«Тарих жəне саяси-əлеуметтік ғылымдар» сериясы



Pdf көрінісі
бет18/23
Дата09.03.2017
өлшемі1,9 Mb.
#8608
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23

Резюме 
В статье дан анализ этапов реформирования избирательной системы в Республике Казахстан, начиная с выборов 
в Верховный Совет Казахской ССР двенатцатого созыва до настоящего времени.  
В  заключении  работы  подчеркивается  необходимость  постоянной  работы  над  демократизацией  и  адаптацией 
выборного законодательства в практике проведения и организации выборов в стране.  
Ключевые слова: избирательная система, выборы, выборное законодательство, трансформация 
 
Summary 
The  article  analyzes  stages  of  the  electoral  system  reformation  in  Kazakhstan  since  election  of  12th  convocation  of 
Supreme Council of Kazakh SSR till date. 
The  article  concludes  that  there  is  necessity  of  permanent  democratization  and  adaptation  of  election  legislation  to  the 
practice of elections organization in the state. 
Key words: electoral system, elections, election legislation, transformation 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Вестник КазНПУ имени Абая, серия «Исторические и социально-политические науки», №2(41), 2014 г. 
88 
ДЕРЕКТАНУ ЖƏНЕ ТАРИХНАМА 
ИСТОЧНИКОВЕДЕНИЕ И ИСТОРИОГРАФИЯ 
 
ƏӨЖ: 94(574).  
 
«ТҮРКІСТАН ҒЫЛЫМИ ҚОҒАМЫНЫҢ» ОРТАЛЫҚ АЗИЯ ТАБИҒАТ БАЙЛЫҚТАРЫН 
ЗЕРТТЕУДЕГІ ҚЫЗМЕТІ (ХХ ғ. 20-жж.) 
 
Ж.Қ. Белгібай – М.Gуезов атындағы О МУ-ды  доценті,  аза;стан, Шымкент ;. 
 
Аталған  мақалада  «Түркістан  ғылыми  қоғамының»  Орталық  Азия  табиғат  байлықтарын  зерттеудегі  қызметі 
сарапталған. ХХ ғ.20-жж. кеңестік билік тарапынан аймақтың өндіргіш күштерін дамыту үшін Түркістанның табиғи 
шикізат  көздерін  ғылыми  тұрғыда  кешенді  зерттеу  жəне  оны  өндірістік  негізде  игерудегі  мақсаты  мен  міндеттері 
нақтыланған.  Автор  аталған  мəселені  зерттеуде  мұрағаттық  деректермен  қатар  басқа  да  зерттеушілердің  ғылыми-
салыстырмалық жұмыстары негізінде қарастырған. Зерттей келе, автор өлкенің жер жағдайын, табиғи ресурстарын 
зерттеуге  ғылымның  əртүрлі  салаларынан  көптеген  ғалымдар  мен  зерттеушілердің  келуі  ғылыми  потенциалдың 
артуына, ал бүкілресейлік ғылыми мекемелердің Орта Азиялық филиалдарының ашылуы, орталық ғылыми қоғамдар 
бөлімдерінің  жұмыс  жүргізуі  іргелі  жəне  қолданбалы  ғылым  салаларының  дамуына  ықпал  еткен,  сондай-ақ,  орыс 
ғалымдарының  басым  бөлігі  ғылымға  адалдықтың  үлгісін  көрсетіп  іргелі  зерттеулер  жүргізген  деп  қорытынды 
жасаған.  «Түркістан  ғылыми  қоғамы»  Орталық  Азия  республикалары  мен  Қазақстанның  табиғи  байлығын  жан-
жақты зерттеп игерудегі жұмысы, сондай-ақ, ресейлік ғалымдардың Түркістан өлкесінің мəдениеті мен тарихын, тілі 
мен  салт-дəстүрлерін,  жергілікті  тұрғындардың  əлеуметтік-экономикалық  өмірін  зерттеуде  қосқан  үлесімен  қатар 
ұлттық интеллигенция өкілдерінің де тартылғандығы жөнінде деректер келтірілген.  
Тірек сөздер: Түркістан Республикасы, Орталық Азия, Ташкент, табиғи ресурстар, Түркістан университеті  
 
Қазан төңкерісінен кейін Ташкент қаласында ғылымның дамуымен қатар ұлт зиялыларының қалыпта-
суы социалистік бағытқа қарай күрт бұрылыс жасады. Өлкеде кеңестік биліктің орнауы алғашқы əлеумет-
тік-экономикалық  міндеттермен  қатар  аймақтың  өндіргіш  күштерін  дамыту  үшін  Түркістанның  табиғи 
шикізат  көздерін  ғылыми  тұрғыда  кешенді  зерттеу  жəне  оны  өндірістік  негізде  игеру  міндеттерін  күн 
тəртібіне қойды. Осы міндеттерді іске асыру мақсатына жұмылдырылған ғылыми зерттеу орталықтары 
Орталық Азияның ірі ғылыми, мəдени жəне саяси орталығы Ташкент қаласында көптеп ашыла бастады. 
Түркістанда ашылған Мемлекеттік университетке осындай ғылыми зерттеу жүмыстарын ұйымдастыруда 
үлкен міндеттер жүктелді. Осындай міндеттер Түркістан Университеті құрылуы – оның Орталық Азияда 
табиғат байлықтарын зерттеуді ұйымдастырушы орталық екендігін университет ректоры Н.А. Димо мен 
А.В.  Луначарский  қол  қойған  құжатта  «Түркістан  Университеті  Орта  Азиядағы  ғылыми  зерттеулер 
орталығы болуына ықпал жасау үшін қосымша мекемелерді ұйымдастыру қажет» – деп атап көрсетті. 
Өкіметтің  белгілеген  осындай  міндеттеріне  сай  1919  жылы  26  маусымда  Мəскеуде  профессор  Н.Г. 
Александровтың  ұсынысы  бойынша  оқу  орнының  педагогикалық  жеке  құрамының  жалпы  жиналысы 
«Түркістан  ғылыми  қоғамының»  жарғысын  жасап  ұсынды.  Осы  жарғыға  сəйкес  университет  ректоры 
Н.А. Димоның басшылығымен құрамында И.Г. Александров, Л.С. Берг, Г.К. Ризенкампф, В.В. Страгонов 
сияқты танымал мамандардан құралған ұйымдастыру комиссиясы сайланды. 
«Түркістан ғылыми қоғамының» мақсаты – Түркістанды жан-жақты зерттеу, яғни ғылымның дамуына 
ықпал жасау болды. 1919 ж. 9 тамызда ұйымдастыру жиналысы қоғам Кеңесін сайлады. Оның басшысы 
болып ірі географ жəне зоолог Л.С. Берг сайланды [1,120 б.]. Аталған қоғам Түркістан Республикасына 
ғалымдардың шоғырлануыматериалдық-техникалық базаның қалыптасуына жəне өлкедезерттеу жұмыс-
тарын жүргізу үшін мүмкіндік туғызды. Қазан төңкерісінен кейін Орталық Азияда ашылған ірі ғылыми 
қоғамның бірі ретінде қызмет міндеттеріне сəйкес əр түрлі ғылым салалары мамандарын біріктірді. Ал-
ғашқы кезде қоғамның құрылымы биологиялық, геологиялық жəне физика-математикалық бөлімдерден 
тұрды жəне ұйымдастыру жұмыстарының нəтижесінде 1922 ж. басында қоғамның 84 мүшесі болды [2]. 
Түркістанда  жүргізілетін  ғылыми  жұмыстарға  басшылық  жасаған  алғашқы  кеңестік  мекеме  ТАКСР 
ХАК-ның жанындағы ғылыми бөлім болатын. Бұл ғылыми бөлімнің құрамына республикадағы ғылыми 
мекемелермен бірге жоғарғы оқу орындары да енуі тиіс еді. Комиссариаттың ғылым бөлімінің қызметі 
Түркістан университетінің жұмысына Мəскеуден жіберілген коммунист Ш.М. Довойлацкийдің басшылы-
ғымен партиялық ықпал жасады [3, 5-20 б.]. Ғылым бөлімі ұлттық комиссиялар құру қажеттілігін ұсын-
ды. Бұл көзқарасты ұсынушы Н.А. Иомудский болғандығы соңғы деректерден белгілі болып отыр [4]. 
Ғылым  бөлімінің  1921  ж.  17  сəуірде  үкіметке  жолдаған  «Ескертпе  баяндамасында»  ұлттық  ғылыми 
комиссиялардың мынадай қызметтерін атап көрсетті: 
1.
 
Əр ұлт үшін өз ана тілінде оқулықтар мен оқуға арналған кітаптар, өз ақындары мен жазушылары-
ның шығармаларын жинақтау, халық шығармашалығының үлгілерін шығару; 

Абай атындағы  аз ПУ-ні  Хабаршысы, «Тарих жəне саяси-əлеуметтік ғылымдар» сериясы, №2(41), 2014 ж. 
89 
2.
 
Еуропалық жəне əлемдік мəдениеттің ең үздік жетістіктерін ана тіліне аударып жариялау; 
3. Жариялануға дайындалған барлық ғылыми еңбектерді рецензиялау жəне олардың сапасын бақылау 
белгіленді. Əрине мұндай ұсыныс назарға алынып осы жылдың 24 сəуірінде ТАКСР ХКК-нің төрағасы 
Қ.Атабаевтың тікелей нұсқауымен Н.А. Иомудскийдің жобасы қарастырылып қолдау көрсетілді [2]. Нə-
тижесінде 1921 жылы Түркістан Республикасы халық ағарту комиссарының шешімімен Н.А. Иомудский 
ұсынған қағидаларға негізделіп ұлттық ғылыми кеңес құрылды. Ғылыми кеңес Түркістандағы ең көпсан-
ды болып саналған үш ұлттың ғылыми комиссия алқасынан (өзбек, қазақ, түркімен) жəне салалар бойын-
ша  үш  арнайы  ғылыми  комиссиядан  (ғылыми-педагогикалық,театр-көркемдік  жəне  музыкалы  (сазды) 
этнографиялық)  құралған  ғылыми  Кеңес  міндеттеріне  барлық  мекемелер  мен  қоғамдардың  ғылыми-
зерттеу жұмыстарын біріктіру, жергілікті тұрғындардың зиялыларын ғылыми жұмыстарға тарту, дайын-
далатын оқу жəне педагогикалық əдебиеттердің сапасына, баспа қызметінің жоспарының орындалуына 
бақылау жасау; жоғарғы жəне орта мектептердің теориялық жəне əдістемелік мəселелерін шешу; өлкета-
ну, этнография, фольклор, тіл, саз өнері, жергілікті тілде оқу əдебиеттерін жасау саласында жеке зертеу 
жұмыстарын жүргізу сияқты міндеттер бекітілді. Ал, 1922 ж. 6 шілдеде осы ғылыми кеңес республикада-
ғы барлық ғылыми зерттеу жұмыстарын басқаратын, мемлекеттік ғылыми кеңесі болып қайта құрылды. 
Мұндай жұмыстарды ұйымдастыруға Мəскеуден арнайы жіберілген  профессорлар С.Д.  Поливанов  пен 
А.Э. Шмидт сияқты танымал ғалымдар шақырылды. Ташкент қаласына шоғырланған ғылыми кадрларды 
халық  шаруашылығының  мүддесіне  сай  жан-жақты  жəне  ұтымды  пайдалану  үшін  1922  ж.  12  ақпанда 
Түркістан  Республикасы  үкіметі  ғалымдардың  тұрмысын  жақсарту  туралы  арнайы  шешім  қабылдады. 
Осыған сай Халық ағарту комиссариаты Туркубу (Ғалымдардың тұрмысын жақсарту жөніндегі Түркістан 
комиссиясы)  құру  туралы  қаулы  қабылданады[2].  Аталған  комиссияның  басшысы  болып  профессор   
Д.А. Димо тағайындалды. Туркубу өз қызметін өлкедегі ғылыми күштерді тіркеуге алудан бастады. 
20-жылдары Орталық Азияда КСРО Ғылым Академиясы ғалымдарының қатысуымен ондаған салалық 
жəне  ғылымикешенді  экспедициялар  құрылып,  геологиялық,  ботаникалық,  зоологиялық  бағыттарда 
кешенді зерттеу жұмыстары жүргізілді. Экспедициялардың мақсаты Орталық Азия республикалары мен 
Қазақстанның  табиғи  байлығын  жан-жақты  зерттеуді  жəне  игеруді,  аймақтардың  өндіріс  күштерін 
дамытуды мақсат етті. 
БОАК  Түркістандағы  өкілі  С.Апин  Орталыққа  жолдаған  есебінде  осы  мəселеге  қатысты  былай  деп 
мəлімдеді: «Природные ресурсы Туркестана весьма велики и разнообразны и могут удовлетворять почти 
всем запросам и нуждам культурной жизни. Там твердое и жидкое минеральное и саксуальное топливо, 
там же на месте неисчерпаемые источники разнообразного сырья, начиная от хлопка, нефти, медной и 
железной  руды,  золотых  и  серебряных  залежей  и  кончая  серой,  поташом,  растительными  красками, 
щелком и сахарным сырьем. Перед трудящимся Туркестана и центральной России огромные и блестящие 
перспективы, нужны  только честные  работники, нужны зания,  машины  и другие орудия производства. 
Рабочей силы из широких туземных масс сколько угодно, а знания должны дать те умственные силы, те 
специальности,  которые  мы  унаследовали  от  старого  режима  и  которые  остались  в  советской  стране», 
«существующая  в  Туркестане  горная  и  вся  другая  промышленность  нуждается  во  всем,  всевозможную 
технику и научные силы как можно скорее надлежить направлять туда» [5,177 б.]. 
Түркістан өлкесіне отарлық билік орнағаннан соң өлкенің жер асты жəне жер үсті табиғи байлықтарын 
игеру қажеттігі ғылыми-зерттеу жұмыстарын шұғыл жүргізуді талап етті. Соған сəйкес Ресейдің Орталы-
ғынан  өлкенің  жер  жағдайын,  табиғи  ресурстарын  зерттеуге  ғылымның  əртүрлі  салаларынан  көптеген 
ғалымдар  мен  зерттеушілер  жиілеп  келе  бастады.  Өлкедегі  ғылыми  потенциалдың  артуы  Ташкент 
қаласында  Бүкілресейлік  ғылыми  мекемелердің  Орта  Азиялық  филиалдарын  ашып,  орталық  ғылыми 
қоғамдар  бөлімдерінің  жұмысжүргізуіне  ықпал  етті.  Сондай-ақ,Түркістан  өлкесінің  мəдениеті  мен 
тарихын, тілі мен салт-дəстүрлерін, жергілікті тұрғындардың əлеуметтік-экономикалық өмірін зерттеуде 
қолға алынып ұлттық интеллигенция өкілдері де тартылды. 
Орыс ғалымдарының бəрі бірдей отарлық биліктің тонаушылыққа негізделген ашкөз саясатына қолдау 
білдірген емес. Олардың көпшілігі ғылымға адалдықтың үлгісін көрсетіп, патша үкіметі тарапынан бөлін-
ген  аз  қаржысына  жəне  отарлық  биліктің  немқұрайдылығына  қарамастан  іргелі  зерттеулер  жүргізді. 
Осыған  байланысты  Өзбек  КСР  Ғылым  академиясының  мүшесі  Т.Н.  Кары-Ниязов  былай  деп  жазды: 
«Читая  описание  путешествии  русских  исследователей  Туркестана,  поражаешься  упорству,  терпению  и 
самоотверженности  этих  ученых,  преодолевавших  зачастую  невероятные  по  своей  трудности  препят-
ствия. Только благодаря замечательному энтузиазму многих благородных тружеников науки могла быть 
проделена  громадная  работа,  положившая  начало  географическому,  зоологическому,  ботоническому, 
почвенному и геологическому изучению Туркестана» [6,159 б.]. 
Ташкентке келіп орныққан Ресейдің Орталық Ғылыми мекемелері мен қоғамдары жоғарыда атал-
ған табиғи байлықтарды игеру бағытына басымдық беріп іргелі жəне қолданбалы ғылым салаларын 

Вестник КазНПУ имени Абая, серия «Исторические и социально-политические науки», №2(41), 2014 г. 
90 
дамытуға күш салды. Ал, қазақ зиялыларының алдында алғашқы кезекте оқу-білім саласындағы мін-
деттерді шешу мəселесі тұрды. Осы бағытта құрылған ғылыми ағартушылық «Талап» қоғамы аталған 
міндеттерді қолға алды. 
Алайда ғылымды дамыту мəселелері партиялық басшылықсыз іске асуы мүмкін емес еді. Өлкеде жеке 
дара  билікке  ие  болған  партиялық  билік  тарапынан  бұл  бағыттағы  жұмыстарға  тікелей  бақылау  мен 
қадағалау орнатылды. Түркістандағы саяси ахуал кеңес өкіметінің алғашқы жылдары саяси-əлеуметтік, 
экономикалық жəне ең бастысы ұлттық мазмұнымен өте күрделі сипат алғаны белгілі жергілікті жердегі 
түрлі саяси ағымдар мен əлеуметтік топтардың ұстанған позицияларының əрқилы болуы большевиктер-
дің  саясатының  бірден  іске  асып  кетуіне  елеулі  қолбайлау  болды.  Əсіресе,  ұлттық  элита  өкілдерінің 
ұлттық мүдде мəселесі төңірегінде табанды талаптар қоюы кеңестік билікті едəуір алаңдатты. БОАК-тың 
Түркістандағы өкілетті өкілі осы мəселелерге талдау жасап, Түркістандағы кеңестік мекемелердің қызметі 
жөнінде орталыққа жолдаған есебінде былай дейді: «Советская власть была только в городах и в после 
железной дороги и то образом в виде плохой карикатуры и зачастую контрреволюционных гнезд, при чем 
деревня, кишлаки и аулы стонали от безвластия, произвола, официального ограбления, будто бы в пользу 
Советской  власти» [5, 175-176 б.]. Бұл тұжырымнан билік өкілінің қалыптасқан нақты жағдайды саяси 
талаптарға сай бағалап отырғандығы оның көзге ұрып тұрғанын көреміз. Өлкедегі қайта құрулардың алға 
баспай отыру себептерін кеңестік билікке деген қарсылықтан іздестіру сол кезеңге тəн партиялық тəсіл 
болатын. Солай дегенмен де билік өкілі жергілікті халықтың көңіл-күйін тап басып таныған тұжырымдар 
да  айтады:  «Местное  туземное  население  и  доказало  достаточную  подготовительность,  умелость  и 
желание служить общему делу, что невольно толкало мусульман на мысль, что им совершенно не доверя-
ют и что европейское население как привыкшее, желает по прежнему властвовать над коренным населе-
нием, что и на самом деле было как в центре, так и на местах» [5, 175-176 б.]. Бұл тұжырым Түркістанда-
ғы  жергілікті  халықтың  арасынан  шыққан  зиялы  қауымның  күнделікті  практикада  кездестіріп  отырған 
қоғамдық ақиқаты еді. Осындай күрделі саяси жағдайда қызмет еткен қазақ зиялылары биліктің озбырлы-
ғымен  бетпе-бет  келе  отырып,  ұлт  мүддесіне  қызмет  жасау  үшін  өздеріне  жүктелген  тарихи  миссияны 
атқаруға қолдарынан келгенше қызмет жасады. 
 
1  Е сепов  Б.Б.  Орта  Азия  мемлекеттік  университетіні   ғылыми  Hйымдастыру  жHмыстары  тарихынан  // 
Отан тарихы, 2006. - №4. - 119-129 бб. 
2 Рсымбетова Л.А. Ташкент ;аласыны  ХІХ ғасырды  со ы мен ХХ ғасырды  басында ;аза; интеллигенциясы-
ны  ;алыптасуындағы ма ызы: т.ғ.к., дисс. автореф. - Алматы, 2010. – 32 б. 
Организация науки в первые годы Советской власти (1917-1925 гг.). Сб. документов – Л., 1968 - С. 5-20. 
4 Известия, 4 ноября 1965 г. 
5 Исмаилов А.И. Из истории южных областей Казахстана. – Шымкент, 2006. - 240 с. 
6 Бендриков К.Е. Очерки по истории народного образавания в Туркестане (1865-1917 годы). – М.: Издательства 
Академии педогических наук РСФСР. 1960. - с. 602.  
 
Резюме 
В  данной  статье  анализируется  деятельность  «Туркестанского  научного  общества»  в  исследовании  природных 
ресурсов  Центральной  Азии.  В  20-е  годы  ХХ  столетия  властью  советов  были  намечены  цели  и  задачи  освоения 
природного сырья Туркестана  на основе  комплексных  научных  исследовании.  Автор  для  исследования  названной 
проблемы наряду с архивными источниками использует другие научно-сравнительные работы. В своей статье автор 
ссылается  на  архивные  документы,  а  также  дает  широкий  анализ  научным  работам  исследователей,  тем  самым 
подчеркивал  роль  исследователей  разных  сфер  науки  и  их  роль  в  открытии  научных  учреждений  и  филиалов  в 
Центральной  Азии.  В  статье  также  рассматривается  неоценимый  вклад  российских  ученых  в  науку,  которая  не 
только  исследовала  природные  ресурсы,  изучила  язык  и  традиции,  социально-экономическую  жизнь  местных 
жителей Туркестанского края, культуру, но была привлечена казахская национальная интеллигенция.  
Ключевые слова: Туркестанская Республика, Центральная Азия, Ташкент, природные ресурсы, Туркестанский 
университет 
 
Summary 
The activity of Turkestan scientific society in Central Asia natural resources research is considering in given article. The 
tasks and goals of Turkestan natural raw development on the base of complex scientific researches in 20
th
 of the ХХ century 
were  projected  by  the  soviet  power.  The  author  uses  other  scientific  -  comparative  works  together  with  archive  sources  to 
research the given problem. In the article the author refers on archive documents as well as gives a wide analyses to scientific 
works  of  researches  thereby  underlining  the  role  of  researches  of  different  spheres  and  their  role  in  opening  of  scientific 
institutions and branches in Central Asia. The invaluable contribution of Russian scientists to science which both researched 
natural  resources,  studied  language  and  traditions,  culture,  social-economical  life  of  local  people  of  Turkestan  area  and 
involved Kazakh national intellectuals was considered in article.  
Key words: Turkestan Republic, Central Asia, Tashkent, natural resources, Turkestan University 

Абай атындағы  аз ПУ-ні  Хабаршысы, «Тарих жəне саяси-əлеуметтік ғылымдар» сериясы, №2(41), 2014 ж. 
91 
ƏӨЖ94(481).082 
 
ЕКІНШІ ДҮНИЕЖҮЗІЛІК СОҒЫС КЕЗІНДЕГІ КЕҢЕС-ТҮРІК 
ҚАТЫНАСТАРЫНЫҢ ТАРИХНАМАСЫ 
 
А.К. Молдадосова –  .А. Ясауи атындағы Х ТУ-ні  ІІІ курс РhD докторанты 
 
Түркия  Бірінші  дүниежүзілік  соғыстағы  жеңілісінен  сабақ  ала  отырып,  Екінші  дүниежүзілік  соғыс  кезінде  өте 
ұтқыр  саясат  ұстауға  əрекет  жасады.  Мемлекет  басшысы  мен  оның  дипломатиясы  елдің  барлық  шекараларында 
жүргізіліп жатқан əскери қимылдарға қарамастан елдің тұтастығын сақтай білді. Түркияның сыртқы саясатының ең 
басты жетістігі де осы болатын.  
Екінші дүниежүзілік соғыс кезіндегі кеңес-түрік қатынастары көптеген ғалымдардың зерттеу обьектісіне айнал-
ды. Мақалада Кеңес үкіметі кезіндегі жəне 1991 жылдан кейінгі кеңес-түрік қатынастарын зерттеген ТМД тарихшы-
ларының еңбектеріне талдау жасалған.  
Кеңестік тарих ғылымы коммунистік партия мен мемлекеттің идеологиясы ықпалында болып, өздерінің бағала-
ры мен ойларында партия басшыларының еңбектеріне бағдар алды. Тарихи зерттеулер ереже бойынша басылымға 
рұхсат етілген деректер мен материалдарға негізделді. Ал бүгінгі таңда екінші дүниежүзілік соғыс кезіндегі кеңес-
түрік қатынастарын зерттеуге жаңа бағытта қарау қажеттілігі туындап отыр. 
Тірек сөздер: Екінші дүние жүзілік соғыс, Түркия, КСРО, қатынастар  
 
ХХ ғасырдың өте маңызды қасіретті оқиғаларының бірі болып табылатын екінші дүниежүзілік соғыс-
тың  дипломатиялық  тарихы  көптеген  отандық  жəне  шетелдік  тарихшылардың  зерттеу  обьектісі  болып 
табылады.  Осы  кезеңнің  халықаралық  қатынастар  жүйесіндегі  кеңес-түрік  қатынастарының  дамуы 
ерекше қызығушылық тудыратыны белгілі. Ұлы əлемдік державалардың бірі ретінде КСРО-ның сыртқы 
саясаты көп жағдайда тарих барысын айқындағаны күмəнсіз. Сонымен бірге Түркия да маңызды елдердің 
бірі болды. Шығыс пен Батыс қиылысындағы қолайлы географиялық орналасуы, сонымен бірге Басфор 
мен Дарданелл бұғаздарына бақылау орнату мəселесінде жəне Жерорта теңізінен Қара теңізге кемелерді 
өткізу мəселесінде шешуші роль атқаруы Түркияны ғасырлар бойы ұлы державалар арсындағы кескілес-
кен дипломатиялық күрес пен соғыстардың обьектісіне айналдырды.  Екінші  дүниежүзілік соғыс қарса-
ңында Түркия тағы да Англия, Франция, Германия жəне Италия мүдделерінің түйіскен аймағына айнал-
ды.  Түркияның  маңызды  стратегиялық  жағдайы  жəне  түрік  үкіметінің  саяси  жағдайға  ықпал  етуге 
ұмтылуы  бұл  мемлекеттердің  оған  қатынасында  белсенді  саясат  ұстануына  жағдай  жасады.Түркияның 
Кеңес Одағымен көршілік жағдайы олардың қарым-қатынасына екі мемлекеттің де қауіпсіздігі тұрғысы-
нан қарағанда үлкен маңызға ие болды. Əсіресе, Қара теңіз бұғаздары аймағындағы қауіпсіздік мəселеле-
рін  екі  ел  өкілдері  бірнеше  рет  талқылады.  Өз  кезегінде  қарастырылып  отырған  кезеңде  кеңес-түрік 
қатынастарында  бетбұрыс  кезең  болды.  Бұрынғы  Түркия  Республикасының  қалыптасу  кезеңінде  қол 
жеткізген достық байланыстарына салқындық түсе бастады.  
Кеңестік  тарих  ғылымы  коммунистік  партия  мен  мемлекеттің  идеологиясы  ықпалында  болды  жəне 
өздерінің бағалары мен ойларында партиялық көсемдердің еңбектеріне бағдар алды. Тарихи зерттеулер 
ереже бойынша басылымға рұхсат етілген деректер мен материалдарға негізделді. Сондықтан да кеңес-
түрік қатынастарының көптеген аспектілері ғылыми зерттеу обьектісі бола алмады. Бүгінгі таңда екінші 
дүниежүзілік соғыс кезіндегі кеңес-түрік қатынастарын зерттеуге жаңа бағытта қарау қажеттілігі туындап 
отыр. Соңғы жылдары бұған мүмкіншілік те пайда болды.  
Екінші дүние жүзілік соғыстың қарсаңындағы жəне оның бастапқы кезеңіндегі кеңес-түрік қатынаста-
ры проблемасы соғыс аяқталғаннан кейінгі алғашқы жылдарда-ақ ғылыми зерттеудің тақырыбына айнал-
ды.  Сол  кезеңде  халықаралық  қатынастар  тарихының  зерттелуіне  ықпалын  тигізген  «қырғи  қабақ 
соғысы» да кеңестік тарихнамада өз таңбасын қалдырып, өз шектеулерін енгізді. Түркияның екінші дүние 
жүзілік  соғыс  уақытындағы  саясатына  зерттеу  жүргізілген  еңбектердің  бірі  А.Ф.  Миллердің  «Очерки 
новейшей истории Турции» жəне «Краткая история Турции» [1] деп аталатын екі монографиясы болды 
[2]. Автордың өзі сол кезеңде Түркияның жаңа тарихын зерттеуге арналған дерек көздері тапшы əрі бір-
біріне қарама-қайшы болғандығын, себебі тіпті түрік тілінде де парламенттік есептер, саяси қайраткерлер 
мен қоғам қайраткерлерінің өмірбаяндары, оқиғалар хроникасы əлі де болса  жарияланбағандығын атап 
көрсетеді.  Жарық  көретін  мəселелер  шеңберінің  шектеулілігі  ең  алдымен  А.Ф.  Миллердің  жеткіліксіз 
хабардар  болуымен  емес,  Кеңес  Одағының  сол  кездегі  сыртқы  саясатының  барлық  аспектілері  жайлы 
ашықтан-ашық жаза беруге болмайтындығын ұғынумен байланысты екендігі анық. Зерттеушінің КСРО 

Вестник КазНПУ имени Абая, серия «Исторические и социально-политические науки», №2(41), 2014 г. 
92 
сыртқы  істер  халық  комиссары  В.М.  Молотовтың  кеңес  үкіметінің  сыртқы  саясаты  жөніндегі  ресми 
баяндамалары, 1948 жылы Кеңестік ақпараттық бюро жариялаған «Фальсификаторы истории» деп атала-
тын тарихи анықтама секілді деректерді ғана пайдалануға мүмкіндігі болды. Автордың қолданған шетел-
дік дерек көздерінен, 1948 жылы Мəскеуде басылып шығарылған қолға түскен германдық құжаттарды, 
түрік  жəне  герман  баспасөзінің  арнайы  іріктелініп  алынған  материалдарын,  түріктің  статистикалық 
жылнамаларын атап көрсетуге болады.  
Көптеген деректердің қол жетімсіздігі Миллердің еңбегінде біршама олқылықтардың пайда болуына 
алып келді. Мəселен, кеңес-түрік келіссөздерінің алғашқы кезеңі жөнінде айтылмайды. Түркияның Кеңес 
Одағымен қатынастарының дамуы үстірт баяндалған, есесіне Екінші дүние жүзілік соғыс жылдарындағы 
Түркияның Германиямен саяси жəне экономикалық байланыстарының нығаюы егжей-тегжейлі сипаттал-
ған. Алайда, Түркияның ұстанымына кеңес-герман қатынастары қалайша ықпал еткендігі жөнінде ештеңе 
айтылмайды.  Бұдан  басқа,  аталмыш  еңбектер  кеңес-түрік  қатынастарына  емес,  жалпылама  Түркия 
тарихына арналған.  
Н.М. Лавровтың Молотовтың сөйлеген сөздеріне, "Фальсификаторы истории" тарихи анықтамасына 
негізделген кітапшаларында кеңестік басшылықтың ресми көзқарасы келтіріліп, Түркияның Екінші дүние 
жүзілік  соғыстың  бірінші  кезеңінде  ұстанған  көзқарасы  «кеңестерге  қарсы  бағытталған»  делінген  [3]. 
Лавровтың  сөздері  бойынша,  «Исмет  Иненю  Түрік  Республикасының  басшысы  лауазымына  ішкі  жəне 
сыртқы  қарама-қайшылықтардың  шиеленісе  түскен  жағдайында  отырды.  Елдің  компартия  бастаған 
демократиялық  күштері  Түркиядағы  гитлерлік  экспансияның  мəнін  əшкерелей  отырып,  КСРО-мен 
жақындасуды, фашистік Германиямен қатынастарды үзуді, халықтың маңызды мүдделерін қанағаттанды-
руды,  керітартпа  пиғылдағы  күштермен  күресуді  талап  етті.  Алайда  Екінші  дүние  жүзілік  соғыстың 
қарсаңында Түркияда нəсілшілдікті, пантүркизмді, панисламизмді насихаттау етек алды. Кеңес Одағына 
дұшпандық ниеттегі Кязим Карабекир, Джахид Ялчин секілді керітартпа тұлғалар жауапты мемлекеттік 
лауазымдарға тағайындалды» [4].  
А.Ф.  Миллердің  Н.М.  Лавровтың  еңбектерінде  Түркияның  жалтаруы,  оның,  түрік  басшылығына 
қандай  да  бір  кезеңдерде  күшті  болып  көрінген  мемлекеттер  тобын  қолдауға  бағытталған  саясатты 
ұстануы туралы тезистер болды [5]. Кеңес тарихшылары Кеңес Одағының 1939 ж. келіссөздерде ұсынған 
ұсыныстарын  екі  елдің  мүдделерінен  туындаған  ұсыныстар  ретінде  сипаттады,  себебі  бұл  ұсыныстар 
Қара теңіз жақтан болуы ықтимал шабуылдардан Кеңес Одағын сақтандыру кепілін ғана емес, сонымен 
бірге Түркияның егемендігіне де кепілдік берді. Олардың пікірлері бойынша Түркия ағылшын-француз 
дипломатиясының  басшылығымен  əрекет  ете  отырып,  Мəскеуге  бір  жақты  міндеттемелерді  таңуға 
тырысып бақты. Сондықтан келіссөздердің үзілуіне «Кеңес үкіметінің достық ұсыныстарын» қабылдамай 
тастаған Түркияның басшылары кінəлі деп танылды, «себебі олардың міндеті өз елдерінің ұлттық мүдде-
лерін  қамтамасыз  ету  емес,  КСРО-на  қарсы  соғысты  ұйымдастыру  болды»  [6].  «КСРО  бейбітшілікті 
сақтап қалу үшін барлық амалдарды жасаған екінші дүние жүзілік соғыстың қарсаңында батыс держава-
лары кеңес-түрік достық қатынастарын бұзуға ұмтылды.  
1939 жылдың көктемінде Англияның, Францияның жəне КСРО-ның арасында Мəскеуде болған келіс-
сөздердің  қарсаңында  жəне  оның  барысында  Англия  мен  Франция  Түркиямен  өзара  көмек  пактісін 
жасасу  жөнінде  құпия  келіссөздер  жүргізді»  [7].  Лавровтың  ағылшын-француз-түрік  келіссөздерінің 
құпиялылығы жөніндегі тұжырымдамалары негізсіз, себебі Түркияның өкілдері бұл келіссөздер жайында 
Мəскеуге хабарлап отырған, бұл бірнеше рет талқыланған.  
1962 жылы жарияланған А.М. Шамсутдиновтың «Турецкая республика. Краткий очерк истории. 1923-
1961»  атты  еңбегінде  Түркияның  қазіргі  заманғы  тарихының  негізгі  кезеңдері  жарық  көрген  [8]. 
Шамсутдиновтың  кітапшасында  Түркияның  экономикалық  өмірінде  Германияның  белсенділігінің  арта 
түсуі, сондай-ақ гитлерлік барлау жүйесінің қалыптасуы атап көрсетіледі. Автор түрік басшылығын 1939 
ж.  қазан  айында  Мəскеудегі  келіссөздерде  кеңестік  тарап  ұсынған  өзара  көмек  туралы  келісім-шарт 
жобасына қол қоюдан бас тартқаны үшін (бұл достық қарым-қатынастарды нығайтуға деген құлықсыз-
дық  ретінде  түсіндірілді)  айыптайды.  Түріктің  сыртқы  істер  министрі  ұсынған  жоба  Англия  мен 
Францияның КСРО-ны Германиямен соғысқа тарту əрекеті ретінде бағаланды [9].  
Түркияның сыртқы жəне ішкі саясаты проблемаларын одан əрі қарай зерттеудің нəтижесі «Новейшая 
история  Турции»  монографиясы  болды  [10].  Мұнда  Түрік  мемлекетінің  1917-1967  жж.  аралығындағы 
ішкі жəне сыртқы саясатына егжей-тегжейлі шолу жасалған. Түркияның осы кезеңдеріне арналған тарау-
лардың авторлары Р.П. Корниенко мен П.П. Моисеев КСРО Қазан төңкерісі мемлекеттік Орталық мұра-
ғатының құжаттарын, сондай ақ шетелдік дереккөздердің материалдарын – ағылшындық дипломатиялық 

Абай атындағы  аз ПУ-ні  Хабаршысы, «Тарих жəне саяси-əлеуметтік ғылымдар» сериясы, №2(41), 2014 ж. 
93 
құжаттарды, Стамбулда басылып шыққан Түркия президенті И. Иненюдің сөйлеген сөздерін пайдаланды. 
Көбіне Корниенко мен Моисеев "История международных отношений и внешней политики Советского 
Союза"  атты  ресми  басылымда  берілген  мəліметтер  мен  бағаларға  сүйенді.  Сондай-ақ  А.Ш.  Эсмер,      
Э.Л. Карал, М.К Су секілді кейбір түрік тарихшыларының еңбектері іріктеліне отырып пайдаланылды.  
Кеңес-түрік қатынастарының Екінші дүние жүзілік соғысының қарсаңындағы жəне басындағы кезеңін 
қоса алғандағы тарихына  арналған алғашқы еңбек  И.Ф Черниковтың "В интересах мира  и добрососед-
ства"  атты  монографиясы  болды  [11].  Автор  сол  кезеңде  Кеңес  Одағында  жарияланған  құжаттарды, 
сондай-ақ  американдық  дипломатиялық  құжаттарды,  мерзімдік  басылымдарды  пайдаланды.  Алайда, 
Черников келтірген көптеген қорытындылар мен пайымдаулар "История дипломатии", "История второй 
мировой  войны"  секілді  монографиялардан  алынған,  сондай-ақ  «Правда»  газетінде  басылып  шыққан, 
айқын үгіт-насихат бағытына ие, оқиғаларды шынайы қалпында жеткізе бермейтін мақалаларға негіздел-
ген. Осыған байланысты автордың көптеген қорытындылары қайта қарауды қажет етеді. Əсіресе, ғылыми 
айналымға  қайта  енгізілген  құжаттардың  талдауларына  сүйене  отырып,  кеңес  үкіметінің  Түркиямен 
жүргізген  келіссөздеріндегі  ұстанымдарын  жаңаша  бағалау  қажет.  Осыған  орай,  КСРО  мен  Түркия 
арасындағы өзара көмек туралы келісім-шартты жасау туралы мəселені талқылау кезінде, шабуыл жасас-
пау туралы кеңес-герман  пактісінің бұл жерде қандай рөл атқарғандығын ескеру керек. И.Ф. Черников 
өзінің еңбегінде Англия мен Францияның антикеңестік жоспарларында Түркияға қандай рөл ажыратыл-
ғандығана  егжей-тегжейлі  тоқталған.  Автордың  тарапынан  Түркияның  Кеңес  Одағына  қарсы  соғысқа 
қатысу  ниетінің  болмағандығын  білдіретін  куəліктер  келтірілсе  де,  бұл  жайтқа  айтарлықтай  назар 
аударылмайды.  
P.C.  Корхмазянның  "Внешняя  политика  Турции  в  годы  второй  мировой  войны"  атты  мақаласында 
Түркияның сыртқы саяси бағытының ерекшеліктері «сақтық, пайдакүнемдік, түріктің билеуші топтары-
ның антикеңестік көңіл күйі жағдайында тепе-теңдікті сақтау саясаты» [12].  Корхмазян балкан (əсіресе 
Болгариямен арадағы қарым-қатынас) жəне таяу шығыс (ағылшын-ирак қарулы жанжалы) факторлары-
ның Түркияның сыртқы саясатына ықпалын атап көрсетеді.  
Кеңес-түрік қатынастары проблемасын одан əрі қарай зерттеудің нəтижесі 1981 ж. шыққан "СССР и 
Турция, 1917-1979" атты ұжымдық монография болды. Бұл еңбектің авторлары екі ел қарым-қатынаста-
рының тарихын зерттеуде орын алған олқылықтардың орнын толтыруға жəне Кеңес Одағы мен Түркия 
арасындағы саяси, сауда, мəдени жəне ғылыми қатынастардың талдауын ұсынуға тырысқан. Осы зерттеу-
дің құжаттық базасын сол уақытта шыққан КСРО сыртқы саясатының 1917-1939 жж. аралығын қамтитын 
ресми  құжаттарының  томдары,  сондай-ақ  Кеңес  Одағында  Германияның  сыртқы  істер  министрлігінің 
мұрағаттарынан  алынып  жарияланған  құжаттар  құрады.  Кеңестік  сыртқы  саяси  құжаттардың  жарияла-
нуы шектеулі сипатта болуына жəне Екінші дүние жүзілік соғыс басталғаннан кейінгі кезеңге қатысты 
материалдардың қамтылмауына байланысты «СССР и Турция» монографиясында кеңес-түрік келіссөзде-
рінің екінші кезеңі жеткілікті талданбаған, кеңес үкіметінің 1940 ж. қараша айында, кеңес-түрік қатынас-
тарының  ахуалына  əсер  еткен,  Болгариямен  өзара  көмек  шартын  жасау  əрекеті  туралы  айтылмайды.   
П.П. Моисеев 1940 жылдың соңында Түркияның сыртқы саяси бағытындағы өзгерістерді Германиямен 
жасалған шарттың пайдасына қарай шешеді. Алайда, түрік үкіметі тарапынан Кеңес Одағын Қара теңіз 
бен Балкан аймағындағы өзара міндеттемелер жайындағы мəселелер бойынша келіссөздерге итермелеу 
əрекеттерінің жасалуы секілді кеңес-түрік қатынастарындағы осындай маңызды сəттер көрсетілмеген.  
Кеңес-түрік  қатынастарына  П.П.  Севостьяновтың  "Перед  великим  испытанием:  Внешняя  политика 
СССР накануне Великой Отечественной войны. Сентябрь 1939 г. - июнь 1941 г." атты монографиясының 
жеке тарауы арналған. КСРО-ның сыртқы саясаты Мұрағатынан алынған құжаттардың талдауына сүйене 
отырып,  П.П.  Севостьянов  1939  жылғы  кеңес-түрік  келіссөздеріне  егжей-тегжейлі  тоқталады.  Автор 
КСРО ССМ-ның құжаттарына қол жеткізе отырып, сонда да болса бұдан бұрын баяндалған ресми көзқа-
расты білдіретін құжаттарды ғана қосқан.  
Ресейлік  ғалымдар  Түркияның  1939  жылы  19  қазанда  Ұлыбританиямен  жəне  Франциямен  келісім-
шартқа  қол  қоюын  бір  жақты  əрі  теріс  бағалады.  Кеңес  тарихшылары  достық  пен  шабуыл  жасаспау 
жөніндегі герман-түрік шартын одан сайын өткір сынға алды. Бұл жерде олар (кеңес ғалымдары) Түркия, 
Германиямен келісімді жасаса отырып, сонымен бірге 1929 жылы кеңес-түрік хаттамасын бұза отырып 
бұл жөнінде Кеңес Одағы үкіметін хабарландырмағандығына көңіл бөледі. (Бұл жерде Германия Түркия-
ның онымен келіссөздер жүргізетіндігі жөнінде Кеңес Одағын бұл туралы хабарландыратындай елдердің 
қатарында болмағандығын атап өтуіміз керек). Бұдан өзге, барлық авторлар Түркия фашистік Германия-

Вестник КазНПУ имени Абая, серия «Исторические и социально-политические науки», №2(41), 2014 г. 
94 
ға, гитлершіл əскерлер КСРО-ға баса көктеп кіруге дайын тұрған сəтте елеулі дəрежеде қолдау көрсеткен-
дігіне баса назар аударады [13]. 
Кеңестік  тарихнамаға  болгар  тарихшысы  Людмила  Живкованың  Екінші  дүние  жүзілік  соғыс  қарса-
ңындағы  ағылшын-түрік  қатынастарының  дамуын  бейнелейтін  монографиясы  да  келіп  қосылады  [14]. 
Бұл еңбекте бұдан бұрын жарияланған дипломатиялық құжаттар мен Англияның мемлекеттік мұрағаты-
ның қол жетімді болған материалдары, сондай-ақ болгар мұрағаттарында сақталған материалдар кеңінен 
қолданылған.  Бұдан  басқа  Живкова  түрік  баспасөзі  мен  тарихнамасын  талдауға  көңіл  бөледі.  Оның 
еңбегінде екі ел дипломатиясының əрекеттеріне түрткі болған себептер, ағылшын-түрік қатынастарының 
қарастырылып отырған сол уақыттардағы даму кезеңдері сипатталады. Бұл қатынастар автор тарапынан 
халықаралық жағдайдың өзгеруімен, өзге елдердің, əсіресе Кеңес Одағының саясатымен өзара байланы-
сында көрсетілген. Л.Живкова ағылшындық «кепілдік беру саясатының» ерекшеліктерін мұқият зерттей-
ді, Англияның, Францияның жəне Түркияның арасындағы өзара көмек туралы келісімнің жасалуына алғы 
шарт болған, осы үш елдің арасындағы күрделі əрі ұзаққа созылған келіссөздердің барысын тыңғылықты 
баяндайды.  Бұған  қоса  Германияның  Түркияның  сыртқы  саясатта  жасаған  қадамдарына  орай  жасаған 
əрекеттері  де  қарастырылады,  гитлершіл  дипломатияның  Түркияның  Англиямен  жəне  Франциямен 
жақындасуына кедергі келтіруге, сондай-ақ кеңес-түрік келісімінің қол қойылуына жол бермеуге бағыт-
талған əрекеттері баяндалған.  
Екінші дүниежүзілік соғыс қарсаңындағы жəне соның барысындағы Балкан мен Таяу Шығыстағы ха-
лықаралық қатынастар тарихын зерттеуге үлкен үлес қосқан Уральск мемлекеттік университетінің ғалым-
дары И.Н. Чемпалов,  А.Г. Чевтаев,  В.А.  Кузьмин,  В.Н. Грак, В.Н. Земцов, В.А.Бабинцев,  П.К. Тарасов 
жəне  т.б.  болды.  Олардың,  1960-шы  жылдар  мен  1990-шы  жылдар  басында  шығып  тұрған  "Политика 
великих держав на Балканах и Ближнем Востоке", "Международные отношения на Балканах и Ближнем 
Востоке" атты жинақтарда жарияланған еңбектері КСРО-ның, Ұлыбританияның, Францияның, Германия-
ның, Италияның, осы аймақтағы шағын елдердің Екінші дүние жүзілік соғыс қарсаңындағы жəне оның 
барысындағы саясатының əртүрлі аспектілеріне арналған. Ағылшындық, француздық, немістік, итальян-
дық, болгарлық, югославтың, поляктың, венгрлік мұрағаттық жəне жарияланған құжаттар, дипломаттар 
мен  саяси  қайраткерлердің  естеліктері  негізінде  жазылған  бұл  мақалалар  елеулі  қызығушылықтарды 
туғызатын  ауқымды  шынайы  материалдардан  тұрады.  Алайда  осы  аталмыш  авторлар  үшін  ғылыми 
айналымға тек 1990-шы жылдары ғана енгізілген бірқатар маңызды құжаттар қол жетімсіз болды. Осы 
құжаттардың  жариялануы  халықаралық  қатынастар  тарихының  кейбір  проблемаларына  жаңаша  көзқа-
распен қарауға мүмкіндік береді.  
1990-шы  жылдары  отандық  тарихшылардың  еңбектерінде  Түркияның  да,  Кеңестер  Одағының  да 
сыртқы саясатын бағалауда біршама өзгерістер байқала бастайды. Кеңес-түрік қатынастары проблемасы 
қозғалатын  зерттеулердің  бірі  Б.М.  Поцхверияның  еңбегі  болып  табылады  [15].  Автор  Түркияның 
Англиямен жəне Франциямен қарым-қатынасы проблемаларына егжей-тегжейлі тоқталады, 1939 жылғы 
ағылшын-француз-түрік одақтастық келісімінің жасалу барысын сипаттайды. Кеңес-түрік қатынастарына 
келетін болсақ, мұнда Түркияның Кеңес Одағымен ұлт-азаттық күрес пен елді Мүстафа Кемаль Ататүрік 
басқарған  республиканың  алғашқы  он  жылдығы  кезеңіндегі  байланыстарының  дамуына  басты  назар 
аударылады.  Екінші  дүние  жүзілік  соғыстың  тікелей  басталар  алдындағы  кеңес-түрік  қатынастары 
монографияда қысқаша баяндалған. Б.М. Поцхверия да өзінен бұрынғылар пайдаланған дерек көздеріне 
сүйенеді, алайда сонымен бірге түрік тарихшыларының еңбектерін кеңінен пайдаланған. Ресейлік тарих-
наманың жаңаша көзқарастары Түркияның сыртқы саяси іс-əрекеттерінің бағалануында байқалды. Əсіре-
се  кеңестік  кезең  тарихшылары  айыптаған  жалтару  саясаты  олардың  тарапынан  барлық  елдермен  тату 
көршілік  қатынастарын  дамыту  əрекеті  ретінде  түсіндіріледі.  Егер  де  бұрынырақ  кеңестік  тарихнамада 
Түркияның ағылшын-француз блогына қосылуы ұлттық мүдделерге қарама-қайшы əрекет ретінде сынға 
алынған болса, Б.М. Поцхверия Батыспен достық қатынастардың дамуы елдің жаңару саясатына септігін 
тигізді деген пікірді айтады.  
1939  ж.  өткен  кеңес-түрік  келіссөздері  мен  екі  жақ  қарым-қатынастарының  дамуына  қысқаша  шолу 
«Россия и Черноморские проливы (XVIII-XX столетия)» атты ұжымдық зерттеуінде жасалған. Бұл еңбек-
те  1939  ж.  Түркияның  сыртқы  саясаты  басқыншылыққа  қарсы  ортақ  майданға  қатысу  əрекеті  ретінде 
бағаланады, бұл майдан ағылшын-француз-кеңес келіссөздерінің нəтижесінде құрылуы жəне өзара көмек 
туралы кеңес-түрік келісімімен толықтырылу мүмкін еді. Алайда, авторлардың берген бағасы бойынша, 
кеңес-герман келісімінің жасалуы кеңес-түрік келіссөздерінің үзілуін алдын-ала анықтап берді. Келіссөз-
дердің  нəтижесіз  болуының  себептері  ретінде  кеңес  басшыларының  Англия  мен  Франция  саясатына 

Абай атындағы  аз ПУ-ні  Хабаршысы, «Тарих жəне саяси-əлеуметтік ғылымдар» сериясы, №2(41), 2014 ж. 
95 
деген сенімсіздігі (Түркияның бұл екеуімен одақтастық қатынастары болған), кеңестік тараптың бұғаздар-
ға  қатысты  ұсыныстары  мен  өзіне  қосымша  міндеттемелерді  алуға  деген  ниетінің  болмауы  аталады. 
Келіссөздердің үзілуіне əсер еткен жағдай ретінде, кеңес басшыларының белгілі бір дəрежеде Германи-
яның  мүдделерін  есепке  алғандығы  аталып  өтіледі.  Алайда  осы  еңбек  авторларының  негізгі  мақсаты 
Бұғаздар туралы мəселені зерттеу болды [16]. 
Түркияның сыртқы саясатына арналған соңғы жылдары жарияланған кейбір еңбектерде кеңестік та-
рихнама шеңберіндегі көзқарастар мен бағалар сақталуда. Мəселен, əйгілі ресейлік түрколог Д.Е. Еремеев 
өзінің жаңа еңбегінде, 1990-шы жылдары жарияланған құжаттардың мазмұнын елеместен, көбіне кеңес-
тік  кезеңде  жасалған  қорытындыларды  қайталайды  [17].  А.Б.  Широкораның  еңбегіндегі  1939-1941  жж. 
кезеңдерге арналған бір жарым беттік мəтінді проблеманың зерттелуі ретінде атап көрсету қиын.  
Соңғы  10-15  жылдың  ішінде  шыққан  Кеңес  Одағының  сыртқы  саясаты  мен  Екінші  дүние  жүзілік 
соғыстың дипломатиялық тарихына арналған көптеген еңбектерде Сталинның саясаты, оның стратегиясы 
мен жалпылама ниеттері, 1939 ж. 23 тамызда кеңес-герман келісіміне қол қойылуының себептері, КСРО 
мен  Германия  арасындағы  катынастардың  мəні,  ағылшын-орыс  қатынастарының  эволюциясы  секілді 
мəселелер бойынша ресейлік зерттеушілердің көзқарастары мен берген бағалары əр алуан болып келеді. 
(Л.A.  Безыменский,  З.С.  Белоусова,  В.К.  Волков,  Д.А.  Волкогонов,  Л.И.  Гинцберг,  E.H.  Кульков,          
P.A.  Медведев,  М.И.  Мельтюхов,  А.Н.  Мерцалов,  М.М.  Наринский,  A.C.  Орлов,  Л.В.  Поздеева,            
O.A.  Ржешевский,  Г.Л.  Розанов,  М.И.  Семиряга,  В.Я.  Сиполс,  С.З.  Случ,  В.В.  Соколов,  И.А.  Челышев, 
А.О.  Чубарьян  жəне  т.б.).  Бұл  жерде  кейбір  зерттеушілер  1939-1941  жж.  кеңес-түрік  қатынастарының 
жекелеген аспектілерін қарастырады, алайда олар бұл аспектілерді халықаралық қатынастар тарихының 
өзге проблемаларының мəнмəтінінде ғана жəне қысқаша түрде ғана қарастырады. Талас тудыратын өткір 
мəселелердің  бірі,  мəселен,  Молотовтың  Берлинде  жүргізген  келіссөздерінің  мəні  болып  табылады. 
Мəселен,  Л.Безыменский  Сталин  Молотовқа  Түркияны  Болгария  мен  Кеңес  Одағы  арасында  бөліске 
салудың болашағын талқылау өкілеттігін берген деп есептейді [18]. И.Бунич, кəсіби тарихшыға қарағанда 
əдебиетшіге жақынырақ, Сталинның Еуропаны басып алу жоспарын дайындауы туралы тұжырымдаманы 
қолдай отырып, Сталин Югославияның, Грекия мен Түркияның шекараларына жəне бұғаздарға Болгария-
ны  басып  алу  арқылы  шыққысы  келгендігі  жəне  осы  мақсатпен  оған  1940  ж.  достық  пен  өзара  көмек 
туралы келісімді жасау ұсынылғандығы жөнінде жазады [19]. В.Молодяков, Гитлер іс жүзінде Мəскеуге 
саяси одақты ұсынған, жəне де Молотов Берлинге осы ұсыныстың нақты шарттарын талқылау мақсаты-
мен барған деп есептей отырып, Сталинның Майскийге, ал сол арқылы ағылшындарға жалған ақпарат 
бере отырып, Түркияға қатысты ниетін жасыруға тырысқандығына назар аудартады [20]. 
М.И.  Мельтюховтың  Кеңес  Одағының  Балкан  үшін  жүргізген  күресінің  шеңберінде  қарастыратын 
КСРО-ның Түркиямен арадағы ықтимал келісімді оған Болгарияны тарту арқылы кеңейту əрекеті көңіл 
қоюға лайық болып табылады [21].  
Міне осылайша ресейлік тарихнамаға шолу жасай отырып, мынадай қорытындыларға келуге болады: 
КСРО мен Түркияның сыртқы саясаты жөніндегі еңбектер қаншама көп болса да, мақсаты 1939-1941 жж. 
кеңес-түрік  қатынастарын  зерделеу  болып  табылатын  арнайы  зерттеулер  күні  бүгінге  дейін  болмаған. 
Белгілі бір назар тек 1939 жылы кеңес-түрік келіссөздеріне ғана аударылады, ал ХХ ғасыр соңында – ХХІ 
ғасыр  басында  шығарылғын  еңбектерде  Молотовтың  1940  жылдың  қарашасында  Берлинде  жүргізген 
келіссөздеріндегі Түркия туралы мəселе қозғалады. Кеңес-түрік қатынастарының басқа кезеңдері, əсіресе, 
1940  жылдың  желтоқсан  айы  мен  1941  жылдың  маусым  айы  аралығындағы  кезең  едəуір  мөлшерде  аз 
қамтылған.  
 
1
 
Миллер А.Ф. Очерки новейшей истории Турции. - М., 1948. - 280 с.  
2
 
Миллер А.Ф. Краткая история Турции. - М.: Политиздат, 1948. – 304 с. 
3
 
Лавров  Н.М.  Турция  в  1939-1951  гг.  Лекции,  прочитанные  в  ВПШ  при  ЦК  ВКП(б).-  М.,  1952.  -  36  с.; 
Лавров Н.М. Турция в 1918-1956 годах. Учебный материал. - М., 1956. - 56 с. 
4
 
Лавров Н.М. Турция в 1939-1951 гг. Лекции, прочитанные в ВПШ при ЦК ВКП(б). - М., 1952. - 25 с. 
5
 
Миллер  А.Ф.  Турция  и  проблема  проливов.  Стенограмма  публичной  лекции,  прочитанной  9  января  1947  г.  в 
Лекционном зале в Москве. - М.: Правда, 1947. - 24 с. 
6
 
Лавров Н.М. Турция в 1939-1951 гг. - С. 4. 
7
 
Лавров Н.М. Турция в 1918-1956 годах. - С. 25. 
8
 
Шамсутдинов A.M. Турецкая республика. Краткий очерк истории. 1923-1961. - М.: Издательство восточной 
литературы, 1962. - 96 с. 

Вестник КазНПУ имени Абая, серия «Исторические и социально-политические науки», №2(41), 2014 г. 
96 
9
 
Шамсутдинов A.M. Турецкая республика. Краткий очерк истории. 1923-1961. - М.: Издательство восточной 
литературы, 1962. - С. 37-38. 
10
 
Новейшая история Турции. - М.: Наука, 1968,- 396 с. 
11
 
Черников  И.Ф.  В  интересах  мира  и  добрососедства:  (О  советско-турецких  отношениях  в  1935-1970  гг.).  - 
Киев: Наукова думка, 1977. - 200 с. 
12
 
Корхмазян P.C. Внешняя политика Турции в годы второй мировой войны // Проблемы истории Турции. - М.: 
Наука, 1978. - С. 137-153. 
13
 
Лавров Н.М. Турция в 1918-1956 годах. - С. 27; Новейшая история Турции. - С. 184; Севостьянов П.П. Перед 
великим испытанием. - С. 243. 
14
 
Живкова Л. Англо-турецкие отношения 1933-1939 гг. - М.: Прогресс, 1975. - 200 с. 
15
 
Поцхверия  Б.М.  Турция  мезду  двумя  мировыми  войнами:  очерки  внешней  политики.  /  Рос.  акад.  наук,  Ин-т 
востоковедения. - М.: Наука, 1992. - 250 с. Россия и Черноморские проливы (XVIII-XX столетия). - М.: Международ-
ные отношения, 1999. - 560 с. 
16
 
Россия и Черноморские проливы. - С. 445-446. 
17
 
Еремеев Д.Е. Турция в годы Второй мировой и "холодной" войн (1939-1990). 
18
 
Безыменский Л.А. Гитлер и Сталин перед схваткой. - М.: Вече, 2002. - С. 354. 
19
 
Бунич И. Операция "Гроза". Ошибка Сталина. - М., 2004. - С. 50-52. 
20
 
Молодяков В.Э. Несостоявшаяся ось: Берлин – М.-Токио. - М., 2004. - С. 341-343. 
21
 
Мельтюхов  М.И.  Упущенный  шанс  Сталина.  Советский  Союз  и  борьба  за  Европу:  1939-1941.  -  М.:  Вече, 
2000. - С. 212-213. 
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет