нəрсені сол əлемге дарытпай сақтап қалғанын, сөйтіп, 
оны  адамға  сыйлағанын  айтады.  Жаратушының  өзгеге  бермей,  адамға  ғана  бұйырған  артықша  əрі  аса 
құнды сыйы – ақыл. Əлем мен адамдар қауымындағы ең киелі, ең биік, ең асыл нəрсе – осы ақыл. Ақыл – 
Алла, Жаратушы иелігінен жеткен асыл қазына. Жаратушының тағы бір қазынасы – жан ақылдан кейінгі 
орында  тұрады.  Себебі,  ақыл  адамда  ғана  болса,  жан  жан-жануарлар  мен  өсімдіктерде  де  бар.  Ойлап 
қарасақ,  əлем  болмысы  мен  тірлігінде  ақыл  мен  тəртіп,  үйлесім  бар.  Əлем  мен  ондағы  тіршілік  иелері 
күнделікті  қолданбалы  ақылы  болмаған  соң,  тіршілігінде  таңдау  жасап  жатпай,  болмысына  Жаратушы 
дарытқан дайын жолмен ғана жүреді. Ал адам болмысының бағы мен соры қатар көрінеді. Адамның бағы 
ақылы болса, соры – нəпсі жолын таңдап кетуі. Адам ақылымен хақ, тура жолды ұстанса, нəпсісі арқылы 
хақ жолынан бұра тартып теріс жолға түседі. 
Адам  болу  мен  адамгершілікті  сақтаудың  қиындығы  мен  күрделілігі  –  адам  жаратылысының  қоспа 
болмысы  мен  екі  жолдың  бірін  таңдай  алатын  еркінің  бар  болуына  байланысты.  Сəби,  бала  кезінде 
адамның таңдау жасай қоюы қиын. Ақыл-есі кіре келе оң-солын танып, таңдай алатын дəрежеге жетеді. 
Шамамен  «он  үште  отау  иесі»  дегендей,  кезеңге  жетіп,  əр  адам  өз  болмысына  сай  адам  болуды  ойлай 
бастайды. Бірақ адам болу кедергісіз даңғыл жол емес, бұл игі əрекеттің қабатында қарсыласып ылғи да 
нəпсі деген дұшпан жүреді. Адам үшін үлкен жау, зор кедергі – нəпсі. Ойшыл ақын Шəкəрімнің «Нəпсі 
үйінде байлаулы ынсап жатыр, ер болсаң, босатып ал сол зынданнан» деп жырлауы тегін емес. Ə дегенде 
нəпсі тəтті, рахат, жайлы көрінеді, əйтсе де ақылы асық, рухы биік адам нəпсіге берілмейді. Адам болу 
осылайша екі жолдың айырығында ақылы жеңіп, тура жолды таңдау, ұстанумен жүзеге асады. Ал адам-
дық, адамгершіліктің өзі – ең əуелі жақсылық пен қайырымдылық. Өзінің ғана жағдайын жасап, өзінің ға-
на  қамын  жеу  айуанға  тəн  болса,  адам  өзінен  басқаның  жағдайын  жасап,  жақсылықты,  қайырымды 
болумен  ерекшеленеді.  Алла  бəрін  де  жаратқан  əрі  бəрінің  де  несібесін  беріп  жарылқаушы.  Ең  үлкен 
қайырымдылық,  жақсылық  жасаушы  –  Алла.  Алла  туындысы  –  адам  да  Иесінің  жолымен  жақсылық 
жасау  жолында  болғаны  жөн.  Адамгершілік  ілімін  еуропалықтар  этика  деп  атаса,  түркілердегі  кісілік 
қалыбы жəуəнмəртлік делінген. Осы жəуəнмəртлік ұғымы тұңғыш рет Абайдың 38-сөзінде кездеседі, ал 

Абай атындағы  аз ПУ-ні  Хабаршысы, «Тарих жəне саяси-əлеуметтік ғылымдар» сериясы, №2(41), 2014 ж. 
125 
ол ұғымды ғылыми айналымға енгізген – абайтанушы ғалым М.Мырзахметұлы. Жəуанмəртлік қарапай-
ым тілмен айтқанда қайрымдылық. Қайрымдылық түбі – жомарттықтан негіз тартады. Ойшылдар тəпсір-
леуінде қайырымдылық – екі шеткі кемшіліктің орта тұсы. Осы орта тұсты сақтап, қайырымды болу оңай 
шаруа емес. Таразының бір басына тасын, екінші басына затты қойып, екеуінің дəл тең тұсын табудың 
қиындығы секілді, жан деңгейіндегі халдің қайырымдылық күйін сақтау да оңай емес. Мысалы, мырза, 
жомарт  болу  оның  қайырымдылық  халін  қадағалап,  мұқият  сақтаумен  келеді.  Əйтпесе  осы  жомарттық 
қайырымдылық  шегінен  асыңқырап  кетсе,  ысырапқорлыққа,  кеміп  кетсе,  сараңдыққа  ойысып  кетеді. 
Ойшылдар негіздеген қайырымдылықтардың орта тұсы жайлы Шəкəрім өлеңдерінде кездеседі:  
«Ат болсын, киім болсын, мінез болсын, 
Hба т9бел істі ;ыл жарасымды. 
Арты; алу, 
Не кем салу 
апы ;алу жарамас» [7]. 
Əлемдік асыл ойдың атасы Аристотель адамзаттың ұмтылып, өмірінде тұтынатын барша игіліктерін 
үш-ақ  топқа  бөліп,  олардың  арасынан  ақыл  мен  өзге  əр  түрлі  қайырымдылықтарды  бəрінен  де  артық 
асыл, биік санаса, Абай да өмірде ұшырасар көп қызық, игіліктер ішінен үшеуін ғана сүюді насихаттады. 
Хəкім Абай оны Иманигүл деп атағанын жоғарыда да айттық: 
«Махаббатпе жарат;ан адамзатты 
Сен де сJй ол Алланы жаннан тəтті 
Адамзатты  бəрін сJй, бауырым деп, 
Жəне ха;  жолы  деп əділетті»
 [8]. Ұстазы Абайдың осы теориясын Шəкəрім ақын да өзінше дамытып, 
адамгершілікті ұждан анығы, ең дұрыс тура жол деп есептеген: 
«Gлемдегі діндерді  тJп ма;сHты, 
Oш нəрседе бHлжымай ;Hша;тасар: 
Hдай бар, Hждан дHрыс, ;иямет шын» 
[8]. 
Алла  –  барша  болмыстың  бастауы.  Алла  өзі  мəңгілік,  жоғалмайтын  бар  болмыс.  Адам  да  сондай 
уақытша,  өтпелі  болмыстың  бірі.  Яғни  Алладан  өзгенің  бəріне  де  қиямет  күні  келеді.  Алладан  бастау 
алып, бұйырған өмірі бітіп, қиямет күніне тап болатын адамзаттың осы екі аралықтағы оңды, мəнді, тура 
жолы – ұждан, яғни адамгершілікті болу дегенді тəпсірлейді Шəкəрім ақын. Шəкəрім Құдайбердіұлының 
мораль ілімі, «Үш анық» концепциясы жөнінде шəкəрімтанушы ғалым Салтанат Ізтілеуова былай дейді: 
«Шəкəрім Абайдың «толық адам» концепциясын дамыта отыра «шын таза жан», «түзу адам» концепция-
сын ұсынады. Ол адам үшін ұждан керек дейді. Ал ұжданды адам өз ісінде ынсапты, əділетті, мейірімді 
ұстанады.  Осы  сапаларды  ақ  жүрек  пен  адал  еңбек  нəрлендіріп  қозғалысқа  түсіреді.  Бұл  құндылықтар 
адам  бойында  біріксе,  ол  нəпсіні  жеңеді.  «Айқын»  газеті  тілшісіне  берген  сұхбатында  ғалым  қызық  та 
өрелі ұсыныс-пікір білдірген: « азіргі ;оғам Jшін халы;;а Шəкəрімні  «шын таза жан», «тJзу адам» 
концепциясын тJсіндіру, насихаттау жəне тəрбие жHмысыны  тірегіне айналдыру ма ызды. Шəкəрім-
ні  тəрбиелік мHрасын, Абайды  рухани мHрасымен біріктіріп жалпымемлекеттік тəрбие беру концеп-
циясын  жасауға  əбден  болады...  Адам  тəрбиесін  мемлекеттік  ма;сат  дəрежесіне  к9теріп  жHмыс 
істесек, рухани дамыған тHлғаны ;алыптастыруға əбден болады. Адамды ж9ндеу ар;ылы мемлекетті 
де,  ;оғамды  да  ж9ндейді.  Яғни,  Шəкəрім  кJн  тəртібіне  ;ойған  «ар  ілімін»  о;ыту,  насихаттау  жəне 
тəрбие жHмысыны  тірегіне айналдыру ;оғамды ;Hт;арады»  - деп Абай,  Шəкəрімнің рухани мұрала-
рын мемлекеттік идеологияға айналдыруды ұсынады [9]. 
Қорыта айтқанда, қазақ ақындары шығармашылығында адам мəселесі сонау түрік дəуірі əдебиетінен 
бастау алып, жыраулар поэзиясында желі тартты. Жыраулар поэзиясының көрнекті өкілдері Асан қайғы, 
Шалкиіз, Доспамбет, Шал ақын т.б.ақындар шығарамаларының өзегі адам, адамның болмысы, дүниенің 
өзгермелілігі, ел мен жер тақырыптары болып өріліп отырды. Орта ғасырлық сопылық поэзияның белді 
өкілдері Ж.Баласағұни, А.Югнаки, Ахмет Ясауидің хикметтерінде адам, иман, мораль тақырыбы дəстүр 
салды. Қазақ философиясында ағартушылық бағыттағы ойшылдар Шоқан, Ыбырай, Абай шығармалары-
ның басты желісі – адам. Əсіресе, ұлы ойшыл, гуманист хəкім Абай еңбектерінде, оның шəкірті Шəкəрім 
Құдайбердіұлының  шығармаларының  арқауы  –  адам  мəселесіне  айналды.  Бұл  тақырыпты  далалық 
даналықтың  қос  алыбы  да  биік  шыңға  шығарып,  жетілдіріп,  философиялық  концепцияға  айналдырды. 
Адам мəселесі – қазақ ақындары шығармашылығының үзілмес желісі, алтын арқауы.  
 
1
 
Нысанбаев G. Дала дJниетанымы // Адам əлемі. - №4, 2010. 
2
 
Назарбаев Н.G. Сындарлы он жыл. – А., 2002. - 146-б. 
3
 
Бес ғасыр жырлайды. - Алматы: Жазушы, 1989. - 22-б.; Бес ғасыр жырлайды. - Алматы:Жазушы, 1989. - 35-б. 
4
 
СJйінішəлиев Х.  аза; əдебиетіні  тарихы - Алматы: Санат, 2006. - 361-б. 
5
 
Ғабитов Х.Т.  аза; философиясы. - Алматы: Раритет, 2008. 

Вестник КазНПУ имени Абая, серия «Исторические и социально-политические науки», №2(41), 2014 г. 
126 
6
 
Gліпхан М.  аза; əдебиетіндегі адамгершілік ілімі. - Алматы: лағат, 2012. 
7
 
Gліпхан М. Шəкəрім жасаған Jш тJйін. Шəкəрімтану мəселелері. - Алматы: Рарирет, 2008. 
8
 
МырзахметHлы М. Абайды  адамгершілік мHраттары. - Алматы: Рауан, 1993. 
9
 
Ізтілеуова  С.  Шəкəрім  мен  Абай  идеяларн  жалпы  Hлтты;  тəрбиелік  концепцияға  айналдыруымыз  керек  // 
Ай;ын. 13 наурыз, 2010. 
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет